Эссе Алтын адам тәуелсіз Қазақстанның символы
Алтын адам, қазақ халқының рухани-мәдени әлемін қамтиды. Алтын адам біздің түп-тамырымызға жаңаа көзқараспен қарауға жәнеде әлем тарихы үшін тура бір сенсация саналған жаңалық секілді. Иә біз өз төл тарихымызбен қанша мақсансақта аз, ал Алтын адам қазақ халқы тарихының басты феномені.
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Алтын адам феноменін ерекше айта отырып ел болашағының, білім мен ғылымның негізі екенін көрсетіп кетті. Кез келген ел өзінің ғылымы мен төл мәдениетіне үнемі көңіл бөлмей, оны дамытпай өркениетке жете алмайтындығы белгілі. Оның үстіне кейбір аз халықтар, тұтастай бір ұлттар өзіндік төл мәдениетінен, ұлттық болмысынан айырылып қалып отырғаны аз емес. Тәуелсіз Қазақстан үшін Алтын адам ол «тәуелсіздіктің символы». Алтын адамға қарап тұрып ата-бабаларымыздың сонау ғасырлардан бері мәдени мұраларды айнытпай сақтауының және бізге дейін бұзылмай келгені үшін қанша алғыс айтсақта аз. Неліктен Алтын адам Тәуелсіз Қазастан символы болып саналады? деген сұраққа тоқталсақ.
Мемлекеттік рәміздерімізде соның, мемлекеттік туымыза қазақтың ұлттық оюы бейнеленсе, елтаңбамызда қазақтың шаңырағы қақ ортасында көрсетілген. Алматы қаласында елбасының ойымен тәуелсіздіктің 5 жылдығына салынған Тәуелсіздік монументінде осы Алтын адам көрсетіліп тұр. Жалпы қазақ халқы мен оның арғы ата-бабалары дүниежүзілік өркениетке өзіндік лайықты үлесін қосқан өркениетті халық екенімізді тарихымыз әлде қашан дәлелдеді. Тарихшы ғалымдарымыз өркениеттің негізгі үш ерекшелігін былай атайды. Олар: мемлекет, жазу, монументальды архитектура. Қазақ халқы осы үшеуінен де кем емес. Біріншіден, олар ат жалында жүріп-ақ, «басы барды идіріп, тізесі барды бүктіріп» құдіретті тәуелсіз мемлекет құрды, екіншіден, сонау ерте темір-сақ дәуірінен бастап түркі дәуірінде де одан әрі дамытылған төл жазу-сызуы болды, үшіншіден, орта ғасырларда қазақ даласында қалалық мәдениет пен архитектура гүлденіп дамыды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.