Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."
Оценка 4.9

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
окружающий мир
Детсад
08.12.2017
Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."
Тақтаға бірнеше үй және дала құстарын іліп айырмашылықтарын ұқсастықтарын айтады.Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары».Құстарды екі топқа бөліп қарастырамыз:дала құстары және үй құстары.(Неліктен үй және дала құстары дейміз түсіндіріп өту) Тәрбиеші: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
ашык сабак.docx
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек.  Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейтіп,үй  құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке,  қамқорлыққа тәрбиелеу.Балалардың белсенділігін қызығушылығын,ой­өрісін  дамыту. Әдіс­тәсілдері: түсіндіру, сұрақ­жауап, ойын,шығармашылық жұмыс.  Көрнекіліктер: Әтеш,қаз,үйрек, балапан, тауықтың суреттері. Билингвалдық компонент:әтеш – петух,тауық – курица,қаз – гусь,үйрек –  утка,балапан – цыпленок,сары – желтый,қызыл – красный.                                         Сабақтың барысы Тәрбиеші: ­ Балалар, қолымыздан  ұстап  «Шаттық  шеңберін»  құрып, бір­ бірімізге жылуымызды білдірейік.  Қуанамын мен де,  Қуанасың сен де.  Қуанайық достарым,  Арайлап атқан күнге!  Тәрбиеші: ­ Балалар, бір­біріміздің дос  екенімізді білдірдік.Ал енді,  қонақтармен амандасайық.  Үлкенге де ­ сіз,  Кішіге де – сіз.  Құрметпенен сіздерге,  Бас иеміз біз.  Тәрбиеші: ­ Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық.  Тәрбиеші: Тақтаға бірнеше үй және дала құстарын іліп айырмашылықтарын  ұқсастықтарын айтады.Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй  құстары».Құстарды екі топқа бөліп қарастырамыз:дала құстары және үй  құстары.(Неліктен үй және дала құстары дейміз түсіндіріп өту) Тәрбиеші: Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық,  балапан, қаз, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).  Жұмбақ шешу.  1.Басында айдары бар,  Иегінде сақалы бар. (Әтеш  ­ петух) Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?  ­ Түсі қызыл.  ­ Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен.  София:Мен қоразбын, қоразбын Жалқауларымен аразбын, Таңды ерте қарсы алып Елді оятам жар салып. 2.Қыт­қыт етіп шақырады, Балаларын қанатымен жабады.(Тауық ­ курица) ­ Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады.Олар жем жеп, су ішеді.  ­ Түсі ақ.  ­ Олар қалай дыбыстайды?  ­ Қыт­қыт­қыт.  ­Тауықтың балапандарын көрсету. Әділхан:Мен ақ тауық, ақ тауық, Жүремін мен мақтанып Құс болсам да ұшпаймын  Балапанды қорғаймын. 3.Балпаң­балпаң басады,  Адамнан қатты сасады.  Саусақтары салалы, Қыста жылыға қашады. (Қаз ­ гусь) ­Мынау­қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары.  Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады. (салыстырту). Қаздың балапандарын көрсету. 4.Табаны бейне алақан, бұл қандай балапан?(үйрек ­ утка) ­Ал мынау­үйрек. Үйректің түсі ақ екен. Бұл құстар суда жүзгенді  ұнатады.Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда  үлкендеу болады.(Салыстыру).  Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді.Үйректің балапандарын көрсету. ­Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде  пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су  құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек  көрсетеді.  Тәрбиеші: ­ Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік. Қане қанат жазайық, Балапанға ұқсайық, Ұшып – ұшып алып, Орнымызға қонайық. Дидактикалық ойын: «Анасын тап»  Шарты: Балаларға үй құстарын олардың балапандарымен  үйлестіріп беру.  Балалар  анасын  балапанымен  жұптастырады.     Тәрбиеші:­ Балалар үй құстары жеммен қоректенеді.Бұл ыдыстын ішінде  құстар қоректенетін   тары бар,бірақ тары  бұршақпен араласып кетіпті.Ал  бұршаққа қарандаршы ол тарыға қарағанда үлкенірек.Оны құстар жесе  шашалып қалады.Ал біз құстарға қамқормыз ғой.Тарыны тазалап  бұршақтарды алып тастап,кейін үй құстарын қоректендіреміз.  Шығармашылық жұмыс ­Балаларға суреттер тарату,бірақ бұл суретте үй құстары мен басқа да  жануарлар бейнеленген.Ал,балалар тек қана үй құсының суретін бояу қажет. Қол жаттығуы Мы сегодня рисовали Наши пальчики устали Наши пальчики встряхнем И рисовать опять начнем. Сабақты қорыту: Тәрбиеші: ­Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?  Балалар: ­ Қаз, тауық, үйрек.  Тәрбиеші: ­ Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз? Балалар: ­ Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.  Тәрбиеші: ­ Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?  Балалар: ­ Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте  пайдалы.  Тәрбиеші: ­ Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!  Бүгінгі оқу іс­әрекетіне барлығымыз өте жақсы қатыстық.                        Мадақтау (балапандардың суретін тарату)  Күтілетін нәтиже:  Білу керек:  Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.  Болу керек:  Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын  тазартып балапандарына қамқор болу керек.  Істей білу керек:  Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек.  Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."

Ашық сабақ "Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан, қаз, үйрек."
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.12.2017