ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да реформалар Ресейдің құрамында дамыған шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтиды.
Реформа не үшін
қажет болды?
ІІ Александр
Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Реформа жүргізудің негізгі мақсаты:
Сұлтандар тобын өкімет билігінен біржола ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін статс-хатшы И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды.
Бутков бүкіл қазақ даласын екі облысқа бөлуді ұсынды:
Батыс Шығыс
Орталығы-Торғай Орталығы- Сергиополь немесе Қарқаралы
Комиссия ұсынысы Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа тапсырылды. 1864ж. 29 қыркүйегінде Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтерді жинастыруды тапсырды.
1865 жылы Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.А.Крыжановский тағайындалып,Бутков комиссиясының бұл ұсыныстары қабылданбады.
Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау үшін « Дала комиссиясы » құрылды.
А.П.Безак
Н.А.Крыжановский
1865 жылы 5 маусымда
II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселесі т.б. Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның талап-тілегі ескерілмеді.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
* - Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
* - Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.
* - Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
Батыс Сібір генерал губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан т.б. ауқатты ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сенім артты.
Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Майер, А.П.Проценко болған комиссия
В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия
Торғай, Орал,Ақмола және Семей облыстарын
Жетісу мен Сырдария облыстарын
басқару жөнінде реформа жобасын дайындады
Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:
Орынбор
Түркістан
Батыс Сібір
Жетісу
Сырдария
Торғай
Орынбор
Ақмола
Семей
1.Сергиополь
2.Қапал
3.Верный
4.Ыстықкөл
5.Тоқмақ
1.Қазалы
2.Перовск
3.Түркістан
4.Шымкент
5.Әулиеата
6.Ташкент
7.Ходжент
8.Жизақ
1.Елек
2.Қостанай
3.Ырғыз
4.Торғай
1.Орал
2.Атырау
3.Калмыков
4.Жем (Темір)
1.Көкшетау
2.Омбы
3.Петропавл
1.Баянауыл
2.Зайсан
3.Көкпекті
4.Қарқаралы
(Кейіннен Павлодар, Өскемен уездері)
Басқару жүйесі:
1867-1868 жылғы реформа бойынша 5-сатылы:
1.Генерал-губернаторлық
2. Облыс
3. Уезд
4. Болыс
5. Ауыл (100-200 шаңырақ)
1.Генерал-губернаторлықты- генерал-губернатор;
2. Облысты- әскери-губернатор;
3. Уезді- уезд басшылары;
4. Болысты- болыстар;
5. Ауылды- ауылнайлар басқарды.
Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол 3 бөлімнен тұрды:
Облыстық басқармалар
Шаруашылық
Жарлықты жүзеге асыру
Сот істері
Генерал- губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды.
Уезд бастықтарына
Полиция
Бекіністер
Әскери бөлім
Уездегі мекемелер
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді.
Генерал-губернатордың құзырында:
Әскери губернатордың құзырында:
1.Әскери билік қолында болды.
2.Азаматтық билік қолында бол
3. Болыстарды, уезд бастықтарын тағайындады.
1. Сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептеледі.
2. Билер мен қазылар сотын бекітті.
3. Ақсақалдарды бекітті
Реформа нәтижесі қандай болды?.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин сияқты ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай мысқылдаған.
Қажетті датаны қойыңдар
1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы құрастырылды?
2. «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы бекітілді?
3. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы бекітілді?
Есімдерді жазыңдар
1. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарған статс - хатшы кім?
2. 1867 – 1868 жылы. Реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы.
3. 1865 жылы А.П.Безактың отставкаға кетуіне байланысты оның орнына келген жаңа губернатор кім?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.