Ашық сабақ химия пәнінен
Оценка 5

Ашық сабақ химия пәнінен

Оценка 5
Работа в классе
docx
химия
9 кл
19.06.2017
Ашық сабақ химия пәнінен
Публикация является частью публикации:
сыныптан іс шара.docx
«Химия және денсаулық» Брейн- ринг ойыны (сыныптан тыс іс-шара) Мақсаты: Білімділік: химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру; Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Тәрбиелік: ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу. «Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақ қолында» дегендей, алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой – өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны білімді азамат етіп шығару өз қолымызда. Жүргізуші: Көруге бұл сайысқа жиылғандар, Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар. Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты Тамашалау бақыты бұйырғандар! деп Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі интеллектуалдық брейн – ринг ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады: 1. Таныстыру. 2. «Ойлы болсаң, озыпкөр» 3. Ғалымдар тоғысында 4. Химиялық жұмбақтар 5. Химия және денсаулық Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық. Сайысқа алты адамнан құралған екі топ қатысады. «Сайысымыздың беташарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қолсоғып қостайық», - деп, Кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік. 1 кезең таныстыру Жақсы, ойыншыларымызбен таныс болдық. Енді ойын шартымен таныстырып өтейік. Мен сіздерге сұраққоямын. Сіздер сұрақты аяғынадейін тындайсындар да жауап дайын болса жетонды көтересіздер. 1 минут ішінде кім бірінші көтереді сол каманда жауап береді топ басшысы кім жауап беретінің айтады. Әр сұрақты ойлануға 1 минут беріледі. Жауаптарыңыз дұрыс болса,тобынызға 1 ұпай аласыз. Ал,егер қателессеңдер , бұл сұраққа жауап беруге қарсы топ мүмкіндік алады. Ойын шарты түсінікті болса,бастайық! Іске сәт! 2 кезең «Ойлыболсаң, озыпкөр» «Білім-теңіз,түбіде,шеті де жоқ » Ю.Балассағұни Әр топ өз білімімен ұпай жинайды Сұрақтар: 1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. (атом) 2. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций) 3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр. (коэффициент) 4. Денесінде қышқылбар жәндік? (құмырсқа) 5. Оң зарядты ион (катион) 6. «Бақшаңкөз» ауруын тудыратын элемент (Йод) 7.Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов) 8. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (тұзқышқылы) 9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(Йод) 10.Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S) 11.Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4) 12.Сұйық металл.(сынап) 13.1А топ элементтері басқаша қалай аталады (негіздер) 14. Екі газдан алатын ең қажетті сұйық зат (Н2О) 15. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым. (С.Аррениус) 3 кезең–Ғалымдар тоғысында: 1. Атом-молекулалық теория негізінсалушы (М.В. Ломоносов) 2. Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус) 3. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев) 4. «Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұл қай ғалымның сөзі? (Қ.Сатпаев) 5. «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бірденеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материал азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген тұжырымдаманы айтқан ғалым кім? Ол заң қалай аталатынеді? ( М.В.Ломоносов. Зат массасының сақталу заңы) 4 кезең-Химиялық жұмбақтар: 1.Табылса бұрын там - тұмнан Қазір көп әрбір өлкеде, Қымбат болды алтыннан Қандай металл ертеде. (Алюминий) 2.Алтын менен күмісті кім білмейді. Қолда барда қуанып кім күлмейді, Химиктерге жақпайтын не сыры бар Әрқашан «жаман металл» құрғырдейді. (Активсіз металл) 3.Қымбат деп айтатындай емес алтын, Сонда да тапты игілік одан халқым. Апарып Айға елімнің туын тікті Жемісі нақыл–ойдың елдің салтын. (Темір) 4.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп. Көрсететін суықты, жылуды анық Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап) 5. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада ,өзіхимиялық элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот) 5 кезең - Химия және денсаулық: 1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде) 2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсендірленген көмір) 3.Бұл заттың 0,9% - дық ертіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қантамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? 4. Бұл элементке кейбір омыртқасыздар- былқылдақденелілер мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар? ( мыс) 5.Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады. (Фтор) 6. Адамның дене қызуын өлшейтін құралдағы сұйық металл сынап Егерде бұл затпен пайдаланған кезде қауіпсіздік ережесін сақтамасаңдар,бұл зат өмірге қауіпті.Осымен тапсырмалар аяқталды. Енді қорытындысын шығару үшін әділ- қазылар алқасына сөз кезегін береміз. (әділ-қазылар алқасы марапаттайды) Осымен іс- шарамыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен

Ашық сабақ химия пәнінен
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.06.2017