Алғашқы қоңырау
Оценка 4.6

Алғашқы қоңырау

Оценка 4.6
docx
17.02.2022
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау.docx

  1 - қыркүйек – Білім күніне арналған 1 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
2 - жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі құтты болсын!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1 - сынып бүлдіршіндеріне арналады.
2 - жүргізуші:

 Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер Қаршыға Тлеуқызымен ортамызда.
1 - жүргізуші:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін.
2 - жүргізуші: Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.

(Музыка ойналады, ҚР туы орнына тұрған кезде ҚР Әнұраны ойналады).
1 - жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған  салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық.

Мерекелік құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Алмагул Асетовнаға беріледі.

1 - жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіңіз де,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.Келесі құттықтау сөз ауыл әкімі Төлеген Теміржанұлына беріледі.

 Бүгінгі мерекемізге құттықтау әнін арнайтын   
6-сынып оқушысы Ердосова Іңкардың орындауында «Ұстазым» әні

2 - жүргізуші
2021 – 2022  оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі  Назерке Бақытқызына беріледі.

1 - жүргізуші:

Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.

«Біз-өмірдің гүліміз» әдеби-монтаж, ортаға 1- сынып оқушыларын шақырамыз.

2 - жүргізуші:

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын- 1-сынып оқушыларына Әліппе оқулығын тапсыру рәсіміне кезек береміз.

1 - жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата - ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — дей келе құттықтау сөз 1-сынып ата-аналарының атынан Бекетаев Советхан атаға беріледі.
2 - жүргізуші: Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер дегендей. Бата беру рәсіміне Дүйсеков Жеңіс ақсақалды ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:

Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау,
Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.
2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл
- Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі.Қоңырау соғу салтанатына

1-сынып оқушылары: Советханов Бисұлтан, Қымбат Маусымжанды ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші:
30 жыл болды тәуелсіздік тойына,
Елімнің егеменді ел болғанына,
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім - бәрі осында.
Білімге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
1 - жүргізуші:

 Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

 


 

Білім күніне арналған 1 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын

Білім күніне арналған 1 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын

Назерке Бақытқызына беріледі. 1 - жүргізуші: Құт болып алғаш қадамың,

Назерке Бақытқызына беріледі. 1 - жүргізуші: Құт болып алғаш қадамың,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2022