: « Жасөспірім мен ата – ана қарым қатынасы »
Оценка 4.7

: « Жасөспірім мен ата – ана қарым қатынасы »

Оценка 4.7
Документация
docx
психологическая работа +1
Взрослым
05.03.2018
: « Жасөспірім мен  ата – ана қарым қатынасы »
Осынау өтпелі кезеңде жасөспірімнің алдынан көптеген таңдаулар шығады. Дос таңдау, жол таңдау, мамандық таңдау, мінезін қалыптастыру секілді таңдауларды басынан кешеді. Осылар­дың барлығында жасөспірімге ақыл-кеңес айтатын ата-анасының, мұғалімнің немесе айнала­сындағылардың көмегі міндетті түрде қажет. Арман – ойын бөлісіп, сыр шертісетін жан табылмаған жағдайда баланың үлкен қателік жіберуі де ғажап емес.Жасөспірімдер тәрбиесі не киын? Жасөспірімнің әкелер қиындығы мен жұқартар жүйкесі жетіп артылады. Ересектер кейде: «Біздің бала кейінгі кезде тыңдағанды қойды, бұзылды, сабағы нашарлап кетті, мұғалімдері де әбден шаршады…» деп жатады. Екі жақтың да жүйкесі жұқарған, баланың өзі де оңып тұрған жоқ: басы салбыраған, жанары сөнген, бәріне де өкпелі, ашулы… Неге солай болды? Бәрі де тек жақсы болсын деп еді ғой. Ал гәп бала мінез-құлқының осыншалықты бұзылуының себебі тереңде жатыр және оған ересектер де, баланың өзі де үңіліп жатқан жоқ. Әсіресе мынаны түсіну керек (және ол оңай емес), оны басшылыққа алу керек – «қиын» балалар қатарына әдетте нашарлар емес, аса сезімтал және көңілі қалғыш балалар түсіп кетеді. Олар басқа құрбыларына қарағанда тұрмыстың түйткілдері мен қиындықтарын бұрынырақ сезіп, солардың әсерінен «жолдан тайып» жатады. Сондықтан оларды ұрсып, бетіне басқанның орнына тек көмектесу керек.Балалардың мінез-құлқының бұзылуына не себеп?Бірінші себеп – назар үшін күрес. Балалар қалыпты жағдайда өсіп, көңіл-күйі жайлы болу үшін ата-аналарының қажетті назарына үнемі ие бола бермейді. Қазіргі ата-аналардың уақыты жоқ және «олармен шұғылдануды» міндет деп санамайды. Сол себепті бала: «Тамағыңды іштің бе?», «Қыдырып келдің бе?», «Сабағыңды қарадың ба?» дегеннен басқа сауал естімейді де. Егер бәрі дұрыс болса, бала өз ой-арманымен, мүмкін қиындықтарымен өзі қалады, оған ешкім назар аудармайды. Ал балалардың ата-ана немқұрайлылығымен келісе қоюы оңай емес. Анасына немесе әкесіне «бірге отыруға», «бірге ойнауға», «бірге қыдыруға» тілек айтса, ол тілегі орындалмай жатады. Міне, сол кезде ол өзіне назар аудартудың басқа тәсілін: тыңдамауды таңдайды. Біресе сабақ оқудың орнына телевизор көрсе, біресе киімін ілмейді немесе магнитофонды бар дауысымен бақыртып қояды. Ата-аналар болса ашуланып, « тағы да ма…», «Саған қанша айту керек…» деген сияқты сұрақтарды жаудыртады. Екінші себеп – «жеңіс» үшін күрес. Еркіндігі, өзін - өзі басқару құқы шектелген бала ата-аналарынан асып түсуге тырысады. Әсіресе қатынас құралы нұсқау, ұрсу және күмәндану болған жерде сондай сезім туындайды. Ата-аналар бәрін дұрыс істедім деп ойлайды: өйткені, бала бойына жақсы әдетті сіңіріп, тәртіпке шақыру, қателіктерін ескерту керек ғой. Ол дұрыс әрине, бірақ мәселе соны қалай істеу керектігінде. Егер ескертулер мен кеңестер тым жиі болса,
« Жасөспірім мен ата – ана қарым қатынасы ».docx
Алматы облысы Балқаш ауданы  Құйған ауылы Балқаш аудандық білім бөлімінің  «Н.Бозжанов атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен»МКМ Педагог­психолог Ырымжанова Аида                                                                                                                         Каршигиевна Тақырыбы: « Жасөспірім мен  ата – ана қарым қатынасы »       Осынау өтпелі кезеңде жасөспірімнің алдынан көптеген таңдаулар шығады. Дос  таңдау, жол таңдау, мамандық таңдау, мінезін қалыптастыру секілді таңдауларды  басынан кешеді. Осылардың барлығында жасөспірімге ақыл­кеңес айтатын ата­ анасының, мұғалімнің немесе айналасындағылардың көмегі міндетті түрде қажет.  Арман – ойын бөлісіп, сыр шертісетін жан табылмаған жағдайда баланың үлкен  қателік жіберуі де ғажап емес.Жасөспірімдер тәрбиесі не киын? Жасөспірімнің әкелер қиындығы мен жұқартар жүйкесі жетіп артылады. Ересектер  кейде: «Біздің бала кейінгі кезде тыңдағанды қойды, бұзылды, сабағы нашарлап  кетті, мұғалімдері де әбден шаршады…» деп жатады. Екі жақтың да жүйкесі  жұқарған, баланың өзі де оңып тұрған жоқ: басы салбыраған, жанары сөнген, бәріне  де өкпелі, ашулы… Неге солай болды? Бәрі де тек жақсы болсын деп еді ғой. Ал гәп  бала мінез­құлқының осыншалықты бұзылуының себебі тереңде жатыр және оған  ересектер де, баланың өзі де үңіліп жатқан жоқ. Әсіресе мынаны түсіну керек (және  ол оңай емес), оны басшылыққа алу керек – «қиын» балалар қатарына әдетте  нашарлар емес, аса сезімтал және көңілі қалғыш балалар түсіп кетеді. Олар басқа  құрбыларына қарағанда тұрмыстың түйткілдері мен қиындықтарын бұрынырақ сезіп,  солардың әсерінен «жолдан тайып» жатады. Сондықтан оларды ұрсып, бетіне  басқанның орнына тек көмектесу керек.Балалардың мінез­құлқының бұзылуына не  себеп?Бірінші себеп – назар үшін күрес. Балалар қалыпты жағдайда өсіп, көңіл­күйі  жайлы болу үшін ата­аналарының қажетті назарына үнемі ие бола бермейді. Қазіргі  ата­аналардың уақыты жоқ және «олармен шұғылдануды» міндет деп санамайды. Сол себепті бала: «Тамағыңды іштің бе?», «Қыдырып келдің бе?», «Сабағыңды қарадың  ба?» дегеннен басқа сауал естімейді де. Егер бәрі дұрыс болса, бала өз ой­арманымен, мүмкін қиындықтарымен өзі қалады, оған ешкім назар аудармайды. Ал балалардың  ата­ана немқұрайлылығымен келісе қоюы оңай емес. Анасына немесе әкесіне «бірге  отыруға», «бірге ойнауға», «бірге қыдыруға» тілек айтса, ол тілегі орындалмай  жатады. Міне, сол кезде ол өзіне назар аудартудың басқа тәсілін: тыңдамауды  таңдайды. Біресе сабақ оқудың орнына телевизор көрсе, біресе киімін ілмейді немесе магнитофонды бар дауысымен бақыртып қояды. Ата­аналар болса ашуланып, « тағы  да ма…», «Саған қанша айту керек…» деген сияқты сұрақтарды жаудыртады. Екінші себеп – «жеңіс» үшін күрес. Еркіндігі, өзін ­ өзі басқару құқы шектелген бала ата­ аналарынан асып түсуге тырысады. Әсіресе қатынас құралы нұсқау, ұрсу және  күмәндану болған жерде сондай сезім туындайды. Ата­аналар бәрін дұрыс істедім деп ойлайды: өйткені, бала бойына жақсы әдетті сіңіріп, тәртіпке шақыру,  қателіктерін ескерту керек ғой. Ол дұрыс әрине, бірақ мәселе соны қалай істеу  керектігінде. Егер ескертулер мен кеңестер тым жиі болса, ал бұйрықтар мен сындар  тым қатаң болса, бала бір күні қарсы шығады. Қырсығу, бірбеткейлік, қарсылық  пайда болады. жасөспірімнің мұндай мінез­құлқы – өз мәселесін өзі шешу құқын  сақтап қалудан және өзінің кім екенін көрсетуден туындайды. Ол шешімінің сәтсіз  және дұрыс болмауы да мүмкін, бірақ өз шешімі, ол үшін бастысы сол.    Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық  және  психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге әкеледі: * өз бет­әлпетіне деген қызығушылық;* тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;               *  құрбыларымен топтасу;жыныстық қатынас пен жыныстар арасындағы қарым­ қатынасқа деген жоғары қызығушылық;* жалғызсырау;өзінің жеке кеңістігіне деген  қажеттілік және оны  қызғану;* кесіп айту, үзілді­кесілді пікір;* қаталдық көрсету  арқылы ренжу.Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым­қатынасыңыз  қандай болу керек? 1.Жасөспірім қарым­қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл­ күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ  асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. 2. Ата­аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті.  Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске  ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана  қарым­қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып  табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура  келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды  көрсетесіз.4. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан  өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде  сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш  қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек. «Жақсы­жаман болса, бала – соларда» деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай,  ата­аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт ­  бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата­ана балаларына жақсы тәрбие беруде  қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар  отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата­ана және олардың  балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

: « Жасөспірім мен ата – ана қарым қатынасы »

: « Жасөспірім мен  ата – ана қарым қатынасы »

: « Жасөспірім мен ата – ана қарым қатынасы »

: « Жасөспірім мен  ата – ана қарым қатынасы »
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2018