Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"
Оценка 4.8

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
20.02.2019
Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары ментәрбиешілеріне арналған мерекелік іс-шара .Бұл ертеңгілітер көптеген материалдар салынған.Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктер .Аяз ата мен ақша қарды қарсылау,ескі жыл мен жаңа жылды қарсылау.Балалардың тақпақтары мен ән мен билері көріністері барлығы жинақталып берілген.Педагогтарға іске сәт тілеймін.
Берекелі-Жаңа жыл.docx
Тақырыбы: «Берекелі­Жаңа жыл»    Мақсаты:балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп,жаңа жылды  татулықпен,достықпен,бірлікпен өткізуге баулу.Жаңа жылда барлық  бойларында бар өнерлерін ортаға салуға үйрету.Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру.Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,балалардың  Аяз атаның,Ақшақардың,басқа да ертегі кейіпкерлерінің киімдеріне назар  аударту.Көңілді ойындар ойнату,достық қарым­қатынас ояту,бірлескен  ойындар ойнату. (Жаңа жыл әуенімен билеп екі­екіден залға кіріп,кейін орындарына  отыру.) 1.Жүргізуші: Құрметті ата­аналар,аяулы тәрбиешілер және біздің  сүйкімді бүлдіршіндеріміз! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен  құттықтаймын.Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен толағай  табыс мол болсын!Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік  серік болып,отбасыңызға баянды бақыт пен бақ­ береке келсін!Жаңа 2019  жыл мерекелі,берекелі болып,мерейіңіз үстем,беделіңіз биік,абыройыңыз  асқақ ,бүлдіршіндерімізге  амандық тілеймін. Жаңа 2019 жылың жаңа нұр ала келсін. Қуанышқа құшағың толы берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде                                 Қимас шақтың бірі боп қала берсін!­дей келе  Жаңа жыл мерекесіне арналған «Берекелі­Жаңа жыл!»атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 2.Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,балалар!Сендер бүгін сәнді киініп,әдемі  болып кетіпсіңдер.Қандай керемет бүгінгі кешімізде ертегі кейіпкерлері  мен сантаклаустар және әдемі ақшақарларымыз да бар екен.Ал,бүгін  қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! 1.Жүргізуші: Құрметті қонақтар жүрекке жылылық ұялатар келесі  жаңа жылдық құттықтау сөзді балабақшамыздың білікті меңгерушісі  Хасанова Фарзия Аскарқызына береміз. 2.Жүргізуші:Балалар бүгін біз  Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға  жиналдық.Келіңдер,сән құрап тұрып ,қол ұстасып жүріп ән салайық. Ән: «Жаңа жыл» Балалар ортамыздағы  жарқырап тұрған не нәрсе? Балалар: Шырша 1.Жүргізуші: Жарайсыңдар ,(шыршаның жанына жақындап  келіп)бәрекелді,қараңдар балалар,шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар!Сыйлық алу қандай тамаша,келіңдер,балалар, ашып көрейік. (көңілді муз.ойнайды,қорапты ашады,оның ішінен Клоун атып шығады.) Клоун:Амансыңдар ма,балалар!Иә,бұл менмің.Мені ораудан алып  шыққандарың қандай жақсы болды!Ол жерде тар,әрі қап­қараңғы.Ал  мұнда сондай тамаша екен!Біз мұнда жай отырып үшін емес,ән айтып,би  билеуге келдік.Сондықтан көңіл көтерейік. Балалар  қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі!Қараңдар айнала неткен  керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар  екен.Бырақ ....,шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның  көмегімен,сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Балалар:Қуант,бізді,таңырқат.                Шамдарыңды жарқырат!3 рет. 2.Жүргізуші: Қуанышпен келдіңіз бе ,Жаңа жыл!                         Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.                         Есік ашық,дастарқаным жаюлы,                         Қарсы алуға не керектің бәрі әзір­дей келе ортаға мың  бұралған биші қыздарымызды шақырамыз. Би «Кавказ қыздары» 1.Жүргізуші: О,халайық,жараңдар.                           Қилы –қилы заман бар.                          Жылы әне жылыстап,                         Кетіп барады қараңдар.                         О,халайық,халайық.                         Қош айтысып қалайық! Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған. Ит жылын  шығарып салайық. ИТ: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2019 жылы қадам басқан Гүлденіп көркейе бер,Қазақстан! Келесі жыл бастауын Доңызға беремін.(Доңыз Сахнаға шығады.) 2.Жүргізуші:Ар бол,Жаңа жыл! Бар бол,Жаңа жыл. Қадамың құтты болсын,Жаңа жыл. Бейбітшілік жылы бол,Жаңа жыл. Құт­береке жылы бол,Жаңа жыл. Доңыз:Сәлеметсіздер ме?Кешіккен жоқпын ба?Мен сондай  асықтым,сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Сондықтар  тез келдім. Доңыз:Мен тағы бір қонақпын Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақ ниет. Сіздерге мың рахмет. Барлығы: Қош бол, Ит жылы ,Қош бол! 1.Жүргізуші:Жаңа жыл қош келдіңіз ,құтты жыл болыңыз.Ал балалар  енді бізге жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді? Балалар: Аяз ата,Ақша қар. 2.Жүргізуші: Кәне,онда Аязатаны шақырайық.Бар дауыспен айқайлайық. Балалар:Аяз ата,Ақша қар(деп 2 рет айқайлайды) (Әуенмен бірге ат шанаға мініп Аяз ата,ақшақар келеді) Аяз ата: Құтты болсын,балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз,ұлдарым Өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді беріп ем Ойларың мен бойларыңда Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал,мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар  ма?    Балалар: Аяз ата! Ақшақар­Сәлеметсіңдер ме,балалар.Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармен арайлы Жалт­жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін,жырмын,тақпақпын.                                                                                     1.Жүргізуші: Қош келдіңіздер,баршаңызда,алыс жолдан келдіңіздер. Әсем әні де,биі де бар Отыр ата,сәл дем ал. Ән: «Аяз ата» Хоровод 2.Жүргізуші:Жаңа жылда балалар,тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан,мықты болу өзіңннен, Ал балалар тақпақтарыңды  айтып сыйлықтарыңды алыңдар. Тақпақтар: 1.Аяз ата келіп тұр Бізге сәлем беріп тұр Сақалының ұзын­ ай, Кесіп алсаң шіркін­ ай. 2.Аспан жерге төгілді         Ақ күмісін ұсынып.   Жаңа жылда келді Бізге қарай жылыстап (Сәбина) 4.Жаңа жылды қарсы  (Айжан) 3.Әдемілеп біз ілген, алдық Ойыншықтар тізілген. Қандай әсем шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз.              (Балжан) 6.Бақша іші мереке 5.Қалып едік сағынып, Күтіп алдық жабылып. Ойын күлкі асқақ ән Шыршаларға шам іліп                                                 Жақсы әпкелер жаңа  кеп (Санжар.Тимур)    Менде бүгін ән салдым     Араластым биге де Мерекені бастаған (Айнара) (Сұлтан) 8.Аяз ата ойды  7.Тілеймін мен бар әлемге қырды Дос көп болсын жаңа­жыл                                         Аралап жүр түгел  шолып Ата­әже,әке­шеше                                                   Қарсы алғалы жаңа  жылды Құтты болсын жаңа жыл                 (Нұрали) 9.Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны 10.Қайда қызық болсадуман        Аяз ата сонда болды. Ол да көптің бірі болып (Аляр) Той маскарад басталды Аяз оны басқарды (Ақкенже) (Айзере Қуанышова) 12.Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып (Жанерке) 11.Ақ қырауға малынған Сақалы да мұрты да Аяз ата салынған Сәлем берді жұртына            (Райхан) 13.Жасыл тілек жамылған Асыл моншақ тағылған Міне сұлу шыршамыз Көптен күтім сағынған         (Мадияр)                                                                          (Әмірхан) 15.Жаңа,жаңа ,жаңа жыл     Жаңа жылда жаңа нұр 14.Тамаша,тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса (Ерқанат) 16.Жаңа жыл,жаңа жыл      Сені күттім елеңдеп        Өзіңменен ілісіп Аяз ата келер деп (Мейірім) (Нұртас) 20.Жасыл шырша  18.Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады Жылтырап жатады. 17.Той,мереке,салтанат Думандатты шартарап Келді,міне жаңа жыл Тартуларын арқалап             (Руслан) 19.Жаңа жылға сәніміз орманнан Біздің айтар әніміз Келдің бе аман алыстан Сәлем,Аяз атамыз.        (Аслан) 21.Оралдық өлкеме                                               22.Дедушка Мороз­красивый, Жаңа жыл армысың милый, Оранды ақ көрпе Асқартау қарлы шың         (Роллан) 23.Веселится весь народ Бізге арнайы келіпті Ойыншығын балалар Шыршаға әсем іліпті      Он приходит в каждый дом, Очень добрый,очень  Зажигает елку в нем!   (Нурсұлтан) 24.Мы закружем  хоровод  (Темірлан) Это праздник Новый год!                                   Дружно встретим   Новый  год                         Будем петь и танцевать                                          Чтобы дедушка мороз Будет елочка сиять!                                               Нам подарки всем принес.       (Нурлат) 25.Раз,два,тричетыре,пять, Мороз, Будем все танцевать                                                  Мне мешок конфет  принес Ведь сегодня­Новый год                                                Будем петь и  танцевать, Дедушка Мороз придет                                          Будем Новый год  встречать! 26.А за елкой Дед  (Рамзан) (Ерген) (Ералы) Ярко огоньки сверкают Наму елку украшает Ждали мы тебя весь  27. Дед мороз придет                                                    28.Новый год!Новый  год! Всем подарки принесет год Ему стижок раскажем Вокруг елочки запляшем!                     (Айзере)                                                                                (Хор) 1.Жүргізуші:Әуелді әніміз, Жаңа кірді сәніміз, Ақшақарды ортаға алып . Би билейік бәріміз. Би: « Қуыршақтар» ортаға «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін  шақырамыз. 2.Жүргізуші:Келіңдер жас ұландар, Ертегімді тыңдандар. Ертегімде сан қилы  Қызық­қызық сырлар бар.  Соныменен,балалар. Жаңа жылға арналған Ертегіні көріңдер Шын бағасын беріңдер. Ертегі «Түлкі бикеш пен Қасқыр» ертегісі. Автор:Ертеде шал мен кемпір болыпты.балалары жоқ, екеуі ғана өмір  сүріпті. Бір күні шал: ­Кемпір,бүгін бәліш пісір,ал мен біраз балық аулап келейін,деп киіне  бастайды. Автор:Сыртқа шығып ,шананы атқа ерттеп,балық аулауға кетеді.Түс  қайта аулаған балықтарын шанаға тиеп,үйіне қайтады.Жолда өтірік өліп жатқан қу түлкіні көреді. Қуанып кеткен шал: Шал:­Міне,олжа!Кемпіріме апарып берейін,тонына жаға болар,­деп  ойлайды. Автор:Жерге түсіп ,түлкіні балық толы шанаға көтеріп жатқызып,өзі  атын жетектеп ,үйіне қарай аяңдайды. Ал бұл кезде түлкі уақытын босқа жоғалтпай ,балықтарды біртіндеп  ,жол­жөнекей шанадан тастап отырады.Қулықпен тапқан олжасын  түгел лақтырып болған соң,өзі де түсіп қалады. Үйіне жеткен шал: ­Шал:­Кемпір­ау,бері келші.Саған әкелген сыйлығым бар,­дейді. Кемпір:­Кәне,ол қандай сыйлық?­деп сұрайды кемпір. Шал:­Әне ,үйілген балықтардың үстіне тоңына әдемі жаға жатыр. Автор: Бос шананы көрген кемпір ашуланып: Кемпір:Қу шал мені алдамақшы болдыңба?­деп шалдың жер жебіріне  жетіп ,айқайға басады. Автор:Балықтың да,түлкінің де жоқ екенін көрген шал алданғанын  біледі.Өкініштен санын ұрғылап қалады. Бұл кезде қу түлкі балықтарды бір жерге жинап ,рахаттанып  жеп  отырған.Оны аш қасқыр көріп,қасына келеді. Қасқыр:­Амансыңба,түлкі жан! ­Түлкі­Аман,аман қасқыр аға. Қасқыр:­Балығыңнан маған  да берсеңші. Түлкі:­Жоқ ,бере алмаймын.Өзің аула да,жей бер! Қасқыр:­Мен аулауды білмеймін. Түлкі:­Оның еш қиындығы жоқ.Өзеннің ортасына барып,мұзды ойып  ал.Сол жерге құйрығынды сал да: «Қармаққа ілінші,үлкені мен  кішісі»десең болды,балықтар өздігінен құйрығыңа жармасады.Міне  осылай құйрығынды балықтармен бірге суырып аласың.Тек ол үшін ұзақ  отыру керек,­дей­ді түлкі қуанып. Автор: Аңқау қасқыр түлкінің айтқанын екі етпей орындайды.Өзенге  барып,мұзды ояды.Құйрығын суға салып. ­Қармаққа ілінші,қармаққа ілінші,кішісі­деп қаййта­қайталап отырады. Қасқырдың соңына түлкі де жетеді.Сыртынан бақылап отырған ол: ­Түлкі: Отыр,отыр,құйрығын мұз болып қатсың,бұйрығым!­дейді. Автор:Түлкінің сөзін шала естіген қасқыр: ­Қасқыр: Түлкіжан бірдеңе дедің ба?­деп сұрайды. Түлкі:Жо­жоқ.Мен жәй саған көмектесіп жатырмын да,­дейді  ­Автор:Осылайша қасқыр түні бойы тапжылмай,балық аулап отыра  береді.Судағы құйрығы қатып,ауырлаған сайын «балықтар екен»деп  ойлайды.Не болсада шыдап құйрығын мол балықпен шығармақшы. Таң бозарып ата бастаған кезде  қасқыр қой тұрайын деп ойықтан  құйрығын тартады.Құйрығы алынбайды.ашуға булығып құйрығын жұлып  алады. Қасқыр: Қап бәлем түлкі қолыма түссен оңдырмаймын дейді. Автор: Ал түлкі болса ауылдағы үйлерге кіріп тамақтарын жеп ,пештің  үстінде тұрған қамырға басын сұғып өзі қорқып қаша жөнеледі. Қашып бара жатқан түлкінің алдынан ,Қасқыр шығады. Қасқыр : Ал түлкі иманынды үйіре бар дейді. Түлкі: Қасеке мен де аз қиналған жоқпын басымды көрдің бе миым  шайқалды басым ауырып  тұр дейді. Автор:Ал қасқыр өзінің құйрығын ұмытып кетті.Сенікі менікінен де қиын  болған екен.Жарайды кешірейін дейді.Сөйтіп екеуі қол ұстасып кете  береді. 1.Жүргізуші:Жаңа жылым жол болсын Басқан қадам оң болсын  Төрлет,төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын Пародия « Шоколадный заяц»Тимур Санжарды ортаға шақырамыз. 2.Жүргізуші:  Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар, Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар Әнші қыздар ән салғанда беу шіркін, Жымындайды аспандағы жұлдыздар!­деп кезекті әсем әнге береміз. Ортаға Есентаева Айзерені «Жасыл шырша жанында»әнімен ортаға  шақырамыз. 1.Жүргізуші: Тілейміз біз сіздерге Жаңа бақыт мол табыс Тілейміз біз сіздерге Күміс күлкі,зор қуаныш Көңілді өтсін осы жыл Құтты болсын жаңа жыл! Би «Алға Қазақстан» бүлдіршіндердің биін  тамашалауға шақырамыз. 2.Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Біздің жаңа жыл мерекесіне арналған  ертеңгілігіміз аяқталды.Тамашалағандарыңызға көп рахмет.Жаңа жыл  сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, Ой­мақсаттар жүзеге асатын, Арман­үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық,молшылық пен бақыт тілейміз. Доңыз жылы құтты жыл болсын.Қош сау болыңыздар. Казталов ауданының білім беру бөлімінің «Ақбота»бөбекжайы  МКҚК МЕРЕКЕЛІК ІС­ШАРА ТАҚЫРЫБЫ:«БЕРЕКЕЛІ­ЖАҢА ЖЫЛ» 2018 желтоқсан айы

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"

Ертеңгілік "Берекелі - Жаңа жыл"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.02.2019