"Алақай ,Ақшақар келді"
Оценка 4.9

"Алақай ,Ақшақар келді"

Оценка 4.9
Домашнее обучение
docx
воспитательная работа
Детсад
24.02.2019
"Алақай ,Ақшақар келді"
дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің максималды кӛлеміне деген талаптарды анықтап берді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны: - тақырыптар негізінде құрастырылған болашақ даму жоспары; - бір аптаға арналған циклограмма; - балалардың икемділіктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалайтын индикаторлар жүйесін ендіру арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінің педагогтары, мамандары мен қызметкерлері меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республикасының «Білім ала отырып, ӛз іс-әрекеттерін жүзеге асырады.Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына туралы» Заңы мен басқа да білім
алакай акшакар келди.docx
«Алақай, Ақшақар келді!» (Балалар музыка әуенімен залға келеді.) Тәрбиеші:  Төгіліп көк жүзінен ақшақарды, Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды. Мен келдім есіктерді ашыңдар деп, Жаңа жыл күллі әлемге жар салды. ­ Жаңа жыл мерекесі құтты болсын балалар! Балалар қараңдаршы ортада  тұрған не? Тәрбиеші:  (Балалардың назарын шыршаға аударту.) ­ Ой, балалар! Мына шырша түбінде бір аю ұйықтап жатыр. (Балалар таңданып қарайды.) Тәрбиеші:  ­ Балалар, бәріміз аюды оятып тұрғызайық. Ойын: «Аюдың апаны» Әне аюдың апаны (көрсетеді) Жатыр онда дәу аю. (қолдарын жоғары көтереді) Жайлап барып қасына (жайлап жүреді) Оятайық аюды. (барып түртеді) (Аю керіліп оянады.) Аю:   ­ Сәлеметсіздер ме балалар!  (Балалар амандасады.) Мен сендерді күтіп  жатып ұйықтап кетіппін, келгендерің қандай жақсы болды. Тәрбиеші:  ­ Біз шырша жанына жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік. Аю:   ­ Ендеше не тұрыс, шырша шамын жағып, жаңа жыл мерекесін тойлайық. Тәрбиеші:  ­ Балалар, шырша шамын қалай жағамыз, кім жағады шыршамыздың шамын? (Музыка әуенімен Ақшақар келеді.) Тәрбиеші:  ­ «Алақай Ақшақар келді, Ақшақар келді!» Ақшақар:  ­ Сәлеметсіздер ме балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мен сендерге  шырша шамын жағып, жаңа жыл мерекесін бірге тойлауға келдім.  Міне біздің шыршамыз,  қандай әсем, түрлі­түсті шарлары, қане шырша бір, екі, үш  шамдарыңды жарқырат!  Тәрбиеші:   (Шырша шамы жанады.) ­ Кел, балалар енді осы әсем шыршамызды айналып, жаңа жылды әсем әнмен  қарсы алайық. Ән «Жаңа жыл» Ғажайып сәт Қоян келеді. Жан­жағына қарап, біреуді іздегендей болады. Қоян:  ­ Сәлеметсіздер ме балалар! Мына жерде не болып жатыр? Балалар:  ­ Жаңа жыл мерекесі болып жатыр  Қоян (мұңайып): ­ Балалар, мен өзімнің кішкентай көжектерімді жоғалтып алдым. Сендер  көрмедіңіздер ме?  Балалар: ­ Сенің  көжектерің біздің ортамызда жүр. (Анель, Жанель)                             (Көжектерді ортаға алып шығады.) Қоян (қуанып): ­ Менің көжектерім осында екен ғой! Келіңдер балалар, көжектерім бәріміз  қосылып би билейік.  Би  «Кел көжегім қолың соқ!» (Балалар көжектерді ортаға алып билейді.)    Тәрбиеші:   Кел, көжегім билей ғой, Сұр көжегім билей ғой Міне былай билей ғой,  Міне былай билей ғой (айналады) Кел көжегім қолың соқ, Сұр көжегім қолың соқ. Міне былай қолың соқ, Міне былай қолың соқ (қол соғады) Кел, көжегім топ­топ бас, Сұр көжегім топ­топ бас. Міне былай топ­топ бас, Міне былай топ­топ бас. Қоян:  ­ Жарайсыңдар балалар, сендер менің көжектеріме билеуді үйреттіңдер! Түлкі (бұлаң­бұлаң етіп): ­ Мен түлкімін, түлкімін Әндетіп түлкі келеді. Біреулерге күлкімін. Кейбіреуді алдаймын, Екіншісін арбаймын. Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер бүгін сондай әдемі,  көңілді болып жүрсіңдер ғой, бұл жерде не болып жатыр? Тәрбиеші:  ­ Біздің балалар жаңа жыл мерекесін тойлап, ән айтып, би билеп, ойын­сауық  құрып жатырмыз. Түлкі: ­ Менде ойын ойнағым келеді  Ойын: «Түлкі мен қояндар» Түлкі: ­ Түлкі, түлкі, түлкімін, Тұла бойым күлкімін. Міне үшкір тұмсығым, Бұлаң­бұлаң құйрығым. (Балалар түлкімен бірге қимыл­қозғалыс жасайды.) Қояндар (балалар): Ойнақтаған ор қоян, Түлкіні көріп орманда Орғып, орғып секірді Бұтаға барып тығылды. (Балалар тығылып қалады.)  (Түлкі қояндарды іздейді, таба алмайды.) Түлкі (қолын шошайтып): Тәрбиеші:  ­ Қап бәлем, қояндар, мен сендерді келесі жолы міндетті түрде табамын. ­ Жарайды түлкі, оған бола сен ренжіме, кел одан да жаңа жылды біздің  балалармен бірге тойла. Балалар! Жаңа жылдық мерекемізді қыздыру үшін  кім жетіспейді? Тәрбиеші:  ­ Ендеше не тұрыс? Аяз атаны шақырайық. Кәне бәріміз бірге, «Аяз ата  (Аяз ата.)  аууу...» деп айқайлап шақырайық (Дауыстап шақырады.)   Малика: Аяз ата, аяз ата Сені күтіп жүрдік біз. Томпаң қағып, арқаланып. Келеріңді білдік біз. Арсен:  Сағындым аяз атаны, Оралды міне тағыда Билеп өлең айтамыз, Бізге сыйлық береді. Аяулым: Тамаша, тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы,  Көз тоймайды қараса. Аяз ата: ­ Жарайсыңдар балалар! Жаңа жыл туралы, мен туралы әдемі тақпақтар  айттыңдар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Тондырам» Аяз ата: ­ Балалар, мен сендерге ризамын. Мереке күнінде менің көңіл­күйімді  көтеріп, жақсы ән, әдемі тақпақ, көңілді ойын ойнадық. Менің де қайтар  уақытым болды. Мына әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңдар.  (Жан­жағына қарап, сыйлықтарды іздей бастайды.) ­ Ой балалар, менің сыйлықтарым қайда қалды екен? Ақшақар қызым, менің  балаларға әкелген сыйлықтарымды іздеп тауып берші. (Ақшақар сыйлықты іздей бастайды. Оған қоян мен түлкі, аю көмектеседі.) Қоян мен түлкі (қуанып):  ­ Ата, ата! Сыйлықтарыңды таптық! (көтеріп алып келіп, аяз атаға береді. Аяз ата сыйлықтарды балаларға береді.) Аяз ата: ­ Сау болыңдар балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, амандықта  кездесейік. Өзіммен бірге Ақшақарды да ала кетейін! Аяз ата: ­ Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар! Сыйлықтарыңызға көп рахмет. Балалар: ­ Сау болыңыздар, рахмет! Жүргізуші: ­ «Айналайын» тобының балаларына арналған ертеңгілік осымен аяқталды.  Балалар, жаңа жыл мерекесі ұнады ма? (ұнады) Ендеше, Аяз ата мен Ақшақардың берген сыйлықтарын алып, тобымызға  қайтайық!

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"

"Алақай ,Ақшақар келді"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2019