“Қанаттыларды қорға!” қалалық экологиялық науқан
(“Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Табиғат бесігі” кіші жобасы аясында)
Мақсаты:
оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру.
Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу;
құстарды қорғауға деген оқушылардың сезімін арттыруға жетелеу;
оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға
тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу;
оқушылардың экологиялық мәдениет негіздерін, флора мен фаунаның тірі
объектілеріне ізгілікті қарымқатынасын, табиғатта экологиялық сауатты
мінезқұлықты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Міндеті:
біздің өңірде тұратын құстардың өмір сүруі үшін қоршаған ортаға
құрметпен қарау;
елорданың табиғи биологиялық әралуандығын қалпына келтіру;
құс ұялары мен жем салатын қораптар дайындау;
құстардың өміріне оқушылардың қызығушылығын арттыру;
табиғатқа мейірімді болуды қалыптастыру;
атааналарды мектептегі балалардың өміріне және бірлескен
тәжірибелік ісәрекеттерге тарту.
“Баобаб” экоотрядының құрамы:
№ Оқушының атыжөні
1 Шабдарбай Гүлнұр
2
Бахытқызы Диана
3 Мубарак Мәди
Тұрсын Әділет
4
5
Қалбек Әмірхан
6
Кеңес Иманәли
7 Мукашев Ғалым
8
Сабыров Сәбит
9
Абылкасымов Мади
10 Төлегенова Дильназ
11 Абеуова Дилара
12 Мадиярова Азиза
Атқаратын қызметі
отряд басшысы
отряд басшысының көмекшісі
ұйымдастырушы
ұйымдастырушының көмекшісі
ұя жасаушы 1
ұя жасаушы 2
ұя жасаушы 3
мәлімет жинаушы 1
мәлімет жинаушы 2
газет шығарушы
фотограф
газет шығарушы Құстар біздің досымыз.
Біз НұрСұлтан қаласының 14 мектепгимназиясының оқушылары
“Қанаттыларды қорға” қалалық экологиялық науқанына белсене қатыстық.
Құстарды қорғау табиғатты қорғау.
Табиғатта адамға өзінің күнделікті ісәрекетімен пайда келтіретін өзгеше
боп жаратылған тіршілік иесі бар. Ол құстар. Өмірімізді құссыз елестету
қиын. Көл де, көк те, тау да, орман да, жазық дала да құсымен сәнді. Ал
құстардың адамға тигізер пайдасы ұшантеңіз.
Біріншіден, құстардың адамдардың түрлі шаруашылық жұмыстарына пайда
келтіретін тұстары өте көп. Биолог мамандардың айтуына қарағанда, бір
қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір
тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді. Ал шегіртке
адамға зиян шектіретін қас жауымыз. Өйткені мал жейтін көк шөбімізді,
жасыл өсімдіктерімізді, жайқалып тұрған баубақша, егінімізді отап көп зиян
келтіреді. Үйіміздің маңында жүретін кіпкішкентай торғайдың бір өзі
жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. Осындау деректерді білгенде,
құстардың адамдарға көп көмегі болатынын ұқтым.
Екіншіден, адамдар құстарды ерте заманнан ақ дос санаған. Себебі
ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы,
жақсылық жолын нұсқаушысы ретінде Бақыт құсы кездесіп отырған.
Сондықтан да халық аңыздарында, ертегілерінде қанатты достарымызды
ақылды, адамды қауіптен қорғаушы етіп көрсеткен көрінеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолы атты кітабында былай деген екен:
Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы Бәйтерек
өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық
құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Бірақ айдаһар жылан сол күн
тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен
жаздың айқасын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің
күресін астарлы түрде бейнелейді. Халық ертегісінде Ер Төстік жыланды
өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады. Ал разы
болған алып құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі
ағаш туралы аңыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған
Қазақ елінің мақсатты көрінісі.
Осындай халық аңызының арқасында салынған Бәйтерек кешені әлемге әйгілі
боп, НұрСұлтанымыздың көз қуанышына айналды. Мұнда да құс бейнесі адам тағдырымен өріле суреттелген. Ендеше құстарды біздің келешегіміздің кепілі
деп айтуға толық негіз бар екенін осы жерден білуге болады.
Үшіншіден, қазақ халқы ежелдең құсты сұлулықтың, батырлықтың, бақыттың
символындай қабылдаған. Ең жақсы көретін адамдарын құс ерекшелігіне сай
суреттеп, мақтап отырған. Ұлдарын сұнқарға, күміс көмей әншілерін
бұлбұлға, қол бастаған батырларын бүркітке, елден асқан сұлуларды аққуға
теңеген.
Науқанды жүзеге асыру барысында біздің “Баобаб” экоотрядымыз
жетекшіміз Ергалиева Нагима Уткелбаевнаның нұсқауы бойынша жұмыс
атқарды. Ұлдар көбінесе ұя жасаумен айналысса, қыздар газет жасаумен
айналысты. Біз 26.04.2019ж отрядымызбен мектебімізге жақын маңдағы
ескерткіш орнатылған саябаққа барып, жасалған ұяларды жұмыла ілдік.
Құстарға жем шашып, қамқорлық көрсетіп, оларға бір табан жақындағандай
болдық.
Қорыта келе, қоршаған ортамыздың қорғаушысы, көріктісі болған құстар
әрқашанда адамның назарында болатыны анық. Құстар табиғатқа сән береді,
пайда келтіреді, өзіннің әсем әуендерімен айналаны құлпыртады, адамның да
көңіл күйіне әсер етеді. Сондықтан құстарды қорғау, қамқор болу – біздердің
басты парызымыз деп білеміз.
“Қанаттыларды қорға!” қалалық экологиялық науқан
“Қанаттыларды қорға!” қалалық экологиялық науқан
“Қанаттыларды қорға!” қалалық экологиялық науқан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.