«Ана - өмір шуағы»
Оценка 4.9

«Ана - өмір шуағы»

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
воспитательная работа
3 кл
20.05.2017
«Ана - өмір шуағы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмір шуағы» Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту. 2. Балаларды жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға, газеттері, нақыл сөздер, гүлдер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі, қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! Ән: «Ана туралы жыр» 1 –жүргізуші:Ананың сүті – бал, 2 –жүргізуші:Баланың тілі – бал. 1 –жүргізуші ----------------: Күннің шуағы – жылы, 2 –жүргізуші ----------------:Ананың құшағы – жылы. 1 –жүргізуші ----------------:Ана – үйдің берекесі, 2 –жүргізуші ----------------:Бала үйдің – мерекесі. 2 –жүргізуші ----------------:Ана сүтін ақтамағанды, 1 –жүргізуші ----------------:Ешкім мақтамайды. 2 –жүргізуші ----------------:Ана – өмір себуші. 1 –жүргізуші ----------------:Қыз ақылы анадан. 2 –жүргізуші ----------------:Ана жүзі – күлімдеген күн көзі. 1 –жүргізуші --------: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! 2 –жүргізуші ---------: Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін. «Қыздар –ай» тобының орындауында: «Анашым-Анажаным» әні 1 –жүргізуші ------------------: Иә, достар, біздің әніміз аналарымыздың көңілінен шықты деп ойлаймын! Бұл өмірде анаға тең келетін ешкім жоқ. Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. 2 –жүргізуші -------------------: Осындай керемет сөздерден кейін өздерінің жүрекжарды тілектерін өлең жолдарымен білдіруге «Жігіттер» тобын ортаға шақырайық. «Кешір ана» әні. Қабыл алыңыздар. ----Нұрхат--: Өмірде қымбат екен ана деген, Өмірі гүл жаратын баламенен Біздерді ақ гүліндей аялаған, Мен оның жалғасы боп қала берем -----Абылай----: Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған. Анаға бас иеміз! Туған жердің тілі деп, Туған жердің үні деп Анаға бас иеміз! --Батырхан--: Тілейсің аман-есен өскенімді, Сатылап биіктерге көшкенімді. Адаспай өмір атты дәу кеменің, Ескегін ер жігіт боп өскенімді. 1 –жүргізуші ----------------: Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын, Көкжиектен таң сайын асықты Күн. Келді тағы көктемнің мерекесі Дидарыңа шуағын шашып бүгін,- дей келе ортаға биші қыздарымыз Мәдина мен Самалды ортаға шақырамыз. «Ұйғыр биін» қабыл алыңыздар. 2 –жүргізуші --------------: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді. 1 –жүргізуші --------------: Дұрыс айтасың 2 –жүргізуші -------------, анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз бар. 1 –жүргізуші ------------: Иә, өте дұрыс айтылған сөз. Мен толығымен келісемін. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. 2 –жүргізуші -------------: Біз жылдан –жылға өсіп келеміз. Аналарымыз біздердің болашағымызды ойлап қалай уайымға түсетінін сезінесің бе? 1 –жүргізуші -------------: Бізге мұны түсіну қиындау болар. Көзімізбен көрейік. 2 –жүргізуші -------------: Ендеше, «Анашымның уайымы» көрінісін тамашалаңыздар. 1 –жүргізуші -------------: Иә. Аналарымыз бізді ойлап уайымдағаннан жүрегі ауырып, шашы ағарады. 2 –жүргізуші -------------: Ендеше, жүрегін емдейік. 1 –жүргізуші -------------: Қалай емдейміз, біз дәрігер емеспіз ғой. 2 –жүргізуші -------------: Домбырамен емдейміз.. Білесің бе, классикалық музыканың адамға тигізетін пайдасы өте көп емес пе? 1 –жүргізуші --------------: Қандай керемет ой! 2 –жүргізуші ----------------. Ортаға күйші аруымыз Айдананың орындауында «Айжан қыз» күйін қабыл алыңыздар. 2 –жүргізуші -------------: Дүйсенбіден сенбіге дейін анаң қайда болады? 1 –жүргізуші -------------: Әрине, жұмыста, сенің анаң ше? 2 –жүргізуші -------------: Жұмыста. Жұмыстан шаршап үйге келген соң не істейді? 1 –жүргізуші -------------: Шаршамайды. Менің анам бәріне үлгереді. Өз көзіңмен көргің келе ме? 2 –жүргізуші -------------: Әрине. Бірақ, қалай көреміз, мектепте емеспіз бе? 1 –жүргізуші --------------: Ендеше, «Менің анам қандай?» көрінісін бірігіп тамашалайық. /көрініс/ 2 –жүргізуші -------------------: Бауырсақ пісіру, дәмді тағам пісіріп тамақтандыру, уақытында бізді оқыту, ойнату, мектепке жіберу бәрі – бәрі әжемнің еңбегі. 1 –жүргізуші -------------: Еңбегі зор, құрметті әжелер, сіздерге «Асыл әже» өлеңін ұсынамыз. Мұғалім: - Ана-отбасы абыройы, бақыты, тәрбиеші, алтын діңгегі, асыраушысы, ақыл-парасаты, ұрпақ жалғастырушысы. Ана - өмірде алтын ұяң, шуақты күнің, өмір нәрің, әсемдік сұлулығың, мақтанышың, қайнар бұлағың. Ана – мейірбан жылуы мол, жүрегі күн, өмірі шырақ, жаны нұр, тілегі шексіз, алақаны аялы адам. Ана – барлық сый – құрметке лайық адам. Ендеше, құрметті аналар, балаларыңыздың өз қолымен, шын жүрегімен жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар. /сыйлықтарын береді/ 2 –жүргізуші Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді Алтынбек пен Нұрханның орындауында «Анашым» әнімен аяқтаймыз! Қабыл алыңыздар.Тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім бұлағы. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. 2. Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету. 3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар. Сабақтың барысы: Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Кітап туралы ережелер: 1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал. 2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін. 3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады. 4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал. 5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма. 6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады. Ұқыпты оқушы. Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын, Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын Таза болсын беттері - сызылмасын. Көрген кісі кітабы кір демесін. Мақал - мәтел Ақыл азбайды, Білім тозбайды. Артық ғылым кітабы Ерінбей оқып көруге. Жұмбақтар: Қабат - қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. Кітап білім бұлағы, Білім өмір шырағы. „Кітап – сенің досың“ қойылым Тақпақтар: Сен адамзаттың жақын досы! Келмейді сені оқымай көңіл қойшы. Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры, Басылған таңба болып өзіңде осы. Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы. Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді, Келелі күн көз алдыма көп тұрады. Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. Жеткізіп өткендердің өсетін, Шешіліп кейде достай сырласады. Іздегенде табылады, Ғылым жұмбақ, тау сындас. Білім өмір сабағы, Ғұмыр бойы таусылмас. Келесі кезекті тақпаққа береміз. Нақыл сөздер. 1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап. 2. Кітап - құдіреті қару. 3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім. 4. Кітап - өмір ұстазы. Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.
Кітап – білім бұлағы.docx
Тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Кітап – білім бұлағы. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Білімдік танымдарын өмірмен  байланыстыра отырып арттыру. 2. Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету. 3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар. Сабақтың барысы: Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап ­ білім бұлағы», ­ деп бекер айтылмаған  екен. Кітап ­ өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Кітап туралы ережелер: 1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал. 2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін. 3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады. 4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш  жасап ал. 5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма. 6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады. Мақал ­ мәтел Ақыл азбайды,  Білім тозбайды.  Артық ғылым кітабы Ерінбей оқып көруге. Кітап білім бұлағы, Білім өмір шырағы. „Кітап – сенің досың“ қойылым Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы. Ашқанда ­ ақ өткен күнмен беттеріңді, Келелі күн көз алдыма көп тұрады. Іздегенде табылады, Ғылым жұмбақ, тау сындас. Білім өмір сабағы, Ғұмыр бойы таусылмас. Келесі кезекті тақпаққа береміз. Ұқыпты оқушы. Кітап жинап, түптеймін,­ жыртылмасын, Мұқабасын бүктеймін ­ қырқылмасын Таза болсын беттері ­ сызылмасын. Көрген кісі кітабы кір демесін. Жұмбақтар: Қабат ­ қабат қатталған,  Асыл сөзбен апталған.  Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. Тақпақтар: Сен адамзаттың жақын досы! Келмейді сені оқымай көңіл қойшы. Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры, Басылған таңба болып өзіңде осы. Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. Жеткізіп өткендердің өсетін, Шешіліп кейде достай сырласады. Нақыл сөздер. 1. Білімнің қайнар бұлағы ­ кітап. 2. Кітап ­ құдіреті қару. 3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім. 4. Кітап ­ өмір ұстазы. Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді.  Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.

«Ана - өмір шуағы»

«Ана - өмір шуағы»

«Ана - өмір шуағы»

«Ана - өмір шуағы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.05.2017