Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтас мемлекет – КСРО-ның субъектісі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында Ресей қомақты адами және стратегиялық маңызы бар аса ірі табиғи ресурстарға иелік ететін еді. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің ұлан-ғайыр даласын мүмкін болар агрессиядан қорғай білді. Отарлыққа қарсы күресте, үш Ресей революциясы кезінде, Азамат соғысындағы майдандарында, бесжылдықтар құрылысында Қазақстан халықтарының достығы қалыптасты және мызғымастығы артты.9-мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған оқушылардың шығармашылық жұмысы (Эссе)
Ұлы Отан Эссе.docx
«9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні»
Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтас мемлекет – КСРОның субъектісі ретінде
қатысты. Соғыс қарсаңында Ресей қомақты адами және стратегиялық маңызы бар аса ірі
табиғи ресурстарға иелік ететін еді. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің ұланғайыр даласын
мүмкін болар агрессиядан қорғай білді. Отарлыққа қарсы күресте, үш Ресей революциясы
кезінде, Азамат соғысындағы майдандарында, бесжылдықтар құрылысында Қазақстан
халықтарының достығы қалыптасты және мызғымастығы артты. Соғысқа дейінгі және
соғыс жылдарында халқымыз небір қиын ауыр кезеңдерді басынан кешіріп, тоқтаусыз
күресіп келді. Осындай адами шығыны аса ауыр және материалдық шығыны өте көп
сұмдық қасіреттердің барлығы, қазақ халқының ерікжігерін, күшқуатын, бірлігін,
татулығын бұза алмады. Бабаларымыздың басынан өткізген сұмдық оқиғаларға тоқталар
болсақ 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыс, 1917 жылғы Ақпан революциясы, 1917 жылғы
Қазан төңкерісі, (19181920 жж.) Азамат соғысы, 19311932жж. ашаршылық, 19371938жж.
саяси қуғынсүргін саясаты тағы сол сияқты ірілі ұсақты 400ге жуық қозғалыстар болды.
Қазақ елі басынан не өткізбеді десеңізші!... 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.
Жанардан жас, маңдайдан тер, мұрынан қан төгілді. Төздік, күрестік, жеңдік!
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастапақ қазақстандықтар барлық
майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы күресті.1941 жылғы қарашада Дубосеково
түбінде ұрыс салған 1075атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге
мәлім.Осы топтағы ротаның жетекшісі В.Г.Клочковтың «Ресей кеңбайтақ, бірақ шегінерге
жер жоқ,артымыздаМәскеу?!» деген жалынды сөзі бүкіл майдандағы ұранға
айналды.И.В.Корпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі,аға лейтенатБ.Момышұлы
басқарған батольонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетіп шайқасты. Ұлы Отан
соғысының аты аңызға айналған қаһарманы,Кеңес Одағының Батыры,белгілі жазушы
Б.Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз
қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті
қаруымыз бар,олОтанға деген сүйіспеншілік».1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде
қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген
жыр арнап, көпұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің сезімі мен алаңдаушылығын білдірді.
Жамбылдың «Ленинградтық өренім!» деген жыры бүкіл Одаққа кең танылып,
жауынгерлердің рухын көтеріп, Жеңіске деген ұмтылыстарын күшейтті.
1942 жылдың күзінде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп
жатты.Сталиград шайқасының отты жалыны Қазақстан даласында шарпыды. Қазақстан
Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді. Сондықтан Батыс
Қазақстанға1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді.Сталинград
шайқасы барысында Кеңес Армиясы Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа
шешуші үлес қосып, гитлерлік Германияның және бүкіл фашистік мемлекеттер одағының
сөзсіз жеңілісін жақындата түсті.
1945 жылғы 16 сәуірде кеңес артиллиериясының қуатты үні Екінші дүниежүзілік
соғыстағы ең ірі операциялардың біріБерлин операциясының басталғанын паш етті.2
мамырда Кеңес Армиясы Германияның астанасы Берлинді толық билігіне алды.Берлин
операциясына қатысқан кеңес жауынгерлерімен бірге қазақстандықтарда ерлікпен
шайқасты. Ерлігі үшін Мәлік Ғабдулиин,5 офицердің көзін жойған Төлеген Тоқтаров,Сұлтан
Баймағамбетов,І.Айтықов,Қойгелді Аухадиев;Днепр үшін ұрыста болған 18жасар Жәнібек
Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды;шабуылшы
ұшқыштар Талғат Бигелдинов,Леонид Беда,Иван Повлов,Сергей Луганский;Кеңестік
Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ
қыздары 100қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова, 54
атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова т.б. болды.Олар өздерінің
табандылығын,батылдығы мен ерлігін көрсете білген ержүрек батыр қыздар.
Біз батырларымыздың бізге жасаған ерліктің үлгісін бағалай білуіміз керек.Бұл
Жеңіс біздің бойтұмарымыз, осыбейбіт күнді атабабамыз ғасырлар жылдар бойы аңсап
өтті. Сондықтан бабаларымыздан мұра болып қалғанұланғайыр жерімізді, елімізді жаудан
көзіміздің қарашығындай қорғай біліуіміз керек. Қазіргі таңда осындайбатыр, ержүрек
батырларымыздың арқасында Қазақстан бүкіл әлемнің назарында. Дүниежүзі елдеріне
беделімізбен абыройымыз күн санап асқақтап келеді. Әрбір таңымыз арайлап атып, бейбіт
кеңбайтақ жерімізде өмір сүріп өсіпөніп келеміз. Көк байрағымыз желбіреп
тәуелсіздігімізді, бірлігімізді, халқымыздың тұрақтылығы мен тыныштығын әлемге паш
етіп тұр.
Міне биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл, Ұлы жеңісімізге 72
жыл, ал қуғынсүргін саясатының құрбандарына 80 жыл толды. Осы жылдары бойы талай
нәрсе өзгерді. Қазақстан әлем күтпеген дәрежеге дейін көтерілді. Қазіргі таңда «Дамыған
30 елдің» қатарындамыз.
«9 мамыр – Улы Женис күни»
«9 мамыр – Улы Женис күни»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.