Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Қайырымдылық туралы түсінік беріп, олардың бойында жанашырлық , қайырымдылық сезімдерін дамыту.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Көрнекілігі:интерактивті тақта, қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», т.б.
Қайырымдылық.docx
адамгершілікке
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қайырымдылық – адам жанының нұры»
Өткізілген уақыты: 25.11.2015
Қатысушылар: 10
Оқушылар саны: 22
Мақсаты: Баланың бойына руханиадамгершілік қасиеттерді ұялату,
жақсыжаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге
ықпал ету. Қайырымдылық туралы түсінік беріп, олардың бойында
жанашырлық , қайырымдылық сезімдерін дамыту.Бірбірімен қарым
қатынастарын жақсарту,оларды
,имандылыққа,
шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, қайырымдылық жайында жазылған
ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға
қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Бірбірімізге қайырымдылық,
мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да
алыстай береді», т.б.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ф.Оңғарсынова «Жақсылық жасау туралы жыр» бейнеролик.
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
«Қайырымдылық – адам жанының нұры» атты ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!
Тыныштық сәті
Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға
елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен
сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен
ізгілікке толы әлемге саяхат
жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп,
әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге
қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше
адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл
жердегі тіршілік атаулының барлығы бірбіріне мейірімділікпен назар
аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан
дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді балалар осындай
жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен,
терең дем аламыз, көзімізді ашамыз. Адамдар осы әлемдегідей бірбіріне
тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса,
қандай жақсы болар еді.
Ой шақыру:
Балалар, осы көрініс арқылы жандүниемізде қандай өзгерістерді
сезіндік?
Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?
Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер? «Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық
жандыларға)
білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек.
Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық
— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға
деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарымқатынастарын білдіреді.
Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — руханиэкономикалық
жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), Екіншісі — іс
тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік
қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жанжануарларға,
табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды,
мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге
жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз
деп атайды.
Атабабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салтдәстүрі,
әдетғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында татутәтті өмір сүрген.
Ұрпағының білімді болғанын армандаған.
Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың
мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде
түрліше іске асып отырған.
1оқушы.
Көршіқолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік
болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
2оқушы.
Алыс сапарға аттанғанда, кедейлерге етмай деп майда малын уақытша
болса да қарасып, мініске деп жылқы берген. Көлікжай деп көшуге, малға
жемшөп даярлауға түйе беріп көмектескен.
3оқушы.
Сауын деп кедейкепшіктерге жаз кезінде сауынға мал берген .
Мұғалім: Атабабаларымыз қайырымдылық дегенді осылайша түсінісіп,
осылай жүзеге асырып отырған.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы –жомарттық, кеңпейілділік. Ол
адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.Жомарт болу өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Осыған орай 7 «а» сынып оқушылары ауылымыздағы қарт Сара әжемізге
көмек қолын созып қайтты. Қыздар үй шаруасына көмектессе, ер балалар
қора тазалап, сыртқы шаруаға қолғабыс етті. Атаны ардақтау, ананы
аялау, досты сүю, қартты құрметтеу – бізге бабаларымыздан қалған
дәстүр. Бұл да – елдігіміздің нышаны.
«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың
алдынан шығады,» деген екен. Бірбірімізге жақсылық жасаудан
жалықпайық, достар!
Күй. «Мереке» Орындайтын: Амалбекова Нұрилла
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір
өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін
жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының
ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Атабабалардың игі дәстүрін
ұрпақтары жалғастырып келеді. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр»,
«Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздеріне қарамастан жетім
мәселесі күрделеніп келе жатқаны жасырын емес.
Ф.Оңғарсынова «Жетімнің монологы» Орындайтын: Қуат Арай
Атаң болса, анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Өкпе – бауыр, жүрегің. Көрініс. «Қарттар үйі»
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтын: Дастан Мөлдір, Таубаева Салтанат,
Рахметуллақызы Мадина
Қазақта «Жақсыдан – шарапат, жаманнан кесапат» деген мақал бар.
Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді.
Шарапатты іс жасау кезкелген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек
адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана
жасайды.
Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап,
қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен
жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай
армандаған кемел адам:
Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы
Алыстан сәлем береді
Әдепті елдің баласы.
Бейнеролик. «Өзіңнен баста»
Оқушы: Қайырымдылық – асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз
рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бірбіріне мейірімді,
қайырымды болуға үндейді.
Оқушы: Рамазан айы – мейірімділік, қайырымдылық айы. Бұл айда
мұсылмандар пітір таратады.
Бірбіріне қолынан келгенше
қайырымдылық жасайды.
Оқушы: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі –
надандық, екінші – залымдық, үшінші – еріншектік» деп Абай атамыз
айтқан екен. Міне, осы үш нәрседен бойымызды аулақ ұстайық.
Оқушы:
Кісіге адамшылық не керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұтып жемек.
Мейірім – жақсы, залымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп. Жан ашып, ешбір жанға жәрдем қылмай,
Өткен адам – өсіпөсіп құлаған бір бәйтерек.
(Ш.Құдайбердиев)
Оқушы: Өмірде еш өкініш болмасын,
Имандылық босын сенің жолдасың.
Оқушы: Бірбірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен
ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Атабабаларымыздан қалған
асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қояр ма
екен?
Қорытынды. Мұғалім: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты! деп ақын ағамыз
айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз
сарқылмасын!
қол ұшымызды созып,
қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне
жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық
азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер
қамқорлығымызды аямалық ағайын!
Аялы алақанымызды,
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Қайырымдылық – адам жанының нұры
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.