5 - сыныпқа қабылданған оқушылардың орта буын мектеп бағдарламасын меңгеруге, мектепке, пән мұғалімдеріне адаптациялану деңгейін, оқу мотивациясын анықтауға арналған әдістемелік материал. тест нәтижесі оқушының өзіндегі темперамент ерекшелігі мен өзіне сенімділігін анықтайды. тест материалы жеңіл және оқушылардың жас ерекшелігіне сай келеді.
адаптация 5 сынып.docx
Өзіңдегі темперамент ерекшелігі мен өзіне сенушулігін айқындау
( 5 –сыныптар үшін)
1. Темперамент ерекшелігін айқындау
Тесті
1. Жаңа іске мен .... кірісемін:
а. Шыдамсыздықпен, тез.
б. Шығармашылық күшпен.
в. Бүкіл істі асықпай оймен байыптап.
г. Өз күшіме сенініңкіремей.
2. Маған таныс емес, жаңа жерде мен өзімді .... сезінемін:
а. Қожайындай, бәріне өзімнің кім екенімді көрсетуге тырысамын.
б. Еркін, адамдармен тең құқылы араласамын.
в. Біршама сабырлы, өзіме көп көңіл аудартпауға тырысамын.
г. Өте жайсыз, тез кетіп қалуға тырысамын.
3. Жұмысымда немесе сабақта сәтсіздікке ұшырасам, мен:
а. Өзіме, мектепке, атаанама, жолдастарыма қатты ренжимін.
б. Қапаланамын, бірақ сәтсіздік туғызған себепті тез тауып жоюға
тырысамын.
в. Қатты күйзелмеймін, байыппен сәтсіздіктің себебін іздеймін.
г. Жылап жіберемін және ұзақ уақыт сәтсіздік туралы ұмыта алмаймын.
4. Менің сөйлеуім:
а. Шапаң, мүдіріп, сөзімді ойым озып кетеді.
б. Шапшаң, сенімді, өзіме мимика мен ымдау арқылы көмектесемін.
в. Баяу, анық, сенімді.
г. Баяу, сенімсіз, біршама ұяң дауыспенсөйлеймін, кейде басымда ойым
шатасып кететін сияқты
5. Мен жаңа істі ...... бастаймын:
а.Үлкен құлшыныспен бастап, бірақ аяғына дейін сирек жеткіземін.
б. Үлкен құлшыныспен бастаймын, егер ол маған ұнаса аяғына дейін
апарамын .
в. Әбден ойланып, біртіндеп аяғына дейін жеткіземін.
г. Бұл істі істей алатыныма сенбеушілік сезіммен кірісемін.
6. Мен ....... ертегілерді оқығанды қалаймын.
а. Кейіпкерлерінің достық, махаббат сезімдері сыналатын.
б.Киімдері, сарайлары, кейіпкерелері, олардың өмірлері егжейтегжейлі
жазылған.
в.Кейіпкерлері еңбекқор және сол еңбектері үшін бағаланатын.
г. Табиғат, сезімдер және кейіпкерлердің бастап кешкендері егжейтегжейлі
жазылған.
2. " Өзіне сенімділігін айқындау"
Тесті
1. Әдетте өз ісімде жолым болады деп есептеймін.
2. Менде жақсы көңіл күй жиірек болады.
3. Барлық балалар менімен ақылдасады, санасады.
4. Мен өзіме сенімді адаммын.
5.Мен өзімді тапқыр және зерек деп санаймын.
6. Мен өзімді барлығына керек екеніне сенімдімін.
7. Мен барлық жұмысты жақсы жасаймын.
8. Мен болашақта өз армандарымды міндетті түрде орындаймын.
9. Маған адамдар жиі көмектеседі.
10. Мен өз жоспарларымды жақын адамдарыммен талқылаймын.
11. Мен спорттық жарыстарға қатысқанды ұнатамын.
12. Мен оқу мен еңбекте дербестік көрсетемін.
13. Мүмкін болатын сәтсіздіктер мені сондай алаңдатпайды.
14. Мен өз ісәрекетімді жоспарлауға тырысамын.
15. Өткен іске сирек өкінемін.
16. Мен болашақта жетістікке жететініме сенімдімін.
17. Маған әртүрлі олимпиадалар мен сайыстарға қатысқан ұнайды.
18. Барлықтарымен салыстырғанда мен жақсы оқимын.
19. Маған көбінесе жиі жолым болады.
20. Оқу маған сондай қиын емес. Өзіңдегі темперамент ерекшелігі мен өзіне сенушулігін айқындау
( 5 –сыныптар үшін)
1. Темперамент ерекшелігін айқындау тесті
Кілті: Жауап парақшасына төмендегі тұжырымдамамен келіссең “+”
белгісін, ал келіспейтін болсаң “”белгісін қой. Бір « +» = 1 балл,
баллдарыңның қосындысын шығар.
2. " Өзіне сенушулігін айқындау" Тесті
Шешуі: 17 20 балл өзіне сенімділіктің жоғары деңгейі, жауапты шешім
қабылдауда дербестік пен батылдық тән.
11 16 балл – Өз әрекетін достарымен, жақындарымен талдауға қажеттілік.
Орташа қиындықты тапсырмаларды таңдайды.
1 10 балл өз күшіне сенімсіздік, жетістігіне сынмен қарайды, жоспарлаған
әрекетіне талаптану деңгейі анық төмендетілген.
Адаптация. 5 - сынып.
Адаптация. 5 - сынып.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.