Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Көркем еңбек (қыздар)
6-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ......4
Бөлім «Визуалды өнер».....................................................................................................................4
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР .....11
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»...................................................................................................11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ....19
Бөлім «Дизайн және технология»...................................................................................................19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ....31
Бөлім «Тамақтану мәдениеті» және «Үй мәдениеті.....................................................................31
|
Бөлім «Визуалды өнер»
|
Тақырып |
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет
|
Оқу мақсаты |
6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының әлемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну |
Қазақстанның атақты суретшісі Ә.Қастеевтің «Шоқан Уәлихановтың портреті» шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Сурет қандай жанрда орындалған?
Суретте кім бейнеленген?
Автордың түпкі ойы қандай?
Суретшінің картинасының сюжеттік ерекшелігі қандай?
Суретші кейіпкердің мінезін жеткізе алды ма? Оны қалай анықтадыңыз?
Дескриптор Білім алушы
- суреттің жанрын анықтайды;
- суреттегі кейіпкерді сипаттайды;
- автордың ойына түсінік береді;
- сюжеттік ерекшелігін көрсетеді;
- суретшінің кейіпкерді суреттеуін анықтайды.
Портреттегі түс
6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Тәжірибелік жұмыс барысында көркемдік материалдарды қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Альбом парағын 4 бөлікке бөліп, қарындашпен сызыңыз (A6 формат). Әрбір бөлікке әртүрлі графикалық материалдарды пайдаланып, бет бөліктерін салыңыз.
Мысалы
Дескриптор Білім алушы
- графикалық материалдарды бет бөліктерін салуда қолданады;
- көздің суретін түсті қарындашпен салады;
- мұрынның суретін жай қарындашпен салады; - еріннің суретін пастельмен салады;
- құлақтың суретін қаламмен салады.
Сызықты портрет. Графика. Орындалу техникасы
6.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Қоршаған ортаның элементі мен көркем тәсілдерді анықтау, таңдау және қолдануда идея мен сезімді көрсетеді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Суреттерге мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Суретшілердің портреттері қандай техникада орындалған?
Суретшілер өз шығармаларында қандай материалдарды қолданған? Суретшілер кейіпкердің мінезін қалай жеткізеді?
Дескриптор Білім алушы
- портреттердің қандай техникада орындалғанын
анықтайды;
- қандай материалдарды қолданғанын анықтайды;
- кейіпкерлерге мінездеме береді.
Заманауи портрет
6.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Заманауи және дәстүрлі емес материалдарды ажыратады • Оларды қолданудың жолдарын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Альбомыңызға досыңыздың натурасына сүйене отырып, анфас позицияда сызықтық портреттің экскизін салыңыз.
Осы экскиздің негізінде сымтемірді контур сызығы бойынша майыстыра отырып, сымнан сызықтық портрет жасаңыз.
Мысалы
Дескриптор Білім алушы
- досының натурасына сүйеніп, эскизін салады;
- портрет жасауда сымтемірді қолданады;
- сымнан сызықтық портретті жасайды.
Заманауи портрет. Фотоөнер
6.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Терминологияны қолданады • Суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлердің жұмыстарындағы идея мен тақырыптарды ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Кескіндемелі портретті және фотосуретті салыстырып, өзара ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.
Кескіндемелі портрет Фотосурет\
1. Фотосуретті портрет ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?
2. Кескіндемелі портрет пен фотосурет арасындағы айырмашылық қандай? 3. Кескіндемелі портрет пен фотосурет арасындағы ұқсастық қандай?
Дескриптор Білім алушы
– фотосуретті кескіндемелі портреттен ажыратады;
– кескіндемелі портрет пен фотосурет арасындағы айырмашылықты табады;
– кескіндемелі портрет пен фотосурет арасындағы ұқсастықты анықтайды.
Анимация. Сценарий дайындау
6.1.4.1 Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Әрекеттің реттілігін анықтап, жоспарлауда уақытты, факторларды ескереді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Ұсынылған жанрлардың біреуін таңдап, төмендегі қадамдар бойынша ермексаздан анимация жасаңыз. Анимацияның ұзақтығын 30 секунд пен 2 минут аралығына сәйкес етіп, түсіріңіз.
Қолдануға рұқсат етілетін материалдар:
Ұсынылған жанрлар |
Қолданылатын материалдар |
Тарихи мультфильм |
Ермексаз, түрлі-түсті қағаз, картон, түрлі-түсті бояулар, мақта, табиғи материалдар және т.б. |
Ертегі мультфильм |
|
Қиял-ғажайып мультфильм |
|
Сатиралық мультфильм |
|
Тәрбиелік мультфильм |
|
Комедиялық мультфильм |
Анимацияны жасау қадамдары:
1. Анимацияның сценарийін жазыңыз;
2. Қиялыңыздан шыққан кейіпкерлердің образдық мүсінін ермексаздан жасаңыз;
3. Декорация мен реквизиттерді таңдап, әсерлі безендіріңіз;
4. Жазған сценарий желісімен кейіпкерді қимыл-қозғалысқа келтіріп, фотоаппарат немесе ұялы телефондарыңызға стоп-кадрлық түсірілім жасаңыз; 5. Анимацияға дыбыстық сүйемелдеу таңдап, біріктіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
– жұмыстың сценарийін жоспарлайды;
– қиялынан шыққан кейіпкерлердің образдық мүсінін ермексаздан жасайды;
– декорация мен реквизиттерді таңдап, әсерлі безендіреді;
– сценарий желісімен кейіпкерді қимыл-қозғалысқа келтіріп, стоп-кадрлық түсірілім жасайды;
– бейне монтаждау барысында анимациялық көрсетілімнің ұзақтығын 30 секунд пен 2 минут аралығына сәйкестендіреді;
– сценарийге сәйкес дыбыстық сүйемелдеуді нақты таңдайды.
Жұмысты қорғау
6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Сынып алдында шығармашылық жұмысын таныстырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта жасаған ермексазды анимацияңызды сынып алдында таныстырыңыз.
1. Алғашқы идеяңыз қандай болды?
2. Оны жүзеге асыра алдыңыз ба?
3. Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер мен іс-әрекеттерді орындадыңыз?
4. Өз жұмысыңыздың қандай жақсы жақтары бар?
5. Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?
6. Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларыңыз бар?
Дескриптор Білім алушы
- алғашқы идеясымен бөліседі;
- жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін айтады;
- жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы ой бөліседі;
- өз жұмысын жақсартудың жолдарын айтады.
|
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
|
Тақырып |
Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу |
Оқу мақсаты |
6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының әлемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Білу және түсіну
|
Әлемдік мәдениет пен қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнердің түрлері мен тәсілдерін ажыратыңыз.
- Сәндік-қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіз?
- Қолданбалы өнер бұйымдарын жасауда қандай материалдар қолданылады?
- Сәндік-қолданбалы өнердің қандай техникаларын білесіз?
- Тоқу өнерінің қандай түрлерін білесіз?
- Тоқу өнеріне қандай материалдар мен құрал-жабдықтар қажет?
Дескриптор Білім алушы
- сәндік-қолданбалы өнердің түрлері мен тәсілдерін
ажыратады;
- тоқу өнерінің материалдары мен құрал-жабдықтарын анықтайды;
- техникалары мен түрлерін, қажетті материалдар мен құжаттарды атайды.
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу
6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Тәжірибелік жұмыс барысында көркемдік материалдарды қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
1. Ілмекпен тоқу техникасына арналған материалдарды (иірімжіп, білтегеш) анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ілмекпен тоқу техникасына арналған материалдарды
анықтайды;
- иірімжіптердің түрлерін ажыратады;
- шалма біз түрлерін анықтайды.
2. Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін жазыңыз. Шартты белгілерін пайдаланып, кез келген ойыншықты тоқыңыз.
Шартты белгілер |
Атауы |
|
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
- тоқудың шартты белгілерін анықтайды; - тоқыма үлгісі (схема) бойынша тоқиды; - тоқуға арналған құрал-жабдықтармен, материалдармен жұмыс жасайды;
- түстік шешімді дұрыс таңдап, үйлесімді қолданады;
- ойыншықты ілмек бізбен тоқиды.
Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу
6.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығына тоқталады • Материалдар мен құралдарды ережеге сай қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Ілмекпен тоқу техникасының қауіпсіздік ережелерін сақтап, интернеттегі сілтемеге қарап, майлықты (салфетка) тоқыңыз.
Бейне-баян:
Майлықты ілмекпен тоқу.mp4
Сілтеме: Ілмекпен тоқу техникасында орындалған майлық (салфетка).
https://www.youtube.com/watch?v=TOUuTEf2RDc
Қауіпсіздік ережелері:
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинақтайды. 7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.
Дескриптор Білім алушы
− қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
− ілмекпен тоқу техникасын қолданады;
− сілтемеге қарап, майлықты ілмекпен тоқиды.
Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері
6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Тәжірибелік жұмыс барысында көркемдік материалдарды қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы шалма бізбен тоқу техникасын сипаттаңыз.
- Шалма біздің (спицы) қандай түрлері бар?
- Шалма бізді (спицы) қандай материалдан жасайды?
- Шалма бізбен тоқудың қанша түрі бар, атаңыз?
2. Шалма бізбен мойынорағыш (шарф) тоқыңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− шалма біздің түрлерін айтады;
− шалма біздің (спицы) қандай материалдан жасалатындығын анықтайды;
− шалма бізбен тоқудың түрлерін анықтайды;
− шалма бізбен мойынорағыш (шарф) тоқиды.
Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері
6.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығына тоқталады • Материалдар мен құралдарды ережеге сай қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Шалма бізбен тоқу техникасының қауіпсіздік ережелерін жазыңыз.
- Шалма бізді ауызға салуға болмайды;
- ________________________________________;
- ________________________________________;
- ________________________________________;
- ________________________________________.
2. Шалма бізбен ұялы телефон қабын тоқыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- шалма бізбен тоқу техникасының қауіпсіздік
ережелерін жазады;
- ұялы телефон қабын тоқып көрсетеді.
Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу
6.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Шығармашылық бұйымдар жасауда ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Ұялы телефондардың қабы мен бас киімді шалма біз техникасында тоқып, қазақ ұлттық оюлармен безендіріңіз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
- шалма бізбен тоқу техникасын қолданады;
- таңдаған бұйымды шалма бізбен тоқиды;
- дайын бұйымды қазақ ұлттық оюлармен безендіреді.
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру
6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Сынып алдында шығармашылық жұмысын таныстырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта жасаған шалма бізбен тоқыған бұйымыңызды сынып алдында таныстырыңыз.
1. Алғашқы идеяңыз қандай болды?
2. Оны жүзеге асыра алдыңыз ба?
3. Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадыңыз?
4. Өз жұмысыңыздың қандай жақсы жақтары бар?
5. Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?
6. Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларыңыз бар?
Дескриптор Білім алушы
- алғашқы идеясын таныстырады;
- жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін айтады;
- жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы ой бөліседі;
- өз жұмысын жақсартудың жолдарын айтады.
|
Бөлім «Дизайн және технология»
|
Тақырып |
Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау
|
Оқу мақсаты |
6.1.6.3 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін, фактурасын анықтайды, зерттейді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Матаның шығу тарихын, түрлерін, қасиеттерін, фактурасын, пайдасы мен зиянын зерттеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− матаның шығу тарихын зерттейді;
− матаның түрлерін анықтайды;
− матаның қасиеттері мен фактурасын зерделейді;
− матаның пайдасы мен зиянын анықтайды.
Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау
6.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын
(немесе әдістерін) анықтау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Заманауи және дәстүрлі емес материалдарды ажыратады • Оларды қолданудың жолдарын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Мақта мата мен синтетикалық матаны таңдап алып, салыстырыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы Венн диаграммасын толтырыңыз.
Мақта мата Синтетикалық мата
1. Матаның сыртқы көрінісі қандай?
2. Матаны қолмен ұстап көргенде қандай өзгешелік байқалады?
3. Матаның адамға әкелетін пайдасы мен зияны қандай?
Дескриптор Білім алушы
− мақта мата мен синтетикалық матаны ажыратады;
− маталардың сырт көрінісін сипаттайды;
− маталарды қолымен ұстап көру арқылы сипаттайды; − матаның адамға әкелетін пайдасы мен зияны анықтайды;
− ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратады.
Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау
6.2.2.1 Тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Тігін машинасын қалыпты күйге келтіріп, тапсырманы орындайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану
|
Тігін машинасында келесі әрекеттерді орындаңыз. А) Жіпті шпулькаға ораңыз.
B) Үстіңгі және астыңғы жібін өткізіңіз.
C) Матаға машина тігісін көрсетіп, тігіңіз.
D) Матаға зигзак тігісін көрсетіп, тігіңіз.
Е) Тігістің ұзындығы мен жіптің тартылуын реттеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− тігін машинасын қалыпты күйге келтіреді;
− жіпті шпулькаға орайды;
− үстіңгі және астыңғы жіпті өткізеді;
− матаға машина тігісін көрсетіп, ұқыпты тігеді; − матаға зигзак тігісін көрсетіп, ұқыпты тігеді;
− тігістің ұзындығы мен жіптің тартылуын реттейді.
Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай
6.1.5.2 Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Нобайлар, техникалық суреттер мен сызбаларды шығармашылық жұмыста қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Өз қиялыңыздан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған дамытатын ойыншық немесе кітап ойлап, нобайын салыңыз. Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− 3 жасқа дейінгі балаларға арналған дамытатын
бұйымды ойлап табады;
− таңдаған бұйымының нобайын салады.
Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру Нобай
6.1.5.1 Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Композицияның негізгі заңдылықтарын сақтауда өз тәжірибесіне сүйенеді • Нысандарды дизайн бойынша орындайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану |
Өткен сабақта салған нобайыңызға сүйеніп, дамытушы ойыншықтың креативті дизайнын ойлап табыңыз. Дамытатын кітап жасауға арналған материалдар мен құралдарды дайындаңыз.
1. Тігін машинасы, тігін және мулине жіптері, инелер.
2. Әр түсті маталар қиындылары.
3. Жұмсақ бөлшектерді толтыру үшін синтепон.
4. Безендіруге арналған материалдар: ленталар, моншақтар, түймелер, қоңыраулар, құлыптар және басқа да заттар.
Дескриптор Білім алушы
– дамытушы ойыншықтың креативті дизайнын ойлап табады;
− бұйымды жасауға арналған материалдар мен құралдарды таңдайды;
− безендіруге арналған материалдарды қолданады.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты |
6.2.3.1 Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу 6.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Бұйым дайындауда материалдарды өлшеп, белгілеу арқылы электрлік қол құралдарын пайдаланады • Тоқыма, табиғи және жасанды материалдардан бір жұмысты орындайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Дамытушы ойыншықтың дайын қиылған үлгілерін матаға орналастырып, бөлшектерін қиыңыз. Қиып болған бөліктерін үтікпен өңдеп, өзара қол тігісімен біріктіріңіз, түрлі лентамен, түймемен безендіріңіз. Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− үлгіні матаға дұрыс орналастырып, бөлшектерін
пішеді;
− қиылған бөліктерді біріктіріп, қол тігіспен тігеді;
− түрлі лентамен, түймемен безендіреді.
Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны
(алжапқыш, асханалық бұйымдар). Идеяларды құру Нобай
Оқу мақсаты |
6.1.5.2 Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Нобайлар, техникалық суреттер мен сызбаларды шығармашылық жұмыста қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Алжапқыштың сызбасын құрастырып, түрлі үлгіде нобайын салыңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− алжапқышқа қажетті өлшемдерді алады;
− алжапқыштың сызбасын құрастырады;
− түрлі үлгідегі алжапқыштардың нобайын салады.
Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны
(алжапқыш, асханалық бұйымдар). Идеяларды құру Нобай
Оқу мақсаты |
6.1.4.1 Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Әрекеттің реттілігін анықтап, жоспарлауда уақытты, факторларды ескереді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Алжапқышты тігу реттілігін талдап, жоспарлаңыз.
3. _________________________________;
4. _______________________________________;
5. _______________________________________;
6. _______________________________________;
7. _______________________________________;
8. _______________________________________;
.
Дескриптор Білім алушы
− алжапқышты тігу технологиясын талдайды;
− алжапқышты тігу реттілігін жоспарлайды;
− алжапқышты тігуге дайындалады.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты |
6.2.3.1 Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Бөлшектерді пішіп, жеке бөліктерін тігін машинасының тігісімен біріктіріп, өндейді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Алжапқыштың үлгілерін матаға орналастырып, бөлшектерін қиыңыз. Алжапқыштың төменгі бөлігін, кеудеше, аспабауды, белбеуді, қалтаны тігін машинасымен өңдеп, алжапқыш бөліктерін қосып тігіңіз. Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− алжапқыштың үлгілерін матаға орналастырады;
− алжапқыштың бөлшектерін пішеді;
− алжапқышты тігеді.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу.
Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты |
6.2.6.2 Қол электрлі құралдармен, жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Электрлі құралдармен, жабдықтармен жұмыс жасауда қауіпсіздік және еңбек гигиенасы ережелерін ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, алжапқыштың бөліктерін тігін машинасымен өңдеп, қосып тігіңіз.
Ø Машинамен жүргізілетін жұмыс алдында өз орныңды мұқият тексеріп, машинада ақаудың жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
Ø Машинаның айналатын бөлшектеріне шаш ілініп кетпеуі үшін шашыңды жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек.
Ø Машина табанының астына матаны бекітпей, оны оралған жібімен жіберуге болмайды.
Ø Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды, ине сынып кетуі мүмкін.
Ø Электр тігін машинасының астында резеңке төсеніш міндетті түрде болуы қажет.
Ø Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеюге болмайды.
Ø Жүріс кезінде бөлшектерді майлауға, тазалауға сонымен бірге машина жетегіне белдікті кигізуге болмайды.
Ø Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
Ø Жұмыс аяқталған соң тігін машинасын тоқтатып ажыратуды ұмытпа.
Дескриптор Білім алушы
− қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды;
− алжапқыштың бөліктерін тігін машинасымен өңдейді;
− алжапқыштың бөліктерін қосып, тігеді.
Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру
Оқу мақсаты |
6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру (көрме)
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы • Сынып алдында шығармашылық жұмысын таныстырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма
|
Қолдану |
Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта тіккен алжапқышыңызды сынып алдында таныстырыңыз.
1. Алғашқы идеяңыз қандай болды?
2. Оны жүзеге асыра алдыңыз ба?
3. Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадыңыз?
4. Өз жұмысыңыздың қандай жақсы жақтары бар?
5. Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?
6. Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларыңыз бар?
Дескриптор Білім алушы
− алғашқы идеясы туралы айтады;
− жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін атайды;
− жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары туралы ой бөліседі;
− өз жұмысын жақсартудың жолдарын айтады.
Бөлім «Тамақтану мәдениеті» және «Үй мәдениеті»
Тақырып |
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері |
Оқу мақсаты |
6.2.4.1 Қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Дастарқан басында өзін-өзі ұстау мәдениеті ережелерін салыстырып, сипаттайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма
|
Қолдану |
Қазақ халқы мен әлем халықтарының (Англия, Өзбекстан, Үндістан, Қытай, Жапония) тамақтану мәдениеті мен дастарқанда өзін-өзі ұстау ережелерін салыстырыңыз. Постер
жасаңыз.
|
|
|
Дескриптор
|
|
Білім алушы − қазақ халқының тамақтану мәдениетін анықтайды; − басқа елдердің тамақтану мәдениетімен салыстырады; − өзін-өзі ұстау ережелерін ажыратады; − постер жасайды.
|
|
|
|
Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері
Оқу мақсаты |
6.2.4.2 Әртүрлі іс-шараға арналған дастарқанды безендірудегі білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсету
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Дастарқанды әзірлеуде (сервировка) және безендіруде тәжірибелерін көрсетеді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану
|
1. Асханалық ыдыс-аяқтарды пайдаланып, мерекелік дастарқанды әзірлеңіз (сервировка). Мысалы:
2. Өзіңізге ұнаған үлгі бойынша майлықты жасап, үстелді сәндеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− асханалық ыдыс-аяқтардың атауын ажыратады;
− мерекелік дастарқанды әзірлейді; − майлықты үлгі бойынша жасайды; − үстелді сәндейді.
Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы
Оқу мақсаты |
6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану |
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Жылдам орындалатын тағам технологиясын қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма
|
Қолдану
|
Жылдам орындалатын тамақтың дайындалуын таңдаңыз. Өнімдерді дайындап, тамақты әзірлеңіз.
Жылдам орындалатын тамақтың тізімі:
- тез дайындалатын бәліш - түрлі тіскебасарлар - көкөніс салаты және т.б. Мысалы:
10 минуттық «Бәліш» |
|
|
Құрамы: 4 ас қасық қаймақ 4 ас қасық майонез 2 жұмыртқа 9 ас қасық ұн сыр керек болады.
Дайындалуы: Қамырыңыз қаймақ секілді қою болып шығуы керек. Табаны майлап, қамырды құйыңыз. Үстіне қалауыңызша қызанақ, шұжық, тұзды қияр, зәйтүн, томат қосуыңызға болады. Майонез жағып, бір қабат сырды қалыңдау етіп жағыңыз. Сырыңыз мейлінше қалың болғаны абзал. Табаны пешке қойыңыз. Астын орташалау етіп жаққаныңыз абзал. Бірден қақпағын жауып қойыңыз. Сыр еріген бойда, өшіре беруге болады. Бәліш дайын, ас болсын!
|
Дескриптор Білім алушы
− жылдам дайындалатын мәзірді таңдайды;
− таңдаған мәзір бойынша тамақ әзірлейді.
Десерт әзірлеу технологиясы
Оқу мақсаты 6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт
дайындау технологияларын білу және қолдану
• Жылдам орындалатын тағам технологиясын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Өзіңе ұнаған жеміс-жидектен десерт әзірлеңіз. Мысалы:
«Жеміс-жидек» десерті |
|
|
Құрамы: 2 апельсин 2 банан 2 киви 2 лимон Бүлдірген 0,5 стакан бал 125гр иогурт
Дайындалуы: Барлық жемістерді жуып сыртын тазалап, төртбұрыштап тураймыз. Иогурт пен балды араластырып аламыз. Жемістерді ыдысқа салып иогуртпен араластырамыз.
|
Дескриптор Білім алушы
− жеміс-жидек десертінің мәзірін дайындайды;
− жеміс десертін әзірлейді.
Гигиена ережелері. Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы
Оқу мақсаты |
6.2.5.3 Тазалау құралдары, тұрғын үйге қойылатын гигениалық талаптарды зерделеу және сипаттау
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Тазалық, гигиеналық талаптарды зерттейді, түсіндіреді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма\
|
Қолдану |
1. Бөлменің ылғалды және құрғақ тазалау жұмысын сипаттаңыз.
1) ___________________________________________________________________________
2) ___________________________________________________________________________
3) ___________________________________________________________________________
2. Бөлмелерді жинауға арналған заманауи жабдықтарды ажыратыңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысын сипаттайды; − бөлмелерді жинауға арналған заманауи жабдықтарды анықтайды.
Тақырып |
Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау |
Оқу мақсаты |
6.2.5.5 Шектеулі қолдауда мезгілдік киім мен аяқ-киімдерді күту мен ұзаққа сақтау ережелерін білу және ұстану |
Бағалау критерийі |
Білім алушы • Киім мен аяқ-киімдерді күту және ұзаққа сақтау ережелерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма
|
Білу және түсіну
|
1. Киім мен аяқ-киімді күту мен ұзақ сақтау ережелерін анықтаңыз.
2. Киімдегі шартты белгілерді жазыңыз.
|
|
Дескриптор Білім алушы
− киім мен аяқ-киімдерді күту ережелерін анықтайды; − киімдегі шартты белгілерді анықтайды;
− кестені толтырады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.