Климат қалыптастырушы факторларды білу,Күн радиациясының ерекшеліктерін түсіну, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясын анықтау үшін картаны қолдану
Климат қалыптастырушы факторларды біледі,Күн радиациясының ерекшеліктерін түсінеді, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясын анықтау үшін картаны қолданады
Қазақстанның климатының шұғыл континентті екенін анықтай отырып,оларды қалыптастырушы факторлары және Күн радиациясының таралуы туралы оқып біледі
Қазақстанның физикалық картасы,Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасыСабақ жоспар
сабақ жоспар.docx
8 сынып
Күтілетін нәтиже
Негізгі идеялар
Оқыту құралдары
Тапсырмалары
Сабақтың тақырыбы Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор
Сілтеме
Жалпы мақсаты
Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Климат қалыптастырушы факторларды білу,Күн
радиациясының ерекшеліктерін түсіну, Қазақстан
аумағындағы жиынтық күн радиациясын анықтау үшін
картаны қолдану
Климат қалыптастырушы факторларды біледі,Күн
радиациясының ерекшеліктерін түсінеді, Қазақстан
аумағындағы жиынтық күн радиациясын анықтау үшін
картаны қолданады
Қазақстанның климатының шұғыл континентті екенін анықтай
отырып,оларды қалыптастырушы факторлары және Күн
радиациясының таралуы туралы оқып біледі
Қазақстанның физикалық картасы,Қазақстан аумағындағы
жиынтық күн радиациясының картасы
Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар «Ой қозғау»
Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс»
Сұрақжауап «Не ұқтым?»
Жұмыс дәптері
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен
айналысады)
Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
І.Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар Мадақтау арқылы бағалау
1.Жер шарындағы климаттық белдеулер түрін ата
2.Қазақстан мемлекетінің климаты қандай?
3.Климаттың қалыптасуына нелер әсер етеді деп ойлайсың?
ІІ. Жаңа сабақ: Мәтінмен топтасып постер қорғау
Ауа райының көп жылдар бойы кайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат
деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: Күн радиациясы,
атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.Күн радиациясы күннен
шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты
Дж/м2мен есептеледі. Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық
ендікке байланысты өзгеріп отырады. Жер бетіне түсетін күн сәулесінід 20%ын
атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді. Осы бөлігін тура
Күн радиациясы дейміз. Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,
мұз түйіршіктері, шаңтозаңдар, бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады.
Мұндай жағдайда Жер бетіне шашыранды радиация жетеді. Жер бетіне келетін
тура және шашыранды радиацияның қосындысын жиынтық радиация деп
атайды. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырак, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін
жер беті кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиация дейміз. Қара топырақ
Күн радиациясының 5%ын ғана, ал жаңа жауған қар 90%ына дейін шағылыстыра
(қайтара) алады. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы Қазақстанда өте үлкен (20003000
сағат). Мысалы, солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен
2132 сағат. Бұл жағынан сол ендікте орналасқан. Мәскеу қаласы мөлшерінен
шамамен 400 сағат артық. Ал оңтүстікте Қызылорда қаласында 3042 сағат. Мұндай
көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік ендіктерде орналасуына, жылдың жылы
кезінде бұлттылықтың аз болуына байланысты.Күн радиациясы Қазақстандағы ашық
және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына
орта есеппен 120 үдайы ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Ашық күндер саны
Қазақстанда Қырымның оңтүстік жағалауы мен Кавказдың Қара теңіз жағалауынан
артық. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте
(Балқаш маңында)10ақ күн.Сөйтіп, Қазақстанда жылдық жиынтық радиация
мөлшері солтүстікте 100 ккал, оңтүстікте 155 ккал. Оңтүстікте шілде айында
жиынтық радиация 1518 ккалға тең болса, ал қаңтар айында 4 есе аз. (Электронды
оқулық)
1 топ :Қазақстанның климаты
2 топ :Климат қалыптастырушы факторлар
3 топ :Күн радиациясы
4 топ :Күн радиациясының түсу мөлшері
Бағалау. Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау
ІІІ.Сабақты бекіту:
1)1.Қазақстанның климаты,климат дегеніміз не,климат құрушы факторлар
2.Күн радиациясы дегеніміз не,Күн радиациясының түрлері
3.Қазақстан аумағында Күн сәулесінің түсу ұзақтығы
4.Күн радиациясының ашық,бұлтты күндерге байланысты таралуы
5.Жылдық жиынтық радиация мөлшері
2) Жұмыс дәптері
Кейінгі тапсырма
Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясын
кескін картаға түсіру
Атмосфераның жалпы циркуляциясы
Кейінгі оқу
Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор
Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор
Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.