Бекітемін: _____________ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Назарымбетова
Күні: 13.12.2016 Сыныбы: 6 «б» сынып
Сынып жетекшісі: Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Сабақтың тақырыбы
|
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан |
Сабақтың жалпы мақсаттары |
Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру, тарихына шолу жасау: Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу: Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту:
|
Күтілетін нәтижелер |
Қазақстан тарихында болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіреді, тарихына шолу жасайды: Оқушылар Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиеленеді: Оқушылардың жауапкершілігі, белсенділігі, ізденгіштігі, зерттеушілік қасиеттері дамиды:
|
Негізгі идеялар |
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым. Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым. Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның. Айналайын,айналайын, қасиетті
халқымның. |
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, жеке жұмыс.
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
Кіріспе
Тұсаукесер
Жаңа сабақ
Қорытынды
|
Уақыты |
Мұғалім іс - әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
2 минут
2 минут
4 минут
15 минут
6 минут
5 минут
5 минут
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Тәбие сағатқа қатысушылар әнұранмен бастайды. 2. 4.топқа бөлініп отырады
II. Мұғалім сөзі. «Миға шабуыл» әдісі 1. Бұл қай ай? Қандай мерекелер тойланады? 2. Биыл Желтоқсан оқиғасына қанша жыл? 3. Тәуелсіздігімізге қанша жыл? 4. Тәуелсіздік дегеніміз не? «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан”атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
IІІ. «Ой қозғау» әдісі Видеоролик корсету «Желтоқсан құрбандары»
IY. «Мағынаны таны» әдісі I топ. «Тарихыңды таны» II топ. «Желтоқсан құрбандары» III топ.«Тәуелсіздік шыңы» IY топ. «Ғажайып Қазақстан»
Y. Жеке жұмыс. Тәуелсіздік толғаулары. Желтоқсанға байланысты М.Шахановтың өлеңдерін оқып шығу 1. Тұрғанбек Заңғар 2. Құрбан Нұржайна 3. Ассамадин Нұрасыл
YI. Шығармашылық жұмыс.
1. Ән. «Астанам» Амангелдиева Қарақат 2. « Кеңес күйі » Сұлтан Мұхамеджан 3. Ән. « Родина » Икрам Нұрсұлтан
YII.Кері байланыс Оқушыларға түрлі – түсті қағаздар тарқатылады. Қолдарының суретін салып. Әрбір саусаққа сабақтан алған әсерлерін жазады.
Мұғалім сөзі Біздің басты
құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де
бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ
тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.
ашық сабағымызды осымен аяқтаймыз.
|
Оқушылар әнұранды айтады
Әр оқушы сабаққа назар аударады.
Оқушылар ой түйіп пікір айтады.
Оқушылар әрбір постерді қорғап береді және жылдамдық танытады
Әрбір оқушы Тәуелсіздікке байланысты өлеңдерін оқып шығады
Оқушылар тапсырманы орындайды, өз пікірлерін айтады.
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.