Аппликация

  • Домашнее обучение
  • docx
  • 18.05.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

... . .. . .. . ... . . . . . .. . . ... . .. . . ... . . .. . .. . . . . .. . . . .. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .. . .. .
Иконка файла материала аппликация тех.карта.docx

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№1«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 23.09.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы:«Достарыма арналған үй»

Мақсаты:қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру;  төртбұрыш, шаршыдан үйдің қабырғасын, үшбұрыштан үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру.  Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбилеу.

Сөздік жұмыс:  шуақ, адал.

Алдын ала орындалатын жұмыс: үй жануарлары туралы әңгімелесу. Ит пен мысықтың суреттерін көрсету.

Қажетті құрал -жабдықтар:ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреттері, әр түрлі қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алған ит пен мысықтың жапсырмалары.

Билингвальді компонент: ит –собака, мысық –кошка, достар –друзья, үйшік –домик.

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Тақтаға ит пен мысықтың суреттерін ілу.

Жұмбақ.

Ырылдайды,үреді,

Үй маңында жүреді

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

 

Ит –адамның досы.

 

Жұмбақ.

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті қолын жуады..

Суреттерге қызыға қарайды.

 

Жұмбақтың жауабы: ит

 

 

 

Тыңдайды, қайталайды.

 

 

 

Жұмбақтың жауабы: мысық.

Ұйымдық-іздену

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Ит –ең  сақ және адал дос. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар адамға қызмет етеді: үй күзетеді, мал бағуға көмектеседі. Шекара күзететін арнайы үйретілген иттер де болады.

Пекинес –кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, ал балалар оны құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.

Пудель –өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Болонка –сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушаң келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Чау –чау –арыстанға немесеаюға ұқсайды. Олар өте байсалды, бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ, иесіне адал болады.

Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады.

Ангор мысығы –көңілді, қылықты мысық. Ойынпаз, адамды жатырқамайды. Белсенді, үйірсек, кімен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы –ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық. Қылықты, балалармен ойнағанды жақсы көреді,тіпті ерсек мысық та ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ, үлпілтек болғанмен ерекше күтімді қажет етпейд.

Канадалық және дондық сфинкс –жұмсақ, тынын табайдың белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайдың мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға қарсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды жылы көрпенің астына ұқтағанды жаны сүйедің адамға емдік қасиетті бар мысықтар.

Ғажайып сәт.

Балалар, бізге ит пен мысық қонаққа келді. Олар мен танысайық.

Тәрбиеші жұмсақ ойыншықтарды –ит пен мысықты көрсетеді.

Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйрлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп үйшік салып береміз бе?

Билингвальді компонент

Ит –собака, мысық –кошка, достар –друзья, үйшік –домик.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

-         Үйшіктің шатырын қандай пішіннен

жасаймыз?

-         Ал, негізін ше?

 

 

-         Үйшіктің тағы несі болады?

Балаларды қауіпсіздік ережесімен танысдырады:

1.      Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыру

керек.

2.      Қайшының қиятың бөлігінен ұстауңа

болмайды.

3.      Қолыңдағы қайшымен жүгіруге

болмайды.

4.      Қолыңдағы қайшымен жолдасының

қасына баруға болмайды.

5.      Қайшының жүзін үстел үстінде өзінен әрі

қаратып қоюу керек.

6.      Жұмыс ақталғанда жұмыс орынын

тазалап, жинастырлу керек.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Ала мысық

Ала мысық тырнама,

Тырнағаны болма?

Ұстайыншы қолыннан,

Ойынайық, ер соңымнан.

Күшігім

Күшігім менің келе ғой,

Құшағыма ене ғой

Мойына боу тағайын,

Ойынға ертіп барайын.

 

 

Тәрбиеші ит пен мысықтың суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір –бірден таратып береді.

Қайталайды: шуақ, адал.

Ит туралы әңгімені мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды. Иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағұлмат алады және ұсынылған иллюрацияны қарайды.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді.

 

Көмектесуге ынта білдіреді.

 

Қайталайды: Ит –собака, мысық –кошка, достар –друзья, үйшік –домик.

 

Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың  орындалу ретімен танысады.

-         Үшбұрыштан

 

жасаймыз.

-         Негізін

шаршыдан немесе тіктөртбұрыштан.

-         Терезелері.

 

 

 

Қауіпсіздік ережелерімен танысады, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі.

 

 

 

 

 

 

Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл –қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жапсырманы  жабыстырады. Әр бала жасаған жұмыстарын үйшіктердің терезесіне отырғызады.

Рефлексті- түзетушілік

Қарыңдаршы балалар қандай үйлер бой көтерді?

Балалар, дос пен мурка сендерге барлық көмектерін үшін рахметтерін айтады.

Сендермен қоштасып, қолдарын былғайды.

Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап, итпен және мысықпен қоштасады.

 

 

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: әртүрлі пішіндерден үйді;

Қандай түсініктерді игереді:қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:үй жануарлары туралы білімді.

 

Тәрбиеші:                      Төкен А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№2«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 14.10.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы:«Піскен алмалар»

Мақсаты:қоршаған орта күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту, балаларды дәстүрден тыс жырту тәсілмен таныстыру; желіммен жұмыс істеген кезде абай болуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Шығармашылыққа ойын дамыту.табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  піскен

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелеу, уреттерді қарау.

Қажетті құрал –жабдықтар: алма, алма бағының суреті, алмалармен ойнауға арналған себет, қуыршақ, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.

Билинвальді компонент: күз –осень, алма –яблока.

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Ғажайып сәт.

-         Балалар, бізге қонақ келді. Оның не екенің білу үшін жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ.

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп –бояп барлығын,

Сап –сары ғып қояды.

 

-         Жарайсыңдар, бұл келген қонағымыз –

күз.

Билинвальды компонент: күз –осень, алма –яболка.

-         Күз келбеті әрқашанда көркем!

Қараңдаршы, сап –сары жапырақтардан жасалған көйлегі қандай тамаша!

Күз:

-         Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге

қонаққа келдім. Сендерге ең әдемі, ең тәтті алмаларды әкелдім. Күзде алмалар пісіп, ондай тәтті болады.

Тәрбиеші алмаларды бөліп, үтел шетіне қояды. Себетті ортаға қойып, екі баланы шығарады. «Ойынды екі рет қайталауға болады).

 

Қызығушылық танытады.

 

Жұмбақты шешеді.

Жауабы: Күз

 

 

 

Қонақпен амандасады, қуаныштарын білдіреді.

Қайталайды: күз –оень, алма –яблока.

 

 

 

 

 

Балалар қуанады.

Ойын ойнауға келіседі.

Екі бала шығып ойнайыды.

 

Ұйымдық-іздену

-         Балалара, қәнекей, алма бағын жасап, күзге сыйлық.

Үлестірмелі материалға балалардың назарларын аударады.

   Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-         Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін

жасап, желімдейміз. Көп емес, азғана жыртып, жапырақтарды жабыстырамыз.

-         Соңында піскен алмаларды

жабыстырамыз.

-         Жапырақтардың түсі қандай?

-         Алмалардың түі қандай?

Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ.

Сөздік жұмыс: піскен.

Жұмысқа кірісуді ұынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Алма бағын жасауға дайындалады. Үлестірмелі материалдағы үлгіні қаратырады. Жұмыстың орындау ретін мұқият тыңдайды

 

 

 

Жасыл.

Қызыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды: піскен.

Жұмысқа кіріседі.

Рефлексті- түзетушілік

-         Күз, қарашы, барлық ағаштарды қосып,

қандай алмалы бақ жасадық!

Күз:

-         Рақмет, балалар, еңбектерің үшін менен

күздіңжемісін –қып –қызыл тәтті алмаларды алыңдар.

Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.

Қуаныштарын білдіреді.

 

 

Күзбен қоштасады.

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: дәстүрден тыс қиып жапсыру –жырту тәсілін;

Қандай түсініктерді игереді:күздің белгілерін және жемістердің –алмалардың қайда өсетінін, олардың күзде пісетінін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:жапсырмаларды дұрыс жабыстыруды.

 

Тәрбиеші:                Төкен А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№3«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 28.10.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы:«Шалғындағы саңырауқұлақтар»

Мақсаты:қоршаған орта мен саңырауқұлақ туралы білімдерін кеңейту, жеуге жарамды және саңырауқұлақтар туралы түсінік беру; тіктөртбұрыштан дөңгелектеп қию және жабыстыру ережесін: беткі жағын желім жағып, суретті басып жабыстыруды; қылқаламмен аздап желім алып, сулықпен қағаздың үстіне жапсырманы басуды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  Саңырауқұлақ  ата

Қажетті құрал –жабдықтар: Саңырауқұлақ ата, «орман алқабы» суреттелген кілем; Шыбынжұт киінген бала, ашық жасыл түсті қағаз, жеуге жарамды саңырауқұлақ жапсырмалары: қоңыр қалпақша және сары аяқтар; шыбынжұт: қызыл қалпақша және ақ аяқтар, жасыл қағаздан жасалған шөптер, қайшы, желім, қылқалам, үлестірмелі материалдар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: орманда өсетін саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу. Жерге жарамды және улы саңырауқұлақтардың суреттері.

Билинвальді компонент: саңырауқұлақ –гриб.

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші:

-         Балалар, бізге қонақ келді.

-         Саңырауқұлақ атамен таныс болыңдар.

Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады:

 

Саңырауқұлақ атамен,

Орманда менің тұрағым.

Тәртіпті мен қараймын,

Саңырауқұлақты санаймын.

Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ ата.

 

Саңырауқұлақ ата балаларды орманға серуендеуге шақырады.

Саңырауқұлақ ата күздің белгілері туралы әңгімелейді.

-         Күзде күн қысқарады, ауа райы суытады,

жаңбыр жауады, жерге шалшық су пайда болады, жапырақтар түседі, құстар жылы жақа ұшады.

 

 

Қызығушылық танытады, қонақпен амандасады.

 

 

 

 

 

Қайталайды: саңырауқұлақ  ата.

 

 

 

 

Саңырауқұлақ атаның әңгімесін мұқият тыңдайды.

Ұйымдық-іздену

Балаларға жұмбақ жасырады:

Қарашы, маңызды жан,

Ақ аяқ,

Қызыл қалпақ

Қалпағында ақ бұршақ.

Шыбынжұт киімін киген бала шығып, өз –өзін қызыға мақтайды.

-         Қызыл қалпақ, ақ бұршақ.

Келбетің сенің керемет –ақ.

Себетке біз сені салмаймыз,

Өте, өте қауіптісің!

Егер балалар қиналса, тәрбиеші көмектеседі. Саңырауқұлақ ата балаларға шыбынжұттың суретін көретеді. Шыбынжұттың улы саңырауқұлақ екенін, қолмен ұстауға болмайтынын айтады.

Билинвгальді компонент:

Саңырауқұлақ –гриб.

Сергіту сәті:

 

«Алақаныңды жасыр» ойыны

Тәрбиеші үлестірмелі маериалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

Тіктөртбұрыштан жарты дөңгелекті кесуді көрсетеді.

-         Алдымен қағаздан қалпақшаны, сосын

аяқтарын қиямыз. Осы бөліктерден саңырауқұлақтарды құрастырамыз. Беткі жағына қылқаламмен желім жағамыз. Суретті сулықпен басып желімдейміз. Жасыл қағаздан жасалған шөптерді жабыстырамыз, шөп саңырауқұлақтың аяқ жағын жауып тұру керек. Тәрбиеші саңырауқұлқа атаның атынан балаларға кеңес беріп, көмектеседі.

Балалар жұмбақты шешеді.

Жауабы: шыбынжұт.

 

 

 

 

 

Балалар саңырауқұлақтың баскиімін мұқият қарап, түстерін ажыратып айтады.

 

 

 

Қайталайды. Саңырауқұлақ –гриб.

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер ішінде шыбынжұт жүріп, балалардың алақанын ұстап қалуға тырысады.

 

Үлестірмелі материалды қарастырады.

 

Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.

Рефлексті- түзетушілік

Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды. Балаларды мадақтайды.

Қуаныштарын білдіреді. Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: тіктөртбұрыштан дөңгелек қиын, сулықпен немесе алақанмен басып жапсырады.

Қандай түсініктерді игереді:жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың болатындығын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:қиылған бөдшектерді құрастыруды, қылқаламмен желім алып, беткі жағына жабыстыруды.

Тәрбиеші:                              Төкен А.Қ.

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№4«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 04.11.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы:«Банкадағы қияр мен қызанақ»

Мақсаты:көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлқмат беру; көкөніс түрлері туралы білімдерінкеңейту; бұрыштарын қайырып, шаршыдан шеңбер, тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қиюды үйрету; ұсақ саусақтың ұсақ  бұлшық еттерінің қоғалысын жетілдіру. Желім мен сулықты ұқыпты қолдану. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  егін жинау.

Алдын ала орындалатын жұмыс: көкөністердің пайдасы туралы деректі «Дәрумен» фильмін көрсету.

Қажетті құрал -жабдықтар: көкөністер мен жеміс тиелген арбалар, сулық, үлестірмелі материалдары.

Билингвальді компонент: қияр –огурец, қызанақ –помидор.

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Ойын жағдаяты.

Екі бала топақ көкөніс пен жеміс тиелген арбаны сүйреп әкеледі.

-         Балалар не сүйреп әкелді.

 

-         Көкөністердің атың атап, көрсетіңдерші.

Билингвальді компонент : қияр –огурец, қызанақ –помидор.

 

-         Енді жемістерді атаңдар.

 

-         Көкөністер қайда өседі?

 

 

-         Жемістер қайда өседі?

 

Сөздік жұмыс: жиын –терін.

Арбадағы көкөністер мен жемістерді жерге төгіп, араластырады.

 

-         Балалар, «Жиын –терін» ойынын

ойнайық.

Жемістерді бір себетке, көкөністерді екінші себетке салуларың керек. Жылдам орындаңдар. (Көңілді, жылдам әуен орындалады, ойын 3-4 ретқайталанады.

-         Көкөністерден қандай тағамдар

жасайды?

-         Көкөністерден не жасалады?

Арбаны қарайды.

 

-         Көкөніс пен

жемістерді.

-         Қияр мен

қызанақ, пияз, бұрыш.

Қайталайды. Қияр –огурец, қызанақ –помидор.

-         Алма, алмұрт, жүзім

-         Көкөністер бақшада өседі.

-         Ал, жемістер бақта, ағаш басында өседі.

Қайталайды. Жиын –терін.

 

 

Балалар көкөністер мен жемістерді әр себетке бөлек –бөлек салады.

 

 

 

-         Картоп езбесі, салат жасайды.

-         Қайнатпа, тосап жасайды.

Ұйымдық-іздену

-         Балалар, көкөністерді қысқа қалай сақтайтынымызды білесіңдер ме?

Сергіт сәті

«Орамжапырақты тұздау»

Тық –тық, тық –тық,

Орамжапырақты кесеміз,

Оны біз тұздаймыз.

Ыдысқа біз саламыз,

Дайындаймыз қысқа азық.

Оңға түзу тұр.

Солға үұзу тұр.

Алға бір адым,

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп,

Жоғары, төмен қарайық.

Орынмызды табайық.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

 

 

 

-         Шаршының түсі қандай?

-         Шаршыны дөңгелетіп қиямыз. Бұл

қызанақ болады.

-         Тіктөртбұрыштың түсі қандай?

-         Бұрыштарын дөңгелетіп, сопақ пішінге

келтіріп қиямыз. Неге ұқсады?

-         Енді қайшымен жұмыс істеу кезіндегі

қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.

Балалардың жауабы тыңдап, тәрбиеші толықтырады.

1.      Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.

2.      Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3.      Қолыңдағы қайшымен жүргізуге болмайды.

4.      Қолындағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5.      Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қараптып, құлап кетпейтіндей берік  қою керек.

6.      Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.

 

-         Енді жапсыру жұмысын орындайық.

Алдымен сопақ пішінді қияр мен қызанақты қойып көреміз, содан кейін бір –бірден желімдейміз. Қағазға желімді жағып, сулықпен басамыз. Соңында банканың қақпағын қиямыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар жауабы.

 

 

Балалар үстел үстін ұрып, алақандарын үйкелейді. Өлең мәтіне қарай байланысты қимыл –қоғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдарғы суретті қарастырады. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-         Қызыл.

 

-         Жасыл.

 

-         Қиярға ұқсайды.

 

 Балалар қауіпсіздік ережелерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмысқа кіріседі. Үлгіге қарай отырып қияр мен қызанақ қиып, желімдейміз.

Рефлексті- түзетушілік

Тәрбиеші балаларды мақтап,аналарына көмекші екенін айтады.

-         Жарайсыңдар, балалар, қысқа біз

қаншама азықжайындап алдық.

Қуаныштарын білдіреді, жұмыстарын бір –біріне көрсетеді.

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: қиып жапсыруда пропорциялар ережесін сақтайды; бұрыштарын қайырып, шаршыдан дөңгелек пішінді, тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қияды;

Қандай түсініктерді игереді:көкөніс пен жемістердің айырмашылғын, көкөністен жасалатын тағамдардың адам ағзасына пайдалысын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:жұмыс барысында желім жағып, сулықпен басуды.

Тәрбиеші: Төкен А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

5«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 18.11.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылқ»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы:«Қонжыққа арналған пирамида».

Мақсаты:қоршаған орта және ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту; ойыншықтың келбетін көшіріп, жапсыру жасауға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшыұ еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  түрлі түсті пирамида

Алдын ала орындалатын жұмыс: сақиналарды үлкеннен кішіге қарай, кішіден үлкенге қарай, жуаннан жіңішкеге қарай, жіңішкенден жуанға қарай топтастырып үйрету.

Қажетті құрал -жабдықтар: ойыншық қонжық, пирамидалар (үлкен және кіші), қайшылар, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.

Билингвальді компонент: қонжық –медвежонок.

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Ойын жағдаяты.

-         Балалар, біздің ойын бұрышымызда

қонжық бар. Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы –пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты.

-         Қалай ойлайсыңдар, біз қонжыққа

көмектесе аламыз ба?

Тапсырма: «Пирамиданы құрастыруға көмектес».

-         Балалар, бір –бірден шығып,

сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші.

-         Сақиналардың пішіні қандай.

Билингвальді компонент: қонжық –медвежонок.

Қызығушылық танытады, тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді.

 

Пирамиданы жинайды, түсін және пішінін айтады

 

-         Дөңгелекк

Қайталайды: қонжық –медвежонок.

Ұйымдық-іздену

-         Жапсыру дасау үшін бізге не керек?

 

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

 

 

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-         Сопақ пішінді тіктөртбұрыштың

бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Сонда сопақша пішін шығады.

-         Пирамидадағы дөңгелектердің

(сақиналардың) түсі және пішіні әртүрлі, сондықтан тіктөртбұрыш да әртүрлі.

Балалар, олардың түсін атап беріңдерші?

 

 

Сөздік жұмыс: түрлі түсті пирамида.

 

Қиылған сопақ пішіндерді үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз, үстіне домалақ шарды қоямыз. Енді рет –ретімен желімдейміз.

-         Сопақ пішіннің екінші жағына желімді

жағып, әдемілеп желімдейміз. Сосын келесі пішінді де дәл солай желімдеуді жалғастырамыз.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:

1.      Өзінің үстелінде ғана жұмыс істеу.

2.      Қайшының үш жағын көзге жақындатуға болмайды.

3.      Қайшыны жүгіріп бара жатқанда және тұрғанда пайдалагнуға болмайды.

4.      Ұайшымен жұмыс істегенде достарыңа жақындауға болмайды.

5.      Қайшыны үстелдің шетіне қоюға болмайды, қайшының басы жабық болуы керек.

6.      Жұмыс істеп болғаннан кейін орнына қою керек.

Сергіту сәті:

Оңға,салға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды соөдық тік тұрып.

Секіреміз топ –топ,

Шапалақтан көп- көп.

Иілеміз оңға қарай

      Бір, екі, үш

Иілеміз солға қарай

    Бір, екі, үш

-         Енді жұмысқа кірісе беруге болады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-         Қайшы, қағаз

және желім.

Үлестірмелі материалды қарастырады.

Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

-         Ең үлкені –

қоңыр, сосын сары, жасыл, қызыл, көк.

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.

 

 

 

Балалар өздері білетін қауіпсіздік ережелерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінге сәйкес қимыл –қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмысқа кіріседі, пирамиданы қиып, жабыстырады.

Рефлексті- түзетушілік

Тәрбиеші қонжықтың атынан балаларға алғыс айтады.

Балаларды мадақтайды.

Қуаныштарын білдіреді. Дайын аппликациялардан көрме ұйымдастырады

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: бұрыштарын ұайырып, сопақша пішін қиюды;

Қандай түсініктерді игереді:ойыншықтармен ұқыпты ойнауды, пирамиданы өсу ретіне қарай жинауды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:бірнеше бөліктерден тұратын ойыншық бейнесін құрастырып, желімдеуді.

Тәрбиеші:                  Төкен А.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№ 7-8«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 30.12.2016

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Аппликация»

Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту: тіктөртбұрыштан және шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақ ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  кобдиша

Қажетті құрал -жабдықтар: шырша суреттері, тжелім, қайшы,үлгілік суреттер, түрлі түсті қағаз.   

Билингвалтді компонент: Жаңа Жыл –Новый Год, табақ –Блюда, шырша -елка  

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

Шаттық шеңбері.

Күнім күлім қағады

Шуағын маған шашады!

Қуан, қуан, алтын күн!

Қуан, қуан, Жер –көгім!

-         Балалар, қараңдаршы, сиқырлы қобдиша

таупыы алдым.

Сөздік жұмыс: Қобдиша

Балалар шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын бірге айтады.

 

 

Қызығушылық танытады.

Қобдиша

Ұйымдық-іздену

-         Сиқырлы қобдиша не бар екен? Оның ішінде қағазға жазылған жұмбақ бар екен, оқып көрейік.

Жұмбақ:

Ағаштардың көріктісі

Мәңгі жасыл бұтағы

Мекен ғып тау, өлкені

Кәусар ауа жұтады

Бұл не?

Билингвалтді компонент: Жаңа Жыл –Новый Год, табақ –Блюда, шырша -елка  

-         Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен.

-         Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршалар пайда болады.

Тәрбиеші сиқырлы таяқшасын әрі –бері сермейді, бірақ шыршада шарлар пайда болмайды.

Тәрбиеші балалардан көмек сұрайды.

Пішінді ата дидактикалық ойын:

Балалар назарларын үлестірмелі материалға аударады. Жұмыстың орындау ретін түсіндіреді. Тәрбиеші шарлар жасау техникасын түсіндіреді: домалақ және сопақша шарларды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Пішіндері әртүрлі шарларды кезектестіріп орналыстырып, шаршыға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеміз.

Сергіту сәті.

 

Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Тыңдайды, жұмбақты шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды.

 

 

Балалар көкмек көрсетуге ынталарын білдіреді.

 

 

Ойынға кіріседі, пішіндердің атауын айтады.  Дөңгелек, сопақша, шаршы. Үлестірмелі материалды қарастырады. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы жасайды.

Жұмысқа кіріседі, шыршаға шарлар жасайды.

Рефлексті- түзетушілік

-         Біздің шыршамыз әдемі болып кетті.

Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз.

Тәрбиеші шыршаға шарларды балалармен талдайды. Мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тамашалайды, талдау жасайды.

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі: жаңажылдық шарларды жасау үшін тіктөртбүрыштардың және шаршылардың бұрыштарын қиып, пішіндері әртүрлі шарларды кезектестіріп жабыстырады.

Қандай түсініктерді игереді:шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендігін:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:қайшымен жұмыс жасағанда, қауыпсіздік ережелерін сақтауды.

Тәрбиеші:                  Төкен А.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№ 9«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 13.01.2017

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Ақшақар»

Мақсаты: қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту; шаршыдан дөңгелктерді қиюды үйрету; қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеуү

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: Жаңа жыл мерекесінің суреттері,түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,желім, сулық, үлестірмелі материалдар, қуыршақ Ақшақар

Сөздік жұмыс: тон

Билингвальді компонент: Ақшақар- снегурочка , қар -снег

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларға ән айтқызу

О, алақай, Аязата

Келе жатыр алыстан!

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр,

Құтты болсын , құтты болсын

Құтты болсын...

Жұмбақ жасырады.

Тікен , тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте

Ол ...

Жаңа жылда бізге кім келеді?

 

 

Балалар жетіспейтін сөзді айтады

 

 

Жаңа жыл

 

 

 

Шырша

Аязата, Ақшақар

Ұйымдастырушылық ізденістік

 

Қуыршақ ақшақарды көрсетеді. Үстіне көк тон киіп алғанын айтады

 

Сөздік жұмыс: тон

-Балалар , ақшақар деп неге атаған?

 

-Қазір дала аяз, бұл Ақшақар ұнататын ауа райы. Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.

 

Сергіту сәті

Денсаулықты сүйеміз,

Шынығамыз күнде біз

Бір, екі, үш

Бір,екі, үш

Бұлшық етте, міне, күш!

Ал,балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Бойымызды созайық

Белңмңздң жазайық

 

Билингвальді компонент: Ақшақар –снегурочка, қар –снег

 

Балалар бүгін біз ақшақардың аппликациясын жасаймыз.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орныдалу ретін түсіндіреді

Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз, шаршыны екіге бөліп, қиямыз, шыршаны екіге бқліп, қиямыз, шыршанықұрастырамыз

жапсырамыз.

Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз. Ол үлкен үшбұрыш болады. Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз. Қолы да ұшбұрыш . Ал енді жұмысқа кірісейік.

 

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Қуыршақты қарастырады, сұрақтарға жауап береді.

 

Қайталайды: тон

 

-себебі ол қардан жасалған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимыл-қозғалыстар жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды: ақшақар- снегурочка, қар –снег

 

 

 

Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмсытың орындалу ретімен танысады.

 

 

 

 

 

 

Жұмысқа кіріседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды, балаларға ризашылығын білдіреді.

 

Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын көрсете қояды. Ақшақармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: геомериялық пішіндерден Ақшақар құрастыруды

игереді: Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін , шырша меркесінің қонағы екендігін

меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

6 «Балдырған» ортанғы тобы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету, жұмысты соңына дейін бітіруге дағыдыландыру, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру; балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінен суреттер, желім, сулық, үлестірмелі материалдар

Алдын ала орындалатын жұмыс: бейнетаспадан «Бауырсақ» ертегісінің желісін көріп, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру

Сөздік жұмыс: домалау

Билингвальді компонент: бауырсақ – колобок, дөңгелек- круг

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасырады:

Атасынан да қашты

Апасынан да қашты

Өзінің домалақ басына

Жоқ боп кетті бір күні

- Балалар Бауырсақ жоғалмапты, мінекей ол ( ойыншықБауырсақты көрсетеді)

- Бауырсақпен амандасайық, балалар. Балалармен бірге ойыншық бауырсақпен амандасады.

-Бауырсақ мұнда қалай келдің?

Бауырсақ:

Мен атамнан қаштым

Әжемнен де қаштым

Мен олармен бірге

Болудан жалықтым

- Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың?

- Ме ойнағанды қатты жақсы көремін. Атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір-бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық. Сендерге ойнаған ұнай ма, балалар?

 

- Бауырсақ сен жолда шаршаған боларсың? Бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?

 

-иә, шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмадым. Неге екенін білмеймін.

 

Балалар Бауырсақ неге тоқтай алмады?

 

Сөздік жұмыс: домалау,

Балалар , баурсақпен ойын ойнайық

 

«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны. Үстелде әртүрлі геометриялық пішіндер және суреттер тұрады

Балалар соған ұқсас пішіндерді табады

Ал сен, Бауырсақ тексересің

- Бауырсақ неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе? Домалақ дөңгелейді. Сен жалықпасын деп, біз саған өзіміз жасаған аппликацияларды бауырсақтарды сыйға тартамыз.

Билингвальді компонент: бауырсақ- колобок, дөңгелек- круг

 

Тыңдап,жұмбақты шешу

 

Жауабы: бауырсақ

 

 

Бауырсақты көреді, бауырсақпен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Диалогті тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Иә, ұнайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бауырсақ домалақ болғандықтан тоқтай алмады

 

Қайталайды: домалау

 

Балалар домалақ пішінді заттарды суреттерді табады. Домалатып көреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды:

Бауырсақ –колобок

Дөңгелек-круг

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар аппликация жасау үшін бізге не қажет?

Үлестірмелі материалға назарларын аударды.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді

 

-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз , желімдейміз

-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай? Мен неге осы түсті таңдадым?

- Сары шаршынын бұрыштарын әдемілеп қайырып, дөңгелектеп қиямыз.

-екінші жағынажелім жағып , суреттегі жолға желімдейміз.

-ал оны не күтіп тұр?

-бұған бірдене жетіспей тұрған сияқты

 

-жұмысқа кіріспес бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік

 

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық

Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-қайшы, қағаз және желім

 

Үлестірмелі материалды құрастырады.Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалы ретімен танысады.

 

 

 

 

 

 

  • сары түсті, себебі

бауырсақ қамырдан жасалып қуырылған

түлкі

оған көз, мұрын және ән айту үшін ауыз жабыстыру керек немесе салу керек.

Балалар естеріне түсіріп айтады

 

 

 

Қимыл –қозғалыстар жасайды

Жұмысқа кіріседі, аппликацияларды жасайды

Рефлексиялық түзетушілік

Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталады

Бауырсақ шыршаның артына тығылып, қашып кетеді

Жол бойында жүгіріп, ән шырқайды

Атамнан да қаштым

Апамнан да қаштым

Түспедім мен ауызға

Ас болмадым тағыда

Бауырсақпын осындай

Аяқталды ертегіміз

Сәтті болды күніміз!

Бауырсақ балаларға рақмет айтады.

Балалармен қоштасады

Қуаныштарын білдіреді.Жұмыстарын бауырсаққа сыйлайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бауырсақпен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

біледі: бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек қияды, қарындашпен немесе фломастрмен аппликацияларды толықтырады;

игереді: домалақтың бұрышы болмайтындығын , еркін домалайтындығын;

меңгереді: қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады, сулықты қолданады

 

 

тәрбиеші: төкен.а.қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

7«Балдырған» ортанғы тобы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация

Тақырыбы: «Табақты әшекейлейміз»

Мақсаты: балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру, ұлттық өнерімен таныстыру, табақты өрнектермен әшекейлеуді үйрету . ұқыпты желімдеуге жаттықтыру, әшекейдеу дағдыларын арттыру, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу, қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: дастарқан суреті, желім, қайшы, үлестірмелі маериалдар

Алдын ала орындалатын жұмыс: «Ұлттық дәстүрлі дастарқандағы оюлар» атты слайдты көрсетіп, ыдыс-аяқтармен таныстыру

Сөздік жұмыс: өрнек

Билингвальді компонент: табақ- блюдо, өрнек - орнамент

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

-балалар мен сендерге ертегі айтып берейін

- ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні бөртеде Мыстан кемпір болыпты. Ол әдемілікті көрмейтін, сезімбейтін, дүниеде тек жамандық жасайтын жан екен. Зұлымдық жасаудан қолы босамайды. Сол мыстан кемпір бірақ ыдыстардан әдемі ою-өрнектерді үрлеп, өшіріп тастайды.

 

 

-Балалар , қараңдаршы. Ою-өрнектер үстел үстінде жатыр.Ыдыстарға осы ою-өрнектерді желімдеп өрнектейік

 

 

 

Ертегіні тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- бірақ алдымен жан-жағымызға қарап, сұлулықты іздейік. Терезенің әр жағында аспанда ақ бұлттар қандай әдемі! Сұлулықты қайдан көріп тұрсыңдар? Терезенің әр жағынан ба? Топтан ба? Достарыңнан ба?

 

- Сендердің қолдарың да әдемілікті жасай алады. Сендер қазір ыдыстарды ою-өрнектермен әшекейлейсіңдер. Ұқыпты желімдеңдер, желімнің ізі қалмауы керек.

 

Саусақ жаттығуы:

«Қонаққа барамыз»

Тыңдап сұрақтарға жауап беру

 

 

 

 

 

 

Басбармақтың үйінде

Келді бүгін қонақтар

Бес саусағың бақытың

Сонда балам , бар құтын

Бес саусағың біріксе

Текке кетпес уақытың

Барлық саусақ тату дос

Бір-біріне көмектес

 

-әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. (Қазақтың әдемі әуені шырқалады)

 

Сөздік жұмыс: өрнек

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

- Ыдыстың ортасынан бастап, өрнектейміз. Ең үлкен элементтерді таңдап, қошқармүйіз бен құстұмсық оюларын желімдейміз.

- Қағаздың түрлі түсті жағын астына қаратып, желімді жағамыз. Өрнекті негізгі бетке әдемілеп жабыстырып , сулықпен басамыз, артық желімді сүртіп тастаймыз. Енді ыдыстардың шетін өрнектейміз. Гүл келтесі оюының ұшын ыдыстың шетіне қаратып желімдейміз

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Билингвальді компонент: табақ- блюдо, өрнек- орнамент

Саусақ жаттығуын жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды: өрнек

Үлестірмелі материалды қарастырады. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Жұмысқа кіріседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды : табақ-блюдо, өрнек-орнамент

Рефлексиялық түзетушілік

Балаларды мадақтау. Жасаған жұмыстарынн көрме ұйымдастырады

Достарының жұмысын талдайды. Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:

біледі: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл күлтесі» оюларын қиып, ыдысты әшекейлейді;

игереді: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл күлтесі» оюларының мәнін

меңгереді: қағаздан ою қияды, симметриялы етіп орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

10«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні:    27.01.2017

Білім беру саласы : Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Аппликация

Тақырыбы: «Пойыз»

Мақсаты: : Балалардың пойыз туралы білімдерін, темір жолда жүретін көлік екенін түсіндіру, ұсақ бөлшектерді қосу; шығармашылық ойды дамыту,Тілдерін дамыту.Көлік түрлерімен танысу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әрекет – кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс – әрекеті

 

Балалардың іс - әрекеті

 

Дәлелдеу - ояту

 

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

  • Балалар бүгін біздің тобымызға көптеген апайлар келіп отыр екен.Қонақтармен амандасып, қош келіпсіздер деп айтайық.
  • Енді балалар,қолдарымыздан ұстап,алақандарымыздан қысып,бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.
  • Балалар алақандарымыз ыстық па?
  • Осы ыстық лебіз қайдан шығады?
  • Дұрыс, жүрегімізден.Жүрегіміздегі жылы лебізді алып ,бір-бірімізге сыйлайық.
  • Балалар терезеден далаға қараңдаршы? (Ауа райы және жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізу)

Шаттық шеңберін орындайды.

Апайлармен амандасады

Балалар жылы лебіздерін білдіреді

.

Ыстық

Жүрегімізден

Алақандағы жүректерін үріп жібереді.

 

Жыл мезгілі туралы айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру – іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Балалар транспорт дегеніміз не?
  • Транспорт не үшін қажет?
  • Транспорт түрлерін білеміз бе? (Сурет арқылы транспорт түрлерін көрсету)
  • Суда жүзетін көліктерге:Кеме,қайық
  • Жерде жүретін көліктерге: машина, камаз,автобус
  • Әуеде ұшатын транспорт түріне: ұшақ,зымыран,
  • Темір жол транспортына:
  • Пойыз не үшін қажет? Пойызбен адамдар қайда барады?
  • Пойызбен,жолаушылар, яғни адамдар әр түрлі себептермен бір жерден екінші жерге қатынайды. Біреулер туыстарына барса, енді біреулері сауда жасау үшін бір қаладан екінші қалаға барады екен
  • Сендерде үлкен қалаларға барғыларың келмей ме?

Бүгін біз Астана қаласына бару үшін, түрлі-түсті қағаздан жолаушылар таситын пойызды жапсырамыз.Мен паровозын жапсырып,дайындап қойдым,сендер вагондарын жапсырасыңдар. Вагондарымыз әдемі, көңілді болу үшін әр-түрлі түстен жапсырамыз.Әр вагонның өз тапсырмасы бар.

  • Балалар пойызды жүргізу үшін не керек?Пойыз қандай жолмен жүреді?

 

  • Темір жол. Темір жол неден жасалады?

 

  • Темір жол шпалмен рельстен жасалады

 

  • Біздің рельсіміз дайын,енді балалар вагондарын жапсырайық.

Дидактикалық ойын: «Вагондарда кім бар?»

Ойынның шарты:Әр вагондағы тапсырманы орындағаннан кейін,вагондарды қатарластырып жапсыру.

Тапсырма 1: Бірінші вагонның жануарларының даусын үнтаспа арқылы тыңдату. (Ит,мысық)

Тапсырма 2: Вагондағы аңдарды сурет арқылы жасыру.(Аю,түлкі)

Тапсырма 3: Вагондағы жануарды жұмбақ арқылы тапқызу (Қасқыр,қоян)

  • Жарайсыңдар,вагондардың тапсырмасын жақсы орындадыңдар.
  • Балалар пойыздың даусы қалай шығады.Салып көріңдерші. Ал енді паровоз тоқтап,тормоз беріп түтін шығарды. Қәне дауысын салайықшы. С с с с с...
  • Ендеше жай қарындаштарымызды алып паровоздан шыққан түтінді салайық.
  • Жарайсыңдар, ендеше пойызға мініп Астана қаласын саяхаттап қайтайық (Астананың суреттрін слайд арқылы көрсету)

Мен паровоз от алам

Астанаға бет алам

Пуп,пуп,пыш,пыш

Бірте – бірте тездейміз

Тез жетуді көздейміз

Пуп,пуп,пыш,пыш

Қаладан көп отеміз

Астанаға жетеміз

Міне балалар Астанағада келдік

Транспорт туралы білгендерін айтады.

 

 

 

Транспорт түрлерімен танысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темір жолмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тапсырманы шешіп, вагондарын жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пойыздың макетіне мініп саяхатқа шыгады

 

 

 

Өлеңді қайталап айтып отырады

 

 

 

Астананы суреттен қарап тамашалайды

 

Рефлекстік түзету

Сөздік жұмыс: Вагон,пойыз

Көрме ұйымдастыру:

Ерхан саған кімнің жұмысы ұнады?

Айеркем саған ше?

Пойыз, пойыз

Судай жаңа,

Жылтырайды шынымен.

Не бар екен пойызда?

Аю менен түлкілер

Мысықтармен қояндар

Міне, осындай пойызды

Балаларға сыйлаймыз. Ұзақ, ұзақ,жол ұзақ

Оқу іс- әрекетін қорытындылау:

Сөздерді қайталайды.

Өздеріне ұнаған суретті көрмеден таңдайды.

 

 

 

Балаларды жұлдызша арқылы мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Білу: Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып,пойыз құрастыруды

Игеру: пойыздың темір жолмен жүретін көлік екендігін

Меңгеру: желімді дұрыс қолдануды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№11«Балдырған» ортанғы тобы.

Өткізілген күні: 11.02.2017

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Авариумдағы балықтар»

Тақырыбы:  «Авариумдегі балықтар»

Мақсаты: аваримуда алықтар, ұлулар, өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру; балалардың елестете білу қабілетін дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  ұлу, қабыршықтар

Қостілдік компонент: балық –рыбы, су –вода.

Қажетті құрал -жабдықтар: ойыншық балықтар мен ұлулар,

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

 

 

Ұйымдық-іздену

-          

 

Рефлексті- түзетушілік

 

 

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

Төкен А.Қ.

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

№«Күншуақ» ортанғы тобы.

Өткізілген күні:

Білім беру салалары:

Бөлімі:

Тақырыбы:

Мақсаты:

Сөздік жұмыс: 

Қажетті құрал -жабдықтар:

 Іс-әрекет кезеңі

       Тәрбиешінің әрекеті

  Бала әрекеті

Мотивациялық-түрткі

 

 

Ұйымдық-іздену

-          

 

Рефлексті- түзетушілік

 

 

 

Күтілетің нәтиже:

Нені біледі:

Қандай түсініктерді игереді:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

Төкен А.Қ.