Разработка урока
Оценка 4.7

Разработка урока

Оценка 4.7
docx
30.03.2020
Разработка урока
ашық сабақ.docx

7 сынып                                                            Күні

Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Құдіретті Жер-Ана

Құндылық:  Сүйіспеншілік           Қасиеттер: Шынайылық , риясыз қызмет

 Мақсаты:

1.Білімділік:   қоршаған ортаға деген махаббат   жайлы түсініктерін кеңейту;

2.Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін,  ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар

 1.        Нұрға бөлену ( МузАрт тобы « Үш қоныр»)

 2.         Ойланайық, пікірлесейік:

Мұғалім:

  Табиғаттың  басты байлығы – жер. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.

   Адамдар, жан – жануарлар, өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады. 

  Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.

 Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Яғни жер өмір сүрер ортамыз. Жер – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

Адам өзінің туып - өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір – құрметін жүректен шыққан құдыретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

3.    Бүгінгі сабағымыздың  дәйексөзі:

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны – өзі туралы ойлағаны»       Ш.Айтматов

 Мағынасын түсіедіріп жиберейік

 Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен. Мысалы:

 

 Мақал – мәтелдер

1 . Сулы жер - нулы жер.
2. Халық қартаймайды,қара жер қартаймайды.
3. Жер құтты болса,мал сүтті болады.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.

5. Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
6. Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Жер көңді жақсы көреді,

Ат жемді жақсы көреді
9. Жер - қазына, су - гаухар.
10. Қыстағы қар-жерге ырыс,

Жердегі ылғал-елге ырыс

 Енді қандай тыйым сөздерді білеміз?


   Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер


  Жұмбақтар.

  Қар еріп, қыр көгерді,

Қыс қиқуы көбейді.

Жерге дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді.

                             (көктем)

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

                             (күз)

Күн ысып, су жылынып,

Егін басын тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп.

                             (жаз)

Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада.

                         (қыс) 

Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
 

5.   Енді ме сендерге дайындап келген өсиет әңгіме әңгімемді айтып берейін

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады.
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан», ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына риза болған қария,ү ш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

Сұрақтар:

1.      «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

2.      Қандай адамдар жерді шексіз сүйе алады?

3.      Адамның жерге, жердің адамға ықпалы қандай?

4.      Табиғат дегенде көз алдарына не келеді?

5.      Дәрілік өсімдіктер туралы не білесіндер?

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

·                   Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық майы өкпе ауруына, иттің майы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған.


Түйін:  Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер – ана жомарт дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті қазба байлықтары да жерден алынады. Түрлі жеміс – жидектерде, әсем гүлдерде, тіпті дәнді  дақылдар да ұдайы суарып күтіп баптағаннан көбейе түседі.


5.    Шығармашылық жұмыс   (үй тапсырмасы)

 А)« Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік:

б) «Егер мен суретші болсам...»(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың  суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)

г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың  табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар  тебірене оқыды)

 6. Жүректен жүрекке

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.

7. «Ертегілер әлемі» әні А. Қалаубаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Күні Өзін-өзі тану Тақырыбы: Құдіретті

Күні Өзін-өзі тану Тақырыбы: Құдіретті

Мақал – мәтелдер 1 . Сулы жер - нулы жер

Мақал – мәтелдер 1 . Сулы жер - нулы жер

Күн қысқара бастады, Тауға тұңғыш қар жауды

Күн қысқара бастады, Тауға тұңғыш қар жауды

Дәрілік өсімдіктер туралы не білесіндер?

Дәрілік өсімдіктер туралы не білесіндер?

Разработка урока

Разработка урока
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.03.2020