Аттаестационные задания по казахскому языку
Оценка 4.9

Аттаестационные задания по казахскому языку

Оценка 4.9
docx
22.05.2024
Аттаестационные задания по казахскому языку
Т2 специф.бойынша аттест.дайындық.docx

Т2 спецификасы бойынша

1. М. Әуезов "Көксерек" әңгімесінің басталуы.Көксеректің ауылға келуі

2. «Ғажайып планета» шығармасының авторы.Талап Сұлтанбеков

3. «Тел өскен ұл»   шығармасындағы Қалиша кім? Сапардың әжесі

4. «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасында келген қонақтар.Досы,қайынағасы

5. «Әпке»пьесасындағы Назила кім? Сіңлісі

6. «Қожаны түбінде адам болады» деп айтқан кім? Майқанова

7. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы метафора.Аққу – бала, өмір – дария

8.  М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тұтқын қыз.Қалмақ қызы

9. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның өтетін жері мен ананы оқ атуға итерген күш, Тәуіп шал, Жетімкөл

10.Абай сүйіп оқыған шығыс ақыны? Фирдауси, Науаи, Физули

11. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» шығармасындағы қайыршының рөлінде кім? Антон

12.М.Әуезов «Көксерек»әңгімесін жазуға себеп болған не нәрсе? Зайыбы Валентина сатып әкелген күнтізбе

13. «Абай жолы»романында кейіпкерлер саны? Эпопеяда 953 кейіпкер, 91-і Абай өмірбаянынан алынған

14.Талап Сұлтанбеков кім? Қазақ әдебиеті тарихында фантастикалық жанрында алғаш қалам тартқан жазушы

15.Көксеректің сипаты:Жетім, тасбауыр, түз тағысы, жыртқыш, көкжал.

16. «Көксеректің» соңы қалай аяқталады? Құрмаштың өлімімен

17. «Көксеректің» шығармасының түйіні: Бөрі асырағанмен,ит болмас

18. «Абай жолы» романында Абай бейнесінің толыға түскен тұсы:Бөжейдің асы

19. «Әй,шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...»деген Ұлжанның сөзінен шығар қорытынды:Әкеге құрмет

20. «Абай жолы» романындағы Барлас айтқан жыр:Қобыланды батыр ;

21 . «Абай жолы» романындағы Байкөкше  айтқан жыр:Қозы Көрпеш-Баян сұлу

22.«Абай жолы» романындағы Көтібақ ішіндегі Байсалдың жақын туысқаны,Шоқанның баласы:Жиренше

23.«Абай жолы» романындағы кейіпкер:Байсал

24.«Абай жолы» романындағы теңсіздік тепкісіне қарсы шыққан кейіпкер: Базаралы

25. Абайды Бөжей еліне не себепті жіберді?Кәмшаттың хал-жағдайын білу үшін

26. Д.Исабековтің «Әпке» драмасының идеясы:Бауырға қамқор болу

27. Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы суреттелген отбасылық мәселе:Әпкелерінің жұмысқа шығуына  бауырларының қарсылығы

29. Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы Қамажайдың тұлғалық болмысы: Бауырмал

30.  Д. Исабековтің "Әпке" пьесасындағы Қамажайдың қызметі: Кондуктор

31. Д. Исабековтің бауырларының болашағы үшін өз басының бақытын

ойламаған қазақ қызының биік адамгершілік сезімін ту еткен туындысы:

"Әпке"

32. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тарихи оқиғаның суреттелуі. ХVIII ғасырдағы тарихи оқиға

33. «Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол» – өлең жолдарындағы көркемдеуіш құрал.

Анафора, эпифора

34. Д.Исабеков «Әпке» драмалық шығармасындағы Қамажайдың інілері.Ермек,Тимур,Омар

35."Менің атым Қожа" повесі қандай тілдерге аударылған?

Латыш, молдован, орыс,украин, литва, француз

36.1833 жылы А. С. Пушкиннің кіші жүз қазақтарынан жазып алған жыр:

"Қозы Көрпеш-Баян сұлу"

37.  "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алып… сол тақырыпқа поэма

жазуды ойлаған орыс ақыны: А. С. Пушкин

38. В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жыр: "Қозы Көрпеш –Баян сұлу"

39."Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында басым суреттелетін кәсіп:Мал бағу

40. Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр, Сойқал деген жер атаулары қай жырды

кездеседі? "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"

41.«Құлдарға   құлдықтан   жоқ артық зейнет» авторы. А. Байтұрсынов «Адамдық диқаншысы»

42. «Пәтер іздеп жүр едік» шығармасындағы ащы шындық:Үй иесіне кіріптар болу.

43. Абайды оқудан алып келгендер. Байтас пен жорға Жұмабай

44.«ҚызЖібекті » алғаш қағазға түсірген.Александров 1887 ж

45.М. Мақатаевтың туған жеріне арнап жазған өлеңі:"Қайран, Қарасазым-ай"

46. М. Мақатаевтың "Райымбек, Райымбек!" поэмасы неше бөлімнен тұрады?3

47. М. Мақатаевтың "Райымбек, Райымбек!" поэмасындағы жыраудың есімі:

Қабай жырау

48. «Аққудай еді», «Жалған», «Намыс пен муза» атты бөлімдер М. Мақатаевтың қай поэмасында кездеседі?«Дариға-жүрек»

49. М. Мақатаевтың соғыс жылдары жесір қалған келіншектің тағдыр-талайы арқылы заман сұмдығына, болмыс тұңғиығына бойлаған поэмасы:

«Дариға-жүрек»

50. М. Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда поэмасында анаға аққуларға оқ

аткызған күш: (Аналық махаббат)

51. «Менің атым Қожа» повесінің бастапқыдағы аты.« Өзім туралы»

52.Етістік мағынасы на қарай қалай бөлінеді?Салт, сабақты

53.Адам жүрегімен сөйлескің келсе, музыканы үйрен, ұлттық аспапта ойна.Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?Аралас құрмалас

54.А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал-өлеңінен шығатын қорытынды.Бірлік, ынтымақ

55.Қыбырсыз қатып қалған ұшы-қиыры жоқ, жансыз әлдебір меңіреу дүние мүгіліп тұрып кезігетін. Есімдіктің қай түріне жатады?Белгісіздік есімдігі

56. «Абай жолы» эпопеясындағы кедей халық өкілі.Базаралы, Қарабатыр, Дәркембай.

57.Б,в,г,д дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай жалғанады?Қатаңнан басталып

58.«Қазақ» газеті, оның жаны болған А.Байтұрсынов жайлы құнды пікір айтқан адамды көрсетіңіз.М.Әуезов

59.Шәкәрімнің анасының атын табыңыз.Дәметкен

60.Абай Ділдаға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгіленіз.Ызғұтты

61. «Біздің жақта қыс ұзақ» шығармасы кімдікі екенін анықтаңыз О.Бөкейұлы

62.Батыр Баян қай ханның тұсында өмір сүрген? Абылай

63. «Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

 Қарайды шікірейіп өзге көпке»

Қай шығармадан алынған, қандай мағына береді.?«Егіннің бастары»,Тәкәппарлық

64. "Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?" Абайдың нешінші қара сөзінен алынғанын анықтаңыз.Он бірінші

65. «Сөз тұлғасын түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар»деп қарастырған ғалымды табыңыз.А.Байтұрсынов

66. Ш.Құдайберді "Жастарға» өлеңінде кімнен үлгі алуға шақырды?Абайдан.

67.М.Мақатаевқа  алтын қалам сыйлаған адам кім?Ғ. Мүсірепов

68.Шәкәрімнің ұлының есімі қандай?Ахат

69. «Менің атым Қожа" Қожаның анасының аты кім?Миллат

70. «Ала баған.екі елдің ғана белгісі емес, екі түрлі дүние танудың, болған мен болашақтың шегін айырып тұрган сияқтанды...» - деген үзінді F. Мүсіреповтің қай шығармасынан алынғанын табыңыз . «Қазақ солдаты»

71.Е. Әбенұлының "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесінде қайынағасы келген сәттегі ыңғайсыз жағдайдағы кейіпкердің ойына сәйкес мақал-мәтел.Арық атқа қамшы ауыр, Жыртық үйге тамшы ауыр,Жау жағадан алғанда бөрі етектен алады.Тоқтық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді.

72.Абай Тоғжанды алғаш көрген жер.Түйеөркеште

73.Қазақ әдебиеті тарихында фантастикалық жанрында алғаш қалам тартқан жазушы кім? Т.Сұлтанбек

74.«Дүние қалай етсең табылады?» шығармасындағы  кейіпкер, жетістігі.Антон, зор магазин иесі

75. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз «Әпке».

76.Анықтауыш өзі анықтайтын сөзімен.Қабыса, матаса  байланысады

77.Д.Исабеков Әпке драмасында Қамажайдың сіңлісі.Нәзила

78. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрсені жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын»Абайдың 1 қара сөзі

79.Атымтай Жомарт шығармасындағы Атымтайдың  еңбектенуінің неше себебі бар?4

80. Атымтай Жомарт 4 түрлі себеп: 1.әдемі ат, асыл киім, асқан дәулет 2. Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. 3. Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды. Еңбекпен тапқан нан-тәтті, сіңімді. 4.құдайдың берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, мал берген иесіне күнәлі болармын, деп қорқамын

81.С.Торайғыровтың Міржақып, Ахмет, Әлихан “Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым” деген поэмасы.«Таныстыру»

82. ....Өлеңі бар өнерлі інім, сізге,

Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге

Өзге түгел өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге (А.Құнанбаев)

Өлеңнің негізгі идеясы. Өнер

83. Абайдың қара сөзіндегі күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе-Надандық, еріншектік, залымдық.

84.Абай нәр алған үш рухани арна .Өз халқының мәдени мұрасы, шығыс әдебиеті, батыс елдерінің рухани қазынасы

85. М.Жұмабаевтың алғаш білім алған ұстазы. Ауыл молдасынан

86. «Менің атым Қожа» хикаясындағы Қожа армандаған есімдер. Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт

87. Д.Исабеков «Әпке» драмалық шығармасындағы Қамажайдың інілері. Ермек, Тимур, Омар

88. Абай мен Шөженің кездесуі. Қарқаралы жәрмеңкесі

89. Шәкәрімнің аудармасы. «Боран», «Дубровский»

90.Қазақ әдебиетінің ең бай кезеңі. ХІХ ғасыр.

91.Лиро-эпостық жырлар нешеге бөлінеді? 2

92. Бұқар жырау туған жылы. 1668жыл.Баянауылда

93. «Маса» қай жылы жарық көрді? 1911 жыл. Орынборда

94. Алтайдың кербұғысы. Оралхан Бөкей

95.Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген Оралхан Бөкей шығармасы. «Біздің жақта қыс ұзақ» повесі мен әңгімесі үшін («Қар қызы», "Бәрі де майдан", «Мынау аппақ дүние»)

96. «Ендігінің жүгі сенде қалар ,балам. Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін!» деп Абайға бата берген кім?Бөжей.

97.Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер тобының ең көне түрі. Наурыз әндері.

98. «Қан мен тер» романының бөлімдері. «Ымырт», «Сергелдең, «Күйреу»

99. Абайдың «Ескендір» поэмасы жазылған жыл.1900

100.Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тердегі» негізгі идея-мақсатты айқындайтын қаһарман.Еламан

101.Шоқан Уәлиханов алғаш рет қазақ ауыз әдебиетінің қай жырын қағазға түсірді?«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

102.Ілияс Есенберлиннің «Жанталас»__романында қазақ жұртының Сауран қаласын шет жаулардан қорғап қалғаны туралы хикаяны әңгімелеуші.Бұқар жырау.

103."Томирис" шығармасында Кирдің басын Томириске кім әкеледі?Балхаш.

104.Ш.Құсайыновтың «Томирис» пьесасының кейіпкер(-лер)і. Спаргапис,Балхаш, Ардашир, Мард, Амага

105. Томирис. 6 жасында семсер ұстаған

106. Томиристің таққа отыруына кім көмектесті?     Балхаш

107.Абайдың бала психологиясына байланысты ішіп-жеу, көрем деп ұмтылу қай қара сөзі? 7  

108. Абай 31-қара сөзі/ естігенді ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар. 1. Көкірегі байлаулы берік болу керек.2. сол нәрсені естігенде ғибратлану керек, 3. Көңілге бекіту керек. 4. Ой кеселдері:уайымсыз,салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, бір нәрсеге құмарлық-осылардан сақтану керек. Бұлар-ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.                                            

109. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің тақырыбы.Баспана мәселесі

110. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі Алматының қай жерін сипаттаудан басталады?Жетім бұрыш

111. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі жастар пәтер иесіне қанша төле

ді? 10 мың

112. Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасы басты кейіпкері.Антон бала туралы

113. Абайды шеше-жеңгелері кім деп атады?  Телғара

114. Атымтай Жомарттың өзі бай бола тұра еңбек етіп, жомарттық танытуының неше себебі болды?   төрт

115. Абайдың қай қарасөзінде естігенді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар екендігі айтылған?   Отыз бірінші қарасөзі

116. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады» деп Абайдың қай қарасөзінде? Жетінші қарасөзі

117. Мағжан Жұмабаев қай жылы қай жерде дүниеге келген? 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.

118.  Тәкен Әлімқұлов  қай жылы қай жерде дүниеге келген?Алматы облысы , Созақ ауданы, Бабата ауылы  (1918-1987), ақын, жазушы, әдебиет сыншысы

 119. Тәкен Әлімқұловтың  шын аты (Тәңірберген )шығармасы? Қараой

120. Тәкен Әлімқұловтың алғашқы өлең жинағы? « Сапар» 1950 ж.жарық көрді.

121. Жазушы қандай тарихи тұлғалардың өмірі туралы шығарма жазды? Абай, Махамбет

122. «Қараой» әңгімесінің фабуласы: Махамбетті өз туысы сатқындықпен өлтіреді

123. Махамбеттің ақырғы сөзі мен ақырғы ойы? Ақырғы сөзі «Әуес», ақырғы ойы «Қайран халқым»

124. Махамбетке қастандық жасаған кім? Алыс туысы ж\е досы Ықылас

125. Шығармада Махамбеттің несі суреттеледі? Ішкі жан күйзелісі,ой-арманы, мақсат -мүддесі.

126. Жазушының «Қараой» әңгімесінде қазақтың қандай  ырым –тыйымдары кездеседі?Адамның үй айналуы, күннің батар шағында айдың тұтылуы.

127. Әңгімеде Махамбет өмірінің қандай сәттері  сөз болады?Махамбеттің өмірінің соңғы сәттері сөз болады.

128. Махамбеттің  әйелінің, ұлының аты кім? Әйелінің аты Әуес, ұлының аты Нұрсұлтан.

129. Нұртөре Жүсіп қашан, қай жерде дүниеге келген? 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған.

130.  Нұртөре Ж. Тұңғыш ғарышкер туралы мақаласы неше пернеден тұрады? 7 пернеден  (Бірінші перне немесе “Гауһартас.Екінші перне немесе Қонаевқа хат. Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ .Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы .Бесінші перне немесе “Шайтанкөл” хикаясы.  Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері . Жетінші перне немесе  Дөңгелек дүние дидары)

131. Нұртөре Жүсіп тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы қандай мақала жазады. Қыран қазақ

132. Тоқтар Әубәкіров ғарыш кеңістігінде неше уақыт болды?  7 т.22 с.12м.40 секунд. 

133. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа тұңғыш рет қай жылы ұшты? 1991 жылы 2 қазан

* Ғ Мұстафин шығармасы - Қарағанды
* Ә Нүрпейісовтың "Қан мен тер" романында суреттелген оқиға - Арал теңізі, балықшыларының өмірі
* 16 жасар чемпион кім- Мұрат
*М.Мақатаев өлеңінен үзінді берілген (өлеңін тап) - Сағатым қайда, сағатым"
*М.Сәрсеке "Жетінші толқын" Шыңғыс шқанша адамды құтқарды? - Хорват елінде 80 адамды үңгірден аман алып шықты.
* Ә.Нұршайықов Ақиқат пен аңыз кім туралы - Бауыржан Момышұлы
*Ы.Алтынсарин Атымтай Жомарт идеясы (бірнеше сөйлем берілген соның ішінен табасыздар мысалы Еңбекпен тапқан нан тәтті)
М.Жұмабаев еңбегі - Педагогика, .....(екіншісі есімде емес)

М.Мақатаевтың "Ертең біз жол жүреміз" өлеңі кімге арналған? - Болашаққа
2. Мағажан Жұмабаев неше жасында мектепке барды или білім алды? - 4
3. М.Сәрсеке «Жетінші толқын» кімнің атынан баяндалады? - Студент
4. С.Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі. Ораз -
5. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» кейіпкерлерін ата –Еламан, РАй
6. Ә.Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» кім туралы? – Б. Момышұлы
7. Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі туралы сұрақ болды.
8. «Теміржолшы» шығармасының авторы кім? Б.Қыдырбекұлы
9. Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңіндегі ою? Қошқар мүйіз
10. Д.Исабеков «Әпке» драмалық шығармасындағы Қамажайдың інілері
Ермек
, Тимур , Омар 
11. І. Жансүгіров поэмасындағы нег. кейіпкер Ақан сері
12. Д.Исабековтың пьесасы «Әпке» , Қамажайдың ғалым інісі – Омар
13. Б. Қыдырбекұлы «Теміржолшылар» шығармасындағы басты кейіпкер - Әліш
14. М.Сәрсеке «Жетінші толқын» шығармасына арқау болған кейіпкер - Шыңғыс қазақ жігіті
15. Мұқағалидің үлкендерге құрмет шығармасы - «Тоқта ботам!» Өлеңі
16. Д.Досжанұлына берілген атақ қай еңбегіне - Тарихи шығармаларына дедім себебі
17. «Жібек жолы» роман мен «Төрт патшаны көрген кейуана» - тарихи тұлғалар туралы
18. «Чемпион» шығармасындағы Мұраттың жеңуіне себер болған адам - Николай Трофимович – жаттықтырушы
19. «Қарағанды» романы ең алғашқы қалай аталды – «Өмір
не өлім»
20. Алғашқы ұстаз кейіпкері-Дүйсен
22. Мұрат қай спорт түрінен чемпион атанды-Бокс;
23.Ғ Мустафиннің шығармасы-Қарағанды;
24. Мағжан Ж туған жері-1893ж, Солтүст Қазақст обл Булаев ауданы,,Сасықкөл”
25.Жансүгіровтың өлеңдері: Күй, Күйші,Дала
26. ,,Ақиқат пен аңыз”-да Бауыржан кімге хат жазды: Қонаев пен Тәшеновке;
27.Сайын Мұратбеков,,Телі өскен бауырлар”Сергей бауыры-Байтас,Көкеш,Төкеш
28 Ақан серінің әндері:?
29.Өлеңдерден І Жансүгіровтың Жетісу сурет/үзіндісі:Малқыбайдан басталған үз/ді;
30.,,Жетінші толқын” шығарм
асына  арқау болған кейіпкер: Шыңғыс;
31.Б.Қыдырбекұлы ,,Теміржолшы” шығ/басты кейіпкер: Әліш.
 тағы бір жерде осы Әліш алтын мед наградталған ;
32.Д Исабеков пьесасы ,,Әпке” Қамажайдың ғалым інісі :Омар;
33.М.Мақатаевтың үлкендерге құрмет шығармасы ,,Тоқта, ботам!Атаң ,, өлеңі;
34.Д.Досжановтың атақ берілген шығармасы: ,,Жібек жолы романы” тарихи тақыр/жақсы кітап сыйлығы;
35. Ы Алтынсарин ,,Әке мен бала” ….. жауабы әке мен бала;
36. МШаханов,, компьтер басты /жадам: рухсыздық …
1. Педагогикалық процестің компоненттері: мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма
2. Оқытудың сөздік әдісі - Түсіндіру, оқулықпен жұмы
с

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі әнші Әмірқан  кім? өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесі (прообразы).

1. Жүсіпбектің романын ата

А) “Әнші”   В) “Күнікейдің жазығы”  С) “Нұр күйі”   Д) “Ақбілек”

2. “Жетішатыр” қаласының екінші аты

А) Семей   В) Павлодар  С) Өскемен   Д) Қызылжар

3. “Бір шерік қымыз” деген қанша?

А) бір бөтелке  В) бір шелек  С) бір кесе  Д) бір тегене

4. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды?

А) жерге  В) орындыққа  С) керуетке  Д) сандыққа

5. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір ….

А) көлеңке  В) сағым  С) елес  Д) тұман

6. Мінбеге шығып сөз сөйлеген кім?

А) Әбіжан  В) Жәлен   С) Рахымбек  Д) Жүсіпбек

7. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды?

А) сыбызғының үніндей        В) айдынның сұлу қуындай

С) тас бұлақтың суындай       Д) Арқаның қоңыр желіндей

8. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не?

А) қызыл қоңыр домбыра   В) үлкен ақ сырнай

С) саз сыбызғы                     Д) үкілі сары домбыра

9. Әйелін қалай таныстырады?

А) жампоз  В) тұлпар   С) сұлу  Д) бастық

10. “Қорлан” әнін шығарушы кім?

А) Жаяу Мұса  В) Балуан Шолақ  С) Естай   Д) Мәди

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Т2 спецификасы бойынша 1. М

Т2 спецификасы бойынша 1. М

Бес нәрсеге асық бол» – өлең жолдарындағы көркемдеуіш құрал

Бес нәрсеге асық бол» – өлең жолдарындағы көркемдеуіш құрал

Абай Ділдаға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгіленіз

Абай Ділдаға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгіленіз

Абайдың қара сөзіндегі күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе-

Абайдың қара сөзіндегі күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе-

Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасы басты кейіпкері

Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасы басты кейіпкері

Мұрат *М.Мақатаев өлеңінен үзінді берілген (өлеңін тап) -

Мұрат *М.Мақатаев өлеңінен үзінді берілген (өлеңін тап) -

Жетінші толқын” шығарм асына арқау болған кейіпкер:

Жетінші толқын” шығарм асына арқау болған кейіпкер:

Аттаестационные задания по казахскому языку

Аттаестационные задания по казахскому языку
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024