«Менің денсаулығым – менің қолымда»
факультатив курс бағдарламасы
Құрастырған:
№52 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімдері
Пікір жазғандар:
Астана қаласы, 2017ж.
ТҮСІНІК ХАТ
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015ж.24.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді.
Оқушыларға адам өміріне кері әсер ететін себептер жайлы түсінік беру,салауаттану туралы білімдері арттыру, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі ең қымбатты — денсаулық. Дені сау, білімді, жан – жақты дамыған адам ғана өз өмірін дұрыс жолға қоя алады. Жасөспірімнің болашақ өмірі үшін осы кезеңде зиянды әдеттерге үйір болмай өз денсаулығын күту керек, алдағы уақытта немен шұғылданады, қандай отбасын құрады осы кезеңде дұрыс болуына байланысты. Өз ағзасын басқара алуы үшін ол ең бірінші ағзасының құрылысы қандай, қалай жұмыс істейді, ненің пайдалы немесе зиянды екенін білуі қажет. 34 сағаттық « Менің денсаулығым- менің қолымда» факультатив курс бағдарламасы балаларға денсаулықтарын күтуге, жеке бас тазалығын сақтауға, демалысы мен еңбегін дұрыс ұйымдастыра алуға көмектеседі. Факультатив курс бағдарламасы мазмұнынына теориялық ұғымдар ме қатар практикалық тері, шаш, тырнақ, көз, тістерін күту жайында ұсыныстар мен кеңестер кіргізілген. Мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің осы кезеңде зиянды әдеттер темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарға әуестенулеріне байланысты зиянды әдеттердің әсері туралы арнайы тақырып арналған. Курс бағдарламасында басты көңіл дұрыс тамақтану тақырыбына арналады. Курс 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен басты оқу бағдарламасына негізделіп жасалған. Курсты оқу жасөспірімдердің дені сау, сұлу, өзіне сенімі мол жастар болып өсуіне септігін тигізеді. Курс бағдарламасы биология пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады. «Менің денсаулығым – менің қолымда» факультатив курсының бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасалған.
Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа есептелген.
Бағдарламада 7-сыныптың биология пәні бойынша берілетін тақырыптар толықтырып, қосымша ақпараттармен қамтылған, балаларға денсаулықтарын күтуге, жеке бас тазалығын сақтауға, демалысы мен еңбегін дұрыс ұйымдастыра алуға көмектеседі. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Курс мазмұнына сәйкес тақырыптар бойынша бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру үшін сарамандық жұмыстар жоспарланды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
· салауатты өмір салтын қалыптастыру; жеке басының дене сымбаттылығы мен денсаулығын жетілдіру және нығайту; өзін –өзі тану әдістерін үйрету.
Міндеттері:
· ішімдік, темекі, есірткі құрамындағы адам ағзасына зиянды әсерін түсіндіру;
· оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту;
· оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға бағыттау.
Оқушылар білу керек:
· омыртқа жотасы, көз, мойын, қолдарға арналған жаттығулар кешенін;
· таңғы және тыныс алуға байланысты жаттығулар кешенін;
· көз, тіс, шашты күту тәсілдерін;
· шынығу, массаж жасау түрлерін;
· өз денесін күтуге арналған бағдарлама жасай алуға және мінез – құлқына баға беру тәсілдерін.
Оқушылар істей алуы қажет:
· шығармашылық жұмысты өз бетімен орындау
· түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау
· алынған ақпаратты талдау мен қорытынды шығару
Мамандыққа бағдарлау: дәрігер, биолог, эколог, агроном
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, экология, зоология, тарих
Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс-сабақ, сарамандық жұмыс, семинар, сайыс-сабақ.
Курсты қорытындылау формасы: реферат, шығармашылық жоба,
Уақыт жиілігі, көлемі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
орындалу көрсеткіші арқылы бағалау.
оқушының жұмысын тыңдау арқылы бағалау
М А З М Ұ Н Ы
І. Түсінік хат ................................................................................................ 2
ІІ. Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ...................................................... 3
ІІІ. Сабақ жоспарлары ................................................................................ 10
ІV. Сарамандық жұмыстар ......................................................................... 27
V. Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 31
Бағдарламаның мазмұны
Кіріспе 1 сағат
Оқушыларға адам өміріне кері әсер ететін себептер жайлы түсінік беру,салауаттану туралы білімдерін арттыру, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Денсаулық – зор байлық 2 сағат
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығына тоқталу.Қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу.
1.Салауаттылық – денсаулық кепілі
2. Тазалық саулық негізі
Күн тәртібі
1 сағат
Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Оқушының күнделікті орындайтын — сабақ оқу, ойын ойнау, ұйықтау, тамақ ішу сияқты әрекеттерінің нақтылы уақытын өздері белгілеуді, оны сақтауды үйрету және әдепті, таза болуға тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты туралы ұғым 4 сағат
Салауатты өмір салтының аспектілерін ашып көрсету; — салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру;-салауатты өмір салтына баулу.Салауатты өмір салты түсінігін қалыптастыру; денсаулықка теріс әсерін тигізетін факторларды анықтау; денсаулықты нығайтатын факторларды анықтау; өз бетінше ойлау және шешім қабылдауға үйрету; коммуникативті дағдыны дамытуға ықпал жасау.
1.Темекінің адам өміріне зияны 1 сағат
2. Адам ағзасына есірткінің зияны 1 сағат
3. Алкоголь және дамып келе жатқан ағза. 1 сағат
4. Нашақорлық пен токсикомания өзектілігі 1 сағат
Тазалық-саулық негізі 7 сағат
Оқушыларды денсаулықты және тазалықты, санитарлық-гигиеналық ережелерді есте сақтауға тәрбиелеу.
1. Тері түрін анықтау, тері күтімі. 1 сағат
2. Безеу. Секпіл. Сүйел. Әжім. Алдын алу және гигиена 1 сағат
3 . Көздің тітіркенуі. Көз гимнастикасы . Қас пен кірпікті күту. 1 сағат
4. Ауыз қуысын күту ережесі. 1 сағат
5. Тыныс алу гимнастикасы. жаттығу кешені «Тыныс жолының қабынуынсыз» жаттығу кешені.
6. Шашты жуу және кептіру.. Шаштың түсуі. 1сағат
7. Сәндік және емдік косметика. 1сағат
Дұрыс таматануды қалыптастыру дағдылары. 7 сағат
1.Адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы
2. Адам денсаулығына ішетін су сапасының ықпалы.
3.Тиімді тамақтанудың он екі ұстанымы.
4.Емдік тағамдар
5.Тағамдық өнімдерінің үйлесімділігі.
6. Тамақтану мәдениеті мен ережесі.
7. Ақуыздар, майлар, көмірсулардың жасөспірімдер тамақтануындағы маңызы.
Демалыс өнері. 4 сағат
1. Шаршау деген не және оның алдын қалай алуға болады.
2. Ұйқы және оның маңызы.
3. Релаксация әдістері. Релаксация үшін жаттығу кешені
4. Жаттығу сабағы
Қоршаған ортаның адам деңсаулығына әсері 3 сағат
1. Қоршаған ортаның физикалық факторының адам деңсаулығына әсері
2.Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының әсері
3. Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардынң денсаулық жағдайы
Дені саудың-жаны сау - 2 сағат
Денім сау болсын десең… 2 сағат
Қорытынды сабақ 1 сағат
«Менің денсаулығым – менің қолымда»
таңдау курсының жоспары
№ |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Сағат саны |
|||||
1 |
Кіріспе |
Оқушыларға адам өміріне кері әсер ететін себептер жайлы түсінік беру. |
1 |
|||||
І тарау . Денсаулық – зор байлық 3 сағат |
||||||||
2 |
Салауаттылық – денсаулық кепілі |
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру |
1 |
|||||
3 |
Тазалық саулық негізі
|
Тазалықтың өмірдегі алатын орны мен мәні түсіндіру.
|
1 |
|||||
4 |
Күн тәртібі |
Оқушыларға күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру |
1 |
|||||
ІІ тарау . Салауатты өмір салты туралы ұғым 4 сағат |
||||||||
5 |
Темекінің адам өміріне зияны |
Салауатты өмір салтының аспектілерін ашып көрсету; — салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру;-салауатты өмір салтына баулу |
1 |
|||||
6 |
Адам ағзасына есірткінің зияны
|
Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсінік беру.
|
1 |
|||||
7 |
Алкоголь және дамып келе жатқан ағза
|
Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсінік беру.
|
1 |
|||||
8 |
Нашақорлық пен токсикомания өзектілігі
|
оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
|
1 |
|||||
Тазалық-саулық негізі 7 сағат |
||||||||
9 |
Тері түрін анықтау, тері күтімі. |
Оқушыларды денсаулықты және тазалықты, санитарлық-гигиеналық ережелерді есте сақтауға тәрбиелеу |
1 |
|||||
10 |
Безеу. Секпіл. Сүйел. Әжім. Алдын алу және гигиена |
Жас ұрпаққа дұрыс тамактанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру.салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту |
1 |
|||||
11 |
Көздің тітіркенуі. Көз гимнастикасы Қас пен кірпікті күту.
|
Оқушының күнделікті нақтылы уақытын өздері белгілеуді, оны сақтауды үйрету және әдепті, таза болуға тәрбиелеу. |
1 |
|||||
12 |
Ауыз қуысын күту ережесі. |
Тістің құрылысы мен тіл бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері, ауыз қуысын күту ережелерін түсіндіру.
|
1 |
|||||
13 |
Тыныс алу гимнастикасы. жаттығу кешені
|
Тыныс алу гимнастикасын және жаттығу кешендерін білу.
|
1 |
|||||
14 |
Шашты жуу және кептіру.. Шаштың түсуі
|
Шаштын гигиенасымен таныстыру, шаштың түсу аурыларын білу.
|
1 |
|||||
15 |
Сәндік және емдік косметика.
|
Сәндік және емдік косметикаларымен таныстыру.
|
1 |
|||||
Дұрыс таматануды қалыптастыру дағдылары 7 сағат |
||||||||
16 |
Адамның денсаулығын сақтауда кальцийдің және микроэлементтердің маңызы |
Оқушыларды білімділікке, салауатты өмір сүруге, еңбектенуге, спортқа баулу |
1 |
|||||
17 |
Адам денсаулығына ішетін су сапасының ықпалы. |
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігн үйрету |
1
|
|||||
18
|
Тиімді тамақтанудың он екі ұстанымы |
Дұрыс тамақтану ережелерінмен таныстыру. |
1 |
|||||
19 |
Емдік тағамдар |
Емдік тағамдарда сандық және сапалық құрамдарымен таныстыру. |
1
|
|||||
20 |
Тағамдық өнімдерінің үйлесімділігі. |
Кейбір тағамдық өнімдерінің үйлесімділігін білу. |
1
|
|||||
21
|
Тамақтану мәдениеті мен ережесі |
Тамақтану мәдениеті мен ережесін білу. |
1 |
|||||
22
|
Ақуыздар, майлар, көмірсулардың жасөспірімдер тамақтануындағы маңызы |
Ақуыздар, майлар, көмірсулардың жасөспірімдер тамақтануындағы маңызын түсіндіру. |
1 |
|||||
Демалыс өнері. 4 сағат |
||||||||
23 |
Шаршау деген не және оның алдын қалай алуға болады |
Шаршаудын алдын алу. |
1 |
|||||
24 |
Ұйқы және оның маңызы |
Ұйқы және оның маңызын түсіндіру. |
1 |
|||||
25 |
Релаксация үшін жаттығу кешені |
Жаттығу кешенінің жүргізу. |
1 |
|||||
26 |
Жаттығу сабағы |
|
1 |
|||||
Қоршаған ортаның адам деңсаулығына әсері 3 сағат |
||||||||
27 |
Қоршаған ортаның физикалық факторының адам деңсаулығына әсері |
Қоршаған ортаның физикалық факторының адам деңсаулығына тигізетін әсері білу. |
1 |
|||||
28 |
Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының әсері |
Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының әсерін білу. |
1 |
|||||
29 |
Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардынң денсаулық жағдайы |
Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрғындардынң денсаулық жағдайын түсіндіру. |
1 |
|||||
Дені саудың-жаны сау - 2 сағат |
||||||||
30 |
Аялай біл, сен деп соққан жүректі |
Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңіру. |
1 |
|||||
31 |
Қарым-қатынас мәдениеті |
Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. |
1 |
|||||
Денім сау болсын десең… 2 сағат |
||||||||
32 |
Жақсылық жан азығы |
|
1 |
|||||
33 |
Жасампаздық жемісі |
Шығармашылықтарын дамыту. |
1 |
|||||
34 Қорытынды сабақ 1 сағат |
||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.