Б а л а бақшадағы А т а-а н а л а р ж и н а л ы с ы н д а о қ ы л а т ы н б а я н д а м аАта аналар жиналысы
ата-ана махаббаты.doc
Ақтөбе қаласы
№ 18 орта мектеп
Атаана мен баланың арасындағы қарымқатынсқа арналған
психологиялық тренинг.
Өткізген: Аниева Ә.М, бастауыш класс мұғалімі
Қоянбаева Г.Б, мектеп психологі «Ата-ана махаббаты»
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың
біріатааналар жиналысын өткізу.Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы
өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге
пайдалы болуы мүмкін.
Мақсаты: Атаана мен баланың арасындағы қарымқатынстың
ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы
таяқша,альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы.
2.Баяндама. «Атаана махаббаты».
3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
6. «Тілек шамы».
7. Ой толғаныс.
Тренинг барысы:
І. Атааналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Атааналарды бірбірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің
есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды
қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде
болдыңыз?
Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңілкүйде отырсыз? ІІІ. Баяндама. «Атаана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарымқатынаста адамгершілік, әдепинабат
үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың
жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың атаанасын жанжүрек
қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын
үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарымқатынстарында
мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі
баланың атаанасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана
емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге
менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір
қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман
қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі
процесс.
Атааналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы,
болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана
жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі
салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі атааналардың педагогикалық білімін
жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның
нәтижесінде атаананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында
ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата
аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдынала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін
тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма? 3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде
болдыңыз?
«Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар
аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп
жатыр. Аралдарды біртебірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін
аман алып шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бірбірімен ақылдаспай асалады. Баласы суретті бастайды, әкесі
жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті
жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау
керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бірбіріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Атаана мен балалар арасындағы қарымқатынасты жақсарту, бір
біріне көңіл бөлу, бірбірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
Құрметті атааналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді
білесіздер?
Рахмет, өтінемін, т,б
Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам
сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол
өтінішті орындамайсыздар.
секіріңдер
оң аяқтарын көтеріңдер
өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
өтінемін, бірбіріңді құшақтаңдар.
оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
V. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бірбіріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және
жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық Жағымды
Мейірімділік
Жан ашу
Сыпайылық
даналық
Жағымсыз
өтірік айту
өшпенділік
Кек сақтау
Тіл алмау
Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам
ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз
қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
VІ. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті атааналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы атаана мен балалар
арасындағы қарымқатынастың түрлі жақтарын тануға, жанжақты талқылауға
тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы»
атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін
сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек
шамы» жаттығуын бірбірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бірбірімізге
мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы
жерде айтуларыңызды сұраймын.
VІІ. Ойтолғаныс.
Тренингтіңбасталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның
артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
Оқушыға:
Ата
анаға:
Мұғалімг
Мұғалімг
е:
е:
Осы белгілер бойынша атаанаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды
немесе ойпікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып,
көктем бейнесін шығару.)
"Ата -ана махаббаты"
"Ата -ана махаббаты"
"Ата -ана махаббаты"
"Ата -ана махаббаты"
"Ата -ана махаббаты"
"Ата -ана махаббаты"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.