Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы
Оценка 4.6

Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы

Оценка 4.6
Мероприятия
docx
преподавание
10 кл
29.11.2020
Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы
Сыныптан тыс шара
сценарий.docx

Өскемен қаласы әкімдігінің

«6 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі – Оразбаева А.М.



7-8 сынып оқушылары арасындағы өткен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы



Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы



Мақсаты:

-         Абайдың қара сөздерін дәріптеу;

-         Оқушылардың өнерін, шығармашылығын шыңдау.



Міндеттері:

1.       Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізе білу.

2.       Оқушылардың сахнада өзін-өзі ұстай білу шеберлігін дамыту.

3.       Ақынның шығармасын оқуда ынтасы бар таланттарды табу.







 

 

Өскемен қаласы, 2020 жыл



Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 

2-жүргізуші:  Бүгін біздің мектебімізде қазақтың бас ақыны – А.Құнанбаевтың туғанына175 жыл толуына орай, «Болмасаң да ұқсап бақ» атты Абайдың қара сөздерін  мәнерлеп оқу сайысына  Қош келдіңіздер!!!

 

1-жүргізуші:  «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын

артында сөз қалдырған»,- деп төрелігін өзі шешкен Абай

бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері.

 

2-жүргізуші:  Жүйрікпен жүйрік өзара жарысқанда

Құрбылар бір-бірімен қалысқанба

Әділқазы сіздерге сенеміз біз,

Әділін дұрыс шешсін жарысқанда.

Бүгін сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар! Олар:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Нурбергенов Амангельды Нурбергенұлы, ағылшын тілі мұғалімі – Нургазина Ақбота Дүйсенбекқызы

 

 

 

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, Абай атамыз айтқандай ортаға 8 «А» сынып оқушысы Ольжаева Аминаны шақырамыз. Оның орындауында А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін қабыл алыңыздар!

 

 

2-жүргізуші: 

Бастайық сайысымызды,

Тілімнің арта түссін айбыны.

Сайыстың тарландары ортаға кел,

Тілімнің тірлік көзі – айғағы.

Олай болса, сөз кезегін сайыскерлерге берейік.

(Әр сайыскер шығып, дайындаған қарасөздерін мәнерлеп оқиды)

 

 

1-жүргізуші: Абай біздің Данышпан,

Алға бастап шуақ шашар нұрымыз,

Сусындайтын мөлдір бұлақ суымыз,

Мәуелі бақ, мәңгі жасыл нуымыз,

Биік ұстар тәуелсіздік туымыз.

 

 

2-жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен Абайдың қара сөздерінен «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Әділқазылар өз шешімін қабылдағанша,  оқушылардың атынан Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін бірге айтайық.

 

1-жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Амангельды Нурбергенұлына  беріледі.

 

2-жүргізуші: Ал сайыскерлер жеңістеріңіз құтты болсын!

Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Қош сау болыңыздар!




 

КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –

КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –

Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші:

Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші:

Абай біздің Данышпан, Алға бастап шуақ шашар нұрымыз,

Абай біздің Данышпан, Алға бастап шуақ шашар нұрымыз,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020