БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Оценка 4.8

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Оценка 4.8
Лекции
docx
математика +2
Взрослым
22.01.2018
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларын функциялдық сауаттылығын дамыту жолдары баяндалады бұл баяндамада. Оқушылардың сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету және де адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіріп шығармашыл, саналы білімді тұлға қалыптастыру. Оқушылардың жаңа бағдарламаны тез меңгеріп, тез үйреніп оны әрі қарай жетілдіру жолдары айтылады.
Функциялдық сауаттылық.docx
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ                                                                       Ерғазина Бағлан Қабдоллақызы                                                                       Н.Наушабаев атындағы                                                                        Затобол мектеп­ гимназиясы        Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекетіміздің ең басты   дүниесі   тек   қана   табиғи   байлық   емес,   сонымен   қатар   жасөспірім ұрпағы, өйткені олар­ біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Осы бағытта   білім   саласында   жүргізіліп   жатқан   реформаның   басты   мақсаты­ой өрісі   жаңашыл,   шығармашылық   деңгейде   қызмет   атқаратын,   дүниетанымы жоғары,   жан­жақты   қалыптасқан   жеке   тұлға   даярлау   болса,   Қазақстан Республикасының   білім   жүйесін   2015   жылға   дейін   дамыту тұжырымдамасында   терең   білім,   кәсіби   шеберлік,   өзін­өзі   дамыту, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдайтын және функциялды сауатты , бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеу көзделген. Міне, осы мақсат – міндеттерді   жүзеге   асыру   мектептер   мен   оның   жүрегі   саналатын   мұғалім қауымға   жүктеледі.  Тәрбиенің   сан   –саласы,   күрделі   мәселелеріне   терең бойлауға,   күнделікті   тұрмыста   кездесетін   дағдылар   арқылы   баланың   жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып.  Олай   болса,   бастауыш   сынып   оқушыларының   функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте   кезден,   балдырған   кезінен   дайындау   деген   мағынада   айтылады.   Білім беру   жүйесін   жаңартуға   Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев   «Әлеуметтік­ экономикалық     жаңғырту   –   Қазақстан   дамуының   басты   бағыты»   атты Қазақстан   халқына   Жолдауында   ерекше   атап   өтсе,   «Қазақстан­2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім   беру   саласындағы   басымдықтарды   қадап   айтқан   еді.   Білім   беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Қазақстан Республикасында білім   беруді   дамытудың   2011­2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік бағдарламасында   анық   көрсетілген.   Осы   бағдарламаны   басшылыққа   ала отырып, ҚР­сы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   жөніндегі   2012­2016 жылдарға  арналған Ұлттық іс­қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар ағымдағы   жағдайды   талдау, –   білім   сапасын   жетілдірудегі   негізгі   бағдар.   Жоспарда   мақсаттар   мен міндеттер   нақты   қойылған,   мектеп оқушыларының   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   жолдары,   білім стандарттарын,   оқу   бағдарламалары   мен   жоспарларын   жаңартып,   оқыту нысандарын,   әдістері   мен   технологияларын   жаңарту,   мектеп   оқушыларын оқыту   нәтижелерін   бағалау   жүйесін   дамыту,   ата­аналардың   қатысуын қамтамасыз   ету,   қосымша   білім   беруді   дамыту,   күтілетін   нәтиже   қажетті ресурс екені   нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   дамыту   бойынша   жалпы үйлестіруді   қамтамасыз   етуге   мүмкіндік   береді. «   Функционалдық сауаттылық   »   —   ұғымы   өткен   ғасырдың   60­жылдары   ЮНЕСКО құжаттырында   пайда   болып,   кейіннен   қолданысқа   енді.  Функционалдық сауаттылық  –   мектепте   алған   білімдерін,   іскерлік   дағдыларын,   адами   іс әрекеттердің   әр   түрлі   салаларында   сондай­ақ   тұлға   аралық   қарым­ қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.            Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен   іскерлігін:   негізгі   мектептің   білім   мазмұнын   меңгеру   үшін   оқудың, жазудың,   есептеудің,   тілдік   қатынастың,   шығармашылық   тұрғыдан   өзін­өзі көрсете   білудің,   мінез­құлық   мәдениетінің   берік   дағдыларын   дамытуға бағытталып,   таным   әрекетіндегі   жеке   қабілеттері   мен   шеберліктерінің дамуын,   функционалдық   сауаттылығының   қалыптасуын   қамтамасыз   етеді. Мектептің оқушысы қазіргі нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі   жағдайларына   анағұрлым   дұрыс   бейімделген,   жүйелі   білім негіздерін   тәжірибелік   іс­әрекеттерге   ұштастыра   алатын,   функционалды сауатты,   өмірлік   қажетті   дағдылары   мен   кең   спектрлі   құзыреттіліктері қалыптасқан,   өзін­өзі   дамытуға,  өздігінен   табысты   өмір   сүруге,  өзіне   және қоғамға   пайдалы   қызмет   атқаруға   лайықты   тұлға   болуға   тиіс.  Оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыруға   бағытталған білім   мазмұнын   игерген   оқушылардың   білімдері   мен   біліктері   өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және   алынған   ақпараттарды   сыни   тұрғыдан   бағалай   білуді,   өзінің болжамдарын   ұсыну   және   зерттеулер   жүргізу,   өзінің   ойын   негіздей   білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс­әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай­ ақ   тұлғааралық   қарым­қатынас   пен   әлеуметтік   қатынастарда   өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі   халықаралық   стандарт   талаптарына   сай   оқыту   үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі   құзіреттіліктер   болып   белгіленуі   білім   беру   жүйесінде «функционалдық   сауаттылықты»   қалыптастыру   мәселесін   негізге   алудың өзектілігін   арттырып   отыр.   Функционалдық   сауаттылықты   арттырудың маңызды   жолдарының   бірі   ретінде   қосымша   білім   мен   мектептен   тыс сабақтарды   жатқызуға   болады.   Бастауыш   мектептерде   де   мектептен   тыс ұйымдардағы   әртүрлі   бағыттағы   үйірмелер,   секциялар   желісін   кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамту ұлғайтылды. Оқушылардың сапалы білім алып қана қоймай, өзге ортаға тез бейімделе отырып, өмірде қолдана алатын тұлғаны дамытуға жағдай туғызу қажет.       «Мектеп­қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалімдер жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өзінің қалтасын қазынамен өзі­ақ толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. Оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып   кете   алатынын   өзі   шешеді   және   байлық   алғанын   өзі   бағалай   алады. (Оскарь   Уайльд).   Оқушылардың   функциялдық   сауатты   болуы   қазіргі заманның   талабы.   Осы   ретте,   білім   негізі   бастауыш   баспалдағында қаланатынын ескерсек, бастауыш сынып мұғалімдерінің арқарар жүгі ауыр да салмақты   болмақ. Функциялдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап ақпараттық және проблемалық шешімін табу   құзіреттіліктеріне   бағытталып   жүргізілгенде   ғана   оң   нәтиже   береді. Функциялдық   сауатылықтың   тағы   бір   тетігі­ол   ата­аналардың   балаларды оқыту мен тәрбиелеуде белсенділік танытуын қамтамасыз ету болмақ. Ата­ анасы баланы жас кезінен бастап адами құндылықтарды дарытып, саналы да мәнді   өмір   сүруге   баулуға   борышты.  Ата­ананың   бала   тәрбиелеу   жолында функциялдық  сауаттылығын   көтеру  мектеп  мұғалімдерімен   олардың тығыз қарым­ қатынас байланыста болып, екі жақты әріптестік әрекеттің арқасында ғана қалыптасатыны айдан анық. Яғни, ата­ананың өз баласының  ерекше бір қасиетін   тануы,   оны   әртүрлі   жағдаятта   түсіне   отырып,   қол   ұшын   беруі, олардың   қабілетін   дамытуға,   бала   бойына   рухани   адамгершілік құндылықтарды   қалыптастыруға,   жағымсыз   мінез­құлық,   теріс   әдеттерден арылуға көмек беретін функциялдық сауаттылық ата­ананың өн бойында да болуы шарт. «Балаға берілген дұрыс тәрбие­ бұл бақытты кәрілік, ал қате берген тәрбие ол біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз» деген С.А. Макаренконың ұлағатты сөзімен баяндамамды аяқтағым келеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақстан мектебі № 5, 2012ж. «Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру­басты мұрат»   2. ҚР білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.  Астана, 2010. 4. Оразахынова   Н.,   Кенжебаева   Г.   М.   ­   «Оқушылардың   функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары»  ғылыми мақаласы  2012 ж. МЕН­ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ПЕДАГОГІМІН  Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,  қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек.                                                                                                                          В.Маяковский   Бастауыш   буын­қайталанбайтын   кезең,   ақиқаты   сол,   білім   негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі   басқа   буындармен   сабақтас   болуымен   ғана   емес,   ең   алдымен оқушы   тұлғасы   ұйытқысының   қалыптасуы   мен   дамуы   қуатты   жүретін   аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді. Бастауыш сатыдағы   білім   берудің   бағдарлы   мақсаты­оқу   әрекетін   қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттік тәрбие түрлеріне сай сезім қатынас қарым­қатынасқа дайындау, өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік ортаны сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Оны оқу, ойын, еңбек, қарым­қатынас сияқты түрлерімен меңгертуге болады.  Басты   назар   аударатын   мәселелердің   бірі­патриотизм.   Патриотизм патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі.  Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім   беруге   тиіс   болса,   екіншіден,   үнемі   шәкірттерімен   қарым­қатынаста болып,   білсем,   үйренсем   деген   бала   арманы   мен   оның   сырлы   тағдырына басшылық   етуді   мойнына   алған   маман.   Бүгінгі   ұстаз   шәкіртіне   ғылым негіздерінен   мәлімет   беріп   қана   қоймай,   оны   дүниежүзілік   білім,   ақпарат, экономика   кеңістігіне   шығуға,   яғни   қатаң   бәсеке   жағдайында   өмір   сүруге тәрбиелеуі керек. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау ­ әр мұғалімнің борышы. Ол ­ өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана   оны   небір   қиын   әрекеттерге   жетелейді,   іске   батыл   кірісуге   септігін тигізеді.   Нәтижесінде   бір   емес,   бірнеше   жас   жүрекке   мәңгі   ұстаз   болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір­қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта   мен   әрбір   шәкіртіне   асқан   сезімталдықпен,   жауапкершілікпен   қарым­ қатынас   жасауында.   Өйткені   оның   қарапайым   да   сыпайы   киім   киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс­тұрысы, жинақы іс­әрекеті, білімі шәкіртке де, ата­анаға   да,   жұртшылыққа   да   өнеге.   Ол   үшін   бүгінгі   оқу   үрдісіне   сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.  Ұстаз   –   шебер.   Ол   сенім   атмосферасын   қалыптастырып,   мейірім шапағатын   сыйлайды.   Ұстаз   оқушылардың   қызығушылығын   арттырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды. Ұстаз – білімге шығаратын жолды нұсқаушы, келеді.  «Заманына   қарай   адамы»   деп,   осы   өзіміз   өмір   сүріп   отырған   уақытқа   сай осы   жолмен   жүріп де     өзі     ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетіміз. Қасиетті білім ордасы мектепке білсем, көрсем, білімді азамат болып өссем  деп үлкен арманмен келіп   отырған   кішкентай   азаматтарды   оқытып,   тәрбиелеуге   ұстаздық ықыласпен қарау – парызымыз. Жамбыл бастауыш мектебі Дайындаған: Ергазина  Б.К.                                                                              2015­16 оқу жылы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018