"Күз молшылық берекем"
Оценка 4.8

"Күз молшылық берекем"

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
24.02.2019
"Күз молшылық берекем"
дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің максималды кӛлеміне деген талаптарды анықтап берді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны: - тақырыптар негізінде құрастырылған болашақ даму жоспары; - бір аптаға арналған циклограмма; - балалардың икемділіктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалайтын индикаторлар жүйесін ендіру арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлерінің педагогтары, мамандары мен қызметкерлері меншік түріне қарамастан, Қазақстан Республикасының «Білім ала отырып, ӛз іс-әрекеттерін жүзеге асырады.Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына туралы» Заңы мен басқа да білім
куз сценарий.docx
Тақырыбы: «Күз мереке молшылық» Мақсаты:  Күз   мезгілі   туралы   түсінік   беру.   Күз   мезгілінің   ерекшелігіне   тоқталып,   табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Жүргізуші:  Құрметті ата­аналар, қонақтар бүгінгі «Күз мереке молшылық» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ортаға бүлдіршіндерімізді қошеметпен шақырайық!  (музыка әуенімен балалар келеді) Жүргізуші: Сары жібек көйлегімен желбіретіп, Жапырағын ағаштың селдіретіп. Тойға бөлеп елімді күзім келіп, Нұр тамшысын аспаннан мөлдіретіп. Міне балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын алтын күз де келіп жетті. Ендеше осы алтын күзге арнап әсем әнімізді айтайық. ӘН: «Күз жомарт» Жүргізуші: Ат қойып, айдар таққандай,                      Осы бір мезгіл шақ қандай.                      Ойланып көрген әр бала,                      Жауабын өзі тапқандай. Кезекті тақпақ айтуға береміз. Ортаға Сұлтан,Рамзан,Айнара,Айжан,Сабина,Нұртас Рамзан: Күз де келді, күз келді,  Күдерін жаз үзгенді.  Күзде келді, күз келді  Көкте бұлттар жүзді енді. Айнара: Қыстың жақын қалғанын,             Жапырақтар білгендей.             Желмен ұшып барады,             Жерге қонып үлгермей. Айжан: Күн шуаққа маужырап,              Жатыр еді атырап.              Күзгі бақта күлімдеп              Көз тартады атырап. Сұлтан:     Алтын сары, қызыл көк,             Алуан, алуан жапырақ.             Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Сабина: Жайдарлы күз, жарқын күз,                    Аяулы күз, алтын күз.                    Береке бақ дарыған                    Жомарт көңіл, жарқын күз. Айжан:      Түрлі­түсті бояуын             Жер бетіне кестелеп             Күз келгенде егінші             Егін жинар дестелеп. Нұртас: Қыры толы егіске                Бағы толы жеміске.                Елді сыйға кенелтті                Қолы ашық періште. Жүргізуші: Жапқандай жапырағымен біздерді,                      Қуантып байлығымен біздерді.                      Бір тойдырып қуанту үшін елімізді.                      Сабырлы сары алтын күз келді. (Күз ханшайымы кіреді, қасында үш қыз бар) Күз   ханшайымы:  Сәлеметсіздер   ме   балалар!   Дауыстарың   қандай   әдемі.   Сендер   мен   туралы әндетіп жатырсыңдар ма? (Балалар амандасуда) Жүргізуші: Қош келдіңіз кү ханшайымы! Төрлетіңіз. Күз ханшайымы: Рахмет. Балалар бір жылда менің неше айым бар және қалай аталады? Бүгін мен мерекеге өзімнің «Қыркүйек, қазан, қараша» атты қыздарымды ертіп келдім. (Қыздар бастарын иіп ортаға шығады) Қыркүйек айы                         Күздің осы айында                                                    Алма, алмұрт піседі.                                                    Сыңғырлайды қоңырау,                                                    Өнер білім тойында Қазан айы             Қазан айы басталды,                                Құстар қайта бастады.                                Туыстық, адал достықта                                Алтын күз тойы басталды. Қараша айы                    Соққанмен кейде дауылы,                                            Береке күздің жауыны                                            Сол жауынмен өсіпті                                            Бақшаның қауын қарбызы Жүргізуші: Күз ханшайымының қыздары өте өнерлі екен. Қыздар қош келдіңіздер, ендігі кезекте біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар. ­ Балалар,   алдымен   мына   сұрақтарға   жауап   беріңдерші!   Күз   мезгілінде   табиғатта   қандай өзгерістер болады. (Күн салқындайды, жаңбыр жауады) ­ Өте дұрыс! Мерекелі күз келді, Берекелі күз келді. Би билейік көңілді,  Қуандырып сіздерді. Қыздарымыздың орындауында «Қолшатыр» биі ­ Мерекелі күз келді, Берекелі күз келді. Шаттандырып елімді Ән айтайық бәріміз. Ән: «Күз сыйы» Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өте өнерлі екенсіңдер, мен енді сендермен ойнағым келеді. Ойнайсыңдар ма? Балалар, көкөністер қайда өседі? (жерде) ­ Ал жеміс­жидектер қайда өседі? (ағашта) ­ Олай болса «Не қайда?» деген ойын ойнайық.   Ала шапан киініп, Күз ханшайымы:  Сендер жеміс­жидектер, көкөністер туралы көп біледі екенсіңдер, ендеше мен ортаға көкөністер мен жемістерімді шақырамын. «Жемістер мен көкөністер» биі Балжан:   Теңкейіпті қарбыздар Жесең тілді үйіріп, Сусыныңды қандырып Санжар: Бақ ішінде алмалар Бар жемістен бағалы Көрген адам таңданып Көздің жауын алады. Райхан: Өрік, алма, шие, алма Жидек, жүзім піседі Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз Дүкендерге түседі. Нұрсұлтан: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді Ақкенже: Көктемде егін егетін Күзде жиып беретін. Біздің дала бай дала Алтын астық айдала. Нұрәлі: Күздік алма аламыз, Күннен рахат аламыз. Жұмыр жерден нәр жинап, Жұлдыздай боп жанамыз. Ералы: Астық жеміс жиналады, Қамбамызға құйылды. Ардақты күз мың алғыс Алтын өнім сыйынды. Ерқанат: Жомарт көңіл, жарқын күз, Берекесі елімнің. Қош келіпсің алтын күз, Құт қонағы төрімнің. Айзере: Күн шуаққа маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Санжар: Келді міне жомарт күз, Сары шашты жарқын күз. Мол өнімді ісімен, Таңдандырған халқын күз. Темірлан: Көбейді құт береке, Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз. Тосын жәйт (Сайқымазақ кіреді) ­ Сәлеметсіңдер   ме,   балалар?   Мында   не   болып   жатыр?   Мерекелерің   құтты   болсын,   менде сендермен көңілімді көтергім келеді. (мақтанып) Балалар! Мен фокус көрсете аламын! Жүргізуші: Ондай өнерің болса, балаларға көрсетіп бер! Сайқымазақ: Менің қолымдағы не? (алма) Алма нешеу? (біреу) Бір алма еді, екі алма болды. Фокус көрсетеді: (алмұрт немесе бананды да осылай көрсетеді)  Ойын: «Кім шапшаң?» (Ата­аналарды шақырады, 4 ата­ана шығады) Жүргізуші: Сайқымазақ жарайсың! Біздің қонақтардың, балалардың көңілін көтердің! Сен де балалардың өнерін тамашала! Олай болса қыздарымыздың орындауында  «Жапырақтар» биі  Күз ханшайымы: Балалар, сендер білімді де, өнерлі екенсіңдер, рахмет! Менің де қайтар  уақытым болды. Менің қыздарым сендермен қалсын, өз уақыттары біткесін елге оралар. Ал  мына себеттегі сыйлықтарды сендерге арнап әкелдім. Топтарыңа барғасын аларсыңдар. Сау  болыңдар! (кетеді) Жүргізуші: Күз ханшайымына рахмет айта отырып, бүгінгі мерекемізді әсем әнмен аяқтайық.  Балалардың орындауында ән: «Осень» Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, күзгі мерекеге арналған балаларымыздың күзгі көрмесін  тамашалауға шақырамыз.

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"

"Күз молшылық берекем"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2019