6 сынып

  • docx
  • 16.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала ��⥬�⨪�,6��,���,�167.docx

IV тоқсан

Сабақ нөмірі: 167

Сабақтың тақырыбы: 5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.(5-сабақ)

1. Мақсаты:

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі  деген ұғымды қайталау;

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі  деген ұғымды қайталау;

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру және қосу тәсілдерін пайдалануды қайталап, есептер шығару;

- Мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешу.

2. Өткен тақырыпқа қысқаша шолу.

Бірдей айнымалылары теңдеулердің әрқайсысында бір шаманы білдіретін бірнеше теңдеуді теңдеулер жүйесі деп атайды.

Жазылуы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке  айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын осы теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды. 

1-мысал.

Оқушының мектеп асханасынан тамақтануға 290 тг ақшасы бар. Бәліш 50 тг, шәй 30 тг тұрады. Егер бәлішті шәйге  қарағанда біреуге артық алғаны белгілі болса, оқушы неше бәліш, неше шәй алды?

Шешуі. х – бәліш саны ; у – шәй саны болсын.

Есеп шартына сәйкес теңдеулер құрастырамыз: х – у  1,  50х + 30у  290.

Теңдеулер жүйесі құрастырылады:

х  4 және у  3 сандар жұбы  шешімі болады.

Жауабы: 4 және 3.

 

І. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді алмастыру тәсілімен шешу үшін:

1)Теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу керек;

2)Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек;

3)Алынған сызықтық теңдеуді шешу керек;

4)Табылған шешімді теңдеулердің кез келгеніне немесе өрнекке қойып, екінші айнымалыны табу керек.

ІІ. Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу үшін:

1)      теңдеулердің біреуін немесе екеуін де айнымалыларының коэффициенттері қарама-қарсы болатындай етіп, қандай да бір санға көбейту керек;

2)      алынған теңдеулерді мүшелеп қосу керек;

3)       алынған бір айнымалысы бар теңдеуді шешу керек;

4)      екінші айнымалының сәйкес мәнін табу керек.  

3. Тапсырмалар.

1. а)             ә)

 

 

 

2. Есепті теңдеулер жүйесін құрып шығар.

 Екі қаланың арақашықтығы  1080 км. Осы екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 6 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы екінші пойыздың жылдамдығына қарағанда 20 км/с артық. Әрбір пойыздың жылдамдықтары қанша?

4.Сілтеме:

1.      Алдамұратова Т.А. және басқалары, «Математика», 6 -сынып, 2-бөлім,  Алматы «Атамұра», 2018,

2.      https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/eki-ajnymalysy-bar-syzyqtyq-tengdeuler-zhujeleri?mid=%info%

3.      https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/eki-ajnymalysy-bar-syzyqtyq-tengdeuler-zhujesin-qosu-tasilimen-sheshu--11682?mid=%info%

4.      https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/esepterdi-syzyqtyq-tengdeuler-zhujesining-komegimen-sheshu?mid=007a3fe2-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

 

 

 

Әзірлеуші: Матаева К.О.,  М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru