Компьютерлік томография
Компьютерлік томография (КТ) 64 бұрандалы Somatom Definition AS (Siemens) компьютерлік томографиясында – қарапайым талдаудан бастап, күрделі ангиографиялық зерттеулерді де, соның ішінде коронарографияны да жүргізетін, қаладағы осындай бірден-бір аппарат арқылы орындалады. КТ – нысанды рентген сәулесінің жіңішке шоғы арқылы айналдыра сканерлеу жолымен алынған суретті компьютерлік қайта құрылымдауға негізделген көп қатпарлы рентгенологиялық зерттеу. Бастапқы суреттер алынған соң, олар жұмысшы станцияда өңделеді, бұл кез-келген қажетті кеңістіктегі бейнелерді алуға және неғұрлым дәл және сенімді ақпарат үшін күрделі компьютерлік қайта құрылымдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
— КТ кабинеті Philips фирмасының 64 кескінді мультиспиральді компьютерлік томографымен жабдықталғанғ. Бұл компьютерлік томограф, науқасты жоғары жылдамдықта тексеріп (санаулы секундта), сәулелік әсері төмен қабілетіне ие заманауи жабдық болып табылады. Томограф жүрек тамырлары сияқты күрделі анатомиялық жүйелерді зерттеуге бейімделген. Одан басқа барлық адам ағзаларын жіңішке кескіндермен зерттейді.
КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФТА КЕЛЕСІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ:
— Бас миын және жұлынды зерттеу;
— Омыртқаны жан-жақты зерттеу;
— Жүрек аурулары мен қан тамырларын диагностикасы (КТ-коронарография);
— Өкпе және кеуде органдарын зерттеу;
— Құрсақ қуысын зерттеу;
— Сүйектерді зерттеу
Компьютерлік томографтың негізгі артықшылықтары: жоғары жылдамдықпен зерттеулер жүргізу, зерттеу кезінде клаустрофобияның болмауы, сондай ақ кардиостимулятор және эндопротездері бар науқастарға зертеулер жүргізуге болады.
Джеффом Рей Хаунсфилд және әріптестері Англияда 1971 жылы ашқан, томографияның компьютерленген сканері . 1 суретте қазіргі заманғы сканерді жұмыс істеу принципі көрсетілген.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.