Болашаққа бағдар:рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Балалардың бойына ұлттық сананы ояту және халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату,ұлттық рухты сіңіру. Балаларды « Ғ» әрпімен таныстыру. «Ғ» әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. « Ғ» әрпі айтылу артикуляциясына мән беріп, бас әрпі,кіші әрпі жазылуын үйрету, буын туралы түсінігін молайту.Ғ әрпі ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сауат ашу негіздері.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тақырыбы « Ғ» дыбысы мен «Ғ» әрпі
Мақсаты: Болашаққа бағдар:рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық
сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Балалардың
бойына ұлттық сананы ояту және халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін
ұялату,ұлттық рухты сіңіру.
Білімділігі: Балаларды « Ғ» әрпімен таныстыру. «Ғ» әрпі бар сөздерге
дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. « Ғ» әрпі айтылу артикуляциясына мән
беріп, бас әрпі,кіші әрпі жазылуын үйрету, буын туралы түсінігін молайту.
Дамытушылығы: Жаңа дыбысқа қатысты сөз ойлату арқылы балалардың
логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту. ( жұмбақ шешу, тіл ұстарту, ой
қозғау, ойын.)
Тәрбиелік: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып,ана тілімізге
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бейне экран,кеспе әріптер, суреттер, жұмыс дәптері.
Қостілділік: ғарышкосмосspace,тағаподковаhorseshoe
Сөздік жұмыс: таға
Оқу қызметінің барысы:Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз! Сәлеметсіздерме!Здравствуйте!Good morning!(3тілде амандасу)
Аспанымыз ашық болсын! Ты мой друг, и я твой друг.Крепко за руки
возьмемся, и друг другу улыбнемся. I love my country. (Балалар орындарына
отырады).
Балалар, әріптер біздің достарымыз. Әріптер бізге жазуды, оқуды үйретті.
Олай болса сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін кім табады екен.Жұмбақ.
Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақта. (дыбыс)
Дыбысты немен таңбалаймыз? Дыбыс нешеге бөлінеді? Балалар,
өткен әріптерді еске түсірейік. ( 1 слайд А,Т,Н әріптері)
«А» Алтай – бала дәрігері
Аурудан сақтар ол мені
Мен «А» әріпімін.
«Т» Тайға мініп шабамыз,
Тау мен тасты табамыз
Тарақ, тайлақ, тауықтан
«Т» дыбысын табамыз
Мен «Т» әріпімін.
«Н» Нан –әлемнің азығы
Дастарханның қазығы
Нар түйенің асылы
Өрісі ел жазығы
Мен «Н»әріпімін.
Балалар бүгін ғарышқа ұшамыз.( 2слайд)
Бейне таспаны көру.Сиқырлы кітап.
«Ғғ»дыбысы мен әрпі.«Ғ» дыбысы дауыссыз дыбыс.Айтқанда созып айтуға
келмейді, кедергіге ұшырап айтылады.(көк текшемен белгілейміз) Балалар «
Ғ»әрпін хормен айтады. «Ғғ» әрпін ауада жазып көрсетейік. «Ғ»әрпінің бас
әрпі, кіші әрпі болады, сөздің басында, ортасында кездеседі. «Ғ» әрпі бар
сөздерді айтамыз.Ғарыш,ғарышкер,таға, ғалым, ғимарат,таға,ағаш,сағат,қарға,
тоғай,есімдер: Ғани,Ғалым,Ғайша.Тіл ұстарту: ғағаға ,атқа тақты таға. Тағааттың тұяғы тозбас үшін қағатын
бұйым.2. Тақтамен жұмыс. Аға сөзіне дыбыстық талдау жасайық « а
ға»сөзінде 2буын,3дыбыс,3әріп,2дауысты дыбыс, 1дауыссыз дыбыс
бар.Балалар алдарындағы кестеге жазады.
Сергіту сәті: (Ағылшын тілі)
Hands up,hands down
Hands on hips, sit down
Bent left to the side
Bent left bent right
1,2,3 hop1,2,3 stop!
Stand still
Саусақ жаттығуы:Жаңбыр жауды тырстырс,гүлдер айтты ырысырыс.
3.Дәптермен жұмыс: 1.Суреттегі заттарды ата. «Ғ»дыбысынан басталатын
сөздердің суреттерін сандықтың ішіне сал.2. Суреттерді ата.Сөздегі дауысты
және дауыссыз дыбыстарды белгілеп жаз.Дауысты дыбысты қызыл түспен,
дауыссыз дыбысты көк түспен боя.
Ойын: «Не артық?»
Мақсаты: ұлттық музыкалық аспаптарды, әшекей бұйымдарды,ұлттық
киімдерді,ұлттық ыдыстарды топтастыра отырып,артық затты таба білуге
үйрету.
4.Ұлттық ойын: «Шаңырақ көтеру» (музыка әуенімен орындалады)
Мақсаты:Балаларды алғырлыққа үйретіп,есту қабілетін дамыту.
Шарты: Мен сендерге «Ғ»әрпі бар сөз айтсам шаңырақты жоғары
көтересіңдер,егер сөзде «Ғ»әрпі жоқ болса шаңырақ көтермейсіңдер.
Оқу қызметін бекіту.
Балалар, бүгін біз қайсы әріппен таныстық? «Ғғ»әрпі бізге нені үйретті?
(Балалардың жауаптары:сөз, сөйлем құрауды, буынға бөлуді,талдау
жасауды.)«Ғ» дыбысы қандай дыбыс?Дауыссыз дыбыс.Қандай текшемен
белгілейміз? Қандай сөздерде Ғ дыбысы бар екен?Бүгін міне «Ғ»әрпімен де
дос болдық.Балаларды мадақтау,жұлдызшамен сыйлықтау.№9 «Ақбота» бөбекжайы
№4 «Бәйшешек» тобы
Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы:
«Ғғ» дыбысы және әрпі
Тәрбиеші:
Избанова Гулнара НурпаисовнаТеміртау қаласы2017жыл