Ашық сабақ. тақырыбы: Астана
Оценка 5

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Оценка 5
Рабочие листы
docx
классное руководство
3 кл
20.07.2018
Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана
1)Сабақтың білімділігі:Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,1)Сабақтың білімділігі:Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,қадірлеу екендігін ұғындыра отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім алуғаталаптандыру.қадірлеу екендігін ұғындыра отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім алуғаталаптандыру.ашық сабақ
жоспар.docx
Сабақтың тақырыбы: Астана.Күләш Ахметова Сабақтың мақсаты: 1)Сабақтың білімділігі:Оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы  туралы айта отырып,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,қадірлеу екендігін ұғындыра  отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім  алуғаталаптандыру. 2)Сабақтың дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау  қабілетін,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту. 3)Сабақтың тәрбиелілігі:    Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін,елін  сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:видиофильм,слайдтар,ребус,сюжетті суреттер. Түрі: аралас сабақ Әдісі:түсіндіру,үйрету,сұрақ­жауап,ассоциация,ой­толғаныс,мадақтау. Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыка.                                       Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: ­Балалар бүгінгі біздің әдебиеттік оқу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені бізге сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қазақ халқы қонақтарын ерекше сыйлап, бар жақсысын алдарына  тосқан.Олай болса біз де салтымызға сай азамат екенімізді көрсетейік.Олай болса: Мұғалім:                    Оқушылар: Әрбір адам?                Туысым,досым,жұрағат. Әрбір сабақ?               Үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің?                  Тірлік,тірек,адамдық. Әрбір сөзің?              Шындық,бірлік, адалдық. II.Үй тапсырмасын тексеру: ­Үйге қандай тапсырма берілді? ­«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің авторы кім? ­С.Жүнісов туралы кім айтып беремін дейді? 1.«Кімнің мекені жақсы?» мәтінін бөлімдер бойынша 3 қатарға берген болатын­ мын.Қане, кім бастап айтамын дейді?(3 баладан сұрау) 2.Қазір енді осы мәтіннің құрылымына құралған сахналық көріністі тамашалайық. III.Жаңа сабақ: ­Жақсы балалар үй жұмысына жақсы дайындалып келген екенсіңдер,«Кімнің мекені  жақсы?» мәтінінде айтылып  отырған негізгі ой не?(туған жер,туған ел) ­Ендеше біздің туған жеріміз,туған еліміз қалай аталады?(Қазақстан) ­Ал Қазақстан туралы не білеміз? Қазақстан қандай ел?(тәуелсіз,егеменді ел) ­Дұрыс айтасыңдар, Еліміз егемендігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсан) ­ Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев) ­Жақында қандай мереке келе жатыр?(1желтоқсан­алғашқы президент күні) ­Иә,Республикамызда әр түрлі ұлттар тату­тәтті өмір сүріп жатыр. ­Бүкіл әлем таныған «Лондон­2012»олимпиадасында Қазақстан нешінші орын алды? Неше  алтын, неше күміс, неше қола алды? ­Осы Қазақстанымыздың бас қаласы қалай аталады?(Астана) ­Иә, Астана қаласы туралы толық мағұлмат алу үшін мына экранға көңіл аударайық. (Астана қаласы туралы видиофильм  көрсету.Әрбір салынған зәулім де әдемі жерлері  туралы айтып көрсету.) ­ Олай болса, «Астана »өлеңімен танысайық.Бұл өлеңнің авторы Күләш Ахметова­1946  жылы 25 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге  келген.Ақын, жазушы. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған. 1.«Астана»өлеңін мәнерлеп мұғалімнің оқуы. 2.Оқушылардың шумақтап тізбектеп оқуы. 3.Өлеңмен жұмыс: ­4 тапсырмаға назар аударайық. ­Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндір. А)Сарыарқа                 ә)Алатау                                б) Алматы                                           Алматы                                   Астана         Есіл Астана   А) Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді  қорғауға шақырып тұр. ә) Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы  тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз. б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі  Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық  айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас  қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан  «Бәйтерек» монументі бар. 5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқы. М: Өз  Астанаң өз қолымен соғылған. 6. Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың? «Күн шұғыласы»ойыны.  Алматы деген сөзді айтқанда көз алдыңа нені елестетесіңдер?      Алматы                             Тәуелсіздік монументі Алатау тауы                                                                      апорт алмасы Алғашқы бас қала                                                          Медеу мұзайдыны                                                             Мәдени орталығы Сергіту сәті:Қазақ жері.Маржан Арапбаева Дәптермен жұмыс: Қарашаның жиырма екісі. Астана. Күләш Ахметова. Шығармашылық жұмыс: 82­беттегі суретке зер салып қара.Сурет сенде қандай сезім туғызды?Ақынға  ілесіп,суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр. Бәйтеректің басыны сен шықтың ба? ­Жақсы,енді сабақ басталғаннан бері туған жер, туған ел деп жатырмыз.Кім осы туған  жерге, туған елге байланысты қандай мақал­мәтелдер біледі екен? Қане айтайықшы. IY.Сабақты қорыту. ­Сонымен, балалар бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық? ­Ендеше,тәуелсіздігіміздің тірегі,еліміздің жүрегі­Астанамыз асқақтай берсін! Тақырыбы: Астана Мақсаты: өлеңнің негізгі ойын, тәрбиелік мәнін ашу, сызба арқылы өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен  түсіндіру дағдыларын қалыптастыру; Міндеттері: Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре  түсу, Сыни ойлау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру,  құнды пікірлкр айтуға  баулу. Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды ЖАДА аймағында бірлескен әрекетке түсуге  баулу. Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»,  «Талантты және дарынды  балаларға білім беру»,  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», Оқыту үшін бағалау және оқуды  бағалау.  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту», « Білім берудегі басқару  және көшбасшылық»  Стратегиялар: «Шаттық шеңбері», «Ыстық орындық» стратегиясы, «Конверт сұрақ­жауап» стратегиясы, «Ой шақыру» стратегиясы, , «Жұптас­ойлан­бөліс» стратегиясы , , «Өрмекші  торы» стратегиясы, «Стикерлермен диалог» стратегиясы Мұғалім іс­әрекеті Оқушының іс­әрекеті Бағалау Ресурстар: іс­әрекеттер үшін маған не керек Кіріспе Тұлға аралық байланысты орнату. «Шаттық шеңбері» музыка әуенімен шығып тұрады. Топқа бөліну. Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді І топ­ «Балқаш» ІІ топ – «Қарағанды» ІІІтоп – «Астана» ІҮтоп – «Алматы» Топ ұстанымын еске түсіру Сыныптың білім деңгейін анықтау. Кері байланыс.  «Конверт­сұрақ» стратегиясы. ­ Парта үстінде жатқан конверттегі тапсырмаларды ашып, орындаңдар, жауаптарыңды  дәлелдеңдер. ­Көкқұтанның мекені  жолаушыларға ұнады ма? Негізде ­Бозторғайдың мекені жолаушыларға ұнады ма? ­Жауынқұрттардың мекені жолаушыларға ұнады ма?   Ең жайлы орын, жақсы мекен іздеген кейіпкерлер өз мақсаттарына жетті ме?  «Ыстық орындық» стратегиясы орытынды: Әркімнің өз жері –Мысыр шаһары Күләш Ділдәқызы Ахметова[өңдеу] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Күләш Ахметова (25.4.1946 жыл, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Мазмұны  [жасыру]  1 Өмірбаяны 2 Шығармалары 3 Марапаттары 4 Дереккөздер Өмірбаяны[өңдеу] Жамбыл медициналық училищесін Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Шығармалары[өңдеу] Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975 Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977 Жапырақ ­ жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979 Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981 Бұлақтағы жұл дыз дар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982 Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984 Ләйлектер қайтып келгенде. (орыс тілінде). Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985 Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987 “Сен жанымда жүрсең” (1987), Наурыз нүры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991 Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996 Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997 Бақ. «Атамұра», 2006 Құт. «Дәуір», 2006 Махаббат. «Дәуір», 2006.[1] Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге  аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[2] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова  шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді.  Замандастың көңіл­күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық  толғаныстарының арқауын құрайды.[3] Марапаттары[өңдеу] Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1978) лауреаты. Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова "Астана" Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Күләш Ахметова және Астана туралы түсінік  беру. Сөздік қорын молайту. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру а) Оқушылармен сәлемдесу назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Оқушыларды 3 топқа бөлу: І – топ, ІІ ­ топ, ІІІ ­ топ: ІІ. Тұсау кесер б) Үй жұмысын сұрау және бағалау: С. Жүнісов Кімнің мекені жақсы? І ­ топ: Мәтінді мәнерлеп оқу ІІ ­ топ: Мәтінге сурет салу ІІІ ­ топ: Мәтінді әңгімелеу. в) Өткен сабақты бекіту және жаңа сабақты хабарлау ІІІ. Негізгі бөлім: Жаңа сабақты 1 тапсырма ребусты шешу арқылы бастаймыз. Ребуста Астана, Алматы деген қалалардың аты шығады. Оқушылар осы екі қала туралы білгендерін айтады. Астана Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба? Өзегіңді жарып аппақ бір сезім, Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба? Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән, Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған. Енді, қазақ, бір ­ біріңді аяла! Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан! Алатауда қалды жылдар ең асыл, Есілдің де жандай ыстық жағасы. Жан даламның, ­ Алматы мен Астана Көздерінің ағы мен қарасы! ІV. Сергіту сәті: Қәне, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып ­ ұшып алайық, Орнымызды табайық. V. Топтық жұмыс: І ­ топ: Астана өлең шумағын мәнерлеп оқу. ІІ ­ топ: Бәйтеректің суретін салу. ІІІ ­ топ: Отан туралы мақал ­ мәтел жазу. VІ. Қорытынды: 1. Астана өлең шумағын кім жазған? 2. Астана қандай қала? 3. Астана несімен басқа қалалардан көрікті? А С Т А Н А VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. VІІІ. Үй тапсырма беру: Астана өлең шумағын жатқа айту. Кері қайту Ілмек сөздер: Күләш Ахметова және Астана туралы Күләш Ахметова Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық  училищені, 1973 жылы ҚазМҰУ­ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас  аудандық «Ленин жолы», 1973­1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі  «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977­1980 жылдары «Жалын»  баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.  «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының  лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.  Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының  тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына,  Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас  жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған. Шығармалары: Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сен менің бақытымсың.  Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979;  Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. А., «Жазушы»,  1982; Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984; Ләйлектер қайтып келгенде. Орыс  тілінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987;  Наурыз нұры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991; Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996;  Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997; Бақ. «Атамұра», 2006; Құт. «Дәуір», 2006;  Махаббат. «Дәуір», 2006. Толығырақ: http://alashainasy.kz/omir/kulash­ahmetova­50549/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат  етіледі 8­ге көбейту және бөлу кестесі Жарияланды 18­04­2013, 13:24 Категориясы: Бастауыш сынып  Сабақтың тақырыбы: 8­ге көбейту және бөлу кестесі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 8­ге көбейту және бөлу кестесімен таныстыру Білімділік: 8­ге көбейту және бөлу кестесін меңгерту Дамытушылық: Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен  жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жол ережесін сақтауға  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдістері: топтастыру, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, сәйкестендіру, сұрақ­ жауап, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, сызба, көбейту мен бөлу кестелері, билеттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі М: балалар, қазір қандай сабақ? О: М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар? О: Шығайық М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға  дайынсыңдар ма? О: Дайынбыз. М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар? О: Поезбен М: Тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік  поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын. ­ Бірақ поезге міну үшін біздерге не қажет? О: Билет қажет М: Олай болса, билет алып билеттерде берілген өрнектердің мәнін табу арқылы өз  вагондарымызға орналасайық (Өрнектердің мәні бойынша вагондарға бөлініп отырады) 1­вагон ­­­­­­­­­­­­ 2­вагон ­­­­­­­­­­­ 3­вагон ­­­­­­­­­­ 4­вагон 12: 12= 1 ­­­­­­­­­­ 2*1=2 ­­­­­­­­­­­­ 9: 3 =3 ­­­­­­­­­­­­­ 4*1=4 6: 6 =1 ­­­­­­­­­­­­ 10: 5=2 ­­­­­­­­­­­­ 12: 4=3 ­­­­­­­­­­­­ 16: 4=4 15: 15=1 ­­­­­­­­­ 8: 4=2 ­­­­­­­­­­­­­ 15: 5=3 ­­­­­­­­­­­­­ 20: 5=4 40: 40=1 ­­­­­­­­­ 14: 7=2 ­­­­­­­­­­­ 18: 6 =3 ­­­­­­­­­­­­­ 24: 6=4 5: 5 =1 ­­­­­­­­­­­ 12: 6=2 ­­­­­­­­­­­­ 6: 3 =2 ­­­­­­­­­­­­­­ 8: 2=2 4: 4 =1 ­­­­­­­­­­­­ 4: 2=2 ­­­­­­­­­­­­ 3*1=3 ­­­­­­­­­­­­­­­ 28: 7=4 М: Жолаушы азаматтар №34 орта мектептің бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы  тұр сақ болыңыздар! №34 орта мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл­ күйлеріңізді көтеріңіздер. Поезд жүріп келесі бекетке келу. Жаңа сабақ М: Балалар біз 8­ге көбейту бекетінде, 8­ге көбейту кестесімен танысамыз. Дәптерімізді ашып 8 цифрын көркем етіп жазайық. Біз бұрынғы өтілген сбақтардан 8*1=8 ­­­­­­­­­­ 8*4 =32 ­­­­­­­­­ 8*7=56 екенін білеміз 8*2 =16 ­­­­­­­­ 8*5=40 ­­­­­­­­ ал бүгін сендермен 8*3=24 ­­­­­­­­­ 8*6=48 ­­­­­­­­­­ 8*8 =? болатынын меңгереміз. 8*8 дегеніміз 8­ді өзіне­өзін 8 рет қосу дегеніміз. Олай болса 8+8+8+8+8+8+8+8 Теңдіктің екі жағы тең оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Өткен сабақта 8 ді  өзіне­өзін 7 рет қосқанда 56 шықты. Енді оған тағы 8 бірлікті қоссақ қанша болады? 56+8  =64 8 өзіне­өзін 8 рет қосқанда 64 болады. Қосылғыштарды көбейтіндімен алмастырамыз.  Демек 8*8 =64 8*9= 8+8+8+8+8+8+8+8+8 ол дегеніміз 64+8=72 демек 8*9=72 Көбейткіштердің орын алмастырып 9*8 деп жазуға да болады. Өйткені бұл көбейтудің  ауыстырымдылық қасиеті. Сонымен 8*8 8*9 9*8 8­ге көбейту бекетінде 8­ге көбейту  кестесімен таныстық, енді келесі бекетке жылжып көрелік. Поезд қозғалып келесі бекетке  келеді. М: балалар, біздер 8­ге бөлу бекетіне келдік. Бұл бекетте 8­ге бөлу кестесімен танысамыз.  Бөлу көбейтумен тікелей байланысты. Өйткені бөлу көбейтуге кері амал. 64: 8 =8 себебі 8*8=64 72: 8=9 себебі 9*8=72 Сонымен 64: 8=8 72: 8=9 8­ге бөлу бекетінде біз 8­ге бөлу кестесімен таныстық. Поезд жүргелі тұр сақ болайық!  Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезды» 4 белгісіз санды табу бекетіне келіп тоқтады. Белгісіз сандар табылды. Белгісіз санды табу бекеті алғыс айтуда. «Тәуелсіздік поезды»  математика әлеміне саяхатты жалғастыруда. Поезд қозғалады келесі бекетке келеді. Поезд шығармашылық бекетке келіп тоқтады. 1 – вагонға ­­­­­­­­­ 2­вагонға ­­­­­­­­ 3­вагонға ­­­­­­­­ 4­вагонға 24 =?*? ­­­­­­­­­­­­­­ 12=? *? ­­­­­­­­­ 18=? *? ­­­­­­­­­­­ 48=?*­­­­­­­? вагондарға берілген сандарды бір таңбалы екі санның көбейтіндісі түрінде жазу беріледі. (Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы бірнеше нұсқасын орындайды). Бір оқушы тақтаға жазып түсіндіреді. Поезд 1­ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар! Тәуелсіздік поезды теңсңздңк құру  бекетіне келді. Бұл бекетте өрнектерден тура теңсіздіктер құрастыруымыз керек. (4  вагоннан 4­бала шығып 4 тура теңсіздік құрастырады) 1) 40: 8 6: 2 2) 29+9: 3 > 30: 5 4) 40: 8 < 70­8*8 Поезд қозғалып келесі бекетке тоқтайды. Поездымыз салыстыру бекетіне келіп тоқтады.  Бұл бекетте өрнектерді салыстырамыз. 7×8*60 40: 5* 4×3 32: 8* 16: 4 Өрнектерді әр топтан 1 оқушы шығып салыстырады. Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз тік төртбұрыш сызу бекетіне келді. Бұл бекетте  тік төртбұрыш сызып оның ауданын табамыз. Бұл тапсырманы әр оқушы өз бетінше  орындайды. (бірін­бірі тексереді) Тік төртбұрыш А=8 см В=2см S=см2 Ш: S=8 см*2см=16 см2 Ж: 16 см2 Поезд қалдықпен бөлу бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте қалдықпен бөлуді орындап оны тексереміз. 9: 8=1 ( қалд 1) тексеруі 1*8+1=9 17: 8=2 (қалд1) тексеруі 2*8+1=17 11: 8=1(қалд 3) тексеруі 1*8+3=11 10: 8=1 (қалд 2) тексеруі 1*8+2=10 Поезд есеп шығару бекетіне келіп тоқтады. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару. Қойбүлдірген – 8 ? жидек Шие ­? 3 есе артық Ш: 8*3 =24 24+8=32 Ж: 24 шие, барлығы 32 жидек бар. Поезд сәйкестендіру бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте көбейтіндімен көбейтіндінің  мәнін сызба бойынша сызып сәйкестендіреміз. 6*8 = 16 8*5 = 32 8*4 = 9 32: 8 = 40 8*8 = 3 24: 8= 48 72: 8 = 64 2*8 = 4 Поез № 34 орта мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поездымен математика елінің  бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған  әсерлерімізді жинақтайық. 1­бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан ірге тас әкелдік. 2­бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық 3­бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік. 4­бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық 5­бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық 6­бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық 7­бекеттен Жайқалған жасыл елді көріп, ағаш ектік. 8­бекетте Білімді балаларды көрдік. 9­бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік 10­бекетте Жарқыраған күнді көрдік. Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй құрастырдық. №34 орта мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып оқушыларды бағалайық. Ойланайық бір мезет Бақылайық, байқайық Есептерді шығарып Жауап берген балаға Күн шуағын сыйлайық! ­ деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалау. Күлімдеген күн­5 Ашуланған күн­4 Жылаған күн­3 деген баға екенін айтып, үйге тапсырма берейік Үйге тапсырма беру М: үйге №4, №10 беріліп, сабақ аяқталды

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана

Ашық сабақ. тақырыбы: Астана

Ашық сабақ. тақырыбы:  Астана
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.07.2018