Көрнекті педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жұмыстары маған ұнады. Мен өзім ұстаз болғандықтан педгогика-психология саласына көңіл бөлемін, сол педагогтардың еңбектерімен таныстым. Соның ішінде Макаренканың 1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” атты еңбегі жарық көрді, 1937 ж. жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды. 1938 ж. ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
эссе ізгі педагог .docx
Педагог Антон Семенович Макаренко туралы эссе
Көрнекті педагог Антон Семенович Макаренко (18881939) өзінің
педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының басынын жанжақты дамуының, дара
ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа кабілеттерінің
жетілуіне бағытталған оқутәрбие процесін ұйымдастыру жұмыстары маған
ұнады. Мен өзім ұстаз болғандықтан педгогикапсихология саласына көңіл
бөлемін, сол педагогтардың еңбектерімен таныстым. Соның ішінде
Макаренканың 193335 жылдарда “Педагогикалық дастан” атты еңбегі жарық
көрді, 1937 ж. жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Атааналар
кітабы” жарияланды. 1938 ж. ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем
педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Атааналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы
лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге
арналды. Антон Семенович Макаренко жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің
ұлы ісінің жалғастырушысы болғандықтан, міне ол біз сияқты педагогтарға көп
еңбек қалдырған. Оның еңбектері сарқылмас байлығымыз.Педагог оқушыға
деген жүрек жылуы арқылы тәрбиебілім берген.
А.С.Макаренканың шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің
елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың
тарапынан бірденбір ерекше көңіл бөлініп келеді.Менің ойымша бұл кездей
соқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын
жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек қана байытып қойған жоқ,
теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес
қосты және отандық педагогикалық ойпікірдің дамуына белгілі революциялық
кезең болды. А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші
қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын
елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың”
ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың
қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының
нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,деп есептеды.
Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты
балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты
сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ
жаттауға және баланың жеке басын басыпжанщуға, соқыр бағынуға негізделген
авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген
педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын. Ұсақ
буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек.
Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне
терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір
тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді. Дәл солай біз де қазіргі
мұғалімдер баланың мүмкіншіліктеріне,баланың жағымды жақтарын көре білу
және оны ашу біздің міндетіміз.
А.С.Макаренко мектеп ұжымының мәні мен оны тәрбиелеудің
принциптерін терең ашып көрсетеді, идеялықазаматтық мазмұнды ұжымның
өмірі мен дамуының негізі деп белгілейді. Ұжымда және ұжым арқылы
тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл
педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті
мәселесі болып табылады.“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу
болып табылады”,деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық
тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында. Бұл кітаптың ерекше
құндылығы кісіге ұжымдық тәрбиенің ықпалын терең ашып көрсетеді.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы,
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы. Ұжым әруақытта да
қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы
педагогикаға ұсынып, жанжақты талдады.
“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре
алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,деп
жазды Макаренко. Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі
жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл
кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде
қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік
психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарымқатынасы олардың
бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен,
құндылықтарымен анықталады. А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала
психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық
психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының
мәселелерін жанжақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері
балалардың борыш және намыс, ерікқайрат, мінезқұлық және саналы тәртіпті
тәрбиелеу мәселелері.
Макаренко “Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды:
“Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен
бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол
ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі
ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта
да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек. Макаренконың түсінігінде
тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу,
белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез
құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда
дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. “Тәртіп – бұл ұжымның бетәлпеті,
оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның
сенімділігі”.
А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның
психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға
көмектеседі.
Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко
“тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды.
Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы
болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның
табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзінөзі ұстай
білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға
тиіс.
Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды
жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын
қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе
қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады.
Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан
жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері
Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық,
жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза
жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын
түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін
мойындауы қажет. Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы
А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Атааналар кітабын” жұртшылық
қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.
Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзінеөзі: “Мүмкін,
бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің
мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя өте үлкен әне аса жауапты жұмыс,
бұл жұмысты атааналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап
береді”, деді А.С.Макаренко.
“Атааналар кітабында” екі атаананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп
балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып,
қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам
психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала”
дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп
соқтырады.
Ол кейіпкерге қарамақарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы,
бақытты жанұясы мүлде қарамақарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне,
сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл
мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады.
Оның айтуынша, білім беру шығармашылық жүйе — адамның, жеке тұлғаның
қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім
беру, тәрбие бірбірімен тығыз байланысты, бірінбірі толықтырып, кезекпе
кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. “Біздің өміріміз жаппай жаңалық –
деп жазды Антон Семенович, Бұл өмірдк балаға да: бірлік, құрылыс, күрес,
жеңістер, барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын”
Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы
мектепинтернаттарында, балалар үйлерінде оқутәрбие жұмысын
ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Макаренко: «Адам білім, тәрбие арқылы жұмыс істеуге үйренуі —
адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» — деп тұжырымдамамен аяқтағым келеді.
.
" Педагог Антон Семенович Макаренко" туралы эссе
" Педагог Антон Семенович Макаренко" туралы эссе
" Педагог Антон Семенович Макаренко" туралы эссе
" Педагог Антон Семенович Макаренко" туралы эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.