Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік пен ізгілікке бастар жол
Оценка 4.6
Лекции
docx
библиотека +1
Взрослым
13.11.2018
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады. Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім.
Жаңа Документ Microsoft Word (2).docx
Өзінөзі тану – руханиадамгершілік пен ізгілікке
бастар жол
Өзінөзі тану» курсы адамның өзінөзі табуына, ең жақсы қасиеттерін
ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын
сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік
тұрғысынан өзінөзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып
табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана
мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп
жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани
адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірденбір пән өзінөзі тану пәні болып табылады. Баланың
жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз,
махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кезкелген
тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың
көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің
барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани
және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.
Соған байланысты өзінөзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін
адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерікжігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе
етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз,
еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор.
«Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды» деген К.Д. Ушинский. Себебі
адамгершілік – тек адамзатқа, әрбір адам баласына ғана тән құнды қасиеттерден тұрады. Бұл
қасиеттерді бойына сіңірген бала өзін оңтайлы қабылдап, өзін қоғамның дербес және ажырамас
бөлігі екендігіне көзі жетеді. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік, қоғамнан, заман ағымынан, үнемі
назардан тыс қалмайтын тақырып. Бала бойына сіңіруден еш жалықтырмас тақырып.
Сара Алпысқызы жаңа санасезімді тәрбиелеуде адамды беруге, жақындарға, соның ішінде
балаларға қамқорлық көрсетуге, қайтарымсыз жақсылық жасауға, сыйлауға баулу маңызды деп
есептейді. Себебі үйімізде, ортамызда, қоғамда, мемлекетімізде одан әрі Жер ғаламшарында
орын алып жатқан әр мәселе құрушы, жасаушы ретінде адам деген жоғары атаққа еш нұқсан
келтірмеуі тиіс. Дәл осы жерде адамгершілік тәрбиесіне бағытталған өзінөзі тану пәнінің
маңыздылығын көреміз. Пән ретінде де, тәрбиенің бағыты ретінде де өзінөзі тану пәні балаларды
өмірдің мәнін, өзіндік көзқарасын, өмірдегі өз орны мен ролін айқындауға жол ашады. Баланы
жеке тұлға деп қарастырып, өзіне, өзінің күші мен қабілеттеріне сенімінділігін күшейтуге,
жақсылық жасауға, әділ әрі парасатты болуға, өзімен және ішкі жандүниесімен үйлесімділік
орнатуға мүмкіндік береді. Осы тұста Абай атамыздың: «махаббат пен әділдік сезімі кімде көбірек
болса, сол кісі – ғалым, сол – кісі дана» деген сөздерімен келіспеске болмас.
Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік пен ізгілікке бастар жол
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.