Қауіпсіздік жайлы мәлімет алады. Қауіпсіздік ережелерін құрастырады. Оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс істейді.
Бұл жұмыста оқушылар өмір жайлы биледі. Мінез құлықтарды тани бастайды. Жаңа сөздермен танысады мысалы: "сақтық" және "зейінділік". Топқа бөлініп тапсырмалар орындайды. Сергіту жаттығуын өлең арқылы орындайды. Назарларыңызға рахмет.Сабақ жоспары
ойындар.docx
Ұзақ мерзімді жоспар
Күні: 22.01
Сынып: 2 ә
Мектеп: М. Байысов атындағы орта
мектебі
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Мұғалімі: Айқошқар Г.М.
Сабақтың тақырыбы
Қауіпсіздік ережелері
Бағдарламаның бөліміне
сілтеме
Жалпы мақсаты:
Дені саудың – жаны сау
2.1.4.2. Оқу, ойын үдерісінде және күнделікті өмірде (үйде,
қоғамдық орындарда, көшеде және табиғат аясында) мінез
құлықтың қауіпсіздік ережелерін білу және түсіндіру
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар:
– сабақтың мақсатын түсінеді, оған жетуге талпынады;
– үйде, қоғамдық орындарда, көшеде, табиғатта өздерін дұрыс
ұстауға үйренеді;
– оқулықтың мәтінінен және суреттерден, электронды қосымшадан
ақпаратты қабылдайды және оны талқылайды;
– ауызша сөйлеуді дамытады, мінезқұлықтың қауіпсіздік ережелері
туралы мәліметтерді байланыстырып айтып береді;
– қауіпті және қауіпсіз жағдайларды талқылайды, қауіптілікті алдын
ала көреді және үйренеді;
– қауіпті жағдайда бағдарланудың дағдыларын үйренеді және тиімді
шешімдер қабылдайды;
– жұптасып жұмысты орындауда білік дағдыларды дамытады;
– топ ішінде, үйде және көшеде жүрістұрыстың қауіпсіздік
ережелерін көрсетеді;
Жетістік өлшемдері
– адамның өмірі қымбат екенін түсінеді.
Оқушы мақсатына жетеді, егер:
– оқулықтың мәтіні және суреттері, сондайақ өзіндік өмірлік
тәжірибесі негізінде сабақтың мақсатын меңгерсе;
– тапсырманы орындауда өзінің пікірін ұсынып, топта белсенділік
көрсетсе;
– қарымқатынас дағдыларын дамыта отырып, сыныптасымен бірігіп
жұмысты орындаса. Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер:
– күнделікті өмірде жүрістұрыстың қауіпсіздік ережелерін сақтау
қажеттілігін түсінсе;
– жеке, жұптасып және топ ішінде жұмыс істей отырып,
тапсырмаларды орындаса.
Оқытудың әдістері мен
тәсілдері
«Миға шабуыл» әдісі, мәселелерді шешу, эвристикалық әңгіме құру,
жұптасқан жұмыс жүргізу, топтық жұмыс.
Көрнекі құралдар
Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері.
Кілттік сөздер және ой
пікірлер
Өмір құндылығы және қауіпсіздік, мінезқұлықтың қауіпсіздік
ережелері. Сақтық пен зейінділік.
Уақыт
Сабақтың өту
Сабақтың барысы
Мұғалімнің ісәрекеті
3 мин
кезеңдері
Ұйымдастыру
Сабаққа
психологиялық
бағыттау
4 мин
Сабақтың
мақсатын қою
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлем бердік!
Бірбірімізге сәлемдестік.
Сәлем бердік! –
Шықты жүзіміз жадырап.
Сәлем бердік! –
Бірбірімізге денсаулық тіледік.
Сәлем бердік! –
Бірбірімізге күлімдедік.
Мұғалім:
– Балалар, Жер бетінде ең қымбат не
деп ойлайсыңдар? Жер бетіндегі ең
қымбат – өмір. Өмір – бұл ұлы тіршілік.
Өз өміріңді үлкен құндылық ретінде
қабылдап, оны сақтау керек және
сондайақ басқалардың да өмірін
бағалау қажет. Бірақ та адамның
өміріне және денсаулығына қауіп
төндіретін жағдайлар болады. Бүгін біз
өзімізді қалай қауіпсіздендіреміз және
Оқушының ісәрекеті
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдеседі.
Оқушылардың
жауаптары:
– Денсаулық, өмір,
отбасы, сүйіспеншілік
және т.б. Оқушылар оқулықты
ашып, мәтінді оқиды және
жұптасып өздерінің
шешімдерін ұсынады.
Оқушылар «Оқушы
дәптеріндегі» 1–2
тапсырманы орындайды.
қалай қорғайтындығымыз туралы
айтамыз, мінезқұлықтың қауіпсіздік
ережелерін қарастырамыз.
Ол үшін сақ әрі зейінді болуымыз
керек! Сабағымыздың кілттік сөздері:
«сақтық» және «зейінділік».
15 мин
Жаңа
тақырыпты
меңгеру
Оқулықты ашып, оқулықтың мәтінін зер
салып оқыңдар және келтірілген
жағдайларға шешім табыңдар.
«Оқушы дәптерінде» 1 және 2
тапсырманы орындайық.
ДИАЛОГ»
«СТИКЕРДЕГІ
стратегиясы
Жұмыс алгоритмі
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары
бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға
пікірлер немесе сұрақтар жазылған
бірнеше түрлі түсті қағаз ілінеді,
болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға
болады.
Оқушылар оларды оқып,
стикерлерге өз ойларын жазып
қалдырады. Екінші жолы: 3 – 4 – 5
адамнан тұратын топтар стикердегі
сұрақтарға жауап береді немесе ол
жөнінде ой бөлісіп, талқылап, стикерге
өз ойларын жазады, кейін пікірлерін
қорғайды.
Оқушылар стикерге өз
пікірлерін, эмоцияларын білдіре алады.
10 мин
Жаңа
тақырыпты
түсінгендерін
тексеру
«Мінезқұлықтың қауіпсіздік
ережелері»
Дәптердегі 4тапсырманы
орындайды.
Дәптердегі 4тапсырманы орындатады.
Сергіту жаттығулары
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Оқушылар өлеңде
айтылған қозғалыстарды
орындайды. Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды созайық.
Белімізді жазайық.
Оңғаоңға түзу тұр.
Солғасолға түзу тұр.
Жоғарытөмен қарайық
Қолымызды созайық.
Бойымызға күш жинап
Бір шынығып алайық.
Мұғалім:
– Бөлмеде, үйдің маңында қауіпті
болуы мүмкін кейбір орындарды
атаңдар.
– Топта жұмыс орындай отырып, өзін
ұстаудың қауіпсіздік ережелерін
құрастырыңдар:
үйде;
қоғамдық орындарда;
көшеде;
табиғат аясында
(суқоймасында).
5 мин
Жаңа
тақырыпты
бекіту
Оқушылар:
– Үйде: газ плитасы,
электр құралдары;
– қаладағы көп қабатты
үйде: балкон, ашық
терезе;
– Үйдің айналасында:
жол, бос алаңқай;
– қала сыртында:
суқоймасы (өзен, тоған,
көл).
Топтық жұмыс.
Дайын ережелердің
нұсқалары
1) Үй ішінде жүріп
тұрудың қауіпсіздік
ережелері:
– балконда немесе ашық
терезе алдында ойнама;
– өткір, кесетін заттарды
пайдаланғанда сақ бол;
– сіріңкемен ешқашан
және ешбір жерде ойнама;
– ересектер жоқта
тұрмыстық химия және дәрідәрмектерді
қолданба;
– ересектердің қарауымен
ғана газ плитасын, электр
қондырғыларын пайдалан.
2) Қоғамдық орындарда
жекебас қауіпсіздік
ережелері:
– бөгде ересектердің
ешбір ұсыныстарына
келіспе;
– бөгде ересек
адамдармен ешқайда
баруға келіспе және
көліктеріне отырма;
– үйдегі ересектерде көп
ақша бар екеніне
ешқашан мақтанба;
– үйде ешкім болмаса,
бөгде балаларды үйге
шақырма;
– үйге қайтарда көшеде
т.б. жерлерде кідіріп
қалма;
– кеш түскенде әсіресе
құрылыс алаңдарында,
алаңқайларда және қазба
жұмыстары жүргізілетін
аймақтарда серуендеме.
3) Көшеде жүріптұрудың
тәртібі:
– жолды бағдаршамның
тек жасыл белгісіне жүріп
өт;
– жақын жүріп келе
жатқан көліктің алдынан
кесіп өтпе;
– жол үстінде ойнама;
– көше қиылыстарындағы 7 мин
Рефлексия
(ой қорыту)
Қорытындылау
жолды жаяу жүргінші
жолағымен жүріп
өт.
4) Суқоймасында өзін
ұстау тәртібі:
– ересектердің қарауымен
ғана суға түс;
– таза суға түскен дұрыс;
– суда қауіпті ойын
түрлерін ойнама;
– бейтаныс суқоймада
сүңгіп ойнама.
Балалар, мен сендерге қауіпсіздіктің
тұжырымды қорытындысын шығаруды
ұсынамын. ... («Миға шабуыл» әдісі)
Оқушылар мүмкіндігінше
өздерінің болжамдарын
айтады.
Мұғалім оқушылар ұсынған нұсқаларды
тақтаға жазады:
Қауіпті алдын ала көру.
Қауіптен аулақ болуға тырысу.
Қажет болған жағдайда батыл
әрі нақты әрекетке көшу.
Соңына дейін күресу, көмекке
шақыру және көмек қолын созу.
Мұғалім: Егер де қауіптілікті алдын
ала көруді үйрене білсеңдер, сендерге
одан құтылуға немесе оқыс оқиғадан
шығынсыз аман шығуға болады.
«Бағдаршам» әдісіне рефлексия
«Оқушы дәптеріндегі»
6тапсырма.
Алдыңда бағдаршам суреті.
Сабағымыздың соңында бағдаршамның
қандай түсін таңдайсың? Таңдалған
түстің қасына «√» белгісін қой: қызыл
түс – мүлдем түсініксіз; сары түс – тағы
бір қайталау қажет; жасыл түс –
барлығы оңай әрі жеңіл.
Оқушылар өздерінің
әрекеттеріне
рефлексияны (ой қорыту)
жүргізеді.
1 мин
Үй тапсырмасы
«Оқушы дәптеріндегі» 3тапсырма.
Оқушылар күнделіктеріне
тапсырманы жазады.
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Қауіпсіздік ережелері (дүниетану 2 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.