Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану |
Мектеп: |
|
Күні 4 тоқсан |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы |
Азайту,қосу және салыстыру дағдыларын одан әрі дамыту |
|
Оқу мақсаттары |
ММЕШ 1.1 Сандарды қосу,азайту және салыстыруға берілген жай және құрама есептер шығару |
|
Сабақ мақсаттары |
Жай және құрама есептерді шығара алады.Сандарды қосу және азайту амалдарын орындайды.Сандарды салыстырады. |
|
Бағалау критерийлері
|
Сандарды қосу, азайту және салыстыруға берілген жай және құрама есептерді шығара алады.
|
|
Сөздік қор |
Шарт, сұрақ,шешім,жауап, жай есеп, құрама есеп сияқты математикалық терминдер мен атаулар.
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет,еңбек және шығармашылық. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Оқушылар уақыт бірліктерін біледі.Ақшаны қалай қолдану керектігі туралы біледі |
|
Сабақ барысы |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
Сабақтың басы
2 минут
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. Есеп шығарып, бәрін біліп, Біз білімді боламыз! -Балалар,бұл өлең не жайлы? -Қай сөзді қарамен көрсетіп қойдым?Неліктен? Сабақтың тақырыбы мен мақстын ашу. Жетістік критерийлерін құру.
(Ұ) Ойын «Кім тапқыр?» ауызша есептеу тәсілі бойынша есеп.
Шешуі:30+70 =100 |
Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.
|
Сабақ ортасы 2 минут
3 минут
5 мин
5 мин |
(Т,Қ) Ойын «Дүкенде» (Ойынның шартымен таныстыру) -Балалар,адамдар дүкенге не үшін барады? -Қазір біз де дүкенге саяхат жасап көреміз. «Жеміс-көкөністер » дүкені Бұл дүкенде не болуы мүмкін?(Балалардың жауаптарын тыңдау) -Ал дүкенде кімдер жұмыс істейді? –Сатушылар, күкеншілер. Ендеше, бізге бұл ойынды ойнау үшін сатушы мен тұтынушы қажет. Тұтынушы 2-3 тағам сатып алып,100 теңгелік монета төлейді.Сатушы азық- түліктің құнын есептеп,қалдық ақшасын қайтарады. Топ ішінде балалар қандай зат алатыны жайлы ақылдасып, дүкенге 2 оқушыны жібереді.Әр топтан 2 оқушыдан шығып , қалаған заттарын алады.Топта қалған балалар сатушыдан қайтарым ақшасын есептейді, А3 қағазына шартын құрып жазады.Топқа оралған тұтынушылар келіп түсіндіреді. Егер дұрыс қайтарым ақша әкелген болса,қол шапалақтап мадақтайды.Соңында сатушыға да ризашылығын білдіреді.
100тг-30тг-50тг= 20 тг (қайтарым ақша) (Т,Қ) Оқушылар жалпы кұнын және 100 теңгеден қайтарылған ақшанын көрсететін таңдауларынын жазбасын жазады. (Т,Ж) Оқушыларға теңсіздікті зерделей отырып, салыстыру белгілерін ( <;>, =, ≠) пайдаланғанымызды естеріне салып, топтар немесе жұптар төлемдерді салыстырады. Мына сусын туралы не білесіңдер? Олардың құндарын салыстырып жазғызу.
-45 тг 55тг
-25 тг -50 тг
Салыстырады.Есеп құрады. (Ұ) Оқулықпен жұмыс. Есепті шығар: Асан,Үсен және Есеннің 50тг,20тг,100 тг ақшасы бар.Есеннің Асаннан 50 теңгесі кем. Есеннің Үсеннен 30теңгесі артық, Кімде қанша ақша бар? 1-топ Шарты 2-топ Сұрағы 3-топ Шешуі 4-топ Жауабы (Ұ) Карточкамен жұмыс
|
монеталар
Екі бөлікке бөлінген әртүрлі теңге монеталар
Теңге монеталар салынған қобдишалар |
Сабақтың соңы 5 минут |
Бекіту сұрақтары: Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? «Өз жетістігін бағалау» парағы Оқушыларға жасыл және сары стикерді таңдап, өз жеке жетістігін бағалау ұсынылады. |
Сабақтың басында жазылған критерийлер мен маркерлер
Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер
Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын.
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын.
|
|
Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.