Қаһарман батырлар қыздар
Оценка 5

Қаһарман батырлар қыздар

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
09.05.2018
Қаһарман батырлар қыздар
Айтолқын Абылай ханның қызы, ХҮІІІ ғасырдағы соғыстарға қатысып, ерлік көрсеткен. Жандәлі – Найман тайпасынан шыққан батыр қыз. Қазақ-жоңғар шайқасында ерлігімен бірге майданға шыққан. Айбике қазақтың батыр қызы, өзінің уақытында палуан ретінде тарихта із қалдырады. Көлбай Бұланбай батырдың (1747 – 1845) жақын серігі, досы әрі. Құланбай батырды Абылай хан өзімен бірге сол уақытағы ең ірі қалаға Пекинге алып кеткенде Айбике барлаушылар командирі болып қалмақтар шапқыншылығына тойтарыс береді. Ол қазақтың бас батыры, ағасы Қабанбайға Алтай, Ертіс, Тарбағатайдағы жоңғар жасақтарының жорық жайын біліп, жеткізіп отырған. Ақбикеш – ХҮІІІ ғасырдағы жойқын соғыстарда алыстан көретін қырағы қыз екен. Руы Алшын. Ол соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын қазақтарға хабарлап отырған. Қаратау өңірінде “Ақбикеш мұнарасы” деген ескерткіш бар.
Мақала.docx
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ Астана қаласы,  № 58 мектеп – гимназия «Атаңның ұлы болып тума,  еліңнің ері болып ту» (Гаухар батыр) Мұхтар Әуезов 1917 жылы «Адамдық негізі ­ әйел» деген өзінің тұңғыш туындысын жазғанында небәрі жиырма­ақ жаста еді. Сонда ол: «Адам баласы тағы   болып,   еркегі   хайуандық   дәрежесінде   жүргенде   әйелден   бала   туып,   ол балаларының бәрі де жасық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Бұған қарағанда адамдық хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген ­ әйел», ­ деп ой толғайды (1. 9 Б.) Әйел ежелден­ақ қоғамның ұйытқысы. Әсіресе, қазақта ақын қыз да, ақылғөй қыз да, батыр қыз да аз емес. Олар қашанда ерлердің сенімді серігі, елінің алтын бесігі болған. Біз енді олардың жұлдызды бір шоғыры жөнінде ой толғасақ. Жоңғар басқыншыларна қарсы шайқасқа әйелдер белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және   басқалары   жаумен   қаһармандықпен   шайқасты.   Ал   Қабанбай   батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да   қатысты.  Кейінірек   балалы   болып,   босағаннан   кейін   соғысқа   өзінің   үлкен қызы   Назымды   жіберді.   Қазақ   ауыз   әдебиетінде   Гаһар   батыр   айтыпты   деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту». Айтолқын  Абылай   ханның   қызы,   ХҮІІІ   ғасырдағы   соғыстарға   қатысып, ерлік көрсеткен. Жандәлі  –   Найман   тайпасынан   шыққан   батыр   қыз.   Қазақ­жоңғар шайқасында ерлігімен бірге майданға шыққан.  Айбике  қазақтың батыр қызы, өзінің уақытында палуан ретінде тарихта із қалдырады. Көлбай Бұланбай батырдың (1747 – 1845) жақын серігі, досы әрі. Құланбай батырды Абылай хан өзімен бірге сол уақытағы ең ірі қалаға Пекинге алып   кеткенде   Айбике   барлаушылар   командирі   болып   қалмақтар шапқыншылығына тойтарыс береді. Ол қазақтың бас батыры, ағасы Қабанбайға Алтай,   Ертіс,   Тарбағатайдағы   жоңғар   жасақтарының   жорық   жайын   біліп, жеткізіп отырған. Ақбикеш  –  ХҮІІІ ғасырдағы жойқын соғыстарда алыстан көретін қырағы қыз   екен.   Руы   Алшын.   Ол   соғыста   жау   жасағын   бақылап,   оның   бағытын қазақтарға   хабарлап   отырған.   Қаратау   өңірінде   “Ақбикеш   мұнарасы”   деген ескерткіш бар. Сапар  –   Әкесінің   аты   Мәтен,   руы   Табын.   Кейде   есімі   Сапура   деп   те аталады. ХҮІІІ ғасырдағы Е.Пугачев соғысында аты аңызға айналған батыр қыз. Аңызда   “Көктемір”   “Көрінбес”   деген   атпен   дәріптелген   қаһарман   қыз   өзін Е.Пугачев ізбасарымын деп жариялап, азаттық көтерілісті одан әрі жалғастыруға үндеген.  Гауһар   батыр  Қаракерей   Қабанбай   батырдың   сүйген   жары,   арғын   — бәсентиін   Малайсары   батырдың   қарындасы.   Көптеген   жорықтарға   қатысып, ерлік істері ел есінде қалған. «Қалмақ қырғанның» сыртындағы тауға Гауһар батыр қарауылға шығады екен» деген бұрынғылардан жеткен сөзді ақсақалдар айтып   отыратынды.   Шымкенттің   Шәуілдір   ауданындағы   Арыс   өзенінің Сырдарияға құятын тұсындағы үлкен төбелердің бірі «Гауһар ана төбесі» деп аталады. Зерттеушілер бұл төбе анамыздың сүйегі жатқан оба емес пе екен деп те болжам айтады. Гаухар батыр туралы ақын Бақи Әбдіқадыровтың «Гауһар батыр» деген дастанда бар.  Назым Қабанбай батыр мен Гауһар батырдан туған қаһарман қыз. Әкесімен бірге ХҮІІІ ғасырда қазақ­жоңғар соғысына қатынасып, отанын қорғаған. Назым қыз есімі және оның ерлігі жұртқа аңыз болып тараған. Есенбике – үйсін Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың анасы, ХҮІІІ ғасырда қазақ­жоңғар соғысына қатысқан жауынгер. Ботакөз Есет батыр Көкіұлының қызы. Батырлығымен, батылдығымен аты аңызға   айналған   қаһарман   қазақ   қызы.   Есет   Көкіұлының   Ақшал   деген   ұлы жоңғар шапқыншылығында жоғалып кетіп (кейбір деректер қаза тауып), оның жалғыз   қызы   Ботагөз   (шамамен   1667­1757)   бауыры   үшін   жоңғарларға   қатты кектенген.   Мұны   профессор   Төреғали   Қаратаевтың   ғылыми   зерттеулері   де растайды.   Ол   да   Ботагөзді   Тама   Есет   батырдың   жалғыз   қызы   деп   тарихи шығармаларында атап тұрып көрсетеді.  Тарихи   деректер   бойынша,   1742   жылы   Есет   батыр   Әбілқайыр   ханның шақыруымен   Орынборға   жол   жүреді.   Соны   біліп   қалған   жоңғарлар   түн қараңғылығында   ауылдың   жылқысын   дүркіретіп   айдап   кету   үшін   шабуыл жасайды.   Олардан   жылқыны   тартып   алмақ   болған   қуғыншыларды   жоңғарлар тегіс   қырып   тастайды.   Бір   сұмдықты   жүрегі   сезген   Ботагөз   жалма­жан   ер адамның   киімін,  жеңіл   көзе   сауытын   киіп,   қолына   қару   алып,  150   сарбазбен шапқыншыларға қарсы шабады. Жоңғар қалмақтары жолындағы қазақ ауылын тонап,   қыз­келіншектерін   көгендеп,   алдарына   үйір­үйір   жылқыны   салып,   өз елдеріне   қарай   кеткелі   жатыр   екен,   оларға   «Қарабура!»,   «Қарабура!»   деп ұрандатқан   жас   батыр   қарулы   жасағымен   тап   береді.   Қалмақтардың қолбасшысы   Қонды   деген   тайшы   екен.   Қазақ   жасақтары   оны   жан­жағынан қоршап, өлтірмек болғанында, олардың бір бүйірінен күрең атын ойнақтатып шыға келген бір жас батыр қолындағы бұғалығын қонтайшының мойнына салып келіп жіберіп, оны астындағы дәу торысының үстінен жұлып алады. Және сол шапқанынан   қонтайшыны   сүйреткен   қалпы   жаудың   шебін   бұзып   өтіп,   өз жасағына   келіп   қосылады.   Қолбасшысының   жер   құшқанын   көрген   қалмақтар тым­тырақай   қашып,   көбісі   садақ   оғына   ұшады.   Бұл   күрең   атты   жас   қазақ батыры   –   Тама   Есет   тарханның   жалғыз   қызы   Ботагөз   сұлу   екен,   қалмақ қонтайшысы   қазақ   қызынан   жеңіліп,   тұтқыны   болғанына   қатты   намыстанып, керемет   қорланады.   Қазір   Ақтөбенің   облыстық   мұражайында   Батогөз Есетқызының осы ерлігін растайтын құнды тарихи құжаттар да бар.  Бопай,   Бәтима  (шамамен   1690 жылы   дүниеге   келген,   1780 жылы   Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан. Бопай   күйеуі   Әбілқайырдың   түпкі   мақсаты   Жайық   қазақтарының   орыс бодандығы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды   түпкілікті   талқандау   екендігін   және   бұл   күрделі   мәселелерді уақытша   болса   да,   Ресей   империясына   бодан   болу   арқылы   шешуге тырысқандығын   терең   ұғынған.   Сондықтан   да   Әбілқайырдың   осы   бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол   ханымның   1731 ж.   22 қарашада   орыс   патшайымы   Анна   Иоанновнаға, 1748 ж.   5 қазанда   Елизавета   Петровнаға,   әр   уақытта   Орынбор   әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай   ханшайым   ұстанған   бағытынан   таймайды.   Әбілқайыр   саясатының   өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай ханым батыл әрі ойлап­пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні   бригадалық   генерал   А.   И.   Тевкелев   пен   Орынбор   губернаторы   И. Неплюевке қисынды өтініштер хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі  жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан  кейін  Санкт­Петербургке аттанады.   Нұралыны   «қырғыз­қайсақ   ханы»   етіп   бекіту   туралы   Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да   сілтеме   жасалуы,   канцлер   А.   П.   Бестужев­Рюминнің   Бопайға   арнайы   хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай ханым   Әбілқайыр   әулетінің   дәрежесі   мен   беделін   көтеруге   ұмтыла   отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға «аттандатпай», Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өз бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ­жоңғар   қатынастарына   тигізген   әсері,   Қайып   хан   мен   Нұралы   ханды бітістіруге   бағытталған   әрекеттері   Бопайдың   ел   бірлігін   қамтамасыз   етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс­қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау   үшін   Орынбор   әкімшілігінің   басшылығымен   кездесіп,   келіссөз жүргізгісі  келді.  1740 жылы  Санкт­Петербургке   ресми  сапармен  барып, Анна Иоанновнаға   жолығу   ниеті   де   болған.   Бопайдың   зеректігі   мен   тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі жазады. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайырдың   саясатын   жүзеге   асыру   үшін   баласы   Нұралыны   әке   орнына 1749 26 қарашада   хан   тағына   Елизавета   Петровнаның   жарлығымен   отырып, Бопай хан тағында батыл әрі нақты қадамдар жасайды. Бопай   ханшайымның   Күйеуін   өлтірген   Барақ   ханнан   өшін   алу   үшін   ең мықты  Цин  империясымен   құда   болуды   көздеп  ұлына   оның   қолында   жүрген Намұрын қызға құда түседі. Бірақ бұл құда түсу ақыры ұзаққа созылмай қыз аяқ асты өліп қалады, артынша Барақ хан да дүние салады. Канцлер А. П. Бестужев­Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы­ ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуліктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Бопай Клекке құятын Жосалы өзенінің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген. Бопай   ханым   Әбілқайырдың   жан­жақты   мәселелерін   шеше   отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы. Қазақ жеріне жан­жақтан қалмақтар мен жоңғарлардың шабуылы кезінде, Әбілқайыр хан қай елден көмек сұрауды ойлағанда, қасында отырған жанжары Бопай ханым Ресей елімен достық қарым­қатынаста болуды, олардан қару алуды сұрастыру жөнінде бағыт берген ханымның бірі. Тарихта   еліне,   жеріне   деген   сүйіспеншіліктен   Бопай   ханым   ел   есінде қалған. Ресей   елінің   император   ханымы   Анна   Иоанновнаның   басшылық   етуімен, елшілікке   Тевкелевтың   жіберіп,   екі   ел   арасындағы   достық   қарым   қатынасты дамытыу мақсатында Бопай ханым Ресей елшілігін қабылдаймыз деп өз мөрімен қол қояды. Бопай ханым басқа ел басқарушыларға да өзін болашақта үлгі тұтады деп бұл елшілікті үлкен мәртебе тұтты, қазір ол тарихта қалды. Бопай   ханшайым   1780 жылы   31 майда   қайтыс   болып,   күйеуінен   кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Жосалы жерінің Елекке қараған маңындағы жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады. Бопай   ханшайымның   мавзолейі   болған,   қаншама   адам   барып   табынып отырған. Бопай анамыздан жаны қысылған да, жәбірленгенде, қиындықта барып жалбарынып,   құран   оқып   отырған.   Кейін   патша   үкіметі   құлаған   кезде мавзолейдің кірпіштерін алып адамдар үй тұрғыза бастаған деп айтады. Бірақ біздің есімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймыз. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола бермек. Фатима  – қазақ халқының көрікті де, қайсар қызы, Жәңгір ханның әйелі болған. Ғалымдардың айтуынша Бөкей хандығында билікті өз қолына алған. І Николай Бөкей ордасында Фатимадай ақылды, көректі арулардың бар екендігіне таңқалды. 1826 жылы І Николайдың хан сайлау рәсімде Фатима мен Жәңгір шақырылып,   қатысқан   болатын.   Сол   жылдардың   мемуарларда   Фатима патшайым,   бағалы   матадан   тігілген   (муар)   атты   мата   көйлекте   болғанын дәлелденген.   Орынборлық   муфтидің   қызы   –   Құсайнова   Фатима Мұхаммеджанқызы 1824 жылы 15 жасында Жәңгірге тұрмысқа шығады. Фатима сол   уақытта   европалық   білімді   және   шет   тілдерін   меңгерген   екен.   Негізінде Фатима Жәңгірдің екінші әйелі, яғни бәйбишесі еді. Фатима көрікті ғана емес, өте батыл болған. Ол Жәңгірдің қиыншылықтардан шығу үшін, ақыл – кеңес беріп   отырған.   Осындай   қиыншылық   кезеңдер   Исатай   Тайманұлы   кезінде   де болған.   Исатай   батырдың   қараушылары   хандық   орданы   қоршағанда   Жәңгір қашпақшы болады. Оны Фатима тоқтатып: «Егер сен қашсаң, хандық билікті жоғалтамыз»   деп   айтады.   Фатима   Исатайды   көндіру   үшін   көптеген   бағалы заттарымен көндіріп, ақыл­кеңес берді. Осылайша Исатайді тоқтатады. Фатима мен Жаңгірде 7 баласы болған. Төрт ұлы және үш қызы. Ұлдары Сахыбкерей, Ибраһим, Ахметкерей, Ғұбайдулла. Қыздары Зылиха, Хадиша, Тайша. Ұлдары Санкт­Петербурктегі  Пажск  корпусында  тәрбиеленді,  ал  қыздары  Орынборда білі алды.  Соңғы жылдары Фатима ханшайым өте қатты ауыра бастайды. Бұл жағдай Жәңгірдің жанына қатты батады. Ол Кавказдың табиғи суын алдырады, бірақ ол көмектеспейді.   Қатты   қиналғаннан   Жәңгірдің   жүрегі   шыдамай   Фатимадан бұрын   дүниеден   өтеді.   Үш   айдан   кейін   Фатимада   дүниеден   озады.   Фатима ханшайым   1845   жылы   14   қазанда   көз   жұмады.   Ол   І   Николайға   өзінің   ұлы Сахибкерейді   хан   ретінде   мойындайды   деген   үмітте   болды.  Бірақ   олай   бола қоймайды.  Қазақ қаһарман қыздарының бірі – Фатима халқының жүрегінде, жадында соңғы ханшайым болып қалды.    Қазақстан   ата­бабаларымыздың   слат­дәстүрлерін   жаңғартуға   ұмтылады. Әйел адамға деген тарихи құрметті қайта жаңғыртсақ, бала тәрбиелеумен қатар әлемді билеуіне ықпал етсек нұр үстіне нұр. Өз   елімнің   шынайы   патриоты   ретінде   жас   Қазақстан   Республикасының дамуына өз үлестерін қосатын іскер әрі саясаткер әйелдерді көргім келеді. Библиографиялық тізім 1. М.Әуезов  Шығармалар. Алматы 1969,  І том. 2. "Великие дочери великой степи"  Справочник. I том. Алматы 1992. 3. "Женщины в истории: возможность быть увиденными", Выпуск 2, Минск.

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар

Қаһарман батырлар қыздар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.05.2018