Ахмет Байтұрсынов
Оценка 4.8

Ахмет Байтұрсынов

Оценка 4.8
Документация
docx
13.12.2022
Ахмет Байтұрсынов
ПЕд Оқу Ахмет Б.docx

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің

«Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі» КММ

 

 

 

 

 

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні

Секция бағыты: «Тіл –адамның жұмсайтын қаруының бірі»

Халидуллина Сауле Ибшаевна

 

Бастауыш сынып мұғалімі: педагог- зерттеуші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

 

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірініңмақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі тілмен жақсы білдіреді: «Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп тіпті батыра айтады.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды.Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.   Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.  Сонымен бірге А. Байтұрсынұлының ел арасына кеңнен тараған бірнеше әндері де бар: «Аққұм», «Қаракөз», «»Екі жирен», «Қараторғай»т.б.  «Қырық мысал» ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны М.АКрыловтан аударылған:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге  қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің  бәрі  де түгелімен тіпті аударма секілді емес.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. «Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты ұйқыдағы халқын оятуға жұмсайды.

Ұйқысын азда болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса, десе

Қазағым, елім,

Қайқайған белің,

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың,

Қанауда жаның,

Аш көзіңді оянып,

Қанған жоқпа әлі ұйқың

Ұйықтайтын бар не сиқың!- деп қазақтарды тағы  да «оянуға» шақырады

«Егіннің бастары» мысалында:

«Елде көп бұл бидайдай адам, — дейді,

Тәкаппар, оны халық, жаман, — дейді.

— Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», — дейді. — деп санасы таяз тәкәппар надандардың болатынына қынжылып, сондай адамдардан бойын аулақ ұстауға ақыл – кеңес береді.

«Маймыл мен көзілдірік» мысалында:

Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,

Маймылша іс ететін көп надандар.

Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,

Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!

Ахмет Байтұрсынов ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын, өздерінің білімсіздіктерін, ебедейсіз, икемсіздіктерінен көрмей кінәні басқалардан іздейтіндерді шебер суреттеген.

Бұл мысалда автор тыңдаушылардың жетесіне қазақ «бөлінгенді бөрі жеді» деп бекер айтпағандығын, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын өсиет етіп айтады.

Ат пен есек

Мысалдың соңында

Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?

Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.

Қайырың біреуге еткен болып терек,

Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде

-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек

Кейбіреу зор бейнетке тап болады,

Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

— деп аяқтайды. Мұнда не нәрсе болса да ақылға салып, ой елегінен өткізіп сабырмен істе, өткен іске өкінгенмен еш нәрсе өзгермейді деп бір ой тастаса, екіншіден біреу сенен қиналып көмек сұрағанда көмектес, ондай күй сенің басыңа түскенде тым кеш болып, «аһ» ұрарсың деп жанашырлыққа, жаныңдағы жолдасыңның жайын ұғуға шақырады.

Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.  

Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізі идеясы жастарды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл – кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға бере білуге баулу.

 

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. – Алматы: Қазақпарат, 2000. – 184 б.
2. Әбдіраш Ж. Парыз. Парасат. Пайым: Әдеби сын /Құраст., баспаға әзірлеген Н. Мергенбаева. – Алматы: Өнер, 2001. – 312 б. 
3. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
4. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: қазақ университеті, 1992. – 127 б.
5. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
6. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған.
Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009 


 

Шы ғыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан

Шы ғыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні

Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды

Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды

Елде көп бұл бидайдай адам, — дейді,

Елде көп бұл бидайдай адам, — дейді,

Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды

Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.12.2022