АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ
Оценка 4.7

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
6 кл
09.04.2019
АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту. 2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
8 наурыз сценарий қазақша.docx
Тақырыбы: «АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ» Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға 8 ­ наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала  арасындағы қарым – қатынасты,  анаға деген бала махаббатын нығайту.  2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және  олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау  қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,  анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл  сөздер, гүлдер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:  Сағыныш: Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып. Жауларыма жеткен жерден бітеді. 1­жүргізуші    Ананың сүті – бал, 2 ­ жүгізуші:   Баланың тілі – бал. 1 ­ жүгізуші:  Күннің шуағы – жылы, 2 ­ жүгізуші:  Ананың құшағы – жылы. 1 ­ жүгізуші:  Ана – үйдің берекесі, 2 ­ жүгізуші:  Бала үйдің – мерекесі. 1 ­ жүгізуші:  Ана сүтін ақтамағанды, 2 ­ жүгізуші:  Ешкім мақтамайды. 1 ­ жүгізуші:  Ана – өмір себуші. 2 ­ жүгізуші:  Қыз ақылы анадан. 1 ­ жүгізуші:  Ана жүзі – күлімдеген күн көзі. 2 ­ жүгізуші:   Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей  құлпырған қыздар! Сіздерді 8 ­ Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен  құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық,  еңбектеріңізге табыс тілеймін. 1 ­ жүгізуші:   Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан,  ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апалар,  қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған  мерекелеріңіз құтты болсын! Оқушы: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей жақсы  көрем. Оқушы: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай жақсы  көрем. Оқушы:Мен анасын сағынып шырылдаған кішкентай балапандай жақсы  көрем. Оқушы:Мен сенсіз гүлін таппаған ара сияқтымын. Оқушы:Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық  тамшыларындай болып көрінесің Оқушы:Сенің қасыңда болмасам шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің  жолыңды қараумен боламын. Оқушы: «:Ана  деген алтын қазық, алтын бақ! 1 ­ жүгізуші:   Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші  құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз.  Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл  алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін. Ортамызда Асатулла Сағыныштың орындауында «Ай дидарлы  АНАШЫМ»  2 ­ жүгізуші:   Иә,  достар, біздің әніміз аналарымыздың көңілінен шықты  деп ойлаймын!  Бұл өмірде анаға тең келетін ешкім жоқ.Ана баласының  ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол  үшін қажырлы күреске шығады.  1 ­ жүгізуші:    Осындай керемет сөздерден кейін  өздерінің жүрекжарды тілектерін  өлең жолдарымен білдіртуге  балаларды ортаға шақырайық.  Оқушы:      Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,                    Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан. Жадырасын жанымыз,      Ана сені құттыұтап,       Әндетеміз бәріміз.                    Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,                    Мен кіршіксіз, ыстық­ыстық, «салем» салам. Оқушы:    Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,                Анаң барға шүкір ет, болған пана.                Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,                Қасиетті адамсыз, сіз­Жан АНА! Оқушы:          Алтыным ­ Анам, Құттықтаймын Сізді !!!!                         Тілеймін жаныммен тілектер ізгі . . .                         Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,                          Алғысым, Сізге бүгінгі күні ! ... Оқушы:   Шалқып тасып әніміз,                                     Оқушы:     Ана десем шешек ашып жанары,                    Өмірімнің бастау алар ажары.                   Ана деген тіршілікке пана боп,                   Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Оқушы:  Адам барма ана сүтін татпаған,                Алуан­алуан ауыр сынды аттаған                Адалдықты, ар­намысты сақтаған,               Мен анамның сонысына мақтанам! Оқушы:  Аяулы да алтын нұрлы анашым,             Жүрегіммен мәңгі бірге боласың             Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,             Сен дархансың, сен жомартсың, данасың. Оқушы: Өмірде қымбат екен ана деген,                  Өмірі гүл жаратын баламенен                  Біздерді ақ гүліндей аялаған,                  Мен оның жалғасы боп қала берем Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,              Ақ сүтінен нәр алған.              Анаға бас иеміз!              Туған жердің тілі деп,             Туған жердің үні деп             Анаға бас иеміз! 1 ­ жүгізуші:    Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын, Көкжиектен таң сайын асықты Күн. Келді тағы көктемнің мерекесі Дидарыңа шуағын шашып бүгін,­ дей келе ортаға өнер көрсететін  жігіттерімізді  қыздарымызды ортаға шақырамыз.   1 ­ жүгізуші:   Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да,  ананың шапағат мейіріміне жетпейді. 2 ­ жүгізуші:   Дұрыс айтасың _Назерке,  анаңды Меккеге үш рет арқалап  барсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз бар. 1 ­ жүгізуші:   Иә, өте дұрыс айтылған сөз. Мен толығымен келісемін.  Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. 2 ­ жүгізуші:   Ендеше аналарымызға арналған қыздар биін ұсынамыз..  1 ­ жүгізуші:   құрметті аналар,  бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл  сыйлайтын  балаларыңыздың  Сіздерге  арналған  жүректен шыққан  тілектерін  қабыл алыңыздар. Оқушы: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы  жанды көреді. Ол ­ Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға  шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да ­ Ана.  Оқушы: Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар  жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының  құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Оқушы: Ана ­ тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың  тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде  анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел  бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.  Оқушы:  Ана ­ барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді,  жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің  нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана ­ ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті  айта берсең сөз жетпейді.  Оқушы: Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді  деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір  жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан  кейінгі құдірет иесі ­ Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана  алдында бәріміз басымызды иеміз.  Оқушы: Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық  сөздер көп. «Кімде­кім ата­анасының ризалығын алған болса, соның өмірі  ұзартылады», «Жұмақтың кілті ­ ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым  етпеуі үлкен қателік.  Оқушы: Анашым ­ отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы  үлкен­кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді.  Оқушы: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі  мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Деңдеріңізге саулық, бала­ шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен  шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып,  шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық,  мемлекетіміздің іргесі берік болсын.

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ

АНАНЫҢ МАХАБАТЫ ӘЛЕМДІ ЖЫЛЫТАДЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2019