Пәні |
Қазақстан тарихы |
Мұғалімнің аты-жөні |
Айдарова Д.Л. |
Оқулық |
|
Сабақ № , сабақ тақырыбы |
№ 53 Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.
|
Оқу мақсаты (қысқаша) |
6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау |
Оқушының аты-жөні (оқушы толтырады) |
|
Іс-әрекет реті |
Ресурстар (мұғалім толтырады) |
Орындалуы (оқушы толтырады) |
|||||||||||||||
Мағынаны таны |
Видео, интернет-ресурстарға, оқулық беттеріне сілтемелер 1. Қазақстан тарихы. 6сынып. §42-43 танысып, оқу 2.Бейне сабақ: https://www.youtube.com/channel/
4. Білімлэнд. 5. Қосымша 1 (төменде).
|
+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле |
|||||||||||||||
Жауап бер |
1 тапсырма. (Міндетті тапсырма) Пирамида арқылы талдау. «Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? сұрағына Қасым ханның қол жеткізген жетістіктерін пирамаидаға орналастырып жауап беріңіз. Маңыздылығы бойынша төменнен басталады
|
|
|||||||||||||||
Орында |
2 тапсырма. (Міндетті тапсырма) Картаны пайдаланып,Қасым ханның Қазақ хандығының аумағын ұлғайтқанын бағалау.
Дескриптор: 1. Қазақ хандығын Қасым ханның басқарған кезіндегі аумағын картаға түсіреді. 2. Қасым ханның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасына 3 дәлел келтіреді. зақ хандығының Керей мен Жәнібек хандар тұсындағы аумағын картаға түсіреді; 3. Қасым ханның сыртқы саясатына баға береді.
|
|
|||||||||||||||
Рефлексия |
Мен бүгін ... білдім
|
+ немесе – белгілерін қой |
|||||||||||||||
Мен енді ... білемін (бағалау критерийлеріне сәйкес) |
|
Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс) |
|
https://www.youtube.com/channel/UCg9puXjGPb8YDfIsDUdwUlg
https://youtu.be/VyF8dKgeHvQ
Қосымша 1.
«Қасым ханның қасқа жолы»
«Қазақ хандығының қайта өрлеу кезеңі»
1. XVI ғасырда қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғайды. Өз кезінде «Жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым (1511күзі - 1523 жж.) болатын. «Тарих-и Рашиди», «Шайбани-наме», т.б. деректерге қарағанда қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына осы Қасым хан тұсында біріктірілген.
Қасым хан тұсында, оның белсенді әскери қимылдары нәтижесінде Қазақ хандығының шекарасы оңтүстік-шығыста Жетісудың басым бөлігін, Қаратал мен Аягөз өзендері бойы, солтүстік-батыста Еділ, солтүстік және солтүстік- шығыста Ұлытау мен Балқаш көлі маңынан өтіп, оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауына жетіп, Түркістан қалаларының егінжай аймақтарын қамтыды.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болса. кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанасы болды.
Қазақ хандығының нығаюы мен күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген кезінде Орта Азия хандықтарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен және Орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей, Жәнібек, кейін Бұрындық хандар - Ақ Орданың атақты ханы Орыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар еді. Ал Қасым хан үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533жж.) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.
1512ж. Қасым ханға Моғол ханы Сұлтан Саид Шайбанидтерге қарсы бірігуді ұсынады. Бұдан Қасым хан бас тартады. Мұны зерттеушілер бір жағынан, қазақ хандығының тәуелсіз, дербес саясатының дәлелі, екінші жағынан, осы кездегі Шайбан әулеті мемлекетінің екі майдандағы күресі барысында әлсіреуі деп түсіндіреді. Саид ханның қазақтарға бұл сапарының барысы, Қасым ханның оны қонақ қылып күтуі, қазақтардың мәрттігі мен қонақжайлылығы «Тарих-и Рашидиде» баяндалған. Соған сәйкес мына бір үзінділерді келтіре кеткіміз келеді: «Менің екі арғымағым бар, екеуі бүкіл үйірге татиды. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. Сондықтан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі қонағым болғандықтан, екеуінің бірін таңдап, қабыл алыңыз». Немесе осы кездесу барысында Қасым ханның Сұлтан Саидке дала өркениетінің ерекшелігін суреттеуінің де өзіндік тәрбиесі, мәні бар: «Біз дала халқымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз - жылқы мен ең дәмді тағамымыз - оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз - оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар.
Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз- малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бірге бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызықтаймыз».
Қасым тұсында-ақ қазақтар этнос ретінде Батыс Еуропада да белгілі болды. 1517ж. және 1526ж. Москвада болған Австрия дипломаты Сигзмунд Герберштейн жазбаларында қазақтар туралы мәліметтер кездеседі.
Сефеви әулеті мен қазақтарға қарсы екі майданда соғыс жүргізуге мүмкіндігі жоқтығына көзі жеткен Ұбайдоллах хан қазақтармен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болады. Екі жақ бейбіт келісім-шартқа қол қойып, Қасым ханның қызы Ұбайдоллахқа тұрмысқа шығады.
Оңтүстіктегі шекарасын қауіпсіздендірген Қасым хан батыста Ноғай Ордасына қарсы күресін бастады. 1519-1521 жж. әскеи қимылдары барысында бұған дейін Едіге ұрпақтары басып алған Сарайшық қаласын қайтарып алып, ноғай ру тайпаларын Еділдің арғы жағына қуып шығады. Бұл мемлекет шекарасын батыста Еділге дейін кеңейтті.
Қасым хан алғашқы қазақ заң ережелері - «Қасым ханның қасқа жолын» жарыққа шығарды. Заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. «Қасымханның қасқа жолы» қазақ халқының тұңғыш кодексі еді. Заңға мынадай ережелерден тұрды: 1) Мүлік заңы (жер дауы, мал мүлкі); 2) Қылмыс заңы ( ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); 3) Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасау, ердің құны); 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік); 5) Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқаулардың міндеті).
Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиде»: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес», - деп жазды.
Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.