қ а р а п а й ы м м а т е м а т и к а л ы қ ұ ғ ы м д а р д ы д а м ы т у ғ а арналған.
Сабақ.docx
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К. Өткізілген күні: 20.03.2018 ж
Білім беру бөлімі: Өзін өзі тану Білім беру саласы: «әлеуметтік орта»
Тақырыбы: Наурыз жақсылық бастауы
Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін, Наурыз мерекесі туралы
білімдерін кеңейту. Халықтық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шуақ шаша,Алтын таңда
Мөлдір таза ауада.Табиғатта бәрі оянды,
Оян сен де бар бала.
Тәрбиеші: Балалар, терезеден күн нұрын төгіп тұр екен. Күн көзінен қуат алып, бір –
бірімізге ыстық лебіздерімізді арнайық.
Топқа Тазша бала келіп кіреді. Тәрбиешімен, балалармен амандасады.
Тәрбиеші балалардан Тазша бала туралы сұрап, таныстырады.
Тазша: Балалар, елге көктем келді, Наурыз мерекесі жақындады.Наурыз – жыл басы
ретінде тойланады. Қазақ халқы наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп есептейді. Бір –
біріне жақсылық тілеп, «Ақ мол болсын», «Ұлыс оң болсын» деп тілек айтады.
Наурыз мерекесі туралы сендер не білесіңдер?
Тазша: Бәрекелді, балалар! Ал, енді мен сендерді ауладағы киіз үйге шақырамын,
менімен бірге жүріңдер.
Тәрбиеші мен балалар Тазшаға ілесіп киіз үйге барады.Есік алдында балабақша
қызметекрлері қарсы алып, бәрінің қолдарын алып, құшақтасып көріседі. «Ұлыс оң
болсын», «Ақ мол болсын», «Наурыз мерекесі құтты болсын» т.б. тілектерін айтады.
Тәрбиеші «Көрісу» дәстүрі туралы түсінік береді.Қыстан аман шыққан халық бір –
бірімен құшақтасып көрісетін дәстүр ел ішінде әліде сақталған.
Балаларды үстел басына жайғастыру. Наурыз көжеден дәм тату.
Әжейдің әңгімесі: «Наурыз көже».
Наурыз көже Наурыз мерекесінде дайындалатын негізгі тағам.Оған жеті түрлі дәм
қосылады. Бидай, ет, тұз, сүт, бұршақ, сары май, құрт немесе айран қосылады.
«Жеті» қасиетті сан.
Жұмада жеті шелпек пісіріледі. Жауыннан кейін шығатын кемпірқосақ та жеті
түстен тұрады.Аптаның күндері де жеті күн. Осы жеті күнді айтып бере алатын бала
бар ма?
Балалардың жауабы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және
жексенбі.
Тазша: Балалар, Наурыз туралы көп біледі екенсіңдер.Наурыз көжеден дәм
таттық, енді сырттағы ойын – сауықты көруге шығайық.
Тәрбиеші мен балалар тысқа шығады.
Тәрбиеші: Наурыз мерекесінің сәні ұлттық ойындар. Сендер қандай ұлттық
ойындарды білесіңдер? Балалар: «Бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», асық ойындары,
«Көкпар» т.б.
Олай болса сендер екі топқа бөліне қойыңдар. «Арқан тартыс» ойынын ойнаймыз.
Қимылды ойын: «Арқан тартыс».
Бата:
Уа, құдайым, оңдасын,
Еш жамандық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Балалар Тазша, «Қыдыр ата» және басқалармен қоштасып, топқа келеді.
Қорытынды:Іс – әрекет барысындағы көрген – білгендерін әңгімелеп,Наурыз
мерекесінің мәні, онда жасалатын жөн – жоралғылар туралы айтып, сұрақ – жауап
арқылы қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Жыл мезгілдері, көктем туралы түсініктері бар.
Түсінеді: Наурыз мерекесінде орындалатын жөн – жоралғылар туралы түсініктері
қалыптасты.
Қолданады : Наурыз көженің жеті түрлі дәмнен дайындалатынын білді Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К. Өткізілген күні: 16.03.2018 ж
Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі
Білім беру бөлімі: Сауат ашу Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі
Мақсаты «Б» әрпі және дыбысымен таныстыру. Буындардан сөз құрап оқуға
жаттықтыру; оқуға, білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріп, буындар, дидактикалық материалдар,
жұмбақтар.
Әдістәсілі: түсіндіру, сұрақжауап, ойын, қима әріптерден сөздер құрастыру.
Билингвальды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает, дыбысзвук.
Педагогтің ісәрекеті
–Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Бүгінгі оқу ісәрекетімізді бастаймыз ба? Бүгін аптаның қай күні?
Кеше қандай күн болды, ал, ертеңше?
Жақсы олай болса жақсы көңіл күймен сауат ашу сабағын бастаймыз.
ІІ .Сұрақжауап.
– Дыбыс дегеніміз не?– Әріп дегеніміз не?
– Дыбыс нешеге бөлінеді?– Қандай дыбыстар?
– Осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық?
– Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата?
– «Б» дыбысы қандай дыбыс еді?
Қызығушылықты ояту.
Балалар, бұл кім деп ойлайсыңдар?
– Мынау не? Бақа сөзі неше буыннан тұрады?
– Бақа қалай дыбыстайды?
бақа бақылдайды – лягушка квакает. Бақбақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?
«Б» дыбысын өткен әріп таңбалары арасынан тауып көрсетіңдерші.
– Кәне, бірге «Б» деп қайталайық. «Б» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы. Ерін бір
біріне жабысып тиеді де, дауыс екпінімен «б» дыбысы пайда болады.
– «Б» дыбысы созып айтуға келеме. Ұзақ айтылама?
– Сондықтан «б» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? «Б» дыбысын ауада жазып
көрейік.
1 – тапсырма. Жұмбақ жасыру. (
2 – тапсырма. «Б» дыбысынан басталатын сөздер.
3 – тапсырма: Буындарды оқы.
4– тапсырма. Сергіту сәті:
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке іледі. (бақа,
балық, бала) (мысық, машина, т.с)
3топ: «Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы
қос.
– Балалар, біз қандай дыбысты қайталадық?
– «Б» дыбысы қандай дыбыс?
– «Б» дыбысы сөздер арасында қай жерлерде кездеседі?
– Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: өткен әріп таңбалары арасынан «б» әрпін табуды;
Түсінеді: дыбыс пен әріптің айырмашылығын;
Қолданады: тапсырмаларды орындайды, дыбыстарды ажыратады Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ересек топ «Гүдәурен» 16.03.2018ж
Білім саласы: «Шығармашылық» Тәрбиеші:Ергазина Б.К.
Бөлігі: Мүсіндеу
Тақырыбы:Көне бойтұмар
Мақсаты: Ермексазды пайдалана отырып бедерлі форма жасау дағдысын
қалыптастыру. Жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауларын,
шеберлікке тәрбиелеу
Ұйымдастыру кезеңі: Д/о: «Атауын ата» ойынын ұсыну. Ойынның шартын
түсіндіру. Суретте көрсетілген бейнелерді атау.
Балалар ойынды шарты бойынша дұрыс орындауға
талпынады.
Тәрбиеші балаларға қазақ халының ұлттық ою – өрнектері
бар заттар туралы кіріспе әңгіме жүргізеді.Халықымыздың
шебер еңбектерін компьютерден көрсетіп балаларды әр
түрлі еңбектермен таныстыру.
Мүсіндеу сабағының тақырыбы «бойтұмар» жасау
екендігін атап өтеді.
Қазақ халқының ұлттық заттармен соның ішінде
бойтұмармен таныстыру. Бойтұмардың сыртын әдемі
оюмен жасауға болатындығын балаларға түсіндіріп, әр
баланың қиялына қарай мүмкіндік жасау.
Бойтұмардың пайдасы, қолданылуы жайында түсінік беру.
Бойтұмарды тамашалау.
Бойтұмарды ермексаздан сәндеп,пішінін
келтіріп,мүсіндеу.
Әңгімені тыңдап,қызығушылық танытады.
Қорытынды : белсене қатысқан балаларды марапаттау
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Қол өнер туындысын білу
Түсінеді:Бойтұмар жайлы білімі болу.
Қолданады:Ермексаздан бойтұмарды мүсіндеу қолынан
келеді .
Күтілетін нәтиже:
Елестетеді:Қол өнер туындысын білу
Түсінеді:Ұлттық ыдыс жайлы білімі болу.
Қолданады:Ермексаздан бойтұмарды мүсіндеу қолынан келеді Автордың (серіктес автордың) фамилиясы, аты, әкесінің аты Пәннің атауы Сабақ қай
сыныпқа арналған Ұсынылған материал тілі Сабақ тақырыбы Мектептің толық атауы
(қысқартусыз) Мобилді телефон Материал жіберу үшін мұғалімнің жеке E
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К.
Өткізілген күні: 12.02.2018 ж Білім саласы: таным , жаратылыстану
Тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты: Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Көліктер жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,
сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
Көлік дегеніміз не?
Ол адамға неге қажет?
Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен келесіңдер?
Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар
1. Тізбектелген көп үйлер,
Көшіп жүрген көк үйлер.
2. Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте
3. Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.
4. Жүргізуші жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.
Балалар, мына суреттерге қараңдаршы. Көліктердің қандай түрлері болады?
Негізгі бөлім:
Әңгіме: «Көліктер»
Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады.
Көліктердің төрт түрлері бар. Олар:
1. Әуеде ұшатын көліктер:
2. Суда жүзетін көліктер:
3. Жерде жүретін көліктер:
4. Темір жол көліктер:
Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.
Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және
жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар
машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол
көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан. Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме? Міне, адамдар түрлі
жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы
бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.
Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?
Ал қайықпен ше?
Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен.
Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.
Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп алайық.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын:
«Бағдаршам» ойыны
Көшедегі қимыл қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Бағдаршам не үшін қажет?
Жолда жүру тәртібі не үшін қажет ?
Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?
Ойын шарты: Бір бала «Бағдаршам» болып тұрады. Ол қызыл түсті
көтергенде, балалар бір адым артқа, сары түсі көтергенде орындарында
тапжылмай тұрады. Жасыл түсі көтергенде, бір адым алға жылжиды.
Көліктердің түрлерін ажырата білу.
Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет етеді.
Жол полициясы қандай қызмет атқарады?
Өрт сөндіретін машина қандай қызмет көрсетеді?
Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?
Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды кім деп атауға болады?
Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?
Ұшақты кім басқарады?
Жарайсыңдар балалар.
Ал енді, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетімізді
«Көлік құрастыру».
Қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қарап, құрастырады. Қорытынды:
Көліктің қандай түрлері болады?
Адамға көлік не үшін қажет?
Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?
Не құрастырдыңдар, балалар?
Жарайсыңдар, балалар!
Осымен бүгінгі іс әрекетіміз аяқталды. Балаларды мақтаумадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.
Түсінеді: Барлық көліктер адамға қызмет ететінін , жолда жүру ережесін сақтауды.
Қолданды: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К.
Өткізілген күні: 16.02.2018 ж
Білім саласы: коммуникация сауат ашу,
Тақырыбы: «Сөйлем» қайталау
Мақсаты: Дыбыс түрлері, сөз, буын сөйлем туралы білетіндерін пысықтау.
Логикалық ойлау қабілеттерін тіл байлықтарын дамыту, қорытынды жасай білуге
дағдыландыру,мейірімділікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың таңертең ұйқыдан оянғанда, далаға шыққанда нені көретінін, күннің
нұрын көргенде көңілкүйлерін қандай болады деп сұайды, жауабын тындайды.
Қуан шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы тан!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Балалар, адамдар бірбірімен не, арқылы қатынасады?
Ендеше бүгінгі ісәрекетіміз сөз, сөйлем, буын туралы еске түсіретін боласындар.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыс деген не?
Сөз, сөйлем деген не?
дыбыстар екіге, дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді?
Сөз, дыбыс, сөйлем туралы түсініктерді еске түсіріп айтып кетеді.
Дауыстап дыбыстарды тақтайшаға қойып қосып үйретеді.
Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Әдемі көйлек киші.
Д/о: «Ұстап ал»
Мақсаты: әр баланың алақанына сыбырлап бір дыбысты айтып салады
Дәптермен жүмыс: тапсырмаларды орындатады.
«Буынды көпір» балалар сөздерді буынға бөледі.
Қорытынды: белсене қатысқан балаларды мадақтайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: сөйлем, сөз, туралы түсінікті ұғынады;
Түсінеді: тақырыпты толық меңгере алады;
Қолданады: әріптер, сөздік жұмыс, дәптермен жұмыс Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К.
Өткізілген күні: 16.02.2018 ж
Білім саласы: шығармашылық, мүсіндеу
Тақырыбы: « Машина»
Мақсаты: Балалардың көліктер туралы білімдерін қалыптастыру, танымдық
қабілеттерін дамыту, көлік түрлерін ажырата біліп, машинаның мү індеуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, мен қандай көлікпен келдім жұмысқа?
Екі дөңгелегі бар, ешқандай бензинсіз жүреді, ешкімге көрінбейді?
Балалардың жауаптары.
Балалар топта көптеген ойыншық машиналар бар,үйлеріңде де бар ма?
Балалар мына суреттерде жеңіл және жүк машинасы,жедел жәрдем машиналары
бейнеленген.Сендерге қай машина ұнайды? Суретпен жұмыс жасайды.
Машинаның түсі қандай?Неше дөңгелегі бар?
Ендеше біздің көшеде қандай көліктер жүреді?
Машиналар, автобус, трактор, жедел жәрдем, т\б көліктер
Біз бүгін жеңіл машинаны мүсіндеуді үйренеміз..Жұмысты түсіндіреді.
Балалар емексаздан машинаның бөліктерін мүсіндеуді бастайды
Сергіту сәті жасалады. Көмек керек балаға жәрдемдеседі
Ісәрекетті бағалау кезеңі.
Балалар оқу ісәрекетіміз ұнады ма?
Қандай ермексаз қолдандың?
Машинаның түсін қандай түспен салдыңдар?
Балалар бәріңде жұмысты жақсы атқардыңдар, алдағы уақытта да, осылай ұқыпты жасаңдар.
Күтілетін нәтиже.
Ұғынады: Машинаның түрлері,бөліктері жайлы мәліметті және барлық машинаның
дөңгелекпен жүретіндігін ұғынады
Түсінеді: Көліктер түрлерін ажырата алады
Қолданды: ермексазды, сулықты.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізетін күні: 24.01.2018 жыл
Тәрбиеші: Ергазина Баглан Кабдолловна
Тобы: «Гүлдәурен» ересек тобы
Білім беру саласы: «Таным»
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Өтпелі тақырып: «Құстарбіздің досымыз»
Сабақтың тақырыбы: «16 сандар»
Мақсаты: Балаларды 16 сандарды тура және кері санауға үйрету, қарапайым
математикалық ұғымдарды дамытып, логикалық тапсырмаларды орындату арқылы
ойлауын, есте сақтау, қиял жүйріктігін арттыру, ізденімпаздыққа, белсенділікке ,
тапқырлыққа , құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: Акт, дамыта оқыту технологиясы, ойын
технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: 16 цифрлары, әр түрлі пішіндер, суреттер,
дидактикалық ойынға қажетті материалдар, игровизор карточкасы , үлестірмелі
материалдар.
Көптілділік: Сәлеметсіздерме, Здравствуйте, HeIIo
Біродиньone, екідваtwo, үштри tҺree, төртчетыре four, беспять five,
алтышесть six
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, кәне бәріміз алдымен амандасып алайық.
Сәлеметсіздерме, Здравствуйте, HeIIo
«Бір және сандар» деген ойынды ойнап жіберейік. Мен «бір» деп айтқанда бір –бірден жүресіңдер, ал мен «сандар екіекіден» дегенде
екіекіден қол ұстасып айналып жүресіңдер.Солай, балалар үштен, төрттен, бестен
жұптасып музыкамен айналып жүреді.
Өте жақсы, балалар.
Айтыңдаршы, бір жылда неше ай бар?
Бір жылда 12 ай бар?
Ал табиғатта неше жыл мезгілі бар?
Табиғатта 4 жыл мезгілі бар ; қыс, көктем, жаз, күз мезгілі ретретімен ауысып
тұрады.
Ал бір аптада неше күн бар?
Бір аптада 7 күн бар. Олардүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі.
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін аптаның қай күні және бүгінгі ауарайы туралы кім айтып береді?
Бүгін аптаның үшінші күні сәрсенбі, ал бүгін ауа райының температурасы
22 көрсетіп тұр.
Ал, осы ауарайын біз қайдан естіп, біліп тұрамыз.
Теледидардағы жаңалықтардан, компьютердегі интернеттен , радиодағы хабардан
естиміз.
Ендеше, бізде балабақшаның теледидарын қосып көрейікші.
Көгілдір экраннан тележүргізуші көрінеді.
Сәлеметсіздерме, балалар! Сендерді ғылымдар атасы математика саласынан «Тапқыр
тоқылдақ» деген атпен өтетін танымдық ойынға шақырамыз! Ойынға топпен және
жекелеп те қатысуға болады.Біздің қызықты тапсырмаларымызды белсенді
орындаған әр қатысушыға марапатымыз дайын!
ІІ.Негізгі бөлім:
«Тапқыр тоқылдақтың» тапсырмаларын орындап, белсенділік танытайық!
Бәріміз «Гүлдәурен» тобы болып танымдық қабілетімізді арттырайық!
Балаларды интерактивті тақтаның алдына шақырады.
«Жоғалған санды қай құстан табасың?»
1саны тырнаның аяғында, 2саны аққудың мойнында, 3саны балапанның
қанатында, 4саны тұйеқұстың бойында, 5саны үйректің табанында, 6саны
көгершіннің көзінде бейнеленген.
«Қораздың қадамын сана»
Қораз екі бағытта жол жүреді. Бірінші бағыты жемге дейінгі жолында қораз
6 қадам жасайды, ал екінші бағыты суға дейінгі жолында 4 қадам жасайды.
Осы сандарды балалар тура және кері (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ) санайды.
«Қарлығаштың ұясы»
Ұяшықтарда 5 және 6 сандары жазылған. Осы сандардың құрамын табады
Интерактивті тақтамен жұмыс.
«Тапқыр болсаң жылдам айт?»
Логикалық есептерді тәрбиеші оқып тұрады.
Екі аққудың неше аяғы бар?
Сары балапанда қанша көз бар?
Тырнаның сирағы ұзын ба, кірпінің сирағы ұзын ба?
Шөп арасынан қаздың 4 құлағы көрініп тұр, неше қаз жасырынып тұр?
Торғайдың үш торайы бар?
Қарлығаш биік тауда ұшып жүр?
Ағашқа төрт шымшық қонды, үшеуі ұшып кетті, қаншасы қалды?
Сергіту сәтін жасайды.
Қазым, қазым, қаңқылда
Салқын суға салқында
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ! Жоқ! Жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш!
«Торғайдың торы» игровизормен жұмыс
Бос торкөзге қандай геометриялық фигураны орналастыру қажет?
Салған фигураға ұқсас бейнені бейнелейді.
Мысалы: Сопақшағажұмыртқаны, шаршыға құстың ұясын, шеңберге торғайдың
көзін,үшбұрышқа қаздың тұмсығын салады.
«Тоқылдақтың көмегі» үлестірмелі материалдармен жұмыс
Суреттегі ағаштардың құрттары арқылы есептер шығарады.
Өрнектің мәнін табады.
ІІІ.Қорытынды.
«Аспан мен жер» ойыны ұйымдастырады.Ойынның шарты: тәрбиеші үшке дейін үй
құстарын ата дейді. Балалар жылдам үйрек, қаз, тауық деп айту керек.
Төрт жыл құстарын атаңдар дейді. Аққу, тырна, шағала, қараторғай.
Екі отырықшы құстарды атаңдар дейді.Торғай, көгершін деп жауап береді. Осы ойыннан кейін көңіл аудартатын музыка ойналып, балаларға қуанышты
хабарлама келгенін хабарлайды. Марапатты әр балаға таратып береді, белсенді
қатысқан балаларды мақтапмадақтайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталады.
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Затобол кенті
«Гүлдер» балабақшасының тәрбиешісі:
Ергазина Баглан Кабдолловна
«ТӘРБИЕШІ БОЛУ БАҚЫТ» АТТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
САЙЫСҚА ҚАТЫСУ ҤШІН ӚТІНІШ
Қатысушының аты – жөні (толығымен) Жұмыс орнының толық атауы (қысқартусыз)
(толық заңды атауы кӛрсетілуі керек) Лауазымы Ұялы телефон (мысалы, +7 700 000
00 00) Диплом жіберу үшін пошталық адресі Email Пошталық мекенжай (төлеген
жағдайда көрсетіледі) Құрметті оқытушылар, ӛтінішті толтырарда мұқият
болуларыңызды сұраймыз!!! Диплом өтініштегі деректерге сәйкес толтырылады. Егер
өтініште мәлімет қате кетіп, диплом жасалып, жіберілген жағдайда, диплом қайта
жасалмайды
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізетін күні: 14.03.2018 жыл Тәрбиеші: Ергазина Баглан Кабдолловна
Тобы: «Гүлдәурен» ересек тобы Білім беру саласы: «Таным»
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық денелер: текше, шар, цилиндр, конус, пирамида.
0 ден 10ға дейінгі сандар. Сандар қатары.
Мақсаты: көлемді геометриялық денелермен таныстыру Кеңістік туралы
түсініктерін, санау дағдыларын бамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, кәне бәріміз алдымен амандасып алайық.
Сәлеметсіздерме, Здравствуйте, HeIIo
«Бір және сандар» деген ойынды ойнап жіберейік.
Мен «бір» деп айтқанда бір –бірден жүресіңдер, ал мен «сандар екіекіден» дегенде
екіекіден қол ұстасып айналып жүресіңдер.Солай, балалар үштен, төрттен, бестен
жұптасып музыкамен айналып жүреді.
Өте жақсы, балалар.
ІІ.Негізгі бөлім:
«Жоғалған санды қай құстан табасың?»
1саны тырнаның аяғында, 2саны аққудың мойнында, 3саны балапанның
қанатында, 4саны тұйеқұстың бойында, 5саны үйректің табанында, 6саны
көгершіннің көзінде бейнеленген.
«Тура және кері сана»
Осы сандарды балалар тура және кері (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ) санайды.
«Геометриялық фигураларды ата»
текше, шар, цилиндр, конус, пирамида
«Тапқыр болсаң жылдам айт?»
Логикалық есептерді тәрбиеші оқып тұрады.
Екі аққудың неше аяғы бар?
Сары балапанда қанша көз бар?
Тырнаның сирағы ұзын ба, кірпінің сирағы ұзын ба?
Шөп арасынан қаздың 4 құлағы көрініп тұр, неше қаз жасырынып тұр?
Торғайдың үш торайы бар?
Қарлығаш биік тауда ұшып жүр?
Ағашқа төрт шымшық қонды, үшеуі ұшып кетті, қаншасы қалды?
Сергіту сәтін жасайды.
Қазым, қазым, қаңқылда
Салқын суға салқында
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ! Жоқ! Жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш!
«Торғайдың торы» игровизормен жұмыс Бос торкөзге қандай геометриялық фигураны орналастыру қажет?
Салған фигураға ұқсас бейнені бейнелейді.
Мысалы: Сопақшағажұмыртқаны, шаршыға құстың ұясын, шеңберге торғайдың
көзін,үшбұрышқа қаздың тұмсығын салады.
«Тоқылдақтың көмегі» үлестірмелі материалдармен жұмыс
Суреттегі ағаштардың құрттары арқылы есептер шығарады.
Өрнектің мәнін табады.
ІІІ.Қорытынды.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтапмадақтайды.
.
Күтілген нәтиже:
Ұғынады: қарапайым математикалық түсініктерді ұғынады;
Түсінеді: санның құрамын, реттік санауды түсінеді ;
Қолданады: дидактикалық материалдар,
Диагностика нәтижелері
20172018 оқу жылы
«Гүлдәурен» тобы Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі
Ересек «Гүлдәурен» тобы
Тәрбиеші : Ергазина Б.К. Өткізілген күні:20.03.2018 ж
Білім саласы: коммуникация, көркем әдебиет
Тақырыбы: «Наурыз мейрамы»
.Мақсаты: Балаларға өлең жолдарын түсіндіріп, үйрету .
Сөздік қорын молайтып , байланыстыра сөйлеуді, ойлау қабілеттерін дамыту .
. Балаларды ұлт жандылыққа достыққа салт дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, қазақ ұлттық киінген құыршақтар.
Шаттық шеңбері:
Үн таспадан домбыра үні естіледі.
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Уықтарша иіліп, Қазақ үйді құрайық.
Балалар шеңбер бойы тұрады, қолдарын жоғары көтеріп созылады. Бір бірінің
белдерінен ұстап қазақ үй болып тұрады
Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?
Біз қандаық? Ал жақындй мейрамға дайындалып жатырмыз.
Ия, жыл басы наурыз болады. Осы мейрамда біздің қазақ халқы бар өнерін салып
үлкен той жасайды. Қазыр мен сендерге презентация арқылы бір неше сурет
көрсетейін. Суретте не көріп
тұрсыңдар? Үлкен кісілер не істеп жатыр?
Қыздар не істеп жатыр? Міне олар мейрамды осылай қызықты өткізеді.
Ғажайып сәт:
Осы кезде есік қағылып Ата келеді. Төрлетіңіз ата өте жақсы келдініз. Мен балаларға
Наурыз мейрамы С.Мұхамедиевтың өлеңін оқып бергелі тұрмын.
Наурыз мерекесі
Көздешаттық, іштежелік,
Шақыратын бір үміт.
Наурыз көже ішуші едік,
Үйденүйге қыдырып.
Қөңіліміз көкте жүзді,
Ел әдебін білуші ек,
Өңкей бала тобымызбен,
Бір үйге кеп кіруші ек.
Гүл мереке үйге толсын, Сүтбереке, айранқұт,
«Наурызыңыз құтты болсын»,
Деген сөзге байландық.
Салем беріп аталарға,
Құттықтаушы ек әжені.
Кеселерге апалар да
Толтыратын көжені.
Қорытындылау: Сонымен біз бүгін қандай мейрам туралы айттық? Мейрамға қандай киім киуге
болады екен?
Наурыз мерекесіне
қандай тағам дайындалады?
Өлең сендерге ұнады ма? Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: өлеңнің мазмұнын.
үйренеді: Сөздік қорлары молайып байланыстыра сөйлеуді біледі.
Қолданады: суреттер мен материалдарды Ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
«Гүлдәурен» ересек тобы
Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Күні: 12.03.2018
Білім беру саласы: «шығармашылық» сурет салу
Тақырыбы: Гжель ыдысаяғының силуэтін өрнектеу
Мақсат: Гжель өрнектеу мінездемесіне сай балаларға қағаздан, көмкермеден
қиылған силуэттерді безендіруге үйрету. Балалардың көркемдік талғамын
қалыптастыру, оюөрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемдікті
қабылдай білуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
«Көрме» ойыны.
Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бірбірімен салыстыру, бұлардың барлығын
бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың оюөрнектеріне мән беру.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап,
ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны
туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқан ізі», «толқын», «құс қанаты»
оюлары туралы түсіндіреді («құс қанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.).
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық.
Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен
әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «су тамшысы» деп аталады. Су тамшысы
су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер
пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет шетіне айналдыра
кішкентай тамшылар судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі
трафарет үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады). «Тамып тамып» деген
сөзді қатты ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі. Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне,
біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.
Қорытынды: жұмыстарын аяқтау, мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Үғынады: белгілі бір тұтанатын бұйымдарды пішініне сәйкес оюөрнектермен
әшекейлеуді.
Түсінеді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
Қолданады: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Гүлдәурен» ересек тобы
Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Күні: 12.03.2018
Білім беру саласы: «таным» жаратылыстану
.Тақырыбы: Менің елімнің салт дәстүрі.
Мақсаты:Туған елдің салт дәстүрлерімен таныстыру. Бесік жыры, тұсау кесу,
бесікке бөлеу дәстүрлері туралы түсінік беру.Салт дәстүрлерге қызығушылықтарын
ояту. Еліміздің салт дәстүрі туралы білімдерін дамыту. Туған халқының
дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін тудыру. Елінің салт дәстүрін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші балалармен бірге тұрып шеңбер құрады. "Үй сыртында қолағаш" ойыны.
Ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады
Педагог мақалдар оқиды:Атадан бала туар, ата жолын қуар.
Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге. Мақалдардың мағынасын қалай
Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге болады.
Ұрпақ, ата баба сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.
Ұрпақ тұқым ,жұрағат, нәсіл,келешек ұрпақ.
Негізгі бөлім: Ата баба бұрынғы өткен әкелер.
Қазақ халқында ата бабаларымыз бала тәрбиесіне көп мән берген. Кішкентай
балалар өнегелі, тәрбиелі болып өсу үшін, ұлттық салт дәстүрді қалыптастырып,мұра
ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған.Бүгінгі оқу іс әрекетіміз салт
дәстүрлер туралы болмақ. Салт дәстүр дегеніміз белгілі бір рәсім,әртүрлі
жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.
Мына суретте жаңадан туған нәрестені бесікке бөлеп жатыр. Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан "бесікке бөлеу" дәстүрі. Суреттен тағы
нені байқауға болады?
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін
"бесік жырын" айтады. Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын
айтады?
"Бесікке бөлеу" ойыны.
Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті алып шығады. Бір қызды қасына
шақырады. Бесік жырын айтады:
Менің балам қайда екен Асқар асқар тауда екен.
Тауда неғып жүр екен? Алма теріп жүр екен.
"Бесікке бөлеу" кішкентай бала үшін маңызды. Баланың сымбатты,денесі түзу
болып өсуі үшін ата бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.
Келесі суретте не бейнеленген?
Бесікте жатқан бала өсті,тәй тәйлап жүре бастады. Енді көп құламай тез жүріа
кетсін деп, ол баланың тұсауын кеседі.
Адал, шыншыл бала болсын деп, тұсауын "ала жіппен"кеседі.
Қазақ халқында "Біреудің ала жібін аттама"деген мәтел бар.
Оның мағынасы ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып
өссін дегенді білдіреді.
Жаңағы кішкентай бала өсіп, 56 жасқа келді.
Үлкендер оған жеке тай атап,ашамай (тайға арналған кішкентай ер тоқым) істетіп,
қамшы өріп, "Сен азамат болдың" деген сенім ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем
ашамай ертеп мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы:
Ал ақ тілек, ақ тілек Атқа тоқым сал білек.
Атта жақсы шаба біл, Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің, ақ жол болсын!деп бата береді.
Қорытынды : белсене қатысұан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже.
Үғынады: қазақ халқының салт дәстүрлерін түсінеді.
Түсінеді: салт дәстүрлердің маңызын; ата бабаларымыздан қалған салт дәстүрді
құрметтеуді; Қолданады: этнопедагогиканың баланы тәрбиелеудегі рөлін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Гүлдәурен» ересек тобы
Тәрбиеші: Ергазина Б.К. Күні: 02.03.2018
Білім беру саласы: «Қатынас» Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. С
с дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.
Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.
І.Іс әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі:
Көңіл күйлерін сұрау (смайликтер арқылы)
«Сыр сандықтың сырын ашу» ойыны.
І тапсырмасы:
Сөздерді буынға бөл. балық, барабан, бағдаршам, бешбармақ
Біз не білеміз?
1. Әріп 2. Дыбыс
3. Дауысты дыбыстар 4. Дауыссыз дыбыстар
ІІ тапсырмасы:
Суретке қарап сөйлем құрайды
ІІІ тапсырмасы:
Буыннан сөз құрайды.
Ұйымдастыру ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»
Қыздар құлағына тағады Сырға.
Қыздар қолына тағады Сақина.
Уақытты көрсетеді Сағат. Сиырдан не алынады Сүт.
Сызуға арналған құрал Сызғыш.
Мектепте не оқимыз Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз Сөмке.
Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Жұмбақ шешу:
Түсі суық ызғарлы
Аузында айыр тісі бар (жылан)
Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?
С С С С
Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа
жата ма?
Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.
Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін
анықтайықшы.
Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып
шығып тұр.
Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.
Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында)
кездеседі. Мысалы: сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас,
Сая, құс, сауысқан, саусақ,
Әліппе дәптермен жұмыс
С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) С с әрпін ayада жазу.
ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) С с әрпін әліппе дәптерге жаздыру.
Сергіту жаттығуларын жасату
Бала бала, балақан
Қане қайсы алакан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай былай ойнат.
Кері байланыстылық түзетушілік
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Суретке қарап әңгіме құрау. (мұғалімнің көмегімен орындалады)
Балалар не істеді? Диас не істеді?
Балалар гүлге су құйды. Диас гүлге су құйды.
Ерсұлтан не әкеле жатыр? Ерсұлтан су әкеле жатыр. Күтілетін нәтиже:Ұғынады: С с дыбысы, әрпі мен танысады
Түсінеді: С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі
Қолданады : Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
1-6 сандар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.