Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдерінің мерекесі Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақтілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі” деп жазылған.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.«Ана тілі – жүрек үні»
Копия ана тілі жүрек үні.docx
Тақырыбы: «Ана тілі – жүрек үні»
Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдерінің мерекесі Қазақстан
Республикасының Конституциясындағы “Қазақтілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі” деп жазылған.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп
жүрген шетел азаматтары да аз емес.
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес
халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас,
алтай жатады.
Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын
қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық
тарихымен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
Иә, тіл – ұлттың баға жетпес қазынасы. Өйткені тілі жоқ ұлттың ұлт болудан қалары шындық.
Атабабадан мирас болып, ел басынан өткен небір сұм заман, қилы ғұмырдан табаны таймай
қасиетті тіліміз тұғырына қонды, ұзағынан болғай! Бүгінгі күні ел тәуелсіздігінің, азаттығының
кепілі ретінде жылмажыл Тіл мерекесі тойланып келеді.
Осы мерекеге орай мектебімізде .Тіл мерекесі қарсаңында Ана тілі жүрек үні сайтын ашқан
болатынбыз.
Сайтымыздың парақшасын ашып, сабағымызды бастайық.
(Қош келдіңіздер! Смайлик сайттың аты Ана тілі @ mail.ru)
Біздің электронды поштамызға хаттар келіп тұр екен.
ІІ. « Көңілден шыққан көрікті ой» (мәнерлеп оқу)
Оның тапсырмасы мынадай. тілге қатысты ақынжазушылардың өлең шумақтарын жатқа оқу
Қалағандай қиюлап үй тастарын,
Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.
Тіліңніңбілгіңкелсеқұдіретін,
Жұртыңныңоқыөлеңін, жырдастанын.
( Оқушылар мәнерлеп оқиды)
Тағы да электронды поштамызға көз салайық. Бізге хабарлама келіп тұр екен. (Аудиожазба
жүреді).
ІІІ. Абай дана, Абай – дара қазақта .( Аудио жазба) Абайдың қара сөздерін тыңдау
Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың
болашағы жоқ. Қазақ тілі дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын,
кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.
. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге
қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.(Отыз жетінші қарасөз оқылады)
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырданөзіне бейтаныс, басқа, бірақ
жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз
халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер мәдениет жолы еді. Абайдың
«даналығы» да осында.
Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген халың қазақ
арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі , атабаба мұрасы қасиетті қазақ тілінің хас шебері
дана Абай, дара Абайдың 170 жылдық мерейтойы республика көлемінде тойлануда. Абай
бәріміздің де Абайымыз. Бүгінгі күні ол өзіміздің ізгі жан досымыздай, ғұлама,сапарлас
серігіміздей болып , сәулетті болашаққа қарай аршындай адымдап келеді.
Аудиодыбыс түрінде келген хабарламаның тапсырмасымен таныс болдық. Тағыда сайт
парақшасына көз жіберейік. Сайтымызға көптеген хаттар келуде. Таныс болайық.
ІІІ. «Ұлт тілі – ұлының тілі» ( конверт сұрақ) Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын – Төле би,Әйтеке би, Қазбек
билерімізден қалған көптеген нақыл ,өсиет, шешендік сөздері, толғаулары бар. Халықпен бірге
жасап, біте қайнасқан шешендік , тапқырлық сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен. Қайнар
бұлақтың түбінде тұнған таза меруерт сөздер шешендік сөздер жазылған конвертті сіздердің
алдарыңызға берейн. Оқып мағынасын ашыңыздар.
(Балалар конвертті ашып оқиды)
2 жүргізуші:
Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер сияқты ұлы бабаларымыздың қанатты, нақыл сөздері
кейінгі ұрпаққа мұра болып қалды.Сондықтан да баба мұрасы ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат,
келер кунмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
Осы асыл қазынамызды дәріптейік, өмірлік тәжірбиемізде қолданып жүрейік.
Абылай хан, Қабанбай , Бөгенбай , Наурызбай батырлар ел тыныштығын ойлап, ел намысын
қорғау, жерімізді бөліске түсірмеу үшін жорыққа аттанғанда осы үш би ақ батасын берген
болатын.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып
жаудан қорғаған.Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. Қазақ
хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылады.Бүгінгі жыл
санау тарихында қазақ хандығы 550 жылдық кезеңді қазіргі уақытта .өткеріп жатыр.Осы бейбіт
өмір заманындағы мәңгілік еліміздің негізгі бастауы Қазақ Хандығы. Елдігімізді құрып, ұрпаққа
жеткізген бабаларымыздың ұлы мұралары – дініміз, салт – дәстүріміз, ең бастысы өршіл рухты
тіліміз.
1 жүргізуші: Сайтымыздың поштасына тағы да үңілейік. (Кезбе тілші)
«Тіл – рухани күре тамыр»
Бұл бөлімде Біздерге қонаққа келген сайт тілшісінің тапсырмасын орындаймыз.
1. Тілтасжарады, тасжармаса … (бас жарады).
2. Бал тамғантілден … (утамған).
3. Тауды, тастыжелбұзар, адамзатты … (сөзбұзар).
4. Жақсысөз – … (жарымырыс)
5. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің … (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман … (шайқапсөйлер).
8. Бас кеспекболса да, … (тілкеспекжоқ). 9. Дәлелсізсөз … (желментең).
10. Тілқылыштан … (өткір).
11. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
12. Тілден артық … (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі … (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы … (тілінде).
15. Еңащы да тіл, ең … (тәтті де тіл).
16. Өнералды – … (қызылтіл).
17. Айтылғансөз – … (атылғаноқ).
18. Жылыжылы сөйлесең, жылан … (інінен шығады).
19. Басқа пәле – … (тілден).
20. Білім кілті – … (тіл).
21. Тілге құрмет – … (елге құрмет).
Қазақ тілі – аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.Халықтың тіліне, жырына құлақ
салсаң, небір алуа – шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Осындай майса, сұлу
осындай тілді қалай өгейсітуге болады? Сонымен оқушылар Туған тіліміз – басты байлығымыз
екенін ұмытпайық.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса
қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!
(Н.Ә.Назарбаев) Рефлекция.«Екі ұсыныс бір тілек»Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл.
Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой
өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек. сіздердің бүгінгі сайттың жұмысынан түйген
ойларыңызды білгіміз келеді. Сайтқа Ұсыныс тілектеріңізді алдарыңызды стикерге жазып бере
қойыңыздар.
Бұл жанды тіл менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Бірлік, достық, татулық
жүрегі боп Жасай бер, Ана тілімқазақ тілім! Деп сайтымыздың бүгінгі жұмысын аяқтаймыз.
№ 4 облыстық мектеп интернат
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана тілі – жүрек
үні»
(7 8 сыныптар)
Өткізген: Құспанова Сәуле Қайыржанқызы
математика және физика пән мұғалімі Атырау 2015
№ 4 облыстық мектеп интернат
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана тілі – жүрек
үні»
(7 8 сыныптар) Өткізген: Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы
математика және информатика пән мұғалімі
Атырау 2015
№ 4 облыстық мектеп интернат
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана тілі – жүрек
үні»
(7 8 сыныптар) Өткізгендер: Құспанова С. Қ.
Қарасаева Р. Қ.
Бақтыгереева Э. И.
Атырау 2015
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
«Ана тілі – жүрек үні»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.