"Қуыршақ театры"
Оценка 4.7

"Қуыршақ театры"

Оценка 4.7
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
24.02.2019
"Қуыршақ театры"
дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің максималды кӛлеміне деген талаптарды анықтап берді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны: - тақырыптар негізінде құрастырылған болашақ даму жоспары; - бір аптаға арналған циклограмма; - балалардың икемділіктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалайтын индикаторлар жүйесін ендіру арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінің педагогтары, мамандары мен қызметкерлері меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республикасының «Білім ала отырып, ӛз іс-әрекеттерін жүзеге асырады.Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына туралы» Заңы мен басқа да білім
қуыршақ театры.docx
Тақырыбы: «Қойшы ,Аю және түлкі» ертегісі   Мақсаты: Ертегі бүлдіршіндердің ана тіліміздің асыл нәрімен сусындатып,  сөз байлығын игеруге жетелейді. Қоғамның әлеуметтік мәнін түсініп, өмірді  танытады, ойлы көзбен қарауға үйретеді. Оларды еңбекке, ерлікке,  адамгершілікке, тамаша мінез­құлық пен тәртіпке баулиды. Сонымен бірге  шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, оларға тәрбие беру міндетін  де орындайды және балалардың шығармашылық қабілетін дамытады. Көрнекілігі: Қуаршақ театр ширмасы,түрлі аңдардың кейіпкерлері. Барысы:  Кіріспе.Құрметті қызметкерлер мен бүлдіршіндер баршаңызды  қайырымдылық айымен шын жүрегіммен құттықтаймын.Дендеріңізге  саулық,отбасыларыңызға амандық,бүлдіршіндеріміз аман­есен өсіп, дос  болыңыздар дегім келеді. Қайырымдылық айлығы болғандықтан бүлдіршіндерге қуыршақ театрын  ұсынғым келеді. Баршанызды«Қойшы,Аю және түлкі»ертегісін тамашалауға  шақырамын. Ертегі: Автор: Ерте ,ерте ,ерте де баяғы бір заманда бір қойшы қой бағып жүрсе,бір түлкіні  бір аю қуып келеді екен.Түлкі бір тамға кіреді .Аю да тамға кіремін дегенде  тар тесігіне кеудесі сыйып,бөксесі сыймай қалады.Ал,түлкі болса,басқа бір  тесігінен жылт етіп шығып,айналып,есікке жақындайды.Есіктен не әрі ,не бері  шыға алмай ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап,күліп кетеді.Оны қойшы көріп  тұрады.Аю әрен дегенде қайта шығып,жан­жағына қарайды.Болған жайды  бақылап тұрған қойшыны көреді. Қойшыға жақындап келіп,Аю: ­Е,қойшы сен не көрдің?­деп ақырады. Қойшы қорқып кетеді. ­Ойбай,мен ештене көрген жоқпын деп жауап береді. Аю: ­Жарайды. «Көргенінді айтсаң өлесің»дейді де кетіп қалады. Автор:Қойшы қойларын айдап ауылына қайтады.ауылына келген соң  кездескен адамдардың бәріне айтады. ауылдағы бала шаға оқиғаны өлең қылып күліп жүреді.Осы өсекті естіген  аю,ыза болып қойшыны іздейді.Қой бағып жүрген қойшыны тауып алады. Аю: ­Ештеңе көрмедім,ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді сөзінде тұрмағаның ұшін мен сені жеймін­деп ақырады. Қойшы жалынып: ­Маған үш күн рұқсат бер,үй ішіммен,ағайын­туыспен қоштасайын деп  сұрайды. Аю: ­Жарайды.Үш күнге рұқсат берейін деп кетіп қалады. Автор:Қойшы қоштаса бастайды.Қойшы екі күн үй­ішімен  қоштасып,уәделескен күніне бір күн қалғанда далада істеген ісіне өкініп  жылап отырады.Осы кезде қасына түлкі келеді. Түлкі: ­Е,қойшым неге жылап отырсың? Қойшы: Сенің кесіріннен өлетін болдым,­деп жауап береді. Түлкі: Е,үндеме саған көмектесейін . Аюдан құтылудың амалын табайын .Ал,енді маған ақылыма не бересің ?­дейді. Түлкі: ­Егер мен сені аюдан құтқарсам сен маған өзіңнің бір бұйрегінді бересің бе­ дейді. Автор:Қойшы қатты сасып,қипақтап ,қиналып бірақ басқа амалы  болмағандықтан. Қойшы:­Мейлі берейін.­деп келіседі. ­Сонда түлкі қойшыға: ­Аулыңа барып,демал ертең уәделескен жерге кел де,аюды күт.Аю келгенде  анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрап: Анау неткен шаң?­деп сонда сен: «Ол ханның баласы әйелі аюдың  жүрегіне жерік болып,соны іздеп жүр «де аю қорыққанынан қашып кетер­ дейді. Автор:Екеуі уәделесіп екі жаққа тарасады.Келесі күні қойшы уәделескен  жеріне келеді.Осы кезде басы салбырап қойшы келе жатады.Аю да келеді. ­Екеуі кездесе берген де ,аю алыстан бұрқырап шығып жатқан шаңды көреді. Аю: ­Қойшым анау бұрқыраған не шаң?­  Қойшы : ­Е,ол ханның баласы гой.Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып,соны іздеп келеді дейді.Естіген аю ,қорқып кетіп ,қойшыға жалынып: ­Ойбай,қойшым онда мен тезірек қашайын.Тек сен мені көргеніңде айтпа,­деп  қаша жөнеледі. Автор:Осы жайды алыстан бақылап тұрған түлкі,аю қаша жөнелісімен  қойшының қасына жетіп келеді. ­Түлкі қуланып қойшыға келіп: ­Қойшым ,мен саған көмектестім.Енді сен уәденде тұр.Маған бір бұйрегіңді  бересің. Автор:Қойшы қипақтап ,жыламсырап,шапаның белбеуін шеше бастайды.Осы  кезде үш күн бойы жөнді тамақ ішпеген ,жөнді ұйықтай алмаған қойшының іші шырылдайды.Бұл шырылды естіп қалған түлкі құлағын тіге қойып, Түлкі: ­О,не қыңсылаған? Автор:Сол кезде қойшы: ­Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім.Сол енді үлкен тазы  болып,ішімнен шығайын деп,қыңсылып жатыр­дейді. Түлкі шошып кетіп: ­ Ойбай,қойшым ендіше дос болайық.Тазы шығып кетпесін мен қашайын  Автор:деп алды­артына қарамай қаша жөнеледі.Түлкіден қулық үйренген  қойшы басына түскен ауыртпалықтан осылай құтылады.Қойшы қойларын  айдап шәйт ,шәйт,шәйт деп жайына қайтады.   ­Рахмет зейін қойып назар аударғандарыңызға,бұл қуыршақ театрын қою  мақсатым.Бұл ертегідегі әр түрлі кейіпкерлердің жағымды ,жағымсыз  әсерлері бар екенің байқадыңыздар.Баршамыз жақсы кейіпкерлерге  еліктеуіміз керек.Жаманнан жейреніп ,адал болуға,әсем сөйлеуге үйренуіміз  керек. Ертегілер еліне сапар шегу арқылы қызмет алушылар  қиялдау,  елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Ертегі кейіпкерімен  бірге қуану, қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің,  жақын адамдардың  көңіл күйін байқай бастайды. ­Оларда адамгершілік сезім, қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды.Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын сезімін ояту арқылы достық, адалдық қасиеттерге тәрбиелеу болып саналады.

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"

"Қуыршақ театры"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2019