Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты: Мектеп, ата ана, оқушы арасындағы байланысты нығайту, қазақ халқының ұлттық өнерін,
салт дәстүрін,, әдет ғұрпын дәріптеу. Оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Отбасы ынтымақтастығына, татулыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата аналар мен оқушылардан құралған топ сайысы.
1 жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
2 жүргізуші:
Ежелгі Шығыс елінің
Аңсаған арман, ойы бар
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Кеңінен елге тараған,
Негізі ерте қаланған
Еңбек, шаттық жыл басы
Наурыздан басталған.
1 жүргізуші:
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Шашу шашып жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
2 жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
1 жүргізуші:
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық! (шашу шашқызу)
2 жүргізуші:
Салт дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.
1 жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды,
Сол білімнің жолын қуған,
Мектебіміздің атынан
Қабылдаңыздар шын жүректен,
Мерекелік құттықтау
Құттықтау сөз (марапаттау)
2 жүргізуші:
Сәлем сізге көпшілік замандастар!
Адамдықтың белгісі амандасқан.
Бақ сынап ата аналар келіпсіздер!
Демей ме, асыл тастан, өнер жастан!
1 жүргізуші:
Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін.
Отбасылық байқауына келіп бүгін!
Ендеше көрермендер қол соғыңдар,
Ата ана мен оқушылар байқауына!
Байқау 4 кезеңнен тұрады.
І «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу 1) «Артық болмас білгенің...» сұрақ жауап
2) «Ұлағатты ырым тыйым», ырым тыйымдар мағынасын ашу.
3) «Өнерлі өрге жүзер..» өз өнерлерін көрсету
4) «Салт дәстүрді сақтай біл..» салт дәстүрге байланысты сұрақ
(берілген заттарға қарап оған баға береді, қолданылуын айтады)
ІІ. Қорытынды. Марапаттау
2 жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. дей отырып, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1 жүргізуші:
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз – дей отырып, әділ қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
2 жүргізуші:
Ашық жарқын жүздері,
Күлімдеген көздері,
Таңдап баға берерге,
Әділқазылар алқасын
Шақырамыз төрге
1 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата ана оқушы сайысын
Рұқсат болса, бастайық.
2 жүргізуші: Ардақты ана арулар аңдып басып,
Келеді, міне ортаға толқып басып.
Аналарын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
1 жүргізуші:
Ал, халайық, оқушыға тамсанайық,
Бала қылықты дегенге ән салайық
Атына заты сай ұрпақтарды
Тағы да қол соғып қарсы алайық.
І. «Сәлем сөздің анасы»
2 жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға,
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға, дей отырып топтарға сөз береміз
Ата аналар тобы «Наурыз», оқушылар тобы «Еркем ай»
1 жүргізуші:
Топтарымыз – жас ғұмырдың талғамы,
Қуантатын әрбір үйдің арманы.
Келді бүгін сыналудың уақыты,
Сан сұраққа жауап бергін нақтылы, дей отырып «Артық болмас білгенің..» атты сұрақ жауап сайысы
(қоржындағы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ жауап
1. Түйенің сүті (шұбат)
2. Жүннен жасалған бұйым (киіз)
3. Сәндік бұйым жасайтын адам (зергер)
4. Ұлыс күні жасалатын тағам (наурыз көже)
5. Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі (мүшел жас)
6. Жылқы атасы (қамбар ата)
7. Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асан қайғы)
8. «Байғазы» деген не? (жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)
9. «Базарлық» деген не? (алыс сапарға шыққан адамдарына әкелген сыйлығы)
10. Қыс қатты болып малдардың жаппай қырылуы (жұт)
11. Наурыз төл наурыз айында туылған малдың төлі
12. Наурыз көк Жер ана бусанып, қар еріп, алғаш шыққан шөп 2 жүргізуші:
Қазағымның салт дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Ырым менен тыйымды ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған, дегендей «Ұлағатты ырым тыйым» сайысын бастаймыз. Ырым
тыйымдардың мағынасын ашу
1. Бала бас ұстамайды. Неге?
2. Нанның қиқымын жесе не болады?
3. Сәбидің тоңқайып екі аяғының астынан қарауы ненің белгісі?
4. Жас балаға бұғана ұстатпайды. Неге?
5. Қыз балаға жілік ұстатпайды. Себебі не?
6. Бала алғаш жолаушы шыққанда не істейді?
7. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе не
болады?
8. Сәбиге көз тимес үшін не істейді?
1 жүргізуші:
Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы мереке.
Қызық думан құрамыз.
Сызылтып ән саламыз, дей отырып ортаға «Домбыра» әнімен
шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан, деп қатысушыларды «Өнерлінің өрісі кең» сайысына шақырамыз. Өз
өнерлерін көрсетеді
1 жүргізуші:
Шілдехана, бесік той!
Тұсау кесер, сүндет той!
Пай! Шіркін ай! Қазағымның салт дәстүрі, кең пейілі дархан даласынан да кең ғой.
Олай болса ортаға топтарды шақырамыз.»Салт – дәстүрді сақтай біл» сайысымен кешіміз жалғасады.
2 жүргізуші:
Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз. Күй шертілсін, ән айтып,
Би билейік бәріміз (би)
Көрермендерге күлдіргі жұмбақтар жасыру.
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атайды? (мысық)
3. Үш түйеқұс ұшып келеді. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс
ұшпайды)
4. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Толып тұрған
Құрметті көрермендер, қатысушылар, қонақтар сіздердің құрметтеріңізге арналған......................
орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші:
Осымен бұл ойынды тамамдасақ,
Сөзіне қазылардың құлақ салсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, дей отырып, сөз кезегін әділ қазыларға береміз2 жүргізуші:
Демеңіздер өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен сайысымыз аяқталды!
1 жүргізуші:
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батамен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді, демекші балаларға әжелеріміз батасын берсін.
2 жүргізуші:
Халқымызға билік айтар аналар,
Даналардың өзі анадан жаралған.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?
Адам баласы үшін ең қастерлі сөз – Ана!
Қымбатты ата аналар бүгінгі сайысқа қатысқандарыңыз үшін мың алғыс. 1 жүргізуші:
Бақытың бастан кетпесін,
Жамандық қуып жетпесін,
Әсем күлкі жүзіңнен,
Өмір бойы кетпесін,
2 жүргізуші:
Сау болыңдар көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше, Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар – халық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :
Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат беру
Дамытушылық :
Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде
көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік:
Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты
слайд
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару
Кіріспе сөз:
Ерасыл:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Дамира:
Наурыз тойы басталды, Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Ерасыл:
Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Дамира:
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
(Бағила әжеміз шашу шашады.)
Ерасыл:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Наурыз тойы-мереке,
Жаңа жыл –береке болсын!
Дамира:
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Мұғалім:
Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күнтүзбесінде жаңа жыл
басы деп саналады. Наурыз сөзі иран тілінің «нау»-жаңа, «рыз»-күн
деген сөздерінен алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды
білдіреді.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы «Ұлыстың ұлы күні –Наурыз»
мейрамында ойналатын ұлттық ойындар жайлы. «Ұлттық ойындар –
халық мұрасы»-атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Ұлт ойындары атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып
жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып,
оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның
ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.
Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп
ол бала кеудеге ақыл ойлайды» — деп түйіндейді. Бұдан көретініміз
ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың
жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын
өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін
атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан
түрлі болып келеді.
Ерасыл:
— Дамира осы көрші «Абай» ауылында қандай ұлттық ойындар
ойнап жатқандарын көріп тамашалайықшы.
Дамира:
Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Тек қуамыз ойын біз
Ұзарады бойымыз
Толысады ойымыз
Өйткені біз күн санап Өсіп келе жатырмыз
7-ге толған батырмыз
Кел, қанекей, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Барлығың ден қойыңдар
Мұғалім: Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?
Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет
етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты,
тапқырлықты
Мұғалім: Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға
байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын,
зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде
қалыптасқан ойындар.
Мұғалім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне
байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.
Қанат:
Атты баптап
Түсеміз біз көкпарға
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шаңға
Әлікей:
Көкпар
Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк
бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк
бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір — бірінен ала
қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.
Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай
тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде
көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі
қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса,
алаңның аймағының ұзындығы 300 метр.
Ер балалар көкпар ойынын ойнайды.
Нұрсұлтан: Бәйге міне басталды
Қосылдым менде шетінен
Озып шықсам егерде
Әжем сүйер бетімнен
Саят:
Аламан бәйге
Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25 — 100 шақырымдық қашыққа
шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай — сала, бел —
белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен
тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде
жарияланады.
Қалған оқушылар бәйге ойнына қатысады.
Елнұр:
Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік
Мерей:
Теңге алу
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен
ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап
етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары
қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен
жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны
жалма — жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
Екі топ теңге алу ойынын көрсетеді.
Альмира:
Кімнің көзі қырағы
Жамбы атуға шығады
Кім тигізсе жамбыға
Сол елінің ұланы
Дамира:
Алтын қабақ.
Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл
тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу
немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары
лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде
шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы
бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.
Ұлағат садақ тартып, жамбы атады.
Мамырбек:
Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
Ойыншылар күреске шығады.
Ұлағат:
Қыз қуу
Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып,
бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық
жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік
бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген
жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара
жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті.
Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз
жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
Разила:
Айгөлек
Оны қыз — жігіттер екі топқа бөлініп, қаз — қатар тұрып, бір —
бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы:
«Айгөлек — ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім
керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек —
ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», —
деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар
пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге
тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып
кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды.
Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.
Сұлтан: «Баланың ойының бұзба, өнегең болса-ойын қозға»-демекші балалар
қызығып, ойлары қозғалатын ойынның бірі-асық ойындары.Ұлттық
асық ойындарының : иіріспек, көгендеп ату, омпа, көмбе, хан
талапай.Асық ойындарында тікелей асықпен ойналады.
Хан талапай ойыны:
Бұл балалар мен ересектер сабырмен ойнайтын , көзі мен көңіл
жүйріктігін, қол ептілігін қатар сынап баулитын ойын.Бұл ойынға
арналған асықтар, әдетте; таза, жақсы қырналған, қорғасын
құйылған қызыл, күрең, көк , сары бояуға боялған асықтар.Бөрік
ішіндегі асықтарды бастаушы бала шашып жібергенде Хан-сақа
алшы түссе соны бұрын көріп қалған балалар қолы жеткенше Хан
талапай деп асықтарды талап алады.Хан сақа кімнің қолына
тисе,өзгелер талап алған асықтардың үштен екі бөлігін соған
қайтарып береді.Сөйтіп «Хан талапай» ойыны асықты ату, шерту
шеберлігімен бірге, асықты қиналмай бір-біріне тигізетіндей етіп
шаша да біледі.Баланы байқампаз, тәртіпті,тапқыр болуға баулиды.
Ұлағат:
Ат сайысы.
Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ,
жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.
б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар
алдын — ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар
Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.
Мадина:
Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан
келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те
айтады. Ойынға он – он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе
бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі
бойынша қыз — жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір —
біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала —
қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың
алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», —
деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина
тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», — деп.
Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те
жазылып жүр.
Алтай:
Соқыртеке
Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған
адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған
ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде
түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің»
тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып
қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса
береді.Ойыншылар:
Соқыр теке бақ,бақ
Біз айтамыз тақпақ
Мықты болсаң, кәнеки
Бірімізді тап, тап
Соқыр теке: Альмира
Мен текемін бақ, бақ
Қимылдаңдар сақ, сақ
Ал ұстадым мінеки
Шығып кеті-ау қап,қап
Ерасыл:
Алтыбақан.
Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып,
қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл
көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан
құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге
асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен
қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша
тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып
болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.
Қанат: Арқан тартпақ.
Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі
жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда
ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты
болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан
әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап
қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына
қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына
қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан
таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі
тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны
өзіне қарай құлату үшін тартады.
Сұлтан:
Аударыспақ
Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа
мінген екі жігіт жекпе — жекке шығып, бірін — бірі аттан аударып
тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде
тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің
қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа
қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады.
Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін
спорттық ойын.
Әлікей:
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі,
ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4
мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша,
оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін.
Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған
ойын болатын
Мұғалім:
Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада,
мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу.
Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде
«қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.
Рысбек:
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық.
Мұғалім:
Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар
бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге,
халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді
дамытуға көп жәрдемдеседі.
Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос
кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті
кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда
бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл
ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ,
дәріс.
Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.
1.Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)
2.Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)
3.Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)
Ерасыл:
Ән салыңдар, би билеп, шаттаныңдар,
Ұлы күні ұлыстың атқарыңдар
Жадырасын бұл күні бүкіл өмір,
Бәйшешектей құлпырсын бүгін қыздар- дей келе қазақ биін қарсы
алыңыздар.
Дамира:
Бабалар көзі-даналық көзі-демекші, көрініс: «Хан мен үш би». Ерасыл:
Шайылғандай мұң, кірбің наурыз тойда,
Жабықпайсың жаңында наз ән бар да,
Нағыз әже ойлайды нағыз салтты
Наурыз көже қайнайды қазандарда-деп наурыз көже пісіріп келген
………………….. әжемізге сөз береміз.
…………………………………………………………………………………………………
…………………………………………………………………………………………………
…………………………………………………..Қорытындылау:
Мұғалім:
Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен
бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа
пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің
есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса
береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да
мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін
қоршаған ортаны тану арқылы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы
кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен
қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы.
-Сондықтан балалар, қай жерде жүрсекте қазақтың салт-
дәстүрлерін, қазақтың ұлттық ойындарын,ырымдарын ұмытпай,
дәріптеп жүрейік.
Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың
жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл
сыйлаған, халық қастерлеген, қасиетті ұлы күн.
Ұлысың ұлы күні құтты болсын ағайын!
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.