Сабақ жоспары
Сабақ реті_6 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
§ 12, 13. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Білімділік мақсаты:
2. Дамытушылық мақсаты:
Өлшемдердің метрлік жүйесімен таныстыру. Үлкен және кіші
сандарды ықшамдап жазуды үйрету.
3. Тәрбиелік мақсаты:
САБАҚТЫҢ ТҮРІ:
Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге
деген құштарлығын арттыру
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке,
табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау,
сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және
бағалау, бекіту, қайталау.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ:
Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация,
видео әдісімен, жаттығулар орындау, лаборатория, танымдық
ойындар, сынақ жүргізу.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ:
Графопроектор, телевизор, видеомагнитафон, плакаттар,
суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ДК. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
ІІ. ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ, ҚАЙТАЛАУ.
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК. БІЛІМДІ ЖАНЖАҚТЫ ТЕКСЕРУ:
1. Физикалық шамаларға не жатады?
2. Физикалық аспапқа не жатады?
3. Шкаласы бар физикалық аспаптарды атаңдар?
ІV. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ӘЗІРЛІК, МАҚСАТ ҚОЮ.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты өлшемдердің метрлік жүйесімен танысу.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуды үйрену.
V. ДК.ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінгі
қолданылып жүрген бірліктертарихи дамудың жемісі. Ертеде әр ел әр түрлі өлшемдер қолданып келді. Мысалы, қазақтар ұзындықты өлшеу үшін: қарыс, елі,
сүйем, табан, құлаш, шақырым сияқты бірліктерді пайдаланды.
Өлшем бірліктеріндегі жүйесіздік халықтар арасындағы саудасаттықты
қиындатып, өнеркәсіптің дамуына нұқсан келтірді. Міне, осыған байланысты 1793
жылы Францияда өткен Конвенцияда “Өлшемдердің метрлік жүйесін” енгізу туралы
аса маңызды шешім қабылданды. Онда ұзындықтың бірлігіне метр алынды. Ұзындық
бірлігі ретінде алынған талонметрде мына сөз қашап жазылған болатын: “Барлық
уақытта, барлық халықтар үшін”!
Өлшемдердің метрлік жүйесінің негізін мына бірліктер құрайды: ұзындық
бірлігіметр (м), масса бірлігікилограмм (кг), уақыт бірлігісекунд (с) т.б. Бұл
өлшемдер бірліктерінің халықаралық жүйесін жасауға ұйытқы болды. Метрлік
жүйенің негізінде басқа да туынды бірліктер алынады. Мысалы, аудан бірлігі
шаршы метр (м2), көлем бірлігітекше метр (м3. Ал сыйымдылықтың өлем бірлігі –
литр.
Физика мен астраномияда аса үлкен және кіші сандарды пайдалануға тура
келеді.
Осыған байланысты тіркес создердің ондық жүйесі жасалған (1кесте, 215бет).
Мысалы, кило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан: 1 километр (км) =1000
метр (м); 1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г); 1 киловольт (кВ) =1000 вольт (В)
деп жазамыз.
Сол сиякты милли тіркемесі мыңдық бөлікті білдіреді: Миллиграмм 1
грамныц мыңнан бір бөлігі; 1 миллиметр 1 метрдің мыңнан бір бөлігі; 1
миллилитр – литрдің мыңнан бір бөлігі, т.с.с.
Өлшемдердің метрлік жүйесі б1р өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде
шаршылық және текшелік бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы, 1 м =100
сантиметр (см) болғандықтан, 1 м2 =1002 см2 =10000 см2, сондайақ.
1 миллиметр (1 мм) =1:10 см=0,1см болгандыктан, 1 мм3= =0,13см3=0,001см3.
Мысалы, Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000 000 км, жарықтың таралу
жылдамдығы 300 000 000 м/с (делірек, 299 792458 м/с), сутегі молекуласының
шамасы 0, 000 000 023 см. Сандарды бұлай жазу математикалык есептеулерде
бірталай қиындықтар туғызады. Сондықтан өте үлкен немесе кіші санды ықшам
жазу үшін оны екі көбейткіштің кебейтіндісі түрінде жазу амалы қолданылады.
Әдетте, бірінші кебейткіш бір таңбалы немесе үтірлі екі таңбалы сан, ал екінші
кебейткішдәреже керсеткіші бар 10 саны болып келеді. Мысалы, Күн мен Жердің
арақашықтығын мына екі санның көбейтіндісі түрінде жазуға болады:
150 000 000 км =1,5 • 108 км =1,5 • 1011 м.
Мұндағы 1,5 – бірінші көбейткіш,
ал 108 немесе 1011 сандары екінші
көбейткіштер; 8 жене 11 екінші көбейткіштер деп 10 санының дереже
керсеткіштері.
Екінші кебейткішті алу ушін 10 санын өзөзіне неше рет кебейтуді керсететіп «п»
немесе «т» натурал сандары оның дереже керсеткіштері болып табылады:
10» =101010...Ю немесе 10т =101010...Ю.
Мұндағы 10 саны бірбіріне п немесе т рет кебейтілген.
Мысалы, 103 = 10 • 10 • 10=1000;
106 = 10 • 10 • 10 • 10 • 10 • 10=1000 000.
Мундагы: д=3, т=6.
10 санының дереже керсеткішінің натурал сан болуы есептеулердегі кебейту мен
бөлу амалдарын орындауды жеңілдетеді. . Шынында да, 10n санын 10m санына
кебейтсек,
10n *10m=10m+n ал белу амалын орындасак 10n :10m=10m+n болады.
VI. ДК. ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ОҚУШЫ
ТҮСІНІГІН ТЕКСЕРУ: 1. Өлшемдердің метрлік жүйесіндегі бірліктерден басқа қандай бірліктерді білесіңдер?
2. Өлшемдердің метрлік жүйесінің қандай тіркемем еселіктері мен бөлгіштік
бірліктерін білесіңдер? 3. Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізудің өркениет пен ғылым
үшін мәні қандай болды? 4. Өлшемдердің метрлік жүйесіндегі бірліктерден
басқа қандай бірліктерді білесіңдер? Олардың кемшілігі неде?
1. Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізудің өркениет пен ғылым үшін мәні қандай
болды? Метрлік жүйенің ең басты артықшылығы қандай?
2. Өлшемдердің метрлік жүйесінің қандай тіркеме еселіктері мен бөлгіштік
бірліктерін белесіңдер?
VII. ДК.ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН БЕКІТУ НЕМЕСЕ
ДАҒДЫЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ:
Сыныпта 3жаттығудың 1,2,3 есептерін шешу. 4 жаттығудың 1,2,3,4,5,6 есептерін
шешу.
VIII.ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ: § 12, 13 оқуға 3жаттығудың 4,5; 4жаттығудың
7,8,9
IX. ДК. БАҒА ҚОЮ.
Мұғалім: Сарсенова Ләззат Бөрітайқызы. Оқу ісінің меңгерушісі:__________
8 сынып
8 сынып
8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.