Знай правила дорожного движения!
Оценка 4.8

Знай правила дорожного движения!

Оценка 4.8
Документация
docx
ОБЗР
4 кл
29.01.2018
Знай правила дорожного движения!
Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.олда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту.Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.олда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту.
Жол т__рт¦б¦н б¦лей¦к, аман есен ж__рей¦к..docx
Жол тәртібін білейік, аман есен  жүрейік. Мақсаты:   Жол ережесін сақтауға баулу. Оқушыларға ойнауға болатын,  болмайтын жерлер туралы түсініктерін қалыптастыру . Көшеде ойнаудың  қауіпті екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін бұзбай ойнауды үйрету.  Көрнекілігі : Суреттер,  банер  көше қиылыстары.   Әдістері:  практикалық  іс –әрекет,   ойын  викториналық сұрақтар.   Ұйымдастыру  Жұмбақ жоқ өзінде бас та құлақ та,  Бадырайған үш көзі бар бірақта                      (бағдаршам) БАҒДАРШАМ   ТҮСТЕРІ Қызыл жарық жанғанда, Қалт, тоқтай қал  табанда.  Сары шамы жағылса, Сақ абай бол аманда.  Жасыл жарық ­ жол ашық, Зымырай бер бел асып.   Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың, Желаяқтың,  жайбасардың, баяудың. Машинаның жолы – көше ортасы, Соны ұмытып кете көрме,  аяулым.       Жол үстінде жүгіріп келе жатқан бала өзін жеңіл әрі жүйрікпін деп  есептеп, машинадан бұрын өте шығамын деп қателеседі.  Жол бойында  балалар доппен, велосипедпен, машиналармен ойнап жүруі мүмкін. Абайсызда доп жолға  түсіп кетті. Сен не істейсің?       Асфальт үстінде  кішкентай балалар сурет алып отырады. Қыста шана теуіп, сырғанайды. Жол үстінде кейде тоқтап әңгімелесуі де.  Ал өмірде  әр түрлі  жағдайлар болуы мүмкін.  Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік абайсызда қағып кетеді.   Көбінесе велосипед тебу жиі кездеседі. Машинаның артында отырып ойнау өте қауіпті. Жол ережесін бұзбай қандай жерлерде ойнауға болады? Өз тәжірибеңнен мысалдар келтір  талдау  Сұрақтар   Сигналды  карта  ­ Көше қалай сөйлейді? ­ Жол белгілер не үшін қажет ? ­ Жаяу жүргіншілерге  қажетті белгілерді ата,  ­ Абайсызда көлік оқиғасына тап болған жануарлардың жағдайы  ­ Тиым  салынатын белгілерді ата.  ­ Нұсқау белгілері.  ­ Басымдылық белгілері  ­ Ескерту белгілері  ОЙЫН:  Үш көзді көмекші  БАҒДАРШАМ  1 Бағдаршамның түстерін ата  2 Бағдаршам дегеніміз не? 3 оның адам өмірі үшін пайдасы бар ма? 4 Бағдаршам жарықтарының негізгі қызметін айтып бере аласың ба? Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?              Көшеде бағдаршам болмаса,               Кісі жоқ жол сілтер өзіңе.                Кідірме абыржып  онда аса,               Сенгейсін  өзіңнің  көзіңе.  Бағдаршам  қамқоршыңдай жан ашыр Деп  тұрғандай адамдарға дол ашық.  Кезек жұмып,  ашқанда үш  көзін, Қалт,  жібермей дәл орында тос  өзің. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың  бұрын кеп. Сақтап  көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Сұрақтар:  ­ Жол өткелі  қалай белгіленеді?  Зебра жолағы ­ Автобуста айқайлап сөйлеуге,  қатты  күлуге  болама? ­ Автобуста ашық  есіктен  терезеден  басыңды  шығарып,  қолды созуға  болама?  ­ Автобуста біз  үлкен  кісілерге орын  беремізбе?  Қызыл шамым жанғанда, «Не айтты ?»  деп таңданба Тұр сен көше шетінде Ойын, сөзге алданба Сары  шамым жанғанда, Ескертеді бар жанға: «Байқа,  қызыл,  не жасыл Жанады, ­ деп  алданба!» Жасыл шамым жанғанда, Көлік   тоқтап қалғанда, Көшеден өт тезірек,  Мектепке,  үйге барғанда.    ­ Реттеуші   және  оның белгілері  Жағдаяттарды шешу          Самат  бір күтпеген құбылысқа тап болды. Екі көшенің қиылысының қақ  ортасында қолына таяқша ұстаған адам бірде олай, бірде бұлай бұрылады.  Таяқшасын бірде жоғары көтеріп, бірде алға созып , бірде кеудесіне көлденен  ұстайды.   Бұл қиылыстағы бағдаршам істемей тұр. Бағдаршамның міндетін  мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады, РЕТТЕУШІ сол  сәтте барлық көліктермен , жаяу жүргіншілермен әңгімелесіп, қозғалысты  реттейді. Сол реттеушінің қимылдарын түсіну керек. Ал егер бағдаршам да реттеуші де жоқ кезде не істеу керек? ­ Мұндай көше «Реттелмейтін көше қиялыстары», ­деп аталады.  Жұмыс  істемей  тұрған  бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезінде немесе  реттеуші жоқ болса, көше реттелмейтін болып есептеледі. Сонымен қатар   Реттелетін жол қиылыстары болады. Қозғал кезектлігі бағдаршамның немесе  реттеушінің сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетін болып  есептеледі. ­ Егер реттеуші мен баағдаршам қатар тұрғанда, кімді тыңдау керек?   Ондайда реттеушінің сигналдарына бағыну керек.Ол маңызды.  Сұрақтар   1.Реттелетін немесе реттелмейтін дол қиылыстарының қайсысынан өту қиын? 2. Реттеуші көліктермен қалай сөйлеседі? Неге реттеушінің таяқшасы қараңғыда жарқырап тұрады? «Қалмасын  жұрт  жолынан!»­ Деп жол берер  көліктер. Зебраның   жолынан Аумайды  өзің  келіп  көр!  Қай көше, қалаға барсаңыз да Қай ақыл  өлшеміне салсаңыз да Жолда жүру ережесі  ­ заңды тәртіп Ол ортақ  үлкен ­ кіші  баршамызға.  Ойын:  Мен де ­ мен жолда жүру ережесін  жақсы  білемін... ­ мен жаяу  жүргіншілер жолымен  жүремін... ­ мен  бағдаршамның  қызыл шамы жанғанда  өте  беремін...  ­ мен  жол үстінде  ойнамаймын... ­ ­ Мен  жолда жүру ережесін  үйреніп аламын...   мен жол үстінде  ойнаймын... Міне балалар жолда жүру ережесін  қалай  меңгергенддеріңді  көрсеттіңдер.   Бұл  ережелерді  есте сақтаңдар. Бүгіннен  бастап  сендер жаяу  жүргіншілер   қатарына  қосылдыңдар.

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!

Знай правила дорожного движения!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2018