10- сыныпқа арналған "Тригонометрия" авторлық бағдарламасы
Оценка 4.9

10- сыныпқа арналған "Тригонометрия" авторлық бағдарламасы

Оценка 4.9
docx
30.11.2020
10- сыныпқа арналған "Тригонометрия" авторлық бағдарламасы
Вар 10 кл тригонометрия.docx

Түсінік хат

Математиканы оқыту жүйесіндегі ұсынылып отырған «Тригонометрия» вариативті оқыту бағдарламасы оқушының білім-біліктілігін, ұғымын жүйелеп, ойлау қабілетін зерттей отырып, тақырыптарды тереңдете түсіндіреді.

Мектепте оқытылатын білімінің негізгі элементтерін базалық деңгейде ғана емес, жоғары деңгейде меңгерту үшін оқушыларға жүйелі білім беріп, практикалық жаттығуларды орындату арқылы олардың есеп шығару дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарлама оқушыларға тригонометриядан қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отырып, оларды ҰБТ-ға дайындайды.

Оқушылардың математикалық білімге қызығушылығы және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты:

-«Тригономертия» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету;

-оқушылардың есеп шығарудағы практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыру;

-шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту;

-оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестке даярлау;

-ақпарат құралдарын, қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру.

 

Бағдарламаның мазмұны

«Тригонометрия» вариативті оқу бағдарламасы пәннің оқытылуға міндетті мазмұнын қайталамайды, оларды жүйелеп, тереңдетеді.

Тригонометриялық функциялар (13 сағат).

Бағдарлама кіріспе ретінде «Тригонометриялық функциялар» тақырыбынан басталады. Одан кейін мектеп бағдарламасында қарастырылмайтын у=Secx, у=cosecx фунцияларының қасиеттері, графигі қарастырылады.

Оқушыларға қиындық келтіретін тригонометриялық функциялардың анықталу облысын, мәндер жиынын, бірнеше функциялардың қосындысы түрінде берілген тригонометриялық функциялар периодын табуға арналған күрделі есептерді шешудің әр түрлі тәсілдері түсіндіріледі.

Тригонометриялық теңдеулер (11 сағат).

Мектеп бағдарламаларында біртекті тригонометриялық теңдеулерді шешу, тригонометриялық формулаларды қолдану арқылы түрлендіру жолымен шешілетін, дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын теңдеулерді шешу есептері ғана қарастырылады. «Тригонометрия» вариативті оқу бағдарламасында параметрі бар теңдеулерді, кері тригонометриялық функциялары бар теңдеулерді шешу, y=Sinх, y=cosx функциясының шектелуіне байланысты шығарылатын есептер қарастырылады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде бұл тақырыптардағы есептер көптеп кездеседі. Тригонометриялық теңдеулерді шешуде оның түбірлерін дұрыс іріктеп алу оқушыларға қиындық келтіреді. Егер берілген теңдеуде тангенс, котангенс, бөлшек, түбір астында тригонометриялық функцияларды қолдансақ, мәндестік бұзылады. Мұндай жағдайда түбірлер қайталану, бөгде түбір пайда болуы және түбірлердің жоғалып кетуі мүмкін. Мұны түсіндірудің әдіс- тәсілдері оқулықта жазылмаған. Қолданбалы курс бағдарламасында тригонометриялық теңдеулердің түбірлерін іріктеп алудың әдістемесін көрсетуге бағытталған мысалдар қарастырылады. Сонымен бірге sin=sinβ, cosα=cosβ, tgα=tgβ түріндегі және параметрі бар теңдеулерді шешу тақырыптары оқытылады.  

Тригонометриялық теңсіздіктер (4 сағат).

Мектеп бағдарламасындағы аса қиын және күрделі тақырыптардың бірі тригонометриялық теңсіздіктерді шешу болып табылады. 10-сынып оқулығында қарапайым теңсіздіктерді шешу ғана қарастырылады. Вариативті оқу бағдарламасында негізгі тригонометриялық формулаларды қолдану, жаңа айнымалы енгізу, интервалдар әдісі арқылы теңсіздіктерді шешу есептерін шығару әдіс-тәсілдері көрсетіледі.

Тригонометриялық функциялардың туындысы, интегралы (6 сағат).

Тригонометриялық функциялардың және кері тригонометриялық функциялардың туындысы, интегралы туралы негізгі ұғымдар жан-жақты талқылынып, теориялық материалдар арнайы таңдап алынған есептерді шешумен толықтырылады.

Күрделі тригонометриялық функциялардың туындысын табу, интегралын есептеуге берілген есептер шығарылады.

Бағдарламада оқушыларға оқу материалын еске сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.


Тақырыптық жоспар

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Тригонометриялық функциялар

1

2

у=Secx, у=cosecx функциялары, қасиеттері, графигі

1

3-4

Тригонометриялық функциялардың анықталу облысын табу

2

5-6

Тригонометриялық функциялардың мәндер облысын табу

2

7

Тригонометриялық функциялардың периодын анықтау

1

8-9

Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін табу

2

10-11

Тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру

2

12-13

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану

2

14-15

Күрделі тригонометриялық теңдеулерді шешу

2

16

y=Sinx, y=cosx функцияларының шектелгендігін теңдеулер шешуде қолдану

1

17

sinα=sinβ; cosα=cosβ; tgα=tgβ түріндегі теңдеулерді шешу

1

18-19

Параметрі бар тригонометриялық теңдеулерді шешу

2

20-21

Кері тригонометриялық функциялары бар теңдеулерді шешу

2

22

Алгебралық теңсіздіктерді дәлелдеуде тригонометрияны қолдану

1

23-24

Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу

2

25

Формулаларды қолдану арқылы тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

1

26

Жаңа айнымалы енгізу арқылы тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

1

27-28

Тригонометриялық теңсіздікті шешуде интервалдар әдісін қолдану

2

29-30

Тригонометриялық функциялар туындысын табу

2

31-32

Тригонометриялық функциялардың алғашқы функциясын табу. Интегралды есептеу

2

33-34

Туынды және интегралдың қолданылуы

2

Барлығы

34

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Буентинова Н.Ч Көпмүшеліктер теориясы. Өскемен,2007.-100 б

2.     Буентинова Н.Ч Сандар теориясы. Өскемен,2007.-108 б

3.     Тердікбай Күшай Математика пәнінің есептер жинағы. Астана,2014.-288б

4.     Ахтаров  М.У Математикадан қиындатылған есептер.  Алматы, 2010-198 б

5.     Рустюмова И.П Учебно – методическое пособие. Алматы,2011. -716с

6.     Алгебра 10 – сынып

7.     Жанасбаева Ұ.Б Математика.Алматы, 2010.-127 б

8.     «Математика және физика»  ғылыми – әдістемелік журналы

9.     «Алгорифм» физика – математикалық журналы

10. «Математика және логика» республикалық ғылыми – әдістемелік журналы

11. «Математика Қазақстан мектебінде» республикалық ғылыми – әдістемелік журналы

12. Интернет ресурстар


 

Түсінік хат Математиканы оқыту жүйесіндегі ұсынылып отырған «Тригонометрия» вариативті оқыту бағдарламасы оқушының білім-біліктілігін, ұғымын жүйелеп, ойлау қабілетін зерттей отырып, тақырыптарды тереңдете түсіндіреді

Түсінік хат Математиканы оқыту жүйесіндегі ұсынылып отырған «Тригонометрия» вариативті оқыту бағдарламасы оқушының білім-біліктілігін, ұғымын жүйелеп, ойлау қабілетін зерттей отырып, тақырыптарды тереңдете түсіндіреді

Тригонометриялық теңдеулер (11 сағат)

Тригонометриялық теңдеулер (11 сағат)

Күрделі тригонометриялық функциялардың туындысын табу, интегралын есептеуге берілген есептер шығарылады

Күрделі тригонометриялық функциялардың туындысын табу, интегралын есептеуге берілген есептер шығарылады

Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) №

Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) №

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020