Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)
Оценка 4.9

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Оценка 4.9
Документация +1
docx
чтение
3 кл
08.05.2017
Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)
шуағы» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. 2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардшуағы» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. 2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналард
Документ (15).docx
Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы" Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.  Мейірімділікке, сый ­ құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.  Интерактивтік тақта. Презентация. Мұғалімнің сөзі: ­ Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз  еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім  мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана –  гүл, ана – өмір шуағы» ­ атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде  айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың  төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. 2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар.  Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа  бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын. 1 жүрг: Айналдым «ана» деген асыл аттан Шуағын бар әлемге шашыратқан 2жүрг: Ойнап жүрген құлынын даладағы Үйде отырып даусынан ажыратқан Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан Сіздерсіз ғой аналар Зор денсаулық мол бақыт Тілейміз біз балалар! Балалардың тақпақтары Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын. Презентация бейнефильм Ән шашу: 1 жүрг. Қыз өссе ­ елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші ­ 8 наурыз мерекесі,  қыздарымыздың да, мерекесі. Қыз емес қыздың аты қызыл алтын Көрінер толған айдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз» әнін қабыл алыңыздар. 2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды  аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз,  аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді  жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Ән шашу 1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында  жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз. Омар: Менің әжем, бұл әже Айтқан сөзі дәл әжем Аман болса көреді Қызығымды әлі әже Сахналық көрініс «Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов. ­ Жүрегім кім менің? ­ Мен! ­ Тірегім кім менің? ­ Мен! ­ Сәнім кім менің? ­ Мен! ­ Ботақаным, бағлан қозым, Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің! ­ Жоқ, әже, қарғаң мен емес! Жо... жоқ, қарға болмаймын, Керегі жоқ ондайдың. Қарға «қарқ ­ қарқ» етеді, Алысқа ұшып кетеді. Қасыңда боп әрдайым, Мен ешқайда бармаймын. Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен) 5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз  айтады. Мыс: ботақаным – дейді. 5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады. 2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға  балаларды шақырайық. Ана деген сөзді де Апа деген сөзді де Әке деген сөзді де Аға деген сөзді хормен: Ойлап тапқан балалар! Күнім, жаным дегенді Құлыншағым дегенді Ботақаным дегенді Айналайын дегенді Толған айым дегенді хормен: Ойлап тапқан аналар! Ән шашу: 1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мақсат бата беремін деп отыр. Жаманшылық болмасын Ардақ біткен жар болып Ару ана қолдасын Отбасының ордасын Періштелер қорғасын Тіккен әрбір отауға Тәңірім, жақсылық жолдасын! Бақыт – ашып қақпасын Мәңгі – бақи жаппасын Бәле – жала отбасын Іздесе де таппасын Әумин! Ән шашу: 1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым Бұл өмірде күліп қана жүріңіз 2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей Болсын әсем өміріңіз Сәуле шашқан әсем күндей Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі  мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін. Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады Ақмола облысы Шортанды ауданы Төңкеріс негізгі мектебі Өткізген: К.Т. Жармаганбетова  8­ наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған      «Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағаты Мақсаты: 1. 2. 3. 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд. 1. 1. Жүргізуші (Ескендір): (Сахнаға 2 жүргізуші шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті ұн ұн, басында повор шапкасын киіп). Торт пісіру­оңай ғой Тек батыл болу керек 7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек 3 ас қасық бұрыш Жоқ әлде олай емеспа? 1. 2. 2. Жүргізуші(Мұғалім): Олай емесқой 1. Жүргізуші (Ескендір): Мен тіптен шатасып кеттім 2. Жүргізуші(Мұғалім): Мұнда бұрыш салмайды ғой 1. Жүргізуші (Ескендір): 3 сағат болды осылай жүргеніме 3. 4. Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім Нәтижесінде­күйіп кеткен бәліш Мүлдем тортқа ұқсамайды. Жүргізуші (Мұғалім) Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық  қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі  тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, қошемет айтпайды жігітке, төртіншісі өзіне қарамайды.  Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай  қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі  не баласы не немересі болмаған.Кейін ол жалғыздықтан  қайтыс болады.Сонымен әр ер адамдар адамгершілігі мол болып, қайталанбас  кемшіліктері аз  болсын! Әр арулар мен сұлу қыздар мен әйелдер үшін.Сіздерді 8­наурыз халықаралық әйелдер  мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан,  ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана­ өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. 1. Жүргізуші (Ескендір) : Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен 4 ананың және қыздар арсында сайыс ұйымдастырдық.Сіздерге сәттілік тілейміз! Жүргізуші (Мұғалім): Мереке құтты болсын, аналарым, 2. Мәпелеп, еркелеттің, аяладың Лебізіңе алғысты айта келе Ән жырымды қабыл ал аналарым! Ән: « Анаға сәлем » Жүргізуші (Ескендір)         Ак көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай, еш жалыкпай, Айтқаныңызға көндік деп, Әділқазы алқасын, Сайлап алсақ жөн болар. Әділқазылар алқасы : 1. Жұпар Николаевна 2. Жанат Боранбаевна Барлық сайыстар соңында әділқазылар алқасы шешімін шығарады. Жеңген топқа құттықтау  грамотасы ұсынылады .Номинациялар: биязы ана, мейірімді ана, парасатты ана және дарынды  ана. 1. 1. Жүргізуші (Мұғалім): Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналар мен оқушыларды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық. 2. Жүргізуші (Ескендір): Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік 2.  Сайыс шарттары. 1. 2. 3. 4. Таныстыру (топ аты, анасының аты – жөні,анасының мамандығы, оқушы аты – жөні, сынып,оқушы туралы мағлұмат беру) «Анасы мен қызы » билейді « Шаштараз » «Кімнің дауысы, тауып көр! » « Отбасы деректері » «Сән салоны» 5. 6. 2.Жүргізуші (Мұғалім):     Енді сайысымызды бастайық. Өнер қуып аналар өтер деймін Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен анасы мен қыздары кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін, – деп кезекті таныстыруға берейік. Ұпай 10 балл. 1. Жүргізуші (Ескендір) 1. Сайыс: « Анасы мен қызы » билейді . 1.  Сіздердің алдарыңызға сиқырлы гүлдер әкелінді ,сиқырлы гүлдер ішінде би аттары жазылған  сіздер сиқырлы гүлдер ішінен 1 гүлді таңдап алып орындап бересіздер  биді жақсы қимылмен  орындап берулеріңіз керек  «Калинка» — орыс халқының әні (ана өзі жалғыз орындайды  ),  «Қамажай» (2 ана ), «Үнді биі» (ана мен қызы), «Ламбада» (ана мен қызы), «Лезгинка» (ана және  сынып оқушылары қосылып биге шығады) сәттлік тілейміз! Ең қызықты жақсы билеген топқа 20  балл 1. 2. Жүргізуші ( Мұғалім ) 2.Сайыс : «Шаштараз» Сәттілік тілейміз! 2.   1. Оқушылардың аналары шаштаразшы болады, шаштаразға келуші (қызға) жылдам және әдемілеп бантик байлап беруі керек. Тез,жылдам және сапалы әдемі бітірген ана 8 балл, қалған анаға 5 балл қойылады. 3. Жүргізуші (Ескендір) 3.Сайыс: «Кімнің даусы, тауып көр!» Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.Егер анасы дәл тапса 10 балл алады, егер таба алмаса 5 балл. 4. Жүргізуші (Мұғалім) 4.Сайыс: «Отбасы деректері» Әр оқушы қобдишадан сұрақтар таңдап алады,жүргізуші оқиды.Анасы сол сұраққа жауап беріп,жүргізушіге береді оқушының жауабы анасының жауабымен сай келуі керек.егер толығымен жауап берсе 5 балл егер жауабы сай келмесе 1-4 дейін балдар қойылады. СҰРАҚТАР: (оқушыға): 1. Анаңның анасының аты – жөні? 2. Алғаш мектепке келгенде 1 сыныпта үстінде қандай киім болды ? 3. Анаңның қанша аға – қарындастары бар? 4. Анаң бос уақытында немен шұғылданады? 5. Анаңның әкесінің аты – жөні? 6. Анаң қандай гүлді ұнатады (гүлдің аты)? 7. Анаңның жақсы көретін түсі қандай?   8. Анаңның атқаратын кәсібі не? 9. Анаң жылдың қай мезгілін ұнатады? 10.Анаң қандай кино жақсы көреді? 11.Анаңның ең жақсы  көретін салаты? 12.Анаң қандай кітап оқығанды ұнатады? 13.Анаң тоқыма тоқығанды ұнта ма әлде үй жинағанды ұната ма? 1. 5. Сайыс: Сән салоны Аналары оқушыларға ерекше киім дайындайды, дайындыққа 15 мин беріледі, әр топта  газет  журналдар, қайшы, скрепкалар, жіп,  скотч, тиреуіш, клей қолданылады. Әр топқа 20 ұпай  беріледі. Жүргізуші (Ескендір): Ана­адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен  мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Жүргізуші (Мұғалім ): Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете  отырып, кешімізді аяқтаймыз

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)

Ашық сабақ "Менің отбасым " ( 3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.05.2017