9Т2-сынып, 4-тоқсан, 1-2сабақ
Оценка 5

9Т2-сынып, 4-тоқсан, 1-2сабақ

Оценка 5
Презентации учебные
pptx
преподавание
8 кл—10 кл
06.04.2024
9Т2-сынып, 4-тоқсан, 1-2сабақ
9-сынып 4-тоқсан 1-2сабақ
9-сынып 9-бөлім 1-2 сабақ.pptx

Сабақтың мақсаты: шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс әрекетіне, образына баға беру

Сабақтың мақсаты: шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс әрекетіне, образына баға беру

Сабақтың мақсаты: шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс әрекетіне, образына баға беру.

Жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі
Мәтіннің құрылымын жоспар арқылы анықтайды;

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді;

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады, қолдана алады.

Сәуірдің жиырма жетісі
Қиял мен шындық

СҚС (Противительные ССП) Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді

СҚС (Противительные ССП) Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді

2. Қарсылықты СҚС (Противительные ССП) Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді.(Простые предложения выражают друг-другу противопоставление) Жалғаулықтар (Союзы):бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, солай бола тұрса да, солай болғанмен т.б.Мысалы: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең айтуға ұялады. Менде ондай өнер бар деп ойламаймын, дегенмен биді өнерім жеткенше билеп беремін.  3. Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП)Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын, нәтижесін білдіреді.(Второе простое предложение поясняет следствие, причину,вывод, результат того, о чем говорилось в первом предложении) Жалғаулықтар (Союзы):өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б. Мысалы: Менің кім екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені онда салтанатты кеш болады.  4. Кезектес СҚС (Последовательные ССП) Жай сөйлемдердегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.(Предложения передают последовательно происходящие события, действия. Порядок следования часто отражают очередность действия) Жалғаулықтар (Союзы):бірде, біресе, кейде. Мысалы: Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.  5. Талғаулы СҚС (Разделительные ССП) Жай сөйлемдеріндегі айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатыны болжамдалады (В простых предложениях перечисляются события, действия несовместимые друг с другом. Предполагается исполнение только одного действия) Жалғаулықтар (Союзы):не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе, әдетте не, мейлі т.б. Мысалы:Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз.

Суретке қарап не айтасың? Қиялмен өмір сүруге бола ма?

Суретке қарап не айтасың? Қиялмен өмір сүруге бола ма?

Қиял мен шындықтың араласқан әлемі

Суретке қарап не айтасың?

Қиялмен өмір сүруге бола ма?

Саған 1 күнге билік берілді

Саған 1 күнге билік берілді

Саған 1 күнге билік берілді. 1 күнде сен қандай мәселелерді шешер едің, не істер едің?
Егер мен ... (са/се + м), ........ (ар/ер + едім)
 
ҚИЯЛ ШЫНДЫҚ
1. Егер менің қолымда билік болса, ..... _______________________________________________________

2. Егер менің қолымда билік болса, ________________________________________________________

Тапсырма: 1) мәтінді оқы, асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір; 2) мәтін мазмұны бойынша жоспар құр (жұбыңмен талда, толықтыр)

Тапсырма: 1) мәтінді оқы, асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір; 2) мәтін мазмұны бойынша жоспар құр (жұбыңмен талда, толықтыр)

Тапсырма:

1) мәтінді оқы, асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір;
2) мәтін мазмұны бойынша жоспар құр (жұбыңмен талда, толықтыр)

Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты

Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты

Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағыну үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты. Мұны естіген патша қатты қайғырыпты.
Баласының шынымен де бүкіл балалардан жоғары екендігін көз жеткізу мақсатында балалардың арасында жиі-жиі сурет салу, әңгіме және ән айту жарыстарын ұйымдастырыпты. Бірақ бұл кезде де патшаның көңілінен шықсын деп әділ қазылар алқасы жүлдені патшаның ұлына беріпті. Ат жарысында да қазылар алқасы атқа жақсы мінетіндерге бекзададан озып кетпеулерін ескертіп тағы да бас жүлдені кішкене бекзадаға беріпті. Ақыры ұлының барлық балалардан жоғары екендігіне патшаның көзін жеткізіп сендіріпті. Бір күні патша қырға серуендеуге шығыпты. Бір уақытта құлағына жағымды бір сыбызғы әуені келіпті. Сыбызғының үні өте әдемі естілді, сондықтан патша шыдай алмай әуен шыққан жаққа қарай барыпты. Қараса, бір кішкене шопан әрі малын жайып, әрі сыбызғысын тартып отыр екен. Патша шопанға:
- Сыбызғыны керемет тартады екенсің, менің ұлыма үйрете аласың ба? – деп сұрапты.
Шопан:
- Әрине, қуана-қуана үйретемін, - депті. Патша кішкене шопанды сарайына алып келіпті. Шопан бала мен бекзада тез тіл табысып, дос болып кетіпті. Шопан бекзадаға сыбызғы тартуды үйрете бастапты. Бірақ бекзада қаншалықты тырысса да, сыбызғыны шопан сияқты керемет тарта алмапты.
Бір күні бекзада ренжіп, шопанға:
- Сен маған сыбызғы тартуды жақсы үйрете алмайсың, - деп айқайлапты. Шопан болса:
- Мен жақсы үйретіп жатырмын, бірақ мұны үйрету үшін уақыт керек. Бірден үйрету мүмкін емес, - деп жауап беріпті. Бекзада:
- Мен басқаларына ұқсамаймын. Бәрін тез үйренемін, өйткені жер бетінде менен асқан қабілетті, менен асқан ақылды ешкім жоқ, - деп, салған суреттері мен әңгімелерін шопанға бір-бірден көрсете бастапты. Шопан бәрін де ұнатыпты. Бекзада мұнымен де қоймай, атына мініп түрлі-түрлі өнер көрсетіп, шопанға: «Сен осылай атқа мінген біреуді көрдің бе?» - деп сұрапты. Кішкене шопан: «Шынында да атқа жақсы мінеді екенсіз. Бірақ біздің ауылда атқа сізден де жақсы мінетін біреу бар», - депті.
Бекзада алғаш рет өзін басқалардан жоғары санамаған біреумен кездескеніне ашуланып, шопанмен сөйлеспей қойыпты. Бекзаданың шопанға ренжігенін көрген басқа балалар да шопанға ренжіпті. Оны жасағандары үшін кінәлап, сарайдан қуып жіберу мақсатымен патшаға барып: - Қадірлі патшамыз, алып келген шопаныңыз бекзаданы қызғанып, оның жасағандарын ұнатпай ренжітеді. Шопанды бұл жерден қуып жіберсек дұрыс болар еді, - депті. Патша кішкене шопанды шақыртып алып бекзаданы неге ренжіткенін сұрапты. Шопан:
- Ұлы мәртебелі тақсыр! Маған сұрақ қойылмай, ойымды ашық айт алмаймын. Бірақ сұрақ қойылған кезде дұрыс жауабын айтамын. Бекзадаға шын жамандық жасағандар оған жалған сөйлегендер. Бүгінге дейін оған жалған сөйлегендері үшін бекзадамыз өзін басқалардан жоғары санап, қабілеттерін әрі қарай дамытпаған. Егер олар шындығын айтқан болса, бекзадамыз көп жұмыс істеп бәрінен де жоғары тұрған болар еді, - деп жауап беріпті. Кішкене бекзада болса:
- Мен бәрібір де басқаларынан жоғары тұрмын. Сенен де күштімін. Ешқандай бала менімен күресе алмайды. Қаласаң кел, сенімен де күресіп көрейін, - депті.
Шопан:
- Жоқ, олай болмайды. Мен қарапайым бір шопанмын. Сізбен күрескім келмейді, -депті. Бірақ патша шопанға бекзадамен күресуге бұйрық беріпті. Шопан әп-сәтте бекзаданы алып жығыпты.
Міне, сол кезде бекзада шопанның айтқандарының дұрыс екенін түсініпті. Сол күннен бастап тек шопанның сөзіне сеніп, онымен жақсы дос болыпты.

Назар аудар! (мысал келтір) Себеп-салдар сс

Назар аудар! (мысал келтір) Себеп-салдар сс

Назар аудар! (мысал келтір)
Себеп-салдар сс. Ой-қимылдың біреуінде себебі, біреуінде салдары болады.
НЕГЕ ДЕСЕҢІЗ,СОНДЫҚТАН,ӨЙТКЕНІ, СОЛ СЕБЕПТІ, СЕБЕБІ

Кезектес сс. Ой-қимыл кезектес орын алады.
БІРЕСЕ, КЕЙДЕ,БІРДЕ

Тапсырма (жеке жұмыс) Мәтінді оқып, себеп-салдар салалас құрмаласты анықта, жасалу жолын түсіндір; 1- абзацтағы сөйлемдерден 1 себеп-салдар, 1 кезектес сөйлем құрастыр

Тапсырма (жеке жұмыс) Мәтінді оқып, себеп-салдар салалас құрмаласты анықта, жасалу жолын түсіндір; 1- абзацтағы сөйлемдерден 1 себеп-салдар, 1 кезектес сөйлем құрастыр

Тапсырма (жеке жұмыс)
Мәтінді оқып, себеп-салдар салалас құрмаласты анықта, жасалу жолын түсіндір;
1- абзацтағы сөйлемдерден 1 себеп-салдар, 1 кезектес сөйлем құрастыр.

Мәселе бойынша үзік ой

Мәселе бойынша үзік ой

Мәселе бойынша үзік ой

Мәтінді оқып шығып, кестені толтыр

Мәтінді оқып шығып, кестені толтыр

Мәтінді оқып шығып, кестені толтыр.

Талдау аспектілері

Мазмұн

Автор көтерген мәселе

Себептері

Салдары

Аргументтер

Шешу жолы

Дескриптор:
Мәтінде толық талдау жасайды
Өз ойын дәлелдейді

Кері байланыс

Кері байланыс

Кері байланыс

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2024