7 класс. Алгебра. Текстовые задачи
Оценка 5

7 класс. Алгебра. Текстовые задачи

Оценка 5
Документация
docx
математика
7 кл
21.01.2018
7 класс. Алгебра. Текстовые задачи
1. Есептің шарты бойынша формулаларды пайдаланып математикалық модель құра алады. 2. Осы математикалық модельге сәйкес мәтінді есептерге теңдеу құрып оны шығара алады. 3. Өздігінен есептер құрастырып,оның математикалық моделін негіздеп оны теңдеу арқылы шығарады. 1. Есептің шартын түсінуі; 2. Формулаларды пайдаланып белгісіз шаманы әріп арқылы өрнектей алуы; 3. Белгісіз шамаға сәйкес математикалық моделін құрастырып оны теңдеу арқылы шығару; 4.Теңдеу шешуде алдыңғы білімді тиімді қолданып есептің нақты жауабына жетуі.
7 сынып. Тестовые задачи.docx

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мерзімі:05.05.17ж.

Мұғалім аты-жөні:                             

Сыныбы: 7 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар саны:  1

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

7.4.3.1 Есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

7.4.2.2 Мәтін есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Сабақтыңмақсаты:

1.      Есептің шарты бойынша формулаларды пайдаланып математикалық модель құра алады.

2.      Осы математикалық модельге сәйкес мәтінді есептерге теңдеу құрып оны шығара алады.

3.      Өздігінен есептер құрастырып,оның математикалық моделін негіздеп оны теңдеу арқылы шығарады.

Бағалау критерийі:

1.      Есептің шартын түсінуі; 2. Формулаларды пайдаланып белгісіз шаманы әріп арқылы өрнектей алуы; 3. Белгісіз шамаға сәйкес математикалық моделін құрастырып оны теңдеу арқылы шығару; 4.Теңдеу шешуде алдыңғы білімді тиімді қолданып есептің нақты жауабына жетуі.

Тілдік мақсаттар:

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Түйінді ақпаратты бөліп алу/нақтылау/анықтау. Алдымен x,сосын y айнымалысын … және соңында…. Не маңызды ақпарат болып табылады? Қандай айнымалы/әрекеттер бар? Біздер бұны теңдеу түрінде қалай бере аламыз? Біздер мұны ұсыныс түрінде қалай жаза аламыз? Бұның мағынасы бар ма?

х –ті басқа жаққа ауыстыру керек. Жақшаға алу. Көпмүшелерді үлестірімділік қасиет бойынша көбейту.Егерсіз x бір жағына қоссаңыз, сіз x екінші жағына да қосуыңыз керек. Екі жағы тең болуы керек.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Теңдеу,теңсіздік,формула, өрнек,көпмүше, математикалық модель,айнымалы; Теңдеу шығару/шешу; Теңдеу түрінде өрнектеу; Шешімі.

Құндылықтарға баулу:

Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, тапсырмаларды еліміздегі танымал орындармен байланыстыра отырып отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана, индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу, өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс:

Физика,информатика,технология.

АКТ-ны қолдану:

Интербелсенді тақта

Алдыңғыбілім

Сызықты теңдеулерді шешу әдістерін білу. Мәтін есептерді шығару.

 

Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқытуресурстары

 

Басы

1 мин

 

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Өэін-өзі бағалау парағын тарату.

Оқу құралдарын даярлау.

Қосымша №1

Топқа бөлу

2 мин

«Бала-өмірдің гүлі» әр топқа бір гүлден таратылады.Гүлдің жапырағы сияқты жайнап жүре беріңдер деген мақсатпен.

Әр оқушы бір жапырақтан алады. «Біздің» – I топ, «Сынып» – II топ, «Өте»-III топ, «Керемет» –IV топ болып  бөлінеді.

Гүлдің жапырағы әдісі

Қосымша №2

 

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин

Үй тапсырмасын тексеру. «Кофе таяқшасын» араластыру арқылы.(аттары жазылған) таяқша шықса сол жауап береді.Тапсырмаларды сол оқушыдан бастапбіртіндеп  сұрайды.

Сұрақтарға жауап береді. Өздерінің орындаған тапсырмаларын салыстыра отырып, тексереді. Оқушылар өз-өзін бағалайды.

Интербелсенді тақта.

 

Сабақтың басы «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу.

5 мин

Интербелсенді тақтада сөзжұмбақ ұсынылады.Яғни оқушылардың өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында.Оқушылар кейбір әріптерді толықтыру арқылы тік бағанынан «Мәтіндік есептер» деген мағыналы сөз шығарады.Бұл біздің келесі тақырыбымыз болмақ.

Әр топтан интербелсенді тақтада қойылған сұрақтарға оқушылар қол көтеріп  жауап береді.Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

Интербелсенді тақта.

 

Сабақтың ортасы

5 мин

Жалпы математикалық модель туралы қысқаша айтып оқушыларды бүгінгі тақырыпқа назарларын аудартып өмірден мысалдар келтіру. Одан кейін «Семантикалық карта» әдісі бойынша барлық топқа тапсырма беріледі.

Сол жақта мәтін түрінде берілген,оң жақта соған сәйкес математикалық моделін табу. Сәйкес әріптерді қою арқылы ғалымның атын жазу.Дұрыс нұсқасын интербелсенді тақтада көрсету. Жолдастарының жауаптарына сын білдіреді. Мұғалім топты бағалайды.

интербелсені тақта

Қосымша №4

Тапсырмаларды орындау (кітап және үлестірме қағаз).

Мағынаны тану. 17 мин

Мәтін есептерді үлестіріп беру. Төрт топтың орындаған тапсырмаларын талқылауын қадағалайды. Қажет жағдайда бағыттаушы сұрақтар қояды.

Кітаптан деңгейлік тапсырмалар беремін.Топтағы үлгерімі баяу оқушыларда соған жұмыс істейді.

Оқулықпен жұмыс 49.1,49.2,49.11. (Әбілқасымова 7 сынып.)

 

Топтаса отырып есептер шығарады. Есептің шығарылу жолдарын ақылдасады,  бір шешімге келеді.Кеспе қағазға шығарады.Топтардың орындаған тапсырмаларын бір-біріне ауыстыру арқылы дұрыс шығарылыммен тексереді.

Ең қажетті ең қиын деген есептерді әр топ постер арқылы қорғайды.

Топ бір-бірін  басбармақ әдісі бойынша бағалайды.

Қосымша №3

Үлестірме кеспе  қағаздар

Лездік сұрақтар 7 мин

Мұғалім тапсырманы мәтін түрінде береді.Жауаптарын бүгінгі тақырыпты жинақтау мақсатында ауызша «Өрмекші тор» әдісі бойынша сұрап шығамын.

Оқушылар соны математикалық тілге ауыстырып айтады.Математикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Мұғалім жеке оқушыны бағалайды.

Қосымша №2

 

Соңы  1 мин

Үй тапсырмасының орындалуына бағыт-бағдар беру.   49.4, 49.12.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіру.

Таратпа материалдар

Рефлексия 3мин

 

Кері байланысты ақ параққа бес саусақ әдісі бойынша оқушылардан толтырып аламын.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Бұл сабақ маған қаншалықты қиын болды? Бүгінгі сабақ бойынша ұсыныс,пікірің?

 

 

 

 

 

Қосымшаақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Пәнаралықбайланыс

Денсаулықжәнеқауіпсіздікережелері

АКТ

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелік элемент)

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге  бірлесе отырып  топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардыңжинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

 

2.       Әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

3.       Қабілеті жоғары оқушыларға өз беттерінше мәтіндік есептер құрасытырып оны теңдеу құру арқылы шығаруды міндет қоямын..

 

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.Топ-топты бағалайды, мұғалім оқушыны, топты бағалайды.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақмақсаттары/оқытумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма?

 

Бүгіноқушыларненіүйренді?

 

Оқытуортасықандайболды?

 

Меніңбөліпоқытқанымөзмәніндежүзегеастыма?

 

Мен өзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдым ба?

 

Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

 

 

Қорытындыбағалау

Еңжақсыөткенекітапсырманыатапкөрсетіңіз (оқытуғажәнеүйренугеқатысты)

 

1

 

 

 

2

 

 

 

Қандайекінәрсенемесетапсырмасабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (оқытуғажәнеүйренугеқатысты)?

 

1

 

 

 

2

 

 

 

Осы сабақтыңбарысындабарлықсыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымақажетболуымүмкінқандайақпараттыбілдім?

 

1

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

Дескриптор ілім алушы)

Балл

Есептің шартын түсінуі

Есептің шартын түсінеді.

1

Формулаларды пайдаланып белгісіз шаманы әріп арқылы өрнектей алуы

Формулаларды пайдаланып белгісіз шаманы әріп арқылы өрнектей алады.

1

 Белгісіз шамаға сәйкес математикалық моделін құрастырып оны теңдеу құру арқылы шығару;

Белгісіз шамаға сәйкес математикалық моделін құрастырады және оны теңдеу арқылы шығарады;

1

Теңдеу шешуде алдыңғы білімді тиімді қолданып есептің нақты жауабына жетуі.

Теңдеу шешуде алдыңғы білімді тиімді қолданып есептің нақты жауабына жетеді.

1

Өздігінен есептер құрастырып,оның математикалық моделін негіздеп оны теңдеу арқылы шығаруы.

Өздігінен есептер құрастырады,оның математикалық моделін негіздейді, оны теңдеу арқылы шығарады.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағы

Мәтіндік есептерді шығару

Оқушының аты-жөні:­­­­­­­­­­­­­___________________________________________________________

Сыныбы: 7а

Тапсырмалар

жетті

талпынады

Қорытынды

ж

Т

1

Үй тапсырмасы

 

 

 

 

2

Сөзжұмбақ шешу

 

 

3

Семантикалық карта

 

 

4

Мағынаны тану Постер қорғау

 

 

5

Лездік сұрақтар

 

 

 

 

 

Қосымша №2  (Лездік сұрақтар)

Математикалық тілде көп тұжырымдар анық және түсінікті көрінеді

Мысалы:  Үлестірімділік заңы  «а санын b және с сандарының қосындысына көбейту үшін a санын осы сандарға жеке-жеке көбейтіп нәтижелерін қосамыз» a(b+с)=ab+ac

Мәтін түрінде

Математикалық тілде

1

5-ке қалдықсыз бөлінетін сандар

 

2

Теріс сан

 

3

Екі санның арифметикалық ортасы

 

4

Жұп сандар

 

5

3-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын сан тізбегінің аналитикалық формасы

 

6

Мен бір сан ойландым, оған 3-ті қостым. Қосындыны 2-ге көбейткенімде, нәтиже 20 болды

 

7

Екі өрнектің қосындысының квадраты

 

8

Екі өрнектің қосындысын сол екі өрнектің айырмасына көбейту

 

9

Үш өрнектің қосындысының квадраты

 

10

Тақ сандардың жалпы формуласы

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

Қозғалысқа қатысты есептер

 № 1Аралығы 590 км жол бойымен бiр-бiрiне қарама-қарсы екi автобус шықты. Екiншi автобустың жылдамдығы бiрiншi автобустың жылдамдығынан 10 км/сағ-қа артық. Бiрiншi автобус 2 сағ бұрын шыққаны белгiлi. Олар бес сағаттан кейiн кездестi. Әр автобустың жылдамдығын табыңдар.

№2 Автобус 70 км/сағ жылдамдықпен Петропавл қаласынан Астана қаласына шықты. Екi сағаттан соң артынан жеңiл машина шықты. Қалалар аралығы 630 км. Автобусты Астана қаласына жеткенше қуып жету үшiн жеңiл машина қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?

№3 Екі поезд  бір станциядан  шықты.  Бірінші поездың жылдамдығы 72км/сағ, ол екінші поездың жылдамдығының  80% -ы. Екінші поезд бірінші поезд жүргеннен  кейін 2,5сағат өткеннен соң шықты.  Неше сағаттан  соң ол бірінші поезды қуып жетеді?

№4  Реактивті самолет 30 минутта моторлы самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы моторлы  самолетттің жылдамдығынан  3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.

 

Концентрацияға қатысты есептерҚалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

 №1 Теңіз суының құрамында  массасы бойынша 5% тұз болады. 15л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтындай болу үшін, қанша тұщы су құю керек?

№2 Жаңа жемістің 78%-і, ал кептірілгенінің 12%-і су болады. 40кг жаңа жемістен қанша кг кептірілген жеміс шығады?

№3 Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз

№4 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз.   

5) 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында әйгілі зілтемірші Илья Ильин серпе көтеру сайысында жұлқа көтеру сайысына қарағанда 52 кг артық көтеріп жалпы есепте 432 кг –ды бағындырды.И.Ильин сайыстың әр түрінен қандай көрсеткішті иемденді.

6) Шымкент қаласындағы «Ордабасы» стелласының биіктігі  «Ұлы отан соғысындағы батырлар» монументі мен «Төле би» мемориалының әрқайсысының биіктігінен 28 м-ге артық.Егер үшеуінің биіктіктерінің қосындысы 64 метрге тең болса,онда әрбір ескерткіштің биіктігі қандай болғаны.

7) Тізбектес төрт натурал сан берілген.Екі үлкен санның көбейтіндісі мен екі кіші санның көбейтіндісінің айырмасы 58-ге тең.Осы сандарды табыңыз.

 

 

 

 

Үй тапсырмасы.

№1 Ара қашықтығы 300 км екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автомобиль шығып, 2сағ 20 минуттан соң кездесті. Олар қандай жылдамдықпен қозғалды егер бірінің жылдамдығы екіншісінен 30км/сағ артық болса? 

№2 Катер 2 сағат тынық сумен және 3 сағат ағысқа қарсы жүргендегі жолы, қатердің ағыспен 3сағат 24 минутта жүрген жолына тең.Өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ болса, катердің өз жылдамдығын анықтаңдар.

№3 Массасы 520г,  концентрациясы 30%  қантты су ертіндісіндегі қант 40% болу үшін одан қанша буландыру керек.  

№4. Массасы 3 кг орамжапырақтың  90% -і  су. Орамжапырақ бірнеше күн тұрып кепкен соң, оның 85%-і су болды. Кептірілген  орамжапырақтың массасы неше киллограмм?

Семантикалық карта  Дұрыс нұсқасы.   Қосымша №4

 

Мәтін түрінде берілуі

Математикалық модель

1.

Х-тен 7-ге артық сан

Г

Х+7

2.

Х-тен 10-ға кем сан

А

Х-10

3.

х тен 10 есе артық сан

Л

10х

4.

Х санының 1/7 бөлігі

И

х/7

5.

Х санының 7 %-ы

Л

0,07х

6.

Х-тен 10 есе кем сан

Е

0,1х

7.

10 еселенген х пен 7-нің қосындысы

Й

10х+7

 


 

В Қысқаша көбейту формулалары

В Қысқаша көбейту формулалары

Кофе таяқшасын» араластыру арқылы

Кофе таяқшасын» араластыру арқылы

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Осы сабақтыңбарысындабарлықсыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымақажетболуымүмкінқандайақпараттыбілдім? 1 2

Осы сабақтыңбарысындабарлықсыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымақажетболуымүмкінқандайақпараттыбілдім? 1 2

Мәтіндік есептерді шығару Оқушының аты-жөні:­­­­­­­­­­­­­ ___________________________________________________________

Мәтіндік есептерді шығару Оқушының аты-жөні:­­­­­­­­­­­­­ ___________________________________________________________

Аралығы 590 км жол бойымен бiр-бiрiне қарама-қарсы екi автобус шықты

Аралығы 590 км жол бойымен бiр-бiрiне қарама-қарсы екi автобус шықты

Ара қашықтығы 300 км екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автомобиль шығып, 2сағ 20 минуттан соң кездесті

Ара қашықтығы 300 км екі пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автомобиль шығып, 2сағ 20 минуттан соң кездесті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018