Жүргізуші 1: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар!
Жүргізуші 2: Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.
Елбасы Н.
Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының
арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше
бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген
күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
Жүргізуші 1: білім алушылардың аналарға арналған өлең жолдары........
Жүргізуші 2: Ананың қоғам өміріндегі алатын орны
үлкен.
Ана – перзент тәрбиелеуші,
Ана – қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана – ғарышкер,
Ана – зейнеткер.
Сондықтан да болар әркім өз
анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың
құрметіне ән қабыл алыңыздар.
Попурри –студенттерінің хоры
Жүргізуші 1:
Ей адамзат ойы толып ержеткен
Ананды умытпа бесигинди тербеткен
Ана деген аяулы да асыл жангой
Конил жокта конилинди сергеткен
Издеп корсем бир анамдай адамды
Андап бастым арбир баскан кадамды
Дала кезип издесем таба алмадым
Бир анамдай бауырмал асыл жанды
Құрметті аналарамыз, ұстаздарымыз 2 курс студенттері биін арнайды.
Жүргізуші 2: Айгерім, осы біздің ұстаздарымыз бізге көп ақпарат береді, бекіту сұрақтарын қояды, тест тапсырмалары өткізеді. Бүгін біз сабақ бергендей болайық, бірақ сабақты қызықты сұрақтардан бастайық.
Жүргізуші 1: - Ия Сымбат келісемін. Теледидарда көптеген әнші, биші актер жұлдыздардан интервью алады, сұрақтар қояды, ал біздің ұстаздарымыздың қай жері кем, олар біз үшін жұлдыз.
Қызықты сұрақтар сәті
Жүргізуші 2:
Рахмет ұстаздарымыз берілген жауаптарыңызға. Ал енді балалық шаққа саяхат жасайық. Бұл саяхатты бізбен 4 курс студенттері ұйымдастырады.
«Добрый жук» өлеңі мен биі.
Жүргізуші 1: Шарамыздың келесі сәтін бейнероликке берейк. Топ студенттері атынан колледж оқытушыларына шағын сыйлықтар таратылған, осы сәттегі біздің кейіпкерлеріміздің эмоциялық жауабы.
Бейнеролик.
Жүргізуші 1:
Қыздарды теңеймін әсем гүлге,
Көктемде құлпырады әсем
гүлде.
Аруларды сыйлаңдар мейрамымен,
Мұндай сәт келе бермейді күнде
күнде.
Жүргізуші 2: Сымбат гүл демекші жұлдыз жорамалға сәтін берейік, жұлдыз бойынша үйде қандай гүлдерді өсіруге болады екен. Назарды экранға аударайық....
Презентация «Комнатные цветы»
Жүргізуші 1: -Бұл үйдегі гүлдер, ал бүгін барлық студенттердің атынан жасанды емес, біреудің өсіргені емес, қолымен, шын ниетпен жасаған гүлдерді сылаймыз. Аман болыңыздар құрметті ұстаздарымыз!
Жүргізуші 2:
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез
қалаған.
Өзіңсің ғой
өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой
керегі.
Бақытты бол, ауырма
деп тілейді
Сәбиiңнiң
жұдырықтай жүрегі!
«Әйел бақыты» - өлеңі. Хор.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.