А.Янушкевич-қазақ мәдениеті мен Еуропа мәдениетінің дәнекері

  • Исследовательские работы
  • docx
  • 16.04.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

В проекте исследуются жизнь и деятельность польского революционера А.Янушкевича. данное направление дополняется также изучением дневников исследователя с записями о связи природных условий Казахстана на быт и культуру казахов. Вместе с тем, особое внимание уделено важности и актуальности исследований Адольфа Янушкевича
Иконка файла материала Ғылыми жоба.docx
№29 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі КММ Зерттеу жұмысы Тақырыбы: А.Янушкевия­қазақ қоғамы мен Еуропа мәдениетінің дәнекері Дайындаған:9 «ә» сынып оқушысы А.Әбдіғаппар Қабылдаған: тарих пәнінің мұғалімі А.КарабаеваЖоспары: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім  А)А.Янушкевичтің жастық шағы мен революциялық көзқарасының  қалыптасуы В)А.Янушкевичтің қазақ даласындағы өмірі  С)Қазақ халқы туралы жазбалары III.Қорытынды А)А.Янушкевия­қазақ қоғамы мен Еуропа мәдениетінің дәнекеріКіріспе «Құдіреті   күшті   Құдай   осыншама   қабілетті   етіп   жаратқан   бұл   халықтың адамзат   өркениетінен   тыс   қалып   қоюы   мүмкін   емес...жергілікті   көшпелі номадтардың   күткен   күні   ертең­ақ   туады,   сөйтіп   олар   өздеріне   қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты орнын ойып   тұрып   алатын   болады»­деп   жазған   көреген   А.Янушкевиятің   өмір жолымен тереңірек танысуға ұмтылуымның басты себебі осы жолдар болады. Алғаш   оның   осы   ойымен   танысқанымда   Янушкевичтің   көрегендігіне   таң қалдым. Болмаса екі ғасыр бұрын кім қазақ халқының қазіргі күндегідей өмір сүретінін   болжап   еді.   Оның   айтқаны   дәл   келіп,   біздер   әлемде   өзіміздің лайықты   орнымызды   алып   отырмыз.   Еуроцентристік   көзқарастар   дамып тұрған   бір   кезеңде   Янушкевич   қазақтардың   шешендік   өнерін,   ақкөңіл қонақжайлылығын,   жомарттығын   бағалай   білді.   Оқулықта   берілген мағлұматтармен шектелмей ізденуге шешім қабылдыдым. А.Янушкевичтің жастық шағы мен революциялық көзқарасының қалыптасуы Патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Жергілікті өкімет билігі оларды   өз   еріктерінен   тыс   Жайық   және   Сібір   қазақтарының   қатарына зорлықпен   тіркеп   жіберген   болатын.   Олардың   едәуір   бөлігін   поляктардың таңдаулы   тобы   –   дворяндар   құрады.   Поляктардың   қатарында   ақын­ жазушылар,   суретшілер   мен   дәрігерлер,   инженерлер   және   заңгерлер   көп болды.   Поляктардың   басым   бөлігі   қалада   тұрды.   1897   жылы   өткен   халық санағы   бойынша   Қазақстанда   1200­ден   аса   поляк   тұрған.   Олардың   басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған. 1839 жылы патшалы Ресей Польша патриоттарын Сібірге, Қазақстанға жер аудартты.   Сондай   жер   аударылғандардың   бірі   поляк   жазушысы   –   А. Янушкевич  болатын.   Янушкевич   Адольф   1803   жылы   Минск   губерниясы Несвиж қаласында ақсүйектер отбасында дүниеге келген.   Поляк халқының көрнекті   демократ   ­революционері,   көсемсөзші.   Вильно   университетінің филология   факультетінде   білім   алған.   .   Ақын   Мицкевич   басқарған   ұлт­ азаттық қозғалыстың жасырын мүшесі болған.  Қызмет ету жолында мұғалім де, қалалық депутат та болып жұмыс істеген. 1830 жылы өткен ұлт ­ азаттық көтеріліске қатысып жүріп, қатты жараланып, қолға түседі. 1831 жылы Брест, Мәскеу арқылы Вяткаға, кейін Киевке жіберіледі. Бір жыл өткен соң әскери сот үкімімен ақсүйек атағынан айырылып, 25 жылға Сібірге жер аударылады. Адольф   Янушкевичтің   өмірі   бір­біріне   ұқсамайтын   екі   кезеңнен   тұрады: біріншісі 1831 жылға дейінгі кезең – өз отанында өмір сүрген уақыты, екінші – 1831 жылдан кейінгі кезең, осы кезде ол ұлт­азаттық көтерілске қатысқаныүшін тұтқындалып, кезең­кезеңмен Брест, Мәскеу, Вятка, Киевке жіберілген болатын.  Киевте   1832   жылдың   3   наурызында   сот   шешімімен   Адольф   Янушкевич дворяндық   атақтан   айырылды,   мүлкі   тәркіленіп,   Сібірге   айдалды.   1833 жылдың мамырында ол – Тобольскіде, ал дәл осы жылдың 10 желтоқсанында Ишим уезінің Желяково ауылына жіберілді. 1835 жылы оған Ишим қаласына орналасуға рұқсат берілді. Осы кезде бұл қалада айдауға түскен поляктар жиналып  қалған еді. Ол осы  қалада  айдауға түскен  ақын­романтик Густав Зелинскиймен   кездесті.   Олардың   әңгімесі   жарасып,   қимас   досқа   айналды. Бірақ   көп   ұзамай   Зелинский   туған   жеріне   оралады.   Екеуі   бір­бірімен   хат жазысып   тұрды.   1841   жылдан   бастап   Адольф   Янушкевич   Омск   аймақтық сотының   канцеляриясында   жұмыс   істеп,   осы   жылдың   күзінде   оны   «Сібір қырғыздары»   (қазақтар)   шекара   басқарма   басшысының   канцеляриясына ауыстырды.   Осы   жерде   ол   бірінші   рет   қазақ   тілімен   танысып,   қазақ далаларына   іссапарға   шыға   бастайды,   «Қырғыз   құқығын   құру   жобасы» комитетінің хатшысы болып тағайындалады  А.Янушкевичтің қазақ даласындағы өмірі    1843 жылдың маусым айында алғаш рет қазақ жеріне барған Адольф қазақ даласына ғашық болады. Ол 2 маусымда анасына жазған хатында өзінің осы сапарынан алған әсерін жазады. «Мен жап­жасыл ағаштарға оранған, аюлар, маралдар, бұғылар мен еліктер мекендейтін биік таулардан астым, Еуропада ешкім көрмеген ғажап өзендерден өттім, осы жерде 12 жылдан бері естімеген бұлбұлдың әнін тыңдадым. Мұнда мен қонған жерлеріне мыңдаған киіз үй тігетін   көшпелі   қызғыздарды,   табын­табын   сұлу   жылқылар   мен   түйелерді, қойлар   мен   ірі   қара   малдарды   көрдім.   Қоқаннан,   Ташкенттен   ағылған саудагерлердің керуеніне кезіктім. Мұнда жабайы жылқыларды құлан дейді екен». 1845 жылы Янушкевич тағы да қазақ жеріне келеді. Ал 1846 жылы ол шекара   басшысы   генерал   Вишневский   басқарған   экспедиция   құрамында келеді. Омскіден уақытқа қазақ   жеріне     ұзақ     Янушкевич бұл туралы 1846 жылы 8 мамырда өзінің анасында жазған хатында айтқан. «Мен қазір өзіме белгісіз елдерге кетіп барамын. Қырғыз даласының бір түкіпірінде көшпенді халықпен бірге тұрмақпын. Мен онда қолыма қару алып  жүремін,  өзендерден   жүзіп   өтемін,  жабайы   жылқыға  мініп,  әлі   ешбір поляктың табаны тимеген таудың шыңына шығамын. Бірақ мен өзімнің бұлсапарымнан жүрексінбеймін. Құдайға сенемін, әлемдегі ең керемет аналардың бірі менің тілеуімді тілеп отырғанда мен әр қадамымды сеніммен жасаймын», делінген хатында.  оның     Құрамында А. Янушкевич болған экспедицияның бір тобын оның досы Виктор Ивашкевич   басқарған   болатын.   Ол   поляктардың   «Черные   братья»   деп аталатын құпия қоғамын құрғаны үшін, «күмәнді өлеңдер мен әндер» жазғаны түскен.  үшін айдауға     Экспедицияның алғашқы күнінен бастап Янушкевич күнделік жүргізеді және жақындары мен достарына хат жіберіп отырады. Ол өзінің ағасы Януариге маусым айында жазған хатында былай дейді: «Бұл жердің қырғыздары бір айдан астам уақыт бұрын өздерінің қыстауларын тастап қайта көшіп­қонуды бастады.   Олар   үшін   үйлерін   түйенің   үстіне   немесе   тақыр   жерлерге   тігіп, барлық   жүктерін   артынып­тартынып,   малдарын   алдына   салып   айдап   көшіп жүруден асқан рахат жоқ. Көшпенді халық тек қыс түскенде ғана бір жерге тұрақтайды.   Көшпенділердің   өмірінде   қиындықтар   да   жетерлік». Қазақтың   бірнеше   ауылын   аралаған   Янушкевич   небір   қиындықтарды   да көзімен   көрген».   Мұны   ол   былай   суреттейді:   «Қызметтен   бос   уақытымда жақын маңдағы ауылдарды аралап, далалықтардың өмірін, олардың өмірінен біздің   өміріміздің   айырмашылығын   көргім   келді.   Сонда   мен   қарапайым қараша үйлердегі малшылардың көңілсіз жүздерін көріп, көңілім жабырқады. Өйткені   малшылар   өте   жұпыны   тұрады,  оларды   кедейлік   әбден   қажытқан. Байлар   ақ   киіз   үйде   тұрады,   ал   қара   киіз   үйде   тұратын   кедейлердің   көбі науқас, шешек, қышымамен ауырған балалар көп. Оларды әркім өз білгенінше емдейді.   Білімсіз   бақсы­балгерлер,   жалған   емшілер   көп.   Ауруы   асқынып қиналған жандарды көргенде жүрегің қарс айырылады».            Янушкевич   өзінің   хаттарында   қазақ   тайпалараның   басшылары,   халық батырлары,   ақындары   мен   әншілері   туралы   жиі   жазған.   Ол   Аягөзден   11 маусымда   Зелинскийге   жазған   хатында:   «Мен   саған   Барақ   сұлтан   мен Құнанбай   би   туралы   бірер   сөз   айтайын.   Барақ   сұлтан   –   Шыңғыс   ханнан тараған хандардың тұқымы. Ол өте текті ұрпақтан шыққаны білініп тұратын қайратты,   адамгершілігі   зор   тұлға.   Табиғатынан   ерекше   жаратылған   жан даланың Геркулесі секілді. Оның ақыл­парасаты, жігерлі мінезі, қайсарлығы қандай.   Ол   рыцарьлық   дәстүрмен   өскен   феодалдық   кезеңдегі   баронның баласы   іспетті.   Ол   секілді   ешкім   садақты   мергендікпен   ата   алмайды,   олсияқты асауды ешкім тақымдай алмайды... Бәйге – бұл қырғыздардың турнирі. Аңшылық пен барымта арқылы оның атағы байтақ далаға жайылған. Барақ сұлтаннан   сәл   үлкендеу   Құнанбай   би.   (Абайдың   әкесі)»,   ол   да   дала атақтыларының   бірі.   Қарапайым   қырғыздың   баласы,   табиғи   талант   иесі, керемет шешен сөйлейтін, есте сақтау қабілеті ғаламат, өзінің халқына қамқор адам Құнанбай дала заңын жақсы біледі, қырғыздарға қатысты Ресей уставын да жатқа біледі. Ол өте әділетті би және діндар мұсылман. Бай да, жарлы да, жас   та,   кәрі   де   Құнанбайдың   кеңесіне   жүгінеді.   Мықты   рулардың   бірі Тобықты руынан болыстық барқармаға сайланған Құнанбай би өзінің міндетін өте   шеберлікпен,   қуаттылықпен   орындайды.   Оның   әрбір   бұйрығы,   әр   сөзі басын асырылады».  жүзеге болды     изесе     Янушкевич   өзінің   күнделдігінде   қазақ   даласының   табиғатын   өте   шебер суреттейді. Мысалы, оның 16 маусымдағы жазбасында былай делінген: «Мен атқа мініп Ай­Төбе құмды тауының үстіне шықтым. Неткен ғажап көрініс. Біздің топтағы барлығымыз сұлулыққа таңданғанымыз соншалық, бір ауыздан айқайлап   жібердік.   Әлемде   бұдан   өткен   ғажайып   бар   ма   екен.   Біздің   көз алдымызда   ұшы­қиырына   көзің   жетпейтін   судың   айнасы.   Бұл   әркім   бір тамашалай   бермеу   үшін   ит   тұмсығы   өтпейтін   қалың   қамыспен   қоршалған қырғыздардың ғажап көлі – Ала көл. Оның толқындарының үстіне күн сәулесі шағылысып, анадайдан тәкәппар арал көрінеді. Бұл – Арал төбе. Осы арал тылсым күштердің сарайы іспетті немесе бұл аралда су иесі мекендейтіндей әсер   қалдырады.   Мұнда   ешбір   Колумбтың   ескегі   тимеген.   Сол   жағында алыстан мұнарлаған Тарбағатайдың сілемдері, оң жағында шыңынан ақ қары кетпейтін   Алатау   аспанмен   таласып   тұр.   Міне,   керемет   пейзаж! Байтақ  дала,  мөлдір  су, тұнық аспан кез  келген  ақынды  шабыттандырады. Адольф   Янушкевичтің   күнделігіндегі   жазбалардан   оның   халық шығармашылығына, аңыздарға, ән­күйлерге деген қызығушылығының жоғары болғанын аңғаруға болады. Мысалы, ол кезінде атақты болған, бірақ кейіннен ұмтылған   қарт   ақын   Түбеке   туралы   әңгімелейді.   Сондай­ақ   ол   қарапайым халықты   қанаған   болыстар   мен   жергілікті   басшыларды   сынаған   дала ақындарының   бірі   соқыр   Жазықтың   ұйқасқа   құрылған   жолдарын   прозаға айналдырды. Адольф өзінің Густав Зелинскийге жазған хаттарында Орынбай, Жанақ ақындардың айтысы туралы керемет жазады. «Күрес басталды. Киіз үйдің іші құлаққа ұрған танадай тыныштық. Олимпиала ойындарындағыдай екі ақын жарысқа түсуде. Бірі бір ауыз сөзбен шабуыл жасайды, екіншісі бірауыз сөзбен одан шебер қорғанады, бірте­бірте екеуінің де шабыты оянып, кәдімгідей ұрыс басталды. Бұл енді өте ғажап көрініс». Міне, осыдан кейін Адольф   Янушкевич   өзінің   қазақ   халқы,   оның   болашағы   туралы   керемет ойларын жазды. «Әлем елдері жабайы санайтын далалықтарды өз көзіммен көріп, естіп, олардың арасында өмір сүріп, олардың тіршілігіне куә болдым. Осыдан бірнеше күн бұрын бір­бірімен жанжалдасып жүрген екі партияның арасындағы   қақтығысқа   да   куә   болдым.   Дала   шешендерінің   жанында Демосфен,   Цицерондар   түкке   тұрмайды.   Ал   бүгін   менің   алдымда   оқи   да алмайтын,   жаза   да   білмейтін   ақындар   мені   өздерінің   дарындылықтарымен таңғалдырды.   Олардың   айтқан   сөздері   менің   жаным   мен   жүрегімнен   орын алды. Бұл сонда жабайылар ма? Бұл халық тек мал бағу үшін жаратылған жандар емес!» Жоқ, олай     ма?     «Жаратқан бойларына керемет дарын сыйлаған халық өркениеттен тыс қалуы мүмкін емес. Бір күні қырғыз даласына да өркениеттің жарығы түсіп, бүгінде көшіп жүрген халық кезінде бақытсыз парилерге менсінбей қараған Индостан касталары секілді өзіне жоғарыдан қараған халықтардың арасында құрметті орынға   ие   болады.»   Поляк   халқының   атақты   ұлы   Адольф   Янушкевичтің осыдан 166 жыл бұрын айтқан сөзі қазір жүзеге асты.  А.Янушкевия­қазақ қоғамы мен Еуропа мәдениетінің дәнекері  Янушкевич 1841 жылы Омск қаласына қоныс аударады. Мұнда ол Омбы  өлкелік сотында кеңсе қызметін атқарушы болады. Кейін «Сібір  қырғыздарының» Шекаралық басқармасына ауысады. 1845 жылдан бастап  Адольф Янушкевич Шекара бастығы генерал Вишневскийдің құрамында Орта жүз, Ұлы жүз мекендеген өлкелерді аралады. Сөйтіп жүріп ол қазақ тілін бір  кісідей­ақ меңгерді. Оның ұлан­байтақ қазақ жерінен көргендері мен  білгендері кейіннен өзі жазған күнделіктері мен хаттарында маржандай тізіліп жатты. Янушкевичтің жазып қалдырған күнделіктері мен хаттары Қазақстан  тарихын зерттеушілер үшін үлкен деректік мәні зор мұрағат болып табылып  келеді. 1853 жылы ол Пермь губерниясындағы Нижний Тагильге қоныс  аударып, қаладағы бірінші кітапхананың бірінші кітапханашысы атанған  болатын. Бұл кітапхана кезінде әйгілі А.Н.Карамзиннің және бірнеше Орал  зауыттарының иесі, граф А.Демидовтің бағбаншысының өкімімен ашылған еді. Алла тағала берген ғұмырының көбін жазасын өтеу үшін айдауда өткізген  А.Янушкевич 1856 жылы биліктің рақымымен туған өлкесіне оралады да, ал  келесі жылы қайтыс болады.А.Янушкевичтің қазақ жеріндегі ғұмыр сапары 1848 жылдан басталып өзі  қайтыс болған 1957 жылдың 1жылы кеміне дейін өтті десек, оның  шығармашылығының да дені осы кезеңге арналған. Саяхатшының  «Күнделіктер мен хаттар» деп аталатын кітабында оның қазақ жерін бүкіл  жан­тәнімен көріп білуге тырысқаны айқын аңғарылады. Оның жазбаларынан  тек қана өзі көріп білген жағдаяттарды тізбелеп қана қоймай, әрбір құбылысқа өзінше баға беріп, ой түюге, пікір қорытуға құлшынатындығы байқалады. Біз  қазір Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің болашағы  оның қазіргі дамуы мен жай­жапсары туралы көбірек жазып, оны әнгіме  арқауына айналдырып жүргеніміз анық. Бұл туралы арнайы заң қабылданып,  пәленбай рет қаулы­қарарларға қол қойылды. Дүркін­дүркін жиналыстар өтіп, ақпарат құралдарында пікір­сайыстар өтіп жататындығы тағы шындық. Ал, А.Янушкевич 1848 жылы 17 мамырда інісіне жазған хатында қазақ тілінің  қаншалықты өміршеңдігі туралы пікірлеріне келтірілген деректеріне қайран  қаласыз. Саяхатшы өзі тоқтаған Семей қаласындағы тілдік ахуалға аз­кем  тоқтала келіп, былай дейді «Жоңғарлардың қираған ескі қалалардың орнына  салынған Семейде 7 мыңға тарта тұрғын бар, олардың көбі татарлар,  ташкенттіктер, бұқарлықтар. Сондықтан шіркеу біреу, ал мешіт алтау немесе  жетеу. Қазақ тілі барлық жерде дерлік қолданылады. Тіпті, мұндағы сән­ салтанаты асқан Ресейліктердің тең жартысы, біздің әйелдеріміздің  французша сөйлейтініндей, осы тілде еркін сөйлейді» [5]. Демек, ежелгі қазақ  жерінде кеңестік­тоталитарлық жүйеге дейін қазақ тілінің қаншалықты  мәртебеде болғанын осы пікірден­ақ айқын аңғаруға болады. Ал, саяхатшы осы жылдың 22 мамырында інісі Януариға жазған хатында иісі  қазақ әулетінің өздерінің әдет­ғұрпында тазалық пен мәдениеттілікке қаншама мән беретіндігіне көңіл аударады. Мысал келтірейік, әдеттегідей  жолжүргіншілер кешкі тамаққа отырады, сондағы болған жәйтті саяхатшы  былайша баяндайды: «Қазақтың әдет­ғұрпын жетік білетін Виктор бір ережені бұзған үшін мені тамақ үстінде едәуір сөкті. Мен онымен қабаттаса құйылған  су астына қолымды тосыппын. Түрегеліп емес, жүрелей отырып,  әрқайсысымыз жеке­жеке жууымыз керек екен. Мен мұны білмеппін. Мені  ұятқа қалдырған тағы бір қатем: қомағайланып табаққа түсе жаздап, еттің  сүйегін мүже бастаппын. Шынында, әрбір көрегенді адам белдігіне байлап  жүретін пышағымен әуелі оның етін турауы керек екен» [6]. Байқап қарасаңыз, А. Янушкевичтің осынау жазбаларынан ежелгі қазақ  даласындағы тазалық пен әдептілікке қаншалықты мән беріліп келгендігін  аңғару қиын емес.