Бекітемін:
Бисенова Ү.А.
Күні: 04.12.2015ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және
адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы
орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.
Тәрбиелік: Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы
оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, топтастыру, іздену.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, ойынға қажетті
суреттер мен сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақ тілі,Музыка.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқу құралдарын тексеру
Психологиялық дайындық.
Дихан Әбіловтың «Туған тілім» өлеңімен бастаймыз.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім –анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Балалар бірбіріне тілек тілейді
Топқа бөлу(Қыс мезгіліне байланысты суреттер арқылы)
Орындарына отырғызу
Топтың атауларын оқытып оның ерекшеліктері туралы айтып кету
1топ. Ақшақар 2топ.Аққала
3топ.Аяз ата
4топ.Қар
ІІІ. Өткенді пысықтау:
1. Балалар, біз өткен сабақта қандай тарауды аяқтадық?
-Неткен сұлу , неткен көркем , осы менің туған өлкем.
2. Ол тарау не туралы айтылған ?
-Бұл тарауда отан , туған жер туралы айтылған.
Ендіше осы тарау туралы білетіндерімізді пысықтап алайық.Ол үшін
сөзжұмбақ шешеміз.
Сөзжұмбақ шешу
1.Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасы кімге арналған
2. «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі ең еңбекқор кейіпкер.
3.Күләш Ахметованың қандай шығармасын білеміз?
Сөзжұмбақтың шешуі /қыс/
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Дәптермен жұмыс.
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. Ақын жазушы Міржақып
Дулатовтікі.
Міржақып Дулатов туралы түсінік беру.
Міржақып Дулатов (1885-1935) Қазіргі Қостанай облысының
Жангелдин ауданына қарасты Қызылбел ауылында дүниеге келді. Алаш
қозғалысының
қайраткері, қазақ ақыны, жазушы. «Оян, қазақ! » атты кітабын
жазған, «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы)
Бүгін біз Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысамыз.
Қыс
Сабағымыздың мақсатын айқындап алсақ ?
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?
- Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар? - Қыс мезгіліндегі тіршілік ?
Қыс мезгілі туралы әңгіме айтуға Міржақып Дулатовтың төмендегі
әңгімесі көмегін тигізеді.
«Қыс» мәтінімен жұмыс
Мәтінді оқушыларға дауыстап оқып беру.
Сөздік жұмыс
Бек қиын – өте қиын
Шилі бет – бетін үсік шалған
Үскірікқатты боранды аяз
Бапсызжәйсіз ,қараусыз
Жалтаң аязүскірік,суық аяз.
Қарығанүсіткен.
Топпен жұмыс.(Мәтін бойынша)
1.Мәтінді бөлімге бөліп беремін.
2.Мазмұнын жеке жеке топтарға айтқызу
Сергіту сәті.
Сөзжұмбақ шешу
1) Сөзжұмбақты шешу үшін жұмбақтардың жауабын дұрыс табу керек.
Жұмбақтар
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (аяз)
3. Отқа жанбас , суға батпас. (мұз)
Аяздың ерекшелігін айтып кету.
а
я
з
Қар туралы қызықтар/Видеоролик/
Топтық жұмыс Жаңа сабақты бекіту
«Аққала» ойынын ойнатамын.
Ойын мақсаты: Бұзылған аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегінде
сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беріп аққала құрастырамыз.
1. Қыс мезгіліндегі өзгерістерді ата. Аяғы
2. Бірінші бөлімде жазушы қай мезгілді суреттеген? Денесі
3. М. Дулатов кім? – Қолдары
4.Адамдар суықтан қалай қорғанады?
5.Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген?
6.Қыстыгүнгі жылқышылардың еңбегі туралы не делінген?
7.Қандай қысқы ойындарды білесің? Басы
8.Қыс мезгіліндегі тәбиғаттағы өзгешіліктер?
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау.
Қыс мәтінін мазмұндап келу. «Қысқы қызықтар»тақырыбына шығарма жазу.
Ақшұқыр мектеп –лицейі Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов
Өткізген: Каракулова С.А. 2 «ә» сынып
04.12.2015ж
Ашық сабақ 3 сынып "Тұрлаусыз мүшелер"
Ашық сабақ 3 сынып "Тұрлаусыз мүшелер"
Ашық сабақ 3 сынып "Тұрлаусыз мүшелер"
Ашық сабақ 3 сынып "Тұрлаусыз мүшелер"
Ашық сабақ 3 сынып "Тұрлаусыз мүшелер"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.