"Агашты тесу(бургылау)" (5 класс, технология)
Оценка 4.7

"Агашты тесу(бургылау)" (5 класс, технология)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
труд
5 кл
01.04.2017
"Агашты тесу(бургылау)"  (5 класс, технология)
Тақырыбы:Ағашты тесу (бұрғылау). Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ағашты бұрғылау, тесу әдістері туралы жалпы түсінік беру. ә) білімділікке, ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. б) оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық жұмыс. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері. Көрнекілігі, керекті нәрселер: ағаш, сүргі, шерхебель, фуганок. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. II.Үй тапсырмасын тексеру. III. Жаңа сабақ. Ағашты тесу үшін әдетте ұңғыны, бұрғыны, қол бұрғыны пайдаланады. Ұңғы дегеніміз – иір болат темірден жасалған өзек темір. Ол үш бөліктен тұрады: тұтқа, бұрауыш, бұрандалы қалып. Қол бұрғы тіректен, бұрау сабынан, патроннан және беріліс механизмдерінен тұрады. Бұрғылардың бірнеше түрлері бар: спираль типтес, орталық бұрандалы, кіндікше, қасықша, центрлі, райбер т.б. Және олардың ұзындығы мен диаметрі әр түрлі болып келеді. Бұрғылауды орындаудың негізгі міндеті – бұрғылау процесінде оны қисайтпай, алдын ала белгіленген орнынан шығарып алмау. Бұрғы - металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге арналған кескіш аспап; жұмысшы белігінде кесуші элементтері бар, ал құйрықшасы станоктың шпинделіне бектіліп, жұмыс атқару үшін одан қозғалыс алатын тесіктерді тесу және кеңейту үшін арналған шыбық түрінде болып келген кесуші құрал. Бұрғы білік тәріздес болып келеді, оның жұмыстық бөлігінің ұшында кескіш не калибрлеуіш тетігі болады, ал сабы бұрғылау станогының шпинделіне немесе патронына, қол аспапқа (электр бұрғы, бәрбі, қол бұрғы, т.б.) бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы — айналыс және осьтік беріліс. Бұрғы құралымына байланысты винттік (бұрамалы) немесе спиральді бұрғы, түзу жырашықты бұрғы, центрлік бұрғы, т.б. болып ажыратылады. Бұрғы көміртекті, легирленген, жылдам кесетін болаттан жасалады, беті қатты қорытпалардан не композициялы материалдардан жасалған қабаттармен жабылады. Бұрғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі: Тесетін ағашқа көп күш салмай, бұрғының сабын баяу айналдыру қажет. Бұйымның бетіндегі, ағаш жаңқасын үрлемей, қылсүрткімен тазалау қажет.Бұрғының кескішін өзіңе немесе қасыңдағы оқушыға қарай бағыттама. IV. Сарамандық жұмыс. Ағашты бұрғылау тәртібі: Бөлшекті белгілеу . Орталығын бізбен шаншып қою. Ағаш үстеліне тақтайша қойып, оның үстіне бөлшекті қысып орнату. Бұрғының қажетті диаметрін таңдау. Патронға түбіне дейін қою, орнату. Бұрғылаған кезде нақ, әрі еркін тұру. Бұрғылауды сақтықпен жүргізу. Бұрғылауға арналған технологиялық карта. Бөлшектің тесетін жерін белгілеу. Сызғыш, карандаш, бұрыштық. Бөлшекті тесу. Бұрғы, үстел, қыспақ. Тексеру. Сызғыш, бұрыштық. V. Сабақты бекіту. Қатты ағашты тескенде бұрғыны қалай таңдап алу қажет? Орталық бұрғының қызметі қандай? Ұңғының және қол бұрғының қызметі қандай, олардың айырмашылығы не? VI.Қорытынды. VII.Үйге тапсырма.
агашты тесу.docx
Тақырыбы:Ағашты тесу (бұрғылау). Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ағашты бұрғылау, тесу әдістері  туралы жалпы  түсінік беру. ә) білімділікке, ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. б) оқушылардың   ой­өрісін   кеңейту,   білімдерін   іс   жүзінде   көрсетуге   ықпал   ету, практикалық іс­әрекеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық жұмыс. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері. Көрнекілігі, керекті нәрселер: ағаш, сүргі, шерхебель, фуганок. Сабақ барысы:                                                                                                                                                                                                                                                                     I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. II.Үй тапсырмасын тексеру.                                                           III. Жаңа сабақ.           Ағашты тесу үшін әдетте ұңғыны, бұрғыны, қол бұрғыны пайдаланады. Ұңғы дегеніміз – иір болат темірден жасалған өзек темір. Ол үш бөліктен тұрады: тұтқа, бұрауыш, бұрандалы қалып. Қол бұрғы тіректен, бұрау сабынан, патроннан және беріліс механизмдерінен тұрады. Бұрғылардың бірнеше түрлері бар: спираль типтес, орталық бұрандалы, кіндікше, қасықша, центрлі, райбер т.б. Және олардың ұзындығы мен диаметрі әр түрлі болып келеді. Бұрғылауды   орындаудың   негізгі   міндеті   –   бұрғылау   процесінде   оны   қисайтпай, алдын ала белгіленген орнынан шығарып алмау.      Бұрғы ­ металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге   арналған  кескіш   аспап;   жұмысшы   белігінде   кесуші   элементтері   бар,   ал құйрықшасы   станоктың   шпинделіне   бектіліп,   жұмыс   атқару   үшін   одан   қозғалыс алатын тесіктерді тесу және кеңейту үшін арналған шыбық түрінде болып келген кесуші құрал.       Бұрғы білік тәріздес болып келеді, оның жұмыстық бөлігінің ұшында кескіш не калибрлеуіш   тетігі   болады,   ал   сабы   бұрғылау   станогының   шпинделіне   немесе патронына, қол аспапқа (электр бұрғы, бәрбі, қол бұрғы, т.б.) бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы —  айналыс  және  осьтік беріліс. Бұрғы құралымына байланысты винттік  (бұрамалы)   немесе  спиральді  бұрғы,   түзу   жырашықты   бұрғы,   центрлік бұрғы, т.б. болып ажыратылады. Бұрғы  көміртекті,  легирленген, жылдам кесетін болаттан жасалады, беті қатты қорытпалардан  не композициялы материалдардан жасалған қабаттармен жабылады. Бұрғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі: Тесетін ағашқа көп күш салмай, бұрғының сабын баяу айналдыру қажет. Бұйымның   бетіндегі, қажет.Бұрғының кескішін өзіңе немесе қасыңдағы оқушыға қарай бағыттама. IV. Сарамандық жұмыс.    ағаш   жаңқасын   үрлемей,   қылсүрткімен   тазалау Ағашты бұрғылау тәртібі: Бөлшекті белгілеу . Орталығын бізбен шаншып қою. Ағаш үстеліне тақтайша қойып, оның үстіне бөлшекті қысып орнату. Бұрғының қажетті диаметрін таңдау. Патронға түбіне дейін қою, орнату. Бұрғылаған кезде нақ, әрі еркін тұру. Бұрғылауды сақтықпен жүргізу. Бұрғылауға арналған технологиялық карта. Бөлшектің тесетін жерін белгілеу. Сызғыш, карандаш, бұрыштық. Бөлшекті тесу. Бұрғы, үстел, қыспақ. Тексеру. Сызғыш, бұрыштық. V. Сабақты бекіту. Қатты ағашты тескенде бұрғыны қалай таңдап алу қажет? Орталық бұрғының қызметі қандай?  Ұңғының және қол бұрғының қызметі қандай, олардың айырмашылығы не? VI.Қорытынды.                                                 VII.Үйге тапсырма.

"Агашты тесу(бургылау)" (5 класс, технология)

"Агашты тесу(бургылау)"  (5 класс, технология)

"Агашты тесу(бургылау)" (5 класс, технология)

"Агашты тесу(бургылау)"  (5 класс, технология)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017